Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5601 29 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 10:58

Елбасының мақаласы және қазақтану хақында...

Шынмен біз өз ұлтымызды толық танимыз ба? Қазақтану ғылым бізге керек пе?

Елбасы «мәңгілік ел» идеясын ортаға қойып, оған жетудің жолы ретінде осыдан бір жарым жылдың алдында «болашаққа бағар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жазды, енді міне «ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын халқына ұсынып, көптің көкейінде жүрген рухани мүгедіктікке жан бітіруді жүктеді. Солай басқа елдермен тереземізді теңестіруге жол ашты.

Елбасы кезекті мақаласында: Таихқа деген дұрыс ұстаным арқылы, ұлтымыздың түп тамырын білуге, ұлттық тарихымызға терең үңілгенде, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Деді, әйтсе, күрмеулі түйін не?  Демек қазақтану ғылымның бізге аудай қажет екенін айқындап берді.

Сәл аялдап, ұлт деген не? Біз қандай ұлтпыз деп, кішкене ой жүгіртсек: Ортақ этникалық тұтастық, ортақ тіл-жазу, генетикалық қандық ұқсастық, ежелден қалыптасқан наным-сенім, әдет-ғұрып, салт-сана ұқсастығы, ортақ  психологиялық ерекшелікке ие адамдар шоғырын ұлыт дейміз. Ал біздер ежелден тамаша философиялық ойлар айтқан, (оған біздің мақал-мәтел, нақыл сөздеріміз куа), өз алдымызға идеология қалыптастырған, аттың үстінде, аллып даланың апай төсін қанжығаға байлап, жауына найза ойнатып, қылыш сермеген батыр ( оған тарихи эпосытарымыз куа) тамыры терең халықпыз.

Қазақ хандығының 550 жылдығын өткізіп, қазақ ұлты осы жерден бастау алады дегенде ішімізде бір кем дүние қалып еді. Басы жоқ-аяғы жоқ, қалай бір қауым ел тарих саханасына тосыннан шығып, хандық құра алады деп, кез-келген ойлы оқырманның ойланғаны шын. Кешегі кер заманда халымызды қолдан жоғалтулар болғанда, жадыға сіңірген жалған тарих бізді рухани мүгедек жасағаны баршаға аян. Елбасының айтып отырған күрмеулі түйінінің бір ұшы осы болса керек. Қарның тойғаны мен, рухың аш болса ол хайуандық өмір болмақ.

Атақты тарихшы Нығымет Мыңжаниұлы еңбегін оқып қөрейік: Заманымыздан бұрынғы IV-VII ғасырда Орта азияны мекен еткен сақтар өте батыр жауынгер, қасына қатал, досына адал халық болған. Сақтар Парсы, Серия, Персия, Мидия сияқты елдер мен қарым қатынас орнатқан.  Он неше үлкен тайпалардан құрам тапқан сақтардың ата қонысы Іле өзені мен Шу өзенінің алқабы болса, соның ішіндегі  тигра хауда сақтарының (шошақ тымақ киетін сақтар) жерінің орталығы Жетісу өңірі болған.  24 тайпадан құралған көшпенді Ғұндардың одағы заманымыздан бұрынғы II ғасырда дәурендеген. Бұлардың шығысы Ляухы өзені, батысы Памир, солтүстігі Байқал көліне, оңтүстігі Қытай ұлы қорғанына дейінгі ұлан байтақ өңірге үстемдік еткен. Ұлы юз тайпасы заманымыздан бұрынғы III ғасырда өмір сүрген. Бұлар Дуанхоң мен Шүлен тауының аралығын мекен десе, Үйсін тайпасы заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бері қарай 1200 жылыдық тарихқа ие. Үйсіндер Ұлы юз бен іргелес қоныстанған қазіргі Хы Ши коридорында көшпелі өмір өткізген, кейіннен Іле өңіріне қоныс аударған, батысы Шу, Талас өзендеріне, шығысы Тянь-Шань тауларының шығыс сілемдеріне, солтүстікте Балқаш көлінен бастап, оңтүстікте Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі ұлан-қайыр өңірді қамтыған, түтін саны 120000 нан асып 630000 адамға жеткен, әскер саны 188000 болып, өз дәуірінің мейлінше күшті мемлекетіне айналған, сол кезде батыс өңірде болған 40 мемлекеттің жан саны мен әскер санының жалпы жиынтығынан әлде қайда артық болған. (Қытай, хан патшалығы тарихы, Үйсін мемлекеті тарауы) бұдан басқада Қаңлы, Алан сынды ежелгі тайпалар аталады. Біз осындай айтулы тайпалардың ұрпағы екенімізге ешкім де таласа алмайды. (қазақтың қысқаша тарихы. Нығымет Мыңжаниұлы. Шинжяң халық баспасы 1987жыл Б 47-153 ) Міне мұндай тарихтың бізге беретіні болашаққа нық сенім мен жігер. Елбасы мақаласында:Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқада бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың трихи этно негіздерінің ажырамас бір бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерден көруге мүкіндік берген жоқ.

Еліміздің қазба жаратылыстық байлығы мол,  экономикасы дамуға бет алған, әйтсе де, рухани жұтаңдық жанымызға аяздай батады. Адам деген мың құбылғыш санадағы күрделі тіршілік иесі. Жаһандану жүріп жатқан бүгінде жастардың қазақтықтан алыстап бара жатқанына жаны ауырған Елбасы «жеті қырға» әдейі тоқталды, елдегі ойшылдар мен дарынды тұлғалар, ғалымдар, зиялы қауым бас болып барша ел атсалысып елдің жоғын түгендеп, өзімізді өзіміз толық танып, толық қанды қазақ мемлекетіннің іргесін берктеуіміз әрбір қазаққа парыз.

Адамның табысқа жетуін оның қанша жетістікке жеткенімен емес, оның сол жолда қанша қиындықтан өткеніне қарап бағалануы керек. Демек, егемендік алдық бәрі бітті, енді жастықты биік қойып, аяқты айқастырып ұйқтау емес, нағыз күрес, нағыз ел үшін еңбек ету арқылы әр кім қолынан не келеді, солай отанына өз үлесін қосып, елдікті мәңгілікке сақтап қалу мәслесі. Елбасының осы жолы айтқан күрмеулі түйіннің ең өзекті тұсы осы болмақ.

Елбасы, көтерілген мәселелер жан-жақтылы ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді қажет етеді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты деп атап көрсетті. Тарих бізге не береді, философ Карл Сандборг айтқандай «өткен күн күресінге төгілген күл емес», керісінше, тарих бізге үлкен күш береді. Өткенді біліп, бүгінде мақтанышпен жалындап алға басамыз. Солай барлық салада жетістікке шаршамай жетеміз.

Десе де, біз бұған дейін өзімізге басқалардың көзімен қарап келдік, тіпті, өзімізді өзіміз әлі толық танымаймыз, міне бұлда  бас мақалада айтылған күрмеулі түйіннің бірі болмақ. Аллаға шүкір, бүгінде елімізде әр салада білікті мамандар,  шет тілін білетін ғалымдар тәуелсіздіктен бері көптеп жетісті, енді міне Елбасының көрсеткен бағыты бойынша ауқымды ғылыми жоспарлар жасап іске кірісуі керек.

Біздің елді, ұлттық құндылығымызды басқалар бағалай алмайды, біз өзімізді өзіміз білгенде, үлкен жетістікке жетеміз. Басқалардың қарсы пікірі қара бақайымызғада келмесін, егер біз басқаларды тыңдап, өзімізді соларға бағалатсақ, онда бәрі бітті. Сол себепті, ұлт ойшылы Абайдың «әр қазақ менің жалғызым» ұстанымын ұстанып, Елбасының төңірегіне топталып, ұлы даланың жеті қырын, тіпі одан да көп ой-жоталарын түгендегуге күш қосайық. Елбасы биылғы жолдауында 2019 жылды «жастар жылы» деп белгілеп берді, бір халықты тәрбиелеу үшін оның өсіп келе жатқан жас өркенін, жастарын тәрбиелеу керек. Біз Елбасы айтқан ұлы даланың жеті қырын толық түгендеп, өзімізді кемел танып, қазақ тарихын қайта жазып, мұрағаттардың ғылыми түрде жаңартып, элктрондық нұсқада сақтап әлемге жайуға міндетіміз. Қазақтану ғылымын мектептен бастап жас ұландардың санасына мықтап сіңіре білсек, бізді ешқандай жау алмайды.

Нұрхалық Абырақын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның PhD докторы, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі

Abai.kz

 

29 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407