Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3298 0 пікір 21 Сәуір, 2011 сағат 03:15

Ардабек Солдатбай. Боқтасып сөйлесейік! (фоторепортаж)

Бұл мәселенің басталғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Екі кәсіпкердің тартысы жұртшылыққа былтыр «Заң газетінде» шыққан «Живилевтің жебеушісі кім немесе көкпарға түскен қаулы» деген мақала арқылы таныс болды. Мақала «Абай.кз» сайтында тақырыбы «Живилев деген жегіқұрт кім?» деп өзгертіліп, қысқартылып шыққан соң қатты талқыланып, оқырманның ашу-ызасын тудырған. Ашу-ызаға ерік берген Живилевтің аузынан шыққан бір ауыз сөйлем - «Вы, казахи все ниже моего пояса. Я вас всех куплю». Алайда, «Абай.кз» ақпараттық порталына өтініш жасаған Живилев қарсы мақала жазып өзінің ондай сөз айтпағанына сендіріп бақты. Біз де бұл дауды одан әрі өршітпей, тоқтаттық. Себебі, ол кезде қоғамның наразылығын тудырып алмау үшін Н.Живилев өзі көп уақыт бойы орындамай келген Жоғары соттың шешімін орындап, яғни 2009 жылғы шешімді биыл, яғни 2011 жылдың қаңтар айында орындап, «Глория» базарындағы кәсіпкер Сандуғаш Тағабергеноваға тиесілі контейнерлерді ашуға мүмкіндік берген.

Бұл мәселенің басталғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Екі кәсіпкердің тартысы жұртшылыққа былтыр «Заң газетінде» шыққан «Живилевтің жебеушісі кім немесе көкпарға түскен қаулы» деген мақала арқылы таныс болды. Мақала «Абай.кз» сайтында тақырыбы «Живилев деген жегіқұрт кім?» деп өзгертіліп, қысқартылып шыққан соң қатты талқыланып, оқырманның ашу-ызасын тудырған. Ашу-ызаға ерік берген Живилевтің аузынан шыққан бір ауыз сөйлем - «Вы, казахи все ниже моего пояса. Я вас всех куплю». Алайда, «Абай.кз» ақпараттық порталына өтініш жасаған Живилев қарсы мақала жазып өзінің ондай сөз айтпағанына сендіріп бақты. Біз де бұл дауды одан әрі өршітпей, тоқтаттық. Себебі, ол кезде қоғамның наразылығын тудырып алмау үшін Н.Живилев өзі көп уақыт бойы орындамай келген Жоғары соттың шешімін орындап, яғни 2009 жылғы шешімді биыл, яғни 2011 жылдың қаңтар айында орындап, «Глория» базарындағы кәсіпкер Сандуғаш Тағабергеноваға тиесілі контейнерлерді ашуға мүмкіндік берген. Сөйте тұра Жоғары соттың қаулысына қарама-қайшы шешімді Алматы қаласының ауданарлық экономикалық сотының судьясы А.Қарашеваға дәл сол қаңтар айының 19 жұлдызында шығартып алады. Сандуғаш Тағабергенова болса сотқа аппеляциялық шағым береді. (Айтпақшы, Жоғары сотқа жеткен осы істің кейбір тұстарында жақында жұмыстан қуылған Жоғары соттың алты судьясының бірі А.Тәшенова мен  М.Балтабайдың аттары жиі көрініс береді).

Н.Живилев Жоғары соттың қаулысын жоққа шығарған жаңа шешім бойынша сәуірдің 12 күні С.Тағабергенованың контейнерлерін тағы да жауып тастапты. Алайда, оның олай істеуге құқы жоқ. Шешім заңды күшіне енбеген. Сандуғаш бұл мәселеге қаржы полициясының да, прокуратураның да, соттардың да ілік-шатыс екеніне сенімдімін дейді. Өйткені, ақиқатты көре тұра шімірікпей көрмеген болады екен.

Біз оқиғаның қаржылық-кәсіпкерлік жағына сараптама жасаудан аулақпыз. Оны әділдікпен анықтау тиісті мекемелердің құзырында. Бірнеше күн бұрын редакциямызға кәсіпкер Сандуғаш Тағабергенова келді. Ол дау-дамайдан әбден шаршағанын, базар әкімшілігінің өзін рухани- моральдық тұрғыдан әбден қорлап біткенін айтты. Осы күндері базар әкімгері Гүлнәр Жарқымбаеваның   үстінен сотқа шағым түсіріп өзін балағаттағаны үшін жазаға тартуын сұрап отырғанын да жеткізді. Мәселенің мәнін толық түсіндіру үшін Г.Жарқымбаеваның аузынан шыққан әлгі сөздерді астарламай беруге мәжбүрміз: «хуй тебе», «ебет тебя». Бұл сөздерді біреуден естісеңіз қорланар ма едіңіз? Сандуғаш та қорланған. Қорланып сотқа шағымданған. Сот   осы сөздер адамның ар намысына тиетін-тимейтінін анықтауды сарапшыға тапсырады. Сарапшы К.Есілбаева бұл сөздер адамның намысына тиетін сөздер емес, бұл дөрекі түрде бас тарту деп қорытынды шығарған.

хуй тебе (ему, ей, вам, им) - употр. в качестве грубого решительного отказа.

ебет тебя - ебет что кого - волнует, беспокоит (мына сөзді Г.Жарқымбаева судья М.Шолпанқұловтың көзінше сот процесінде айтқан, судья оған еш шара қолданбаған, ол жайлы хаттамада жазылған).

Сарапшының айтуынша, бұл деген ауызекі тілдегі қарапайым сөздер ғана екен. Демек,  осы сөздерді қазақша мағынасында әйел затына қаратып айта беруге болады екен ғой? Анаңызға, апа-қарындасыңызға, әйеліңізге бұл сөзді айтқан кісімен қалай сөйлесер едіңіз? Әрине, тек заң жүзінде. Бірақ заң ондайларды жазаламайды екен.

С.Тағабергенова осы іске қатысты сот отырысына біздің де қатысуымызды өтінді. Ол К.Есілбаеваның сараптамасы қате екенін сотқа дәлелдемекші. Себебі, қазақтың таным-түсінігінде ондай сөздерді есту үлкен қорлық болып саналады.  Бірақ өзі де әйел затынан шыққан сарапшы оны мүлде ескермеген сияқты! Сондықтан  С. Тағабергенова біздің  сот отырсына қатысып, мәселенің мән жайына үңілуімізді өтінді.

Белгілі заңгер-журналист Ғалия Әженова сарапшы мәселенің толық байыбына бармай, дауласқан екі тараптың арасындағы моральдық ахуалды білместен тек берілген сөздерге лингвистикалық талдау жасаумен шектелген деген пікірде. С.Тағабергенованың адвокаты С.Нұрғожаева мұндай сөздерді ұсақ бұзақылық деп санап әкімшілік жаза ғана белгілейтін заңмен келіспейді. Ол бұл адамның ар-намысын қорлау, сол үшін Гүлнәр Жарқымбаева Сандуғаштың моральдық шығынын өтеуі керек дейді.

Сотқа барғанымызбен отырыс болмады. Жауапкер тараптың адвокаты іс-сапарға кетіп қалыпты. С.Тағабергенова жабылған он контейнердің артында он отбасының тағдыры тұрғанын, ондаған бала-шағаның нәпақасы болып отырған сауда жаймаларының жабық жатуы айтарлықтай шығын әкелетенін айтып, бұдан ары шыдай алмайтынын жеткізді.

Құрметті оқырман, біз ендігі сөзді соза бермей оқиға барысынан түсірген  арнайы фоторепортажымызды назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.  Қараңыздар:

Контейнерді жалға алған кәсіпкерлердің барлығы сотта Г.Жарқымбаеваның анайы сөздерді өздерін қорлау үшін жиі қолданатынына куәлік етпекші. Сондай-ақ, өздерінің салықты уақытылы төлейтінін, соған қарамастан базар әкімшілігі құқықтарын шектеп отырғанын да жеткізбекші.

 

 

 

 

 

 

Ғалия Әженова лингвист-сарапшы орыс тілді, орыс саналы болғандықтан қазақы таным-түсінікте боғауыз сөз есту қорлықтың үлкені екенін білмеуі мүмкін деген пікірде.

 

 

 

 

 

 

Таңғы сағат 10.00. Барахолканың ең соңындағы «Глория» базарының алдына ондаған адам жинала бастады.

 

 

 

 

 

 

КТК арнасынан әріптестеріміз де келген екен.

 

 

 

 

 

 

С.Тағабергенова өздерінің не мақсатпен жиылып тұрғандарын түсіндіріп берді.

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлер базар әкімшілігінен контейнерлерді ашуды талап етті.

 

 

 

 

 

 

Тілшілерге мән-жайды түсіндірген соң кәсіпкерлер контейнерлерін ашып тастады. Бөгет жасамақ болған күзетшілерге бой бермеді.

 

 

 

 

 

 

 

Күзетшілер мен қайдан шыға келгені белгісіз дереу пайда бола кеткен құқық қорғаушылар контейнерді күшпен жаппақшы болып еді Сандуғаш үстіне өзімен бірге алып келген бензинді құйып жіберді.

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат құралдары мен жиналған жұртшылықтың алдында  ол базар әкімшілігі тарапынан заңсыз қысым көрсету тоқтатылмаса өзін өзі өртеп жіберетінін мәлімдеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қан базардың ортасы. Төңірек түгел бензин сасиды. Жазатайым ұшқын шықса лап еткелі тұр. Тауардың барлығы тез тұтанатын киім-кешек. Жұрт үрейленіп тұр.

 

 

 

 

 

 

Үрейленбеген тек Г.Жарқымбаева ғана. «Ал, кәне, сіріңке жақсаңшы» дейді Сандуғашқа.

 

 

 

 

 

 

Сандуғаш «мақсатым жұрттың үрейін алу немесе оларға титтей залалымды тигізу емес, құзырлы орындардың назарын өзіме аударту» деді. «Бұл ескерту. Мен әділет іздеп жүрмін. Егер әділетке жете алмасам ар-намысыма өртеніп өлгенше үстіме бензин құйып өртеніп өлгенім жақсы» дейді.

 

 

 

 

 

 

Г.Жарқымбаева Сандуғашты қазақ болғаны үшін, соның ішінде оралман болғаны үшін жек көретінін дүйім жұрттың алдында бірнеше мәрте қайталады. Оның ойынша оралмандардың сотқа жүгініп әділдік іздеуі - абсурд. Ондайды «кім көрінгеннің басынуы» деп санайды екен.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласының әкімшілігі заң талаптарына сай келмейтін ондаған базарды бұзып, оларға басқа жерден жер бермекші. Кәсіпкерлер қала әкімшілігі жер бөліп Н.Живилевтің тағы да базар қожасы атанып, қарапайым халықты қорлағанын қаламайды.

 

 

 

 

 

Сандуғаш Тағабергенова Жоғары соттың бұрынғы төрағасы Мұсабек Әлімбековтың Жоғары сотта қатардағы судья болып қалуына қарсы. «Судьялардың көпе-көрнеу теріс шешімдер шығарып, жұрттың обалына қалуы Жоғары сотты ол басқарып тұрған кезде тіпті асқынып кетті. Судьялар арасында сыбайлас-жемқорлықтың кең етек жаюына жол берген адамның одан әрі судьялық қызметте қала беруге моральдық құқы жоқ» дейді. Ол сондай-ақ, заң тармақтары қайта қаралып, «орыстың үш әріптен тұратын сөзімен ғайбаттау - қазақтың намысына тию болып саналады» деген сөздер міндетті түрде кіргізілуі тиіс деген пікірде.

Г.Жарқымбаева үшін оралман адам емес.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5638