Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2282 0 пікір 11 Сәуір, 2011 сағат 08:33

Жарқынбек Сейтінбетұлы. Сайлау сабақтары

«Волокитаның» бір ұшы облсайлаукомда ма?

«Волокитаның» бір ұшы облсайлаукомда ма?

«Болғанынан боладысы, қызық» дегендей, жекелеген саясаткер, азаматтар, саяси партиялар 03.04.2011 жылы өтетін кезектен тыс президенттік сайлауды Конститутцияға қарсы десе екіншілері  бойкот жариялаймыз, заңсыз сайлауға қатыспаймыз деді. Жоғарғы билік органдарын сайлау, үлкен саяси оқиға болғандықтан, 20, 30, 50 жыл өткенде заңды-заңсыздығын келешек ұрпақ  зерттеп, талай ғылым докторлары шығатын болар. Бәрі уақытымен, заңға сәйкес өтіп тұрса, бұндай айтыс-тартыс болмай, өркениетті ел қатарлы, азаматтар өз еріктерімен қалағанын сайлап тыныш өтер еді.   Батыс елдері сайлауды «демократияняң мейрамы» дейді. Шын мәнінде сайлау ел сеніміне ие болып, бұрмаланып, арамдық жолдар пайдаланбай,  /арам адамдардың ісі /таза өтсе, халық үшін одан асқан мейрам, той жоқ. Біреулер әкім,бастық, депутат болса кішігірім той жасайды, қуанады.  Халық өз билігін белгілі мерзіміге Конститутциямызға сәйкес  таза, әділ сайлау арқылы таңдаған Қазақстан азаматына сеніп тапсырса неге мейрам болмайды. Мен 2007 жылы Украинаға парламент сайлауына барғанда бақылаушылар Киевтен шағын автобуспен Кировоград облысына бара жатқанда жолда Черныгов облысында  әр партияның палаткаларының алдында гармон тартып, билеп, өлең айтып, демократияның мейрамын тойлап жатқандарын көрдік. Ол жақта сайлау халықтың даусына жүгініп таза, әділ өтеді. Биліктің партиясы, оппозиция деп бұрмалап, бөлмей бәріне теңдей жағдай жасалған. Сол жолы 42 партия сайлауға түсті. Оларың заңы бойынша сайлауға түскен партияның өкілі сайлау комиссиясына мүше болады. Учаскелік сайлау комиссиясының 42 мүшелері болды. Оған бақылаушы, сенімді өкілдерін қосыңыз. Бірақ у-шусыз өте тәртіпті өтеді. Біздегідей бақылаушы орныныан тұрып кетсе, сайлауға кедергі келтірдің деп үре түрегелмейді. Бақылаушылар еркін аралайды, қандай мәлімет керек бәрін алады. Күдік келтірсе комиссия мүшесінің жанында тұрып, тізімді көреді, сайлаушы құжаттарын тексереді. Оларда комиссия мүшелерінің төрағалары көріңіздер, сұраңыздар біздің адалдығымызға күдік келтірмесеңіздер болды дейді. «Жасырғанды құдай көрмейді ме?» дегендей, бізде бақылаушы сайлауға кедергі  емес, сайлау комиссиясының құпияларын көріп қояды деп жолатпауға тырысады.

Сайлауалды бақылаудағы машақаттар

Негізінде өз миссиялары сайлауға қатысты ұйымдар,  қысқа мерзімді бақылау мен қатар ұзақ мерзімді бақылау жүргізеді.  Қысқа мерзімді бақылау сайлау күні болса, ұзақ мерзімді, сайлау жарияланған күннен бастап ҚР «Сайлау туралы» заңының бұзылмауын бақылайды.

Бұл жолы негізінен сайлаушылар тізімі, сайлау учаскелерінің дайындығына бақылау жасап, сайлау комиссия мүшелерінің заңды игеруіне де көңіл бөлдік.

Шымкент қаласындағы аралаған 12 сайлау учасксіндегі дайындықтар толықтай сәйкес деуге болады. Соның ішінде дайындығы мен қатар, заңға сәйкес, бақылаушылар талап еткен мәліміттерді, беруді білетін комиссия төрағасын, орынбарларын  үлгі етсек: УСК №115 төрағалары Мамешев С.Х, №21 Сейдалина Ж,  №134 Шолпанкулова Ш.К, №85  Боранбаев Б.С /Сайлауды қалай өткізгендерін бақылай алмадық/

Бір күдік алғаным, біраз сайлау учаскелерін аралағанымда, сайлауға тіркелуге келдіңіз бе? Сағат азанғы 07 кешіккендерді тіркемейміз дегендері болды. Бақылаушыныны тіркеу мерзімінің шексіз екенін білмей, білсе де әдейі істейді ме,  өткен сайлауларда талай бақылаушыны тіркемей, аудандарға жібергендерімізді де қайтарып әуре қылған еді..

Шымкент қаласындағы №45 мектепке орналасқан №108 сайлау учаскесіне барып өзімді таныстырып, куәлігімді көрсетіп, қажетті мәліметтерді алуға  келгенімді айттым. Хатшы Шатырбекова А.А: «Куәлігіңіздің номері жоқ. Сайлау учаскесі комиссия мүшелерінің тізімін бере алмаймыз деп Әл-Фараби ауданы әкімшілігіне телефон соғып комиссия тізімін сұрап жатқанымды, куәлігімде номер жоқтығын айтып, тізімді беруге болады ма?»,- деп сұрады. Мен: «Әкімшіліктің не қатысы бар?»,- деген едім. «Кураторымыз» деді. Әкімшіліктен болмайды дегендей болды. Комиссия төрағасы Ким.Е.М ханымға заңды оқытып, заңда көрсетілгеннен артық сұрай алмайтынын айтқаннан кейін қажетті мәліметтерімді алдым. «Халықтар достығы» университетінде орналасқан 106 с/у хатшысы А.Ашенова жай қағаздағы куәлік болмайды, куәлік мойынға тағып жүретін болу керек деп, сол жердің оқытушысы «Нұр-Отан» партиясы бақылаушысының мойнындағы бейджігін көрсетті. Заңды оқытып, көзін жеткізіп керекті мәліметті алдым. Көркемсурет колледжіндегі №59 сайлау часкесіне келсем /төрағасы Айдарбеков Д/, бұл куәлік жарамайды, облсайлаукомнан аккредация алып келесіз, деп «Айды аспанға шығарып» бізге жиналыста солай деген деді. Айтқандарын жаздырып қол қойдырып алдым.

Келесі №4 мектепте орналасқан №54 с/у бардым. Комиссия хатшысы Бабаян.Р қарсыласса да тіркегенмен комиссия құрамының тізімін бермеді. Сайлаушылар санын сұрасам құпия деп оны да бермеді. Комиссия төрайымы Б.Абилдаева  кім екенін білмедім,  Асқар Алшанов деген кісімен хабарласты, мен де сөйлестім, түсінісе алмадық. Қалалық сайлау комиссиясынанмын деген еді, қалалық комиссияда А.Алшанов деген азамат жоқ болып шықты. Сол жерде қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Пакеев.С-мен сөйлессем, қажетті ақпаратты қалалық комиссиядан алыңыз, учаскелік комиссиялардан сұрамаңыз дегенде, басы бұлай болса, аяғына не өкпе бар деген ойға  кеттім.

Облсайлауком төрағасы бүйректен сирақ шығарды

Он жылдан асты сайлау мәселесімен айналысқаныма, сол баяғы «жартас» ОҚО аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Б.Торғаутов мырзаға  комиссия төрағасы, хатшыларының көбісінің заңнан хабары жоғын, тағыда бақылаушыларды әуре қылмауын айтайын деп бардым.

Жоғарыда барған с/у кәулігімде номері жоқ, облаумақсайкомнан аккредатция алып кел, бақылаушы сұраған ақпараттарды бермегенін айтып, сайлау комиссия мүшелерінің заңды білмейтінін жеткіздім.

Б.Торғаутов мырза «бүйректен сирақ шығарып» - не дейді деңіз? Бірінші, жіберетін бақылаушылардың тізімі көрсетілген ұйымның хаттамасы керек деді. Ол қай жерде жазылған деген едім. Мекеменің атынан хат жазылу керек, шығыс номері көрсетіліп дегенді айтты.  Хатшысы Мырзамсейітова.Ш ханым да куәлікте шығыс номері, хат жазылу керек деп қоштап кетті. Білдей облыстың төрағасы мен хатшысы қарапайым заңды білмесе, төменгі деңгейдегі сайлау комиссияларының төраға, мүшелерінің заңсыздығын кімге айтамыз, кімнен сұраймыз?  «Сайлау туралы» заңының 20-1 бабында не жазылған, одан артық құжат талап етілмейді деп, заңды көрсеткенімнен кейін Б.Торғаутов мырза, учаскелік сайлау  комиссияларына телефон соғып: «Неге тіркеп, мәліметті бермейсіңдер, әдейі сұраған шығар, заңды оқымайсыңдар ма?»-деп, ұрысқан болды.

Негізінде, осыдан кейін сайлау учаскелеріндегі орысшалап айтқанда «волокитаның» бір ұшы облсайлаукомнан тарайды ма деген күдік қалды. Берік мырза! Қоғам, болашақ ұрпақ үшін, азаматтық парызымызды адал атқарайық! Облыстық  сайлау комиссиясын Сіз басқарғалы сол баяғы заң бұзушылық, бұрмалау, сауатсыздық жалғасып келеді. Құдай қаласа, мерейтойларыңызда пәлен жыл ОҚО аумақтық сайлау комиссиясын басқарып, сайлаудың әділ, таза өтуіне үлес қосып, ұлтына, қоғамның әділ дамуы үшін, адал қызмет етіп келеді деген атқа  жалған емес, шын лайықты болуыңызды тілеймін.

Ауыр қылмысты балалар оқитын жерде жасайтынын, ел білуге тиіс

Сайлау күні Шымкент қаласындағы №80 мектепте орналасқан 935 сайлау учаскесіне бақылаушы куәлігін алып бардым. Мен сағат 07 болмай кіріп УСК  хатшысына куәлігімді көрсетіп тіркеуін сұрадым. Хатшы  да мені танып, әзір тіркеймін ағай деп жүргенде сағат 07 болып гимін ойналды. Дауыс беру басталды, мен бақылаушылар қатарында хатшыны күтіп отырдым. Сол арада бір сайлаушы келіп, шақыру билетіне белгі қоюды сұрады. Не үшін деп сұраған едік. Жұмыста шақыру билеттеріңе белгі қойдырып алып келіңдер деген деді. Сайлауға бару азаматтардың өз еркі болған соң, істейтін жерін сұраған  едім, военкоматта деп бұрылып кетті. Мен хатшы келмеген соң УСК төрайымы Қалибекова.С-ға  тіркелуге барған едім: «Сағат жетіден кешіктіңіз тіркемеймін» - деді. Білдей мектеп директорларының қарапайым заңды білмейтіні таң қалдырады. Мені тіркемеуінің заңсыз екенін айта бастаған едім, бір егде кісі келіп: «Сіз сайлауға кедергі келтіріп жатырсыз, кешіктіңіз тіркемейді кетіңіз»,-деді. Бұл кім десем «Нұр-Отан» партиясының бақылаушысы дейді. Куәлігіңді көрсет деген едім көрсетпеді. Кетпесең комитеттің адамдарын шақырам деп қорқытты. Тіркеуін сұрағаннан басқа не бүлдіргенімді қайдам?  Комиссия төрайымына тіркемеуіңіздің себебін жазып беріңіз десем одан да бас тартты.

Акт жазатын, іліп алар бақылаушы көрмедім. Мен он жылдан асты «Тәуелсіз бақылаушыларың республикалық жүйесі» ассоциясының құрылтайшысы, аумақтық үйлестірушісі болғандықтан, ережеміз бойынша бізді сайлаудың нәтижесі қызықтырмайды, тек заңға сәйкес өтуін бақылаймыз. Комиссия төрайымы менің бақылаушы құқыма кедергі келтірген соң амал жоқ ҚР «Сайлау туралы» заңының 48 бабы бойынша прокуротура, сотқа жүгінуге тура келді. Облсайлауком төрағасы Б.Торғауытовқа да, бақылаушы құқымның бұзылғаны туралы мәлімдеме жазып бердім. Бір айта кететін: облсайлаукомда, комиссия мүшесі болса керек, қоғам мүддесіне араласып, әділет жолында жүрсе таныр едім. Билікке жағынам деп жүргендердің бірі болса керек, әдебі төмендеу, кісілігі зор ма деп қалдым. Мен төрағаға шағымды түзетіп жазып жатсам, басқа бөлмеге барып жазыңыз, бұл жерде болмайды деп кіржиді. Заңда төраға бөлек, мүшелері бөлек отыру жоқ екенін білмесе қайтеміз.

Мақсат жазалау емес, сабақ болсын деген оймен Әл-Фараби аудандық сотына бақылаушы құқыма кедергі келтіргені үшін УСК төрайымы   С.Қалабековаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің- 101 бабы бойынша шара көруді сұрап шағым түсірдім. Ол бап бойынша бақылаушы құқына кедергі келтірген тұлғаға 15-35 арасында төменгі айлық көрсеткіш айыппұл салады. Сол арада облсайлаукомнан телефон шалып: «Сайлау учаскесіне бара беріңіз заңсыздығын айттық»,- деді. Сотқа берген шағымды судья Б.Сегизова, сот төрағасын шақырып үш сағаттан аса қарап, әкімшілік соттың қарауына жататын іс деп қаулы шығарды. Әкімшілік сотқа жазған шағымды УСК төрайымы қайта-қайта қателігін мойындап телефон шалған соң, бір жағынан ақ жаулықты ана ғой, сабақ болған шығар деп, өткізбей қайтып алдық.

Шетелдік бақылаушылар таң қалады: «Қалай сендерде бала оқитын жерде заңды бұзады, дауыс ұрлап, жалғандыққа жол береді» дейді. Адамның ең негізгі құқының бірі - сайлау құқына, еркіндігіне қол сұғып, заңды белден басқан адам алааяқ, баукеспе, нағыз ұрылардың қылмысынан да ауыр қылмысты, балаларымыз оқитын жерде жасайтынын елдің білгені жөн.

Мен түстен кейін №935  с/у барып тіркеліп бақылауды жалғастырдым. Сайлаушылар келіп жатты, бір кездері көбейіп кетеді. Кейін байқап қалдым, қосымша тізімге тиісті құжатсыз  бюллетен беріп жатты. Ескерту беріп тоқтатқандай болдым. Реакциясын байқайын деп, қосымша тізім жақ шетке барып тұрдым. Бір кезде комиссия төрағасы, хатшысы орныңызға отырмайсыз ба, Сізге комиссия мүшесі алаңдап жаза алмайды, кедергі келтіресіз деді. Менің кедергі келтірмейтінімді іштері біліп тұр, бірақ бір жасырын істеріне кедергі келтіріп тұрғанымды білдім. Сол арады бір жас жігіт келіп  жүруге болмайды бақылаушы отыру керек деді. Мен кім боласың куәлігіңді көрсет деген едім: «Қалалық жер комитетіненмін»,- деді. Комиссия төрағасына: «Неге бөтен адам жүреді шығарып жіберіңіз», десем, «Біздің кураторымыз», деп, шық дей алмады. Өзі түсінсе керек, үндемей шетке барып отырды. Менде құқымды пайдаланып отырмай, комиссия мүшесінің бірін шақырып: «Сіз ана, ұстазсыз, шыныңызды айтыңызшы, мен кедергі келтіріп тұрмын ба?» - деп сұрадым. Ақ жаулықты ана деп айтқасын ба, кедергі келтірмейсіз деді. «Екінші, байқап отырмыз,  заң бұзушылық, бұрмалаушылық болып жатыр балаларымызды адалдыққа үйретіп, тәрбие беретін ұстаздар неге осылай қылмысқа барасыздар?»,-деген  сұрағыма:  «Айтқаныңыз дұрыс, бастықтар көп қайтеміз, өзіңізде білесіз ғой»,- деді. Ия білеміз. Қалай болғанда да ұстаздарымыздың сайлауды бұрмалауға қатысты қылмыс жасаулары ақталуға жатпайды. Ата-ана, оқушы алдында ұстаз беделін төмендетеді.

Тағы бір куә болған оқиға: бір келіншек балаларымен келіп «Күйеуім мас болып келе алмады, күйеуім үшінде дауыс берейін жұмысынан сұрап жатыр»,- деді қиналып. Комиссия хатшысы заңды сақтап, екінші бюллетенді бергізбеді. Біреулері дауыс бергенін жұмысқа хабарлаймыз деп кетіп барады. Бұл сайлаудың бұрынғы сайлаудан кері кеткені, сайлауға бармай қалса «репрессияға» ұшыраудан қорыққаны. Кім бұндай тпасырма берсе де өз халқын кемсітуі, еркіне қол сұғып, Президент абыройына дақ түсіру.  ҚР «Сайлау туралы» заңының 2-бабында, Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқын еркін жүзеге асыруға негізделеді. Шылғы асыра сілтемесе де Н.Ә.Назарбаевтың жеңіске жететініне күмән жоқ еді. Нұрсұлтан Әбішұлы сайлаушыларды, сайлауға  мәжбүрлеп қатыстырғанын білсе Конститутцияның кепілі ретінде ашуланып,  бүкіл үкімет құрамын өзгертіп, қайта президент сайлауын өткіземін деуі де мүмкін.

Сайлау өткізудегі он жылдық тәжрибемде байқағаным, Алла алдынан жарылқасын, бізде бір  сайлауды қалауынша өткізетін алып күш бар, сунами сияқты оған тосқауыл шақ келмейді.  Тек санамыз өсіп, рухани қазынамыз толығып, демократияға бет бұрғанда тоқтата аламыз. Түбінде ата-баба дәстүрі мен Алаштың туын көтерген ұрпағмыз демократияның үлгісімен әлемді таңдандырады. Ол үшін жолды біз бастап, сайлауды таза, әділ өткізуді қолға алайық. замандастар!

Халықаралық бақылаушы

Жарқынбек Сейтінбетұлы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627