Сенбі, 23 Қараша 2024
3150 1 пікір 10 Қазан, 2018 сағат 09:58

Биыл елімізде ерекше қажеттілігі бар адамдарға 700 арнайы жұмыс орны ашылды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымованың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету — мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.

«Қазақстан 2015 жылы БҰҰ-ның ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясын ратификациялады. Осылайша мүгедектердің экономикалық, азаматтық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын кемсітусіз әрі басқалармен тең дәрежеде жүзеге асыру үшін еліміз халықаралық стандарттарды енгізу бойынша бірқатар міндеттемелерді мойнына алды», — деді М. Әбілқасымова.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 674,2 мың мүмкіндігіі шектеулі жан бар, олардың 62%-ы еңбекке қабілетті жаста, 25,4%-ы зейнеткерлер болса, 12,6%-ы 18 жасқа дейінгі балалар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөрістің ең төменгі деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақы мөлшері 16%-ға дейін артқан.

«Биылғы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, 508,7 мың адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. Жәрдемақының орташа мөлшері – 40 769 теңге. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап бала кезінен бастап бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі ересектерге қамқорлық жасайтын адамдарға жаңа жәрдемақы тағайындалды. Бүгінгі таңда бұл жәрдемақы 10 мың отбасына төленіп отыр. 881 ұйым ерекше қажеттіліктерге мұқтаж 100 мың адамға арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін көрсетті. Оның ішінде 8,8 мың адам бұл қызметті 130 ҮЕҰ арқылы алды. Жалпы алғанда, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қамту және оларға көмек көрсету үшін 2018 жылы 302,8 млрд теңге қарастырылып отыр», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, еліміздің жол бойына 17 270 жол белгілері орнатылып, ұйымдар тұрған жаяу жүргіншілер жолында дыбыстық құрылғылар қойылған. 15 инватакси қызметі ашылып, ондағы 34,8 мың адамға қызмет көрсете алуға қауқарлы 280 мамандандырылған көлік жұмыс істеуде. 26 аймақтық телеарнада бағдарламалар сурдо-аудармамен жүргізіледі.

«51,1 мың кембағал жандарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормасы екі есеге артты, есту қабілеті нашар 4 мың адамға ымдау тілі маманының қызмет ету уақыты екі есе өсті. Заманауи гаджеттерді ескерке оытырп, 55,2 мың адамды қамтамасыз ету үшін оңалтудың техникалық құралдарының тізбесі 32-ден 55-ке дейін ұлғайтылды», — деді М. Әбілқасымова.

Сонымен қатар, Ұлттық жоспар мүгедектердің құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған нысаналы көрсеткіштері айқындалған жеті басым бағытты ұсынып отыр.

Бірінші басымдық мүгедектіктің алдын-алу шараларын одан әрі жетілдіру болса, екіншісі — инклюзивті білім беруді дамыту. М.Әбілқасымованың айтуынша, бүгінде 147 мыңнан астам баланың білім алу мүмкіндігі шектеулі.

«Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2019 жылға дейін инклюзивті білім беру үшін қажетті жағдай жасалады. Мектепке дейінгі білім беру саласы 30%, орта білім 70% және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 40%-ы инклюзивті білім беруге көшеді. Бүгінде арнайы білім беру қажеттілігіне мұқтаж 40 мың баланың білімді болып шығуы үшін балабақшалардың 15% -ында, мектептердің 55%-ында қажетті жағдай жасалған», — деді министр.

Үшінші басымдық — 2030 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру. М. Әбілқасымованың сөзіне қарағанда, қазір 32,6 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысаны анықталған, оның 32 мыңын мүгедектер үшін қолжетімді ортаны сақтау үшін паспорттау жоспарланып отыр. 21,1 мың нысанды бейімдеу керек. 31,5 мың нысан бойынша паспорттау жұмысы жүргізіліп болды, оның 19,5 мың нысаны мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімделді.

Төртінші басымдық — сапалы жұмыспен қамту және мүгедектердің экономикалық тәуелсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған шараларды жетілдіру.

«Бүгінгі таңда еңбек етуге қабілетті 417,7 мың мүмкіндігі шектеулі адамның 30%-дан астамы, яғни 127,1 мың адам жұмыс істейді. 1 қазандағы жағдай бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына 15,9 мың адам жүгінген, олардың ішінде 6,4 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 1,3 мың адам қысқа мерзімді курстармен қамтылды, 39 адам бизнесін ашуға шағын несие алды», — деп еңбек министрі хабарлады.

Айта кету керек, жұмыс берушілерді мүмкіндіктері шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға ынталандыру үшін 2018 жылдан бастап жұмыс берушілердің ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыс істейтін арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға кететін шығындарын субсидиялау енгізілді. Биыл осы 770 арнайы жұмыс орнын құрылды.

Бесінші басымдық — әлеуметтік оңалту мен абилитацияның тиімділігін арттыру.

«Жергілікті атқарушы органдарға мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтеріне нақты қажеттілігін ескере отырып, жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді қамтамасыз ету қажет», — деді министр М. Әбілқасымова.

Алтыншы басымдық — әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту. Жүйені жетілдіру мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу жұмысы басталды, ол адамдардың жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдау мүмкіндігін береді. Бұл мұқтаж азаматтарға қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетуге мүмкіндік береді.

Жетінші басымдық — кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

Өз кезегінде денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов мүмкіндіктері шектеулі жандарға медициналық көмек көрсету «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 34-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде жүзеге асырылатынын және профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтитынын айтты. Медициналық ұйымды еркін таңдау қағидаты бойынша олар кез келген медициналық ұйымда амбулаториялық және стационарлық медициналық көмек алуға құқылы.

«ТМККК аясында әлеуметтік әлсіз топтар мен қорғалмаған адамдар, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі жандар диагностикалық зерттеулердің қымбат түрлерін алуға құқылы», — деді денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов.

Қазіргі таңда елімізде 192 қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары жұмыс істейді, олардың 129-ы — мемлекеттік және 63-і — жекеменшік. Бұдан өзге, жыл сайын 26 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан жеке оңалту жоспарының негізінде жекеменшік шипажай-курорттық ұйымдарға халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті органдары арқылы жіберіледі.

Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің айтуынша, бүгінде білім беру саласында білім алуға ерекше қажеттіліктері бар 27 мың бала мектепке дейінгі мекемелерде біліп алып жатыр. Сондай-ақ, 2020 жылға дейін 30% балабақшаларда және 70% мектептерде инклюзивті білім беруге жағдай жасалатын болады.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін елімізде жасалып жатқан жағдайлар туралы баяндады. Теміржол көлігі саласында жолаушыларға қызмет көрсетудің Ұлттық стандарттары және теміржолдағы жолаушыларды тасымалдау ережелері қолданыста, олардың аясында мүмкіндіктері шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасалады. Мәселен, теміржолдың әртүрлі бағыттары бойынша 22 бағдарларының құрамында 37 бірлік қимыл-қозғалысы шектеулі жандарға арналған арнайы купе вагондары жұмыс істейді.

«Тұлпар-Тальго» пойыздарында арнайы орындарға арналған 70% жеңілдік бар. Көліктік қолжетімділік деңгейін арттыру үшін мамандандырылған жолаушылар вагондары жыл сайын сатып алынады», — деді Ж. Қасымбек.

Теміржол вокзалдарына келер болсақ, бүгінгі күні Ұлттық стандарттың талаптарымен 136 вокзал толықтай сәйкестікке келтірілді. Қазіргі уақытта автомобиль көлігі саласында заңнамалық деңгейде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қол жеткізу және қолайлығын қамтамасыз етуге бағытталған автовокзалдар мен автостанцияларға қойылатын міндетті талаптар қарастырылған. Қазіргі кезде 36 автовокзал және 110 автостанция жұмыс істейді.

Ж. Касымбек

«Мәселен, 2012 жылдан бастап, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қызметіне мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетуші агент жаңа лауазым енгізілді. Қазіргі уақытта әуежай штатында 17 агент өзінің қызметін жүзеге асыруда», — деді инвестициялар және даму министрі.

Бұдан өзге, объектінің құрылысын салу және оны пайдалануға беру сатыларында халықтың қимыл-қозғалысы шектеулі топтары үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша барлық талаптар заңнамалық деңгейде ескерілген.

В. Шиманский

Отырыс барысында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру және жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері туралы «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығының төрағасы В. Шиманский айтып берді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485