Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5927 10 пікір 28 Қараша, 2018 сағат 10:32

Сақтықта қорлық жоқ

Ресейде "Казактардың ортақ біріккен одағы" құрылды. Оның басшысын Путин тікелей тағайындайтын болады. Біріккен казактар одағында 200 мың казак әскері болатыны айтылуда. Бұл ұйымның мақсаты біртұтас Ресейді сақтау және өзге мемлекеттердегі казак ұйымдарымен қатынасты нығайту болмақ. Бұл өте қауіпті тенденция деген сөз.

Казак әскерлері қашанда Ресейдің айтқанын орындаған. Патшалық Ресейге, кейіннен КСРО-ға, одан кейін Ресей Федерациясына қызмет еткен. Ресей территориясының осыншалықты кеңдігі - казак әскерлерінің өзге халықтарға аяусыз шапқыншылықтарының арқасы. Қазақтың жерін отарлаудағы басты күш, артынша жазалаушы әскери жасақтары да осылар еді. Жүздеген мың қазақтың қазасын тағы қосыңыз. Атаман Анненковтың бір әскері Жетісу мен Шығысты қан қақсатқаны тағы бар. Тіпті 90-жылдары түрлі казак ұйымдары еліміздің батысы мен шығысында бас көтеріп, сепаратизм дәнін сеппек болды. Бұның бәрі бізді аталмыш жағдайды мұқият назарға алуға итермелеуі тиіс.

Украинаның шығысында казак жасақтарының соғысып жатқаны жасырын емес. Тіпті Сирияда да бар деген ақпараттар желдей есіп жүр. Шын мәнінде мұндай одақтарға Ресей қандай бұйрық берсе де, қайда бар десе де орындайтыны анық. Осыны қаперге алу керек.

Осы ретте біздің құқық қорғау органдары, ҰҚК, Барлау қызметтері аса сақ болады деп сенемін. Сенім артамын. Кез келген ұлттың бейбіт өмір сүруіне Құдай да, Заң да рұқсат берген. Алайда ұлттардың мемлекеттік құрылымды, тыныштықты, аумақтық тұтастықты бұзуға бағытталған одақ құруына қатаң тыйым салынған.

"Сақтықта қорлық жоқ" деп барлық бірлестіктерді тексеріп, қарудың бар-жоғын анықтап, идеологиясы мен мақсатын білген абзал.
Біздің қорғаныс саласы кез келген кризистік жағдайға дайын деп ойлаймын. Тым болмағанда соған үміттенемін.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279