Жұма, 22 Қараша 2024
Жалқы сұрақ 6533 26 пікір 19 Қараша, 2018 сағат 10:12

Қазақ билігі Желтоқсанды қашан көтеріліс деп таниды?

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты депутаттарына!

Құрметті халық қалаулылары!

Осы хатты өз атымнан және бүкіл Желтоқсандықтар атынан сіздерге жолдап отырмын.

Әлемде 200-ден астам тәуелсіз мемлекет болса, солардың әр қайсысының тарихи өтпелі кезеңі бар. Соның ішінде біздің халқымызға, қазақ халқына да егемендікке қол жеткізу оңайға түскен жоқ. Қазақ даласында 300-ден астам үлкенді-кішілі көтереліс пен бас көтерулер болған. Соның барлығына дерлік нүкте қойған - Алматыдағы, 1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі.

Содан бері Елбасымыз айтқандай:«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігіне» айналды. Бұған ешкім дау айта алмас деп ойлаймыз.

Кеңес өкіметі тұсында билікке қарсы келу түгілі, қарсы сөйлеуге ешкімнің дәті шыдамайтын. Сол бұғаудан босау үшін, елімізді бодандықтан құтқару үшін қазақтың қаршадай ұл-қыздары басын бәйгеге тікті. Қанша боздақ қыршын кетті. Бұған тарих куә, сіз бен біз куәміз.

Қайрат, Ләззат, Ербол, Сабира, т.б. қатарлы қаншама бейкүнә жас темір торға қамалып, қаншасы мүгедек болды. Кейбір ұл-қыздарымыз өмір бойы ата-ана болу бақытынан айырылды. Иә, бұл осындай қиыншылықпен келген тәуелсіздің еді.

Керек десеңіз, Желтоқсан көтерілісі бізге ғана емес, кешегі Кеңес Одағы мемлекеттеріне де егемендік алып берді!

Айтпағым, Желтоқсан көтерілісіне де 30 жылдан асып кетті. Бірақ әлі күнге өзінің тарихи және саяси бағасын (статус) алған жоқ. Тарихи оқиғалардың араға уақыт тастап барып өз бағасын алып жататыны бар. Алайда, қанмен келген тәуелсіздіктің ештеңеге тәуелді болмай, шындықтың салтанат құрғанын қалаймыз.

2016 жылы Астана қаласында Желтоқсанның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда өткен еді. Сонда оншақты мемлекеттен ғалымдар мен саясаткерлер келді. Сол басқа елден келген кісілер бір ауыздан Желтоқсанды «көтеріліс» деп мойындады. Сонда бүкіл әлем бағасын беріп отырған Желтоқсанның бағасын неге біздің мемлекет бермейді, мойындамайды.

Құрметті халық қалаулылары!

Сіздердің ұлтжандылықтарыңыз бен адами қасиеттеріңізге сене отырып Желтоқсанның тарихи және саяси бағасын (статус) беруге ат салысады деп сенім артамыз!

Құдайшүкір Рахматуллаұлы Абдуллаев

Abai.kz   

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5242