Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2647 0 пікір 6 Сәуір, 2011 сағат 08:10

Ғаббас Қабышұлы. Біздің қазақ қандай халық?

Әзіл

Қай ұлттың қайсы баласында болсын, бәрінің де өз әке-шешесін таныған күннен бастап өз ұлтына үйірсектігі байқалады. Мәселен, қазақ сәби құлағы ашылысымен бесік жырын тыңдайды, домбыраның дауысын естиді. Содан соң, аяғын тәй-тәй басар-баспасында күшікті, құлынды көреді және мектеп табалдырығын аттасымен солар туралы өлеңді жаттайды. Сөйтіп сезім-таным санасының өрісі кеңіп, туған елі, жері, қазағы жайындағы өлең-жыр-дастандарды, әңгіме-хикая-романдарды оқып, ұлтын, халқын мақтаныш ете білу сезімі ұлғаяды, қалыптасады. Халқыңды өзің ғана емес, өзге жұрттың мақтағанын естісең, соны кімнің қалай айтқанын білуге, қайда, не деп жазғанын тауып алып оқуға құлшынасың.

Ал біздің қазақ жайында өзге: грек, араб, парсы, неміс, чех, словак, орыс, поляк, мадияр, еврей, өзбек, қырғыз...  халықтарының саяхатшы, тарихшы, әдебиетші, ақын-жазушы ұл-қыздары айтқан, жазған жылы, ыстық лебіздер қаншама?! Бәрінің пікірлері түзу: қазақ - жаужүрек, батыр, қаһарман, талантты, ашық-жарқын, қарапайым, кешірімді, көп өнерлі, мейманқос, досқа адал, жолдасқа әділ  көне халық. «Бүкіл даласы ән салып тұрғандай». Бұған сенгісі келмейтін өзіміздің жарандарға, өзге тіл-дінділерге «Қазақтар» деп аталған көптомдық жинақты оқуға ақыл-кеңес беремін.

Осындай ғажап халықтың жаратылысында, мінез-құлқында мін жоқ деп білуші едім, өкінішке қарай, кімді болсын ренжітетін кінәрәті бар екен. Иә, бар! Бұл сөзіме астаң-кестең ашулансаңыздар, дәлел талап етсеңіздер, әмірлеріңізге құлдық, дәлелдің дөкейін көлденеңдетейін, көріңіздер:

Бізде мерзімі ұшы-қиырсыз президетті мерзімінен бұрын сайлаудың өткізілгені кеше ғана, ә? «Мен президент боламын!» деп жұлқынып шыққан кандидаттардың саны  ә дегенде жиырма шақты болды-ау деймін, дәл қазір есімде жоқ. Анау да мынау сын-сынақтан аман-есен өтіп, ең соңғы шайқасқа шыққандары ақырында төртеу болғанын білемін. Әрине, «Он миллион қазаққа төрт президент не керек, біреу де жетіп жүр!»  дестік те, бірақ жазулы заңды қастерлейтін жақсы әдетіміз бар, жалғыз жеңісті біреуіне ғана беру үшін  төртеуін жарыстыра насихаттап жөнелдік. Бұқаралық ақпарат атаулы тәулік сайын: төртеудің біріне он сағат, біріне төрт сағат, біріне бір сағат, біріне төрт минөт уақыт беріп сайратты. Көше атаулының бойына: төртеудің бірінің жүз мың суреті, бірінің мың суреті, бірінің жүз суреті, бірінің төрт суреті іліп қойылды. Төртеуінің үй-үйді, мекемелерді, жоғары оқу орындарын аралап сампылдаған үгітші-насихатшыларының саны: бірінде милилон, бірінде жүз мыңға, бірінде мың, бірінде қырық болды.

Сонымен солай сөйтіп, көмбеге үздік-создық жеткен болашақ төрт  президенттің әрқайсысы сайлаушылардың қанша дауысын алғаны арифметиканың қосу амалымен есептеліп кеп жіберілгенде, былайша жарқ етті:

Н. Назарбаев      - 95, 55 пайыз.

Ғ. Қасымов         - 1, 94 пайыз.

Ж. Ахметбеков   - 1, 36 пайыз.

М. Елеусізов       - 1, 35 пайыз.

Орталық сайлау комиссиясы тік көтерген бұл цифрлар  не дейді?  Бұл цифрлар: «Қазақ - қисық халық!» дейді. Ал мұндай баға намысыңды шымши ма?  Шымшиды!  Жыныңды келтіре ме? Келтіреді! Бірақ бізден басқа халықта: «Фактіні өртеп жібере алмайсың!», «Қаламмен жазылғанды балтамен шауып тастай алмайсың!» деген өзекті тұжырымдар  бар. Қазақ: «Айтқан сөз - атылған оқ, қайтарып ала алмайсың», «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» дейді. Дерекпен ойнама, дертең қайырылады дегені болар. Ендеше, мынау деректі мойындауымыз керек. Төрт үміткердің біреуіне дауысының үйіп-төгіп 95, 55 пайызын беріп, қалған үшеуіне  4, 45 пайызын әрең берген халыққа не дейсің? Жарайды, замана көшінен қалып бара жатқан коммунист Жамбыл Ахметбеков мырзаны «Жәкем» демей-ақ қой, енесі ұрылған экологияны енді қыздай етер қауқары жоқ Мэлс Елеусізов мырзаны МЭЛС деп елеме, сонда, ең болмаса, шіркін-ау, Мысырдың жұмбақ пирамидасына пара-пар атағы бар «Патриоттар партиясының» төрағасы генерал Ғани Қасымов мырзаны төрге таман жетектеп, қайда қалмай жатқан дауысының тым болмаса 2 пайызын бермес пе? Бермеді ғой, бермеді! Осының өзі-ақ сайлаушыларының 1, 94 пайызы ғана патриот, қалғаны қисық екенін айқайлап айтып берген халықты «Түзу халық!» деуге аузың көне ме?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592