Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2516 0 пікір 14 Маусым, 2009 сағат 19:10

Айнаш ЕСАЛИ. ТҰМАНДЫ АЛЬБИОН. ТОҒЫЗЫНШЫ ТОҒЫСУ

Еуропа қазақтарының  Кіші құрылтайы биыл Лондонда өтті

 

Тағдыр айдап барған талай қандасымыз әлемнің 40-тан астам мемлекетінде тұрмыс кешіп жатыр. Еуропаның он шақты елінде 12-15 мың қазақ тұрады. Сондағы ағайындардың бір жерге басын қосып, санаулы күн болса да атажұртта жүргендей сезімге бөлейтін Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайы биыл тұманды Альбионда өтті.

Сонымен, әлемнің  әр тұсына тарыдай шашыраған қандастарымызды ұйытып отырған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат МАМАШЕВПЕН әңгімелесіп, Еуропадағы бауырлардың атажұртқа  аманаттаған дұғай-дұғай сәлемін тыңдадық.

 

- Талғат Асылұлы, қаржылық дағдарысқа қарамастан, Еуропадағы қазақтар Лондонда тоғысты. Қазіргі ахуал құрылтайды өткізуге кедергі болған жоқ па?

- Еуропа қазақтарының 9-шы мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі Кіші құрыл­тайын биыл Ұлыбритания астанасында өткізуге қол жеткіздік. Әлемді жайлаған экономикалық қиыншылықтарға байланысты түрлі пікірлер болды. Бірақ, біз жылдағыдай үлкен делегация емес, шағын топпен барғаны­мыз жөн шығар деген ұйғарымға келгенбіз.

Еуропа қазақтарының  Кіші құрылтайы биыл Лондонда өтті

 

Тағдыр айдап барған талай қандасымыз әлемнің 40-тан астам мемлекетінде тұрмыс кешіп жатыр. Еуропаның он шақты елінде 12-15 мың қазақ тұрады. Сондағы ағайындардың бір жерге басын қосып, санаулы күн болса да атажұртта жүргендей сезімге бөлейтін Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайы биыл тұманды Альбионда өтті.

Сонымен, әлемнің  әр тұсына тарыдай шашыраған қандастарымызды ұйытып отырған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат МАМАШЕВПЕН әңгімелесіп, Еуропадағы бауырлардың атажұртқа  аманаттаған дұғай-дұғай сәлемін тыңдадық.

 

- Талғат Асылұлы, қаржылық дағдарысқа қарамастан, Еуропадағы қазақтар Лондонда тоғысты. Қазіргі ахуал құрылтайды өткізуге кедергі болған жоқ па?

- Еуропа қазақтарының 9-шы мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі Кіші құрыл­тайын биыл Ұлыбритания астанасында өткізуге қол жеткіздік. Әлемді жайлаған экономикалық қиыншылықтарға байланысты түрлі пікірлер болды. Бірақ, біз жылдағыдай үлкен делегация емес, шағын топпен барғаны­мыз жөн шығар деген ұйғарымға келгенбіз.

Лондондағы Кіші құрылтай ойдағыдай өтті. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы болып табылатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Сіздерді Лондонда өтіп жатқан Еуропа қазақтарының дәстүрлі Кіші құрыл­тайының ашылуымен шын жүректен құт­тықтаймын! Осыдан он жыл бұрын ата­жұрт­тарыңыз - Қазақстан Республикасының қолдауымен Германияның Кельн қаласында бастау алған кіші құрылтайлар бүгінде Еуропа­да тұратын қандастарымыздың басын қосып, топтастыратын ауқымды іс-шараға айналды. Ел тәуелсіздігінің арқасында Қазақстанда үш рет дүниежүзі қазақтарының басын қостық. Алыс және жақын шетелдерде тұратын бауыр­ларымызға ұдайы мәдени-рухани қамқорлық жасалып келеді. Өткен жылы қабылданған "Нұрлы көш" бағдарламасы арқылы алыста жүр­ген ағайынның ат басын атажұртқа бұруына жағдай жасалуда. Қазіргі әлемдік дағдарыс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Еліміз сынақты кезеңнен сүрінбей өтудің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруда. Дағ­дарысқа қарамастан, шетте жүрген бауыр­ла­рымызбен арадағы байланыс нығая беретін болады. Жан-жақты қарым-қатынастың одан әрі өрістей беруіне сіздер де елеулі үлес қо­са­сыздар деп сенемін. Баршаңыздың отбастары­ңыз­ға ырыс-береке, еңбектеріңізге табыс тілей­мін", деген сәлемін Еуропаның 10 елінен келген 600-ден астам диаспора өкілдеріне жеткіздік. Биылғы басқосудың бір ерекшелігі - Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайына Моңғолия, Ресей, Сингапур, Пәкстан, Түрік елдерінен де аз болса да ағайындар келіп қосылды.

- Англия Еуропада жатқанымен, ұстанымы бөлек ел ғой, Шенген аймағына кірмейтіндіктен, бұл мемлекетке виза алу да қиямет-қайым. Осындай жәйттер Кіші құрылтай өткізуді қиындатқан жоқ па?

- ...16 миллионнан астам халық тұратын Лондонда қай ұлттың өкілі жүрмеген?! Соның ішінде 45 қазақ отбасы тұрады. Бірақ, бірін-бірі қолдап отыратын қандастарымыз үлкен шараны ойдағыдай атқарды. Бұл елдің екінші ерекшелігі, бір ғана Лондонда 3 мыңнан астам қазақ студенті оқиды. 600-ден астамы "Бола­шақ" бағдарламасымен, мемлекеттік гранттар­мен оқып жатқан жастар. Бүкіл Ұлыбритания­да қазақстандық студенттерді жинасаңыз 5 мыңға жетіп жығылады. Сондағы студенттері­міз түрлі қоғамдық ұйымдар құрған. Жастары­мыз қазақ диаспорасымен жақсы қарым-қатынас орнатыпты, барлық шараларына атсалысады. Студенттеріміз осы құрылтайға көп көмек берді. Қонақтарды қарсы алып, орна­ластырып, тәржімәші болып, игі іске ортақ­тас­қанын көріп, қуанып жүрдік. Елден жыл­да­ғыдай көп өнерпаздар апара алмадық. Осы олқылықтың орнын сондағы талантты жастар толықтырды.

- Биылғы Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайын өткізу-өткізбеу мәселесі қиындық туғызғанын айтып қалдыңыз. Бірақ, оны сондағы қандастарымыз шешпей ме?

- Әрине! Бұл - сондағы бауырлардың өз шарасы. Мәселен, олар алдағы жылдары өтетін құрылтайдың жай-жапсарын жоспарлап отыр. Былтыр Норвегияның Осло қаласында өткен құрылтайда алдағы үш жылдың жұмысы жобаланып қойған. Келер жылы Венада бас қосады. Мұның өзі көкейге әбден қонымды. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін жылы бүкіл Еуропадағы ағайындар өкілдерінің сол қалада тоғысуы жарасып тұрмақ. 2011 жылы Швецияның Вестерос қаласында жиналады. Алыстағы ағайындар осындай ұйғарым жасап, бүкіл ұйымдастырушылық шараларына өздері ұйытқы болады.

- Ұлыбританиядағы азғантай қазақ отбасы­ның бір-бірімен аралас-құраластығы қалай екен?

- Англиядағы қазақ диаспорасы 1960-жыл­да­ры Түрік елінен түріктермен бірге Еуропа­ға еңбек миграциясымен барған ағайындар. Түбі Қытайдан шығып, Еуропаға табан тіреген қазақтар. Айталық, Лондонда 600-ге жуық түрік тұрады. Солармен ілесіп барған қандас­тары­мыз, өздерінің қазақ екендігін түйсініп, ресми тіркеуден өтіп, қазақ мәдени орталығын құрған. Ол орталық 20 жылдан бері жұмыс жүргізіп отыр. Кейінгі он жылда Исмайыл Кесижи деген бауырымыз осы қазақ мәдени орталығын басқарады. Бұрын Англиядағы қазақ отбасы 40 қана болатын, биыл оларға 5 отбасы қосылыпты. Жастар үйленіп, жеке отау тіккен. Негізінен олар шағын кәсіпкерлікпен айналысады. Жастары оқып жатыр, түрлі ком­панияларда жұмыс істейді. Лондонда тұратын Бәшір Жаналтай деген бауырымыз жақында Қазақстанға көшіп келді. Бала-шағасы Лон­донда тұрады. Ол - сол балаларын түптің түбінде Қазақстанға көшіріп алуды көксеп отырған қандастың бірі.

- Францияда тұратын қандастарымыздың баласы француз тілінде, Германияда неміс тілінде, Ұлыбританиядағысы ағылшын тілінде білім алуда. Еуропадағы қазақ диаспорасы жастарының тіл білмейтіні жанға бататыны туралы талай айтып едіңіз...

- Еуропа жастарының үлкен мәселесі де осы. Тілдік орта, әрине, жоқ. Оларға тіл мең­гер­ту мәселесінде біраз тірліктер жасалынып жатыр. Нәтижесін уақыт көрсетер. Әке-шеше­лері қазақша білгенімен, балалары қазақша бі­леді деп айту қиын. Дәстүрлі Кіші құрылтай­лар­ға барып, дөңгелек үстелдер өткізгенде, бірінші талқыланатын жәйт осы. Биыл да сөз болды.

- Елбасының биылғы Жолдауын құрыл­тай­ға түрік тіліне аударып апаруға да осы түрткі болып отырған шығар?

- Еуропаның он елінде жүрген бауырларға он тілде аударып апару бізге қиын болды. Бірақ, бәрі түрік тілін біледі. Дөңгелек үстелде Жолдауды таныстырып, елдегі экономикалық жағдайдан мәліметтер бердік. Қазақша-түрік­ше тілашар жасап апардық. Қалтаға салып жүріп, күнделікті тіл үйренуге ыңғайлы. 2006 жыл­дан бері қазақ тілін үйренудің компью­тер­лік бағдарламасын жасап жүрміз. Алғашқы нұс­қасы 780 сөздік қордан тұрады. Былтыр екінші жетілдірілген нұсқасын жасап апарған­быз. Биыл жаңа бағдарламаның сөздік қоры 3 мыңға жетті. Тіл үйретуді бірте-бірте күрде­лен­діріп отырмыз. Әйтпесе, бірден жырақта жүріп ана тілін үйреніп алу оңай емес. CD таспадағы бағдарламаны қазіргідей ақпараттық технологиялар заманында көбейтіп алу қиын емес. Мен ондағы қандастарымызға "Қазіргі­дей компьютер заманында елден қазақ тілін үйрететін оқытушы жіберіңдер деген он жыл бұрынғы әңгімені қойыңыздар", деп айттым. Мұғалім де жіберіп көргенбіз. Барған адамның жылдап жатып, тіл үйретуге мүмкіндігі жоқ. Он күнге барған оқытушыдан не үйренуге бо­ла­ды? Ал жаз кезінде тіл семинарларын ұйым­дас­тырып тұрудың жөні басқа. Франциядағы, Ұлыбритания мен Германиядағы елшіліктері­міз сондағы ағайындардың балаларына тіл үй­рету курстарын өткізіп жүр. Алғысымызды айттық.

- Елшілік осы шараны өткізуге демеуші та­бу­ға да ұйытқы болғанын естіп, қуанып отырмыз.

- Қазақстан Республикасының Ұлыбрита­ния Корольдігіндегі елшісі Қайрат Әбусейітов бастап, елшілік қызметкерлері осы құрыл­тай­ды өткізуге де мұрындық болды. Сырттағы ағайынның бәрі бизнесмен емес. Осы жерде елшілік тағы да көмекке келді. Демеушілер тауып, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан бірнеше ағылшын компанияларын бұрып, қа­райластырды. Өйткені, бірнеше күнге стадион, концерт залын жалға алу, тамақтандыру, 600-дей адамды қонақүйлерге орналастыру оңай емес. Франция, Германиядағы қандастарымыз көп болғандықтан, олар алыстан келген ағайындарды бөліп алып кететін, ол жақтарда құрылтай өткізу оңайырақ. Мен еліміздің сырт­тағы елшіліктерімен жиі араласатындық­тан, олардың елін сүйетін нағыз азаматтар екендігін көріп, тәнті болып жүремін.

- Осы құрылтайдың жақсы дәстүрі бар, ол - жастар бір-бірімен танысып, араласып, достассын деген ниеттен туған би кеші. Осы кештердің соңы үйлену тойларына ұласқан кездері болды ма?

- Болды, болып та жатыр. 2000 жылдың басында басталған үрдіс еді. Ақсақалдар ойласа келе жасаған үлкен дәстүрдің бірі осы. Футбол турнирі, концерт, көрме өз алдына. Би кешіндегі таныстықтың соңы достыққа, махаббатқа айналып жатқан кездері бар. Мысалы, алдыңғы жылы Швецияға барғаны­мызда Әлихан Жаналтай сонда барып құда түсіп жатыр екен. Сол балалар 2006 жылы Мюн­хендегі би кешінде танысқан. Лондонда биыл бас қосқан бес отбасы да осылайша құрал­ған. Лондондағы қазақ мәдени орталы­ғын басқарып отырған Исмайыл Кесижи де келіншегін Қазақстанға іссапарлармен келіп жүріп тапқан. Сол Шолпанымыз 2-3 баланың анасы, осы құрылтайды өткізуге бір кісідей жүгіріп, еңбек етті.

- Құрылтайдың дәстүрлі думаны - футбол додасы. Биылғы турнирге қанша команда қатысты?

- Жылда Еуропаның он елінен құрығанда бір-бір команда келетін. Биыл Дания мен Нор­ве­гия сан жағынан аздау болған соң, бір ко­манда болып келді. Франция мен Англия екі ко­мандадан қатысты. Диаспора өкілдері бір команда болды, біздің елшіліктің жас қыз­меткерлері мен студенттеріміз де бір командаға бірігіпті. 12 команда теңбіл доп тепті. Ақтық сында Швеция мен Голландиядан келген қан­дастарымыз доп додасына шығып, голлан­диялық ағайындар бас жүлдені алып кетті.

- Сіздің Лондоннан алып келген фотошежіреңізден "Болашақ" бағдарламасымен оқып жүрген Ботагөз бен Болат Тыныбековтерді көзіміз шалды. Біздің балалар қалай оқып жүр екен? Елге қайтатын ниеттері бар ма?

- Мен осы арада мемлекеттік грантпен, "Болашақ" бағдарламасымен оқып жүрген балалардан бөлек қаншама қазақ студенттері сыртта оқып жатқанын еске сала отырып, оларды қадағалауды еліміздің Білім және ғылым министрлігі реттейтін кез келіп жеткенін баса айтқым кееледі. Бұл - бөлек ойласатын мәселе. Министрлік грантпен оқып жатқан балаларды есептеп, бақылап отыр. Ал басқасы біздің балаларымыз емес пе? Елшілік­тегі жігіттер олардың консулдық есепке де тұрмайтынын айтып жүр. Ботагөз бен Болатты баяғыда Мәдениет министрлігінде қызмет істеген кезімнен білемін. Тағдыры қиын, талантты балалар. Оқулары аяқталып қалыпты. Корольдік музыка академиясын тәмамдайды. Олар маман болып, елге қайтып келе жатыр. Магистратураға қалуға аса құлықты емес. "Елді сағындық, сыртта жүріп қалдық. Қара­ғанды облыстық филармониясымен келісім-шарт жасадық", деп отыр. Бір айдан кейін елге келеді.

- Дағдарыс-дағдарыс деп жүріп Душанбеде де Орталық Азия елдері қазақтарының құрылтайын өткізіпсіздер...

- Жылына бір рет Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайымен жүретін едік. Басқа елдердегі жағдай әртүрлі болатын. Биыл қаржылық қиыншылықтарға қарамай, бірқатар ауқымды тірліктер атқарыппыз. Тек тілек болса, осыны орындаймыз деген ынта болса, бәрі іске асады екен. Сәуір айында Қазақ­стан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Иран, Ауғанстандағы қазақ диаспорасы бас қосты. Осы елдердегі қандастарымыздың қордаланған мәселелері, әлеуметтік жағдайлары ортақ. Душанбедегі елші Әбутәліп Ахметов те көп көмектесті. Көрші елдермен қатынасу оңай болғанымен, Иран мен Ауғанстандағы бауырлармен қарым-қатынас қиындау еді. Олар да келді. Жеке кез­десулерде көптеген жәйттерге қанықтық. Осы құрылтайды келер жылы Бішкекте өткізуге ұйғарым жасап отырмыз. Қырғыз еліндегі елшіміз Бақыт Оспанов та қолдау білдіруде.

- Маусым айының соңында Улан-Батырда өтетін басқосудың жай-жапсары туралы білгіміз келіп отыр.

- Моңғолиядағы қазақтарға көңіл бөлмей жатырмыз десек өтірік болар, бірақ, Өлгийдегі қандастарымызға көп қарайлайды екенбіз. Улан-Батыр айналасында 20 мыңға жуық ағайын тұрады. Моңғолияның Өлгийден де басқа 20 аймағы бар. Солардың бәрінде қандастарымыз күн кешіп жатыр. Олар да "Біз де қазақ емеспіз бе?!" деп өкпе айтады. Сондағы елшіміз Орман Нұрбаев жыл басында ішкі Моңғолияда жүрген қандастарымыздың Кіші құрылтайын өткізсек деген ұсыныс айтқан. Амандық болса, 27 маусымда Моңғолиядағы қазақтар Улан-Батырда бас қосқалы отыр. Мұнан да бөлек Ресейде Кіші құрылтай өткізу жоспарымызда тұр. Күзге қарай Өзбекстанға қазақ мәдени орталығының құрылуына 20 жыл толуына орай тоқайласу мүмкіндігі бар.

- Әңгімеңізге рахмет.


Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.

«Егемен» Қазақстан» газеті 6 маусым 2009 жыл

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608