Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 19096 0 пікір 25 Сәуір, 2011 сағат 05:53

Әсет Пазылов. Мәшһүр Жүсіп және «Сарыарқа тарихы»

ХХ ғасырдың басында Ресей өзінің орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады. Қазақстандағы шұрайлы жерлерге мұжықтарды қоныстандыру соның бір айғағы болса керек.  Қауымдық жерлерді тартып алу, күнкөріс жерден айырылу қазақ қоғамының әлеуметтік бөлшектелуін де туғызды. Дегенмен де кейбір ғалымдар отарлау саясатының прогрессивті әсері туралы да көп айтып жүр. Әрине, кедейленген қазақтардың қала және село пролетариаты - жатақтарға айналуы өсе түсті. Сонымен бірге, отырықшылыққа бой бұрды. Бірақ бұл амалсыздық екенін ұмытпаған да жөн. Бұл қазақтардан жерді күштеп алғандықтан, жер тапшылығы нәтижесінде болған процес. Себебі ең шұрайлы жерлерден, отырықшылыққа, егіншілікке ыңғайлы жерлерден айырылған ел, соқыр балаша біреудің етегінен ұстап кете барды...
1905-1907 жылдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. қазақ зиялылары патша үкіметінің қазақ жеріне жүргізіп отырған саясатына қарсы шығады. Мәшһүр-Жүсіптің де саяси қайраткер болып шыңдалуына елде болып жатқан өзгерістер әсер етпей қоймады. Оның публицистикалық қызметінің де оянуы және алғаш кітап шығаруы да осы кезеңге тап келді. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 1907 жылы «Қазан» баспасынан үш кітабы жарыққа шығады. Олар:

ХХ ғасырдың басында Ресей өзінің орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады. Қазақстандағы шұрайлы жерлерге мұжықтарды қоныстандыру соның бір айғағы болса керек.  Қауымдық жерлерді тартып алу, күнкөріс жерден айырылу қазақ қоғамының әлеуметтік бөлшектелуін де туғызды. Дегенмен де кейбір ғалымдар отарлау саясатының прогрессивті әсері туралы да көп айтып жүр. Әрине, кедейленген қазақтардың қала және село пролетариаты - жатақтарға айналуы өсе түсті. Сонымен бірге, отырықшылыққа бой бұрды. Бірақ бұл амалсыздық екенін ұмытпаған да жөн. Бұл қазақтардан жерді күштеп алғандықтан, жер тапшылығы нәтижесінде болған процес. Себебі ең шұрайлы жерлерден, отырықшылыққа, егіншілікке ыңғайлы жерлерден айырылған ел, соқыр балаша біреудің етегінен ұстап кете барды...
1905-1907 жылдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. қазақ зиялылары патша үкіметінің қазақ жеріне жүргізіп отырған саясатына қарсы шығады. Мәшһүр-Жүсіптің де саяси қайраткер болып шыңдалуына елде болып жатқан өзгерістер әсер етпей қоймады. Оның публицистикалық қызметінің де оянуы және алғаш кітап шығаруы да осы кезеңге тап келді. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 1907 жылы «Қазан» баспасынан үш кітабы жарыққа шығады. Олар:

  1. «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабының өлең түріндегі жазылған нұсқасы: «Мәшһүр Жүсіп Көпеев». Таңдамалы. Алматы-1990 жыл, 28-бетте жарияланды. Сонымен бірге «Мәшһүр-Жүсіп» Шығармалары. 4-том. // 3-бет, Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2004-жыл толықтырылып басылды.
  2. «Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы».
  3. «Хал-ахуал» кітабының өлең түріндегі жазылған нұсқасы: «Мәшһүр Жүсіп Көпеев». Таңдамалы. Алматы-1990 жыл, 24-бетте жарияланды. Сонымен бірге «Мәшһүр-Жүсіп» Шығармалары. 4-том. // 29-бет, Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2004-жыл толықтырылып басылды. «Хал - ахуал» кітабының сыртқы мұқабасында «Казань. Типо-литографія Императроского Университета 1907» деген жазу бар. Ал, бірінші бетінде «Казань книжный магазинь Н-вь ХУСАИНОВЫХЬ» - деп жазылған.

Ақын бұл үш еңбегінде қазақ даласын жайлағаған әділетсіздік пен теңсіздікті сынайды.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кітаптарын жарыққа шығарғаны үшін Қазандағы кітап шыққан баспахананың иелері ағайынды Хусайыновтарға 12 мың сом көлемінде айып салынып, 14 кісіні айыптап сотқа тартқан [1].    Осыдан барып 1907 жылы Мәшһүр-Жүсіп сапарға шығуға мәжбүр болды. Себебі аталмыш кітаптардың шығуына байланысты патшаның заң орындары Мәшһүр-Жүсіпті қамауға алуға бұйрық берсе керек. Ендігі жерде оның соңына түсіп, ізін аңдығандар көбейеді.  Мәшһүр-Жүсіптің жоғарыдағы кітаптарының үшеуі де, қатал сынға алынып Қазан полицмейстері арқылы қудаланғаны мәлім [2].

Кітаптары қудалауға ұшырағандықтан, ұлдары мен қасындағы жандарға кесірім тимесін деген оймен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ даласының оңтүстік аймақтарына сапарға шығады. Осы сапары туралы «Жетісу сапары», «Түркістан, Ташкент сапары», «Қырғыз сапары», «Ереймен сапары» [3] деп аталатын өлеңдерінде жазады. Мәшһүр Жүсіптің сапары туралы Дихан Әбілев: «...Бұл жолы «Қашқын» тәрізді тағдыр тәлкегімен 1907 жылы барып төрт жыл жүріп жиһангез боп елге оралады», [4] деп жазады.

Жоғарыдағы мақаламыздың өзегі болған Мәшһүр Жүсіптің «Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы»  еңбегі туралы сөз қозғалық. Бұл кітаптың бірнеше нұсқасы бар. Олардың барлығы да «Мәшһүр-Жүсіп» көп томдық шығармалар жинағына Қуандық Мәшһүр Жүсіповтың басшылығымен жарыққа шыққан. Аталмыш кітаптың:

  • Бірінші, қолжазба түріндегі нұсқасын Нартай Қуандықұлы Жүсіповтың әзірлеуімен алғаш «Қазақ тілі мен әдебиеті»  журналында басылды [5]. Ол толығымен Қуандық Мәшһүр-Жүсіповтың әулеттік мұрағатында сақталған.
  • Екінші, Қолжазба түріндегі ендігі бір нұсқасы - Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы  ОҒКҚҚ сақтаулы [6].
  • Үшінші, Өлең түріндегі жазылған нұсқасы: «Мәшһүр Жүсіп Көпеев». Таңдамалы. Алматы-1990 жыл, 55-бетте жарияланды. Сонымен бірге «Мәшһүр-Жүсіп» Шығармалар жинағында басылды [7].

Бұл кітаптың 1907 жылы Қазан қаласында басылғаны, оның қара сөзбен жазылған көп бөлігінде қазақ тарихы қарастырылғаны белгілі. 1990 жылғы Мәшһүр-Жүсіп таңдамалысының бірінші томында [8]  сол кітаптағы ақын өлеңдері ғана беріліп, ал, қара сөздері енбей қалған болатын.

«Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы»  еңбегінде Мәшһүр-Жүсіп көбінесе аграрлық мәселе төңірегінде сөз қозғап, тереңнен сыр шертеді. Отарлау саясатының салдарынан мал өрісі тарылып, ел арасында арандатушылықтың кең өріс алғанын сынға алады. Қалай дегенмен де «Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы»  еңбегі бірнеше нұсқадан тұрғанымен де көтерген мәселесі мен мазмұны жағынан бір мақсатты көздегені ақиқат. Себебі Мәшһүр-Жүсіпті осы кітапты жазуға итермелеген қоғам заңдылықтары болса керек. Себебі ол: ««Қазақтың осы күнгі әңгімесі»-деп, сөйлеп, «Сарыарқа»-деп ат қойып Сарыарқаның кімдікі екендігі екенін әйгілеу үшін ...»,- деп, ескертіп өтеді [9].

ХХ ғасыр басында қоныс аудару кең етек алды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Бос жерлерді анықтауда Ф.А.Щербинаның экспидициясының жұмысын да атап кеткен жөн болар. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" [10]  кезінде күшейді. Соның салдарынан 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. Сүйтіп қоныс аудару отарлауға ұласты. Бұл уақыттағы қазақтың тыныс-тіршілігі мен болмысын Мәшһүр-Жүсіп:

Еркекте ақыл қала ма, Өз қонысынан ауған соң.

Ұрғашыда ақыл қала ма, Біреуден сауын сауған соң!», - деп бейнелеп, қауымдық жерлерді тартып алу, күнкөріс жерден айырылу қазақ қоғамының әлеуметтік бөлшектелуін де туғызғанын аңғартады.

Менің ойымша аталмыш реформаның мақсаты:

- Шаруаны жердің иесі етіп бекіту;

- Шаруаларды Қазақстанға жаппай көшіру;

- Қазақстандағы құнарлы жерлерді анықтап, түрлі сылтаулармен тартып алу;

- Шенеуніктерге билік бере отырып қазақ шаруаларын өз еркімен көшулеріне мәжбүрлеу;

- Қазақстанға қоныс аударғандардың кері қайтып кетпеуін қадағалау;

- Орыс қоныстанушыларына жағдай жасау;

- Қазақстан жерінде егін егіп, азық-түлік қорына айналдыру болатын.  Ал мақсаты ұлттық-орыстық мүдде еді.

1903 жылғы 10 маусымдағы «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезге дейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берді.

Ә. Бөкейханов: «Бас переселен мекемесінің есебі бойынша Қазақ жері 240 миллион десятина. Егер бұл рас болса, әрбір қазаққа 44 десятинадан келмек. Бір үйде орта есеппен 5 адам болса, үй басынан 220 десятинадан тимек. ...үй басы 200 десятина түгілі мұның оннан бірі де жоқ еді» [11],- деп жергілікті халықты кемсітушілік пен әділетсіздіктің орын алғанын сынай отыра, әлеуметтік теңсіздіктің қанат жайғанына қынжылыс біліреді. Мұхамеджан Тынышбаев: «Жер мәселесі қазақтар үшін сөз жоқ ең маңызды: бұдан әрі жерлерді тартып алу мен олардың мүдделерін аяқасты қылатын болса, тыныштық болады деп кепілдік беру қиын»,- деп ескерте келе отаршылдық жүйенің көздеген мақсатын ашық баяндайды: «Үкімет

- Біріншіден, жабайы варварлық репрессиялармен және тілді, әдет-ғұрыпты, дінді, ұлтқа тән барлығын қуғындау арқылы, жалпы, қазақтарды жеке ұлт ретінде құртып жіберіп, аймақты орыстандыруға;

- Екіншіден, түрлі әкімшілік шаралар, бұйрықтар мен ережелер арқылы қазақтарды екріксіз заңнан тыс тобырға айналдыруға;

Үшіншіден, оларды өздерінің қандары сіңіп, сүйектері шашылған жерлерінен айырып, жалаңаш қураған жерлерге өлім құшағына қуып шығуға ұмтылғаны анық»  [12].

«Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы»  еңбегінде жер су аттарының шығу тегіне тоқтала    келе, жердің бабаларымыздан аманат болып жеткенін ескертеді. Бұл Сарыарқадағы жер аты - бәрі қазақтың ата-бабасының аттары екенін баяндай отыра, алаш азаматтары мен көкірегі сергек ел ақылдыларына ой салады. Мәшһүр-Жүсіп: «... Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке келіп ие болған жоқ. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаумен алысып, жатпен соғысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздарды жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алынған жер еді»,-деп, Сарыарқадағы жерлердің киелілігі батырлардың ошағы және ерлік пен батырлықтың куәсі болуымен құнды екенін жазады. Сарыарқаның тарихын қысқа да болса сипаттай келе Мәшһүр-Жүсіп: «Күнбатысы - Сырдария, күншығысы - ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі - Жетісу өзен. Солтүстігі - Еділ, Жайық. Сол төрт судың арасы заман қадымда тауарихларда «Дешт-қыпшақ» атанған» [13],-деп Сарыарқаның етеден халқымыздың қоныстанған жері екенін және оның кең байтақ екенін көрсетеді. Сарыарқа өңіріне қарасты Ұлытау, Көкшетау, Қарқаралы, Шыңғыстау, Баянаула мен Ерейментау киелі мекендер.  Мәшһүр-Жүсіп Сарыарқаны жырлай отыра Қазақстанның басқада аумақтарын назардан тыс қалдырмаған. Жалпы Сарыарқаның - тарихи географиялық атау екені мәлім. Сарыарқа мен Қазақ егіз ұғым. Қыран қанатын талдырып, тұлпар тұяғын тоздырып, батыр қаруын сомдап өткен Сарыарқа талайлардың атажұрты және киелі мекені. Себебі бұл ұлт тарихының айнасы мен сарқылмас қазынасы.

Мәшһүр-Жүсіп Сарыарқадағы елеулі уақиғалардың куәгерлері болған жер-су аттарының шығу тарихын төмендегідей сипаттайды:

  • «Жасыбай асуы» - Жасыбай батырдың қалмақпен соғыста қаза тапқан жері.
  • «Қалмақ қырған» - Олжабай батырдың қалмақты қырған жері.
  • «Жалаңтөс асуы» - Олжабайдың қалмақ заманында қоныс қылып, қыстаған жері.
  • «Шойынды көл» - Олжабайдан қашқан қалмақтар ыдыс-аяқтарын бір жерге жинап тастап кеткен. Содан әркім бір нәрсе тауып, солай атап кеткен [13, 267-б.].
  • «Баянаула» - Сарыбайдың жалғыз қызы Баян сұлудың туған жері Баянаула тауы екен. Сондықтан да тау аты «Баянаула» аталып қалған.
  • «Қарқаралы-Қазылық» - Осы қыздың қарқарасы түсіп қалған жерді осылай атап кеткен.
  • «Домбыралы», «Моншақлы» - Домбырасы мен бет моншағы түсіп қалған жері.
  • «Тоқырауын», «Жамшылы» - Жамшысы түсіп қалған жері.
  • «Алтынсандық», «Ақшатау» - Сандығы түсіп қалған жер.
  • «Өлеңті» - Өлең айтып, той қылған жері.
  • «Жауырбұғы» - Аттарының шідері түсіп қалған жер [13, 277-278-б.].

Демек, жер-су аттары ел тарихымен тығыз байланысты. Мәшһүр-Жүсіп: «Бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа болып еді. Біреу біреуге: «соңымнан қалмастай, атаңның құны бар ма еді ?!» [13, 267-б.] -деп жазады. Ақиқаты сол болса керек.

Баянаула өлкесінің сұлу табиғатының кіндік ортасы - Баянаула тауларының жоталар аймағы. Жасыл орманға бөленген көгілдір биік тау қиялары, күмістей мөлдір көлдері, жұпар иісі аңқыған гүл жамылған алаңдары, жидекті-жемісті табиғи баққа толы сай-салалары, сарқырап аққан бұлақтары, таңғажайып жаратылған жартастары мен тау шыңдары, саумал ауасы жанға жайлы бұл таулы алқапты халық ежелден Сарыарқаның «Жер ұйығы» атаса, қазірде Қазақстанның «Швейцариясы» атанды.

1903-1907 жылдар аралығында Баянауылда да казактар станциясы пайда болып, ауылдарға да көшіп келу тоқтамады. Қоныс аударушылар мен бірге Баянаула жеріне қарақшыларда келді. Олар жәйбірақат жатқан қазақ ауылдарына шабуылдар жасап, жолаушылар мен шаруаларды соққыға жығып, оңай олжаға кенеліп жатты. Қоныстанушыларға еркіндік бере отырып, қазақтардың бетке ұстар азаматтарының көзін жойып, жергілікті халықты шет аймақтарға ығыстыруды ойлаған губернаторлар, орыс және украин шаруаларын қазақтармен күресудің әскери күші деп саналды. Сондықтан да қоныс аударып келушілерге сақтану үшін деген жалаумен қарулануға, ату мен тонауға ерік берді. Отарландырудың экономикалық зардаптарын айтқан кезде, қазақ егіншілік мәдениеті артқа шегінетінін атап өту қажет. «Шаруалар өздеріне берілген жердің шекарасын ұлғайтып қана қоймай, бұрын жергілікті адамдар өңдеген жерлерді тоздырып жіберді», - деп жазды губернатор Кауфман. «Бір жерде бір қазақты мұжық атып тастаса, қазақ өлгенін қолына алып, көміп, мұжық үйіне қаннен-қаперсіз тыныш отыра береді. Егер бір қазақ бір урядникке қарсы келсе, атқанын атып, айдағанын айдап, қазақты қойдай тізіп, қозыдай көгендей бастайды» [13, 268-б.],-деп ел арасындағы әділетсіздікті, отарлау саясатының жалғасы екенін түсінген Мәшһүр-Жүсіп отандастарын орындарынан қозғалмауға шақырып, егін салып шаруашылықпен айналасуды ұсынды. Казак отарлығы өлкенің егістік шаруашылығын күйретіп қана қоймай, қазақ-орыс қарым-қатынасының асқынуына әкелді. Казак басшыларының қазақтарды қанау тәсілі қақтығыстарға, кейде қарулы күреске соқтырды. «Казактарға шаруашылыққа ең қолайлы, шұрайлы жерлер беріліп, қырғыз (қазақтардың) құқы мен мұқтаждығы ескерілмеді, казактарға зор еңбекті қажет ететін дайын егістік алқаптар мен арықтар ғана беріліп қоймай, оларға текке қажеті жоқ ең жақсы қыстақтар да тартып алынып берілді. Шаруашылығына ең қажетті, мал шаруашылығы мен егіншілікке маңызды салаларда қырғыз (қазақ) казактарға тікелей бағынышты болды, олар үшін жергілікті халық баюдың ең арзан және жеңіл құралы болды», - деп көрсетті өз есептерінде Кауфман. Қазақтардың жаппай жерсіз қалуы кедейленуі қазақ ауылының ішінде тапқа бөлінуге әкеп соқтырды.

«Қалмақтан қазақ алды қанын шашып,

Бостан-бос ие болды орыс басып.

Біз жүрміз зорлық пенен зомбылықта,

Асудан асқан сайын жылап асып» [13, 267-б.],-деп Мәшһүр-Жүсіп қалмақ шабуылдап, орыс алдап, кең байтақ Сарыарқаға қол салғанда қазақ қайда бармақ. Дегенмен де бұл қазақ не көрмеген дейсің... Сөзіміз дәлелді болу үшін Мәшһүр-Жүсіпке жүгінелік: «... жер-суын: «учаске»-деп, бір алды, «войсковой»-деп бір алды. Бұл екі алыспен ағашты, шабындылы жерден қазақ айырылды. Суырша жонға шағып, жан сақтап жүр еді: «Егінге лайықты!»-деп, ол жан сақтап жүрген жерлерін мұжық келіп және алды» [13, 267-б.].

Мәшһүр-Жүсіп «Батыр деген бір барақ ит. Екі қатынның бірі табады. Би деген - ақ шариғат. Ілеуде бір-ақ қатын табады!» [13, 284-б.],-деп қазақтың жауынгер халық екенін мақтанышпен баяндай келе билердің қазақ қоғамында алатын орны жоғары екенін баса айтады. Үш жүздің билерінің есімдерін атай келе: «Құдай жаратқан билер» - деп ойын қорытындылайды. Шынында да билердің тұсында талас-тартыс, ұрлық, жала жабу болғанымен де, ақылмен, баппен, бір сөзбен шешіліп отырғаны ақиқат. Билердің ақыры Шоң би болса керек. Себебі оны да Мәшһүр-Жүсіп «Құдай жаратқан» -деп жазады. Әрине ол қазақтың Россияға қараған шағында ел басқарып, тәртіп орнатты. Ал патша үкіметі хандық билікпен, бидің үстемдігін жоя отырып, болыс пен ауылнайды тағайындап, ел арасында ірткі жүргізді. Сол замандағы қариялар:

«Болыс болдым дегенше, Орыс болдым десейші!

Ауылнай болдым дегенше, Ауыл айналған ит болдым десейші!»,-деген екен...

Қоныс аударушылар мен бірге Урядник, чиновник, начальник дегендер де  пайда болып, әр басқан қадамына ақша сұрай бастады. Бұның ақыры жемқорлыққа апарып соқты. Себебі ақша бергендер, кісі өлтірсе де, ұрлық жасаса да кешіріліп талтаңдап жүрді де жазықсыздар жапа шекті.

Мәшһүр-Жүсіп «Сарыарқа тарихы» еңбегінің бірінші нұсқасында ел азаматтары мен алаш тұлғаларына ұлттық сана бен болмысты қайта қалпына келтіру үшін төмендегі мәселелердің қаперде болғанын ескертеді. Демек қазаққа ел болу үшін:

  1. Ұлт қамын ойлайтын бір ғана партия керек. Мәшһүр-Жүсіп: «Қай жерде қажы көрсең, партия басы, қай жерде ишан көрсең, партия басы, қай жерде халфе көрсең партия басы, қай жерде қожа, молда көрсең, партия басы. Бұл күнгі қожа, молда қазақтың соңына ереді, қазақ малдың соңына ереді. Мал далаға өреді, сонан соң жұрт қалай оңсын, қалай түзелсін?!» [13, 270-б.],-деп қазақ зиялыларының әр қайсысы бір-бір партия ашып алып, санын толтырып, өз тұжырымдарын дәлелдеп, қоғамды кері тартып жатқанына қынжылыс білдіреді. Осының салдарынан партияларда өміршең болмай бірінен соң бірі жабылып, із түссіз жоғалуда. Демек олар бір ауызды болмағандықтан қоғам қыспағына шыдай алмай солып қалған ағаш тәрізді.
  2. Байларға тыю салу. Сонымен бірге ишан, қожа, қажы, молданы басындырмау «бұрынғы адасу еркіне жіберілместігі /М.Ж./».
  3. Жаңа оқу тәртібін енгізу «усули жәдит, жаңа тәртіп берілуі /М.Ж./».
  1. Көшіп-қонуды бір жүйеге келтіру. Әйтпесе қазақ бұрынғы ата баба үрдісін қойып, өз ойларына келгенін жасауда. Мәселен бір жерде 10-15 күн отырып, басқа жерге қоныс аударды әдетке айналдырған. Демек әлділер әлсіздерге қорлық көрсетіп жүріп, өздері де отарлау саясатының жемтігі болды
  2. Ата-бабамыз салып кеткен шариғат жолымен жүріп, имандылықа берт бұру. «Туған - тойсыз болмасын, өлген - ассыз болмасын!»- демекші ас пен тойда ысырап болмасын,-деп жазады.

Мәшһүр-Жүсіптің сөзімен айтар болсақ: «... қазақты бұрынғы ата-баба рәсімімен, солардың жақсы үлгісімен жүргізіп, тұрғызса, қазақ сонда көңілді, ықыласты болып, бір түрлі жақсылыққа рағбәтілі болады» [13, 275-б.].

Бүгінде Мәшһүр-Жүсіп өмір сүрген ортасынан біздің ортамыз бөлек. Дегенмен қазақ жері, қазақ тілі, қазақ салт-дәстүрі, қазақ тарихы өз құндылықтарын жоғалтпай, жерді бабалаымыздың аманаты мен күн көріс көзі ретінде қабылдауы қоғамдық заңдылық.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. С.Дәуітов «Мәшһүр Жүсіп Көпеев». Таңдамалы. Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы,     -1990 ж., -16 б.; С.Сүтжанов «Мәшһүр мұрасы». // Павлодар қаласы. - 2001 ж., - 10 б.; Артықбаев Ж.О. «Среднее Прииртышье» // Стр. 209, Павлодар 2007.;    Қ. Мұқыш «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмірі  және шығармашылығы» // «Баянаула дуаны» 49-бет, Қарағанды-2006 жыл.; Жүсіпов.Н.Қ. Мәшһүр-Жүсіп және фольклор. Павлодар-1999 ж., 17 бет.

2.  Жұмағыз Шалғымбаева «Қыспақ көрген кітаптар» // «Мәдениет» газеті

№13, 1993 жыл, 14-15 б.

3.  «Ереймен сапары» Басы: «Бастаймын «бисмилладан» сөздің басын // «Екі елу,

он бес»-дейді ердің жасын.» Соңы: «Азырақ болғаннан соң көңілім жарым.»

Бұл өлең басылды: Мәшһүр Жүсіп. Шығ., 1- том // Павлодар, ЭКО, 2003, 115

120 б. Түсінік- 389-бет.

4.  «Жұлдыз» журналы, №12, 1992 жыл, 124-б.

5. №4, 1994 ж.

6.  №1177-папка, 26-34 б.

7.  «Мәшһүр-Жүсіп» Шығармалары. 4-том. // 58-бет, Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2004

жыл.

8. Көпеев М.Ж. Таңд., 1-том, //Алматы, Ғылым, 1990, 55-71 б.

9. Мәшһүр-Жүсіп Шығармалары. 8 том. Павлодар 2006 жыл, 276 б.

10. 1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпиннің

қазақтарды жерден айырып, санын азайтуға бағытталған реформасы.

11. Э.Ә. Мусаева «20 ғасырдың басындағы қазақстанның экономикалық

жағыдайы» // Қазақстан тарихы мен этнологиясының мәселелері Қарағанды

2001. 140-б.

12.  Мұхамеджан Тынышбаев «Қазақтар және азаттық қозғалысы» //Жұлдыз 1992 жыл, №8. 144-145 б.

13.  Мәшһүр-Жүсіп Шығармалары. 8 том. Павлодар 2006 жыл, 276 б.

Әсет Пазылов, Мәшһүр-Жүсіп мұражайы, Баянауыл ауданы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584