Сенбі, 19 Маусым 2021
Жаңалықтар 1708 0 пікір 13 Сәуір, 2011 сағат 06:49

Омар Құрмаш. Латын әліпбиіне неліктен көшпей отырмыз?

Адамзат жазуды ойлап тапқаннан бастап өркениетке бет бұрды деуге болады. Осы жазу арқылы адамзаттың әлмисақтан бері жинаған тәжырибесі мен ілімі, мәдениеті өз жалғастығын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келеді. Қазіргі ғылым-техника қанша дамып, шыңына жетсе де, жазу өз құнын жоғарлатпаса төмендеткен жоқ. Адамзат бар да жазу бар. Ол адамзатпен бірге жасайды. Бірге өледі. Әрбір ұлттың рухани қазынасының сақталуымен жалғасын табуы сол ұлттың жазу мәдениетімен тығыз байланыста болады.Тіпті әр ұлттың қолданатын әліпбиіне қарап, қандай мәдениеттің ықпалында екенін бағамдай аламыз. Міне сол себепті де бүгінгі «мәдениеттер соғысы»дәуірінде ұлтымыздың әліпби мәселесі алдыңғы қатарда тұр.

Кезінде қызыл империя қазаққа орыс мәдениетін сіңдіріп, сол арқылы төл мәдениетімізді және де басқа түркі, араб мәдениетін аластап, өзінің империялық мәңгілік билігін сақтап қалу мақсатында криллцияны біздің әліпбиіміз етіп күшпен бекіттірді. Демек бұл әліпби біздің өз еркімізбен қабылдаған жазуымыз емес. Осы әліпбидің кесірінен 70 жыл ішінде ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қалуға шақ қалдық. Міне, әлі күнге  аталған әліпби орыс тілінің қазақ тіліне дес бермей келе жатуына бірден-бір себепкер болып саналады. Мұны жасырудың қажеті шамалы. Өйткені кирилицадан латын әліпбиіне көшу - саяси тәуелсіздігімізден кейінгі ең үлкен мәдени тәуелсіздігіміз болмақ. Алайда «аттан түссе де үзеңгіден түскісі келмейтін» Ресейдің империялық мүддесіне бұл әрекетіміз «АЭС жарылғанан бетер» соққы боп тиері сөзсіз. Айта кету керек,  Ресейдегі аса импершіл тұлға Путин біздің жоғары жаққа «арттарыңды қысыңдар» дегені бесенеден белгілі. Өйткені 2000 жылдан бері латын әліпбиіне көшу мәселесі жиі көтеріліп келеді. Алайда ілікке алғысыз себептерге байланысты ол мәселенің үні өшіп жоғалады.

Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің былтырғы «ерте ме кеш пе Қазақстан латын әліпбиіне көшеді» деген мәлімдемесі еліміздегі орыс ұйымдарын ұлардай шулатты. Оның ішінде «Лат» славян қозғалысы мен «Союз казаков степного края» атты ұйымдар арнайы мәлімдеме қабылдап, «латын әліпбиіне көшу - Қазақстанның Ресейден алыстауға бағытталған саяси қадамы болып табылады. Қазақстанның бүгіні мен болашағы тек Ресейге тәуелді. Сондықтан мұндай қадамдар аса қатерлі» деп даурығып, Путин көкелерінің алдына құшақ-құшақ арыз апарғандығы әлі есімізде.

Рас-ау, еліміздің мәдениеті жоғарыдағы даурықпалар айтқандай шынында Ресейге тәуелді екені жасырын емес. Неге бұлай айтып отырмыз? Өйткені миллиондаған Ресейдің кітаптары мен газет-журналдары еліміздің рухани саласын толықтай жаулап алған. Ал телеарналардың жағдайы да осыдан қалыспайды. Яғни елімізде отандық мәдениет емес, орыстық, ресейлік мәдениет өмір сүріп жатыр. Осыдан кейін  министір Мұхтардың мәлімдемесі жай ашынғаннан айтқан жаңғырық қана болып қалғанының себебін аңғараған боларсыз.

Қортып айтқанда латын әліпбиіне көшу (егер көшкен жағдайда) - қазаққа толық қанды тәуелсіздік алып беріп, елімізде қазақтың төл мәдениетінің ауыр жағдайын оңалтуға үлкен септігін тигізіп, рухани жаңаруға жол ашылар еді. Бұл арманның жүзеге асуы батыл саяси қадам жасаудың арқасында мүмкін болмақ. Алайда алда жасақталатын, мұртты басшысы мызғымастай орынында қала берген «көне де, жаңа үкіметтің» қолынан мұндай ерлік келеді деу «қысыр сиырдың уызынан дәметкенмен» бірдей. Сондықтан жуық арада латын әліпбиіне көшуіміз қанша айғайласақ та мүмкін болмас іске ұқсайды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір