Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3667 0 пікір 26 Сәуір, 2011 сағат 05:30

Бақтиярды басынған кім? Басындырған кім?

Афины олимпиадасының   чемпионы Бақтияр Артаев Жамбыл облысының "Спорт басқармасын" небәрі бір жарым жыл ғана басқарғанда  2010 жылы тұнғыш рет жасөспірімдер арасында  өткен Олимпиада  ойындарынан Әбунасыр Өмірзақ лицензия ұтып, ал Жәнібек Қандыбаев алтыннан алқа тағып, жеңімпаз атанды.

Дзюдо күресінен Мароккода өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде чемпион атанған Елдос Сметов 2010 жылы  Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, Олимпиада ойындарына қатысуға үміткер спортшылардың бірі болып отыр.

Афины олимпиадасының   чемпионы Бақтияр Артаев Жамбыл облысының "Спорт басқармасын" небәрі бір жарым жыл ғана басқарғанда  2010 жылы тұнғыш рет жасөспірімдер арасында  өткен Олимпиада  ойындарынан Әбунасыр Өмірзақ лицензия ұтып, ал Жәнібек Қандыбаев алтыннан алқа тағып, жеңімпаз атанды.

Дзюдо күресінен Мароккода өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде чемпион атанған Елдос Сметов 2010 жылы  Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, Олимпиада ойындарына қатысуға үміткер спортшылардың бірі болып отыр.

Сонымен қатар, соңғы Азия ойындарында алтыннан алқа таққан регбиші Нигора Нұрматова, су добынан күміс жүлдегер атанған Замира Мырзабекова мен Айжан Ақылбаева, Францияда өткен акробатикадан әлемдік бәсекеде жеңімпаз болған Рахат Еділбаев, самбо күресінен Әлем чемпионатының жеңімпазы Ардақ Құлжанов, кикбоксингтен жастар арасындағы Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Бахадыр Сүлейманов, ІІ-ші Евразиялық ойындарында жеңіл атлетикадан І орын иеленген Светлана Иванчукова, қол күресінен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Дмитрий Трубин, Татьяна Верина, Вали Фараджов, Антонина Тарасова, Айдын Усипбаева сияқты спортшыларымыздың келешегінен көп үміт күтеміз. Ал, ұлттық спортты жастарымыздың арасында кеңінен насихаттап жүрген "Әулиеата" көкпаршылары - жеңімпаздық жүлдесін алты рет қанжығасына байлапты.   Сонымен қатар, облыс көлемінде дамытыла бастаған көгалдағы хоккей спорт түрі бойынша 2010 жылы облыс құрама командасы Қазақстан Республикасы Кубогінің иегері атанды.

Қысқы Азия ойындары тарихында эстафета алауын жағу дәстүрі тұңғыш рет қазақ елінде өтті. Алматыдан басталған алау эстафетасы мерекелі жағдайда 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз шахарына  алдымен жетті. Алау эстафетасын алып жүру нәтижесі бойынша Республикада Жамбыл облысы бірінші орынға ие болды.

Алайда, жоғарыда аталған есіл  еңбегін еш ескерместен Жамбыл облысының Әкімі Қанат Бозымбаев   мырза облыстық спорт басқармасының бастығы Бақтияр Артаевты 2011 жылдың 26 қаңтарында  қызметінен босатып жіберді.

Азия ойындарының алдындағы дайындық   жұмыстарын аяқтатпай  Артаевты жұмысынан алып тастауға қандай себептер болғанын облыс жұртшылығы түсінбеді. Облыс Әкімі Қ.Бозымбаев оны түсіндіруді жөн көрмеді.

Бозымбаев облыстық мекемелердің басшыларын былай қойғанда олардың орынбасарларын, бөлім бастықтарына дейін дерлік Алматыдан әкеліп қоюда. Сонда  Жамбыл облысында іліп алар маманның  жоқ болғаны ма?  Әлде, Жамбыл жастарының  мемлекеттік, елдік қызметті атқаруға күш-жігері, ақыл-ойы, қабілет-қарымы   жетпей ме?

Жоғарыдағы әңгімемізге оралайық. Қысқасы  Бақтияр Артаевты жұмыстан босатқан  Бозымбаев   мұрнына спорттың исі бармайтын  облыс Әкімі аппаратында ұйымдастыру бөлімінде инспектор болып,  Артаевтың орнынын аңсай күткен Қайнарбеков Гамлет Төреханұлын тағайындады.

Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің демекші, сұмдық Гамлет креслога отырғаннан кейін басталды.

Ол келісімен Бақтияр Артаевтқа Астана мен Алматы қалаларында өткен 7-ші қысқы Азия ойындарына барған іс-сапар шығындарын төлемеуден бастады. Төлемеуіне себеп - Б.Артаев Гамлеттің құзырында қызмет етпейді екен.

Сонымен Бақтияр не анда, не мұнда жоқ болып, далада қалып шығындарды өндіре алмады. Ал атақты Гамлеттің  ар жағында спорт интернатының директоры Манарбек Ағайдаров деген азуын айға білеген мықтының тұрғанын жұрттың бәрі біледі. Облыстағы спорт мамандарын, спорт мектептерінің директорын, қала берді бас бухгалтеріне дейін бірін қалдырмай жұмыста қалдыру қалдырмауды, жаңа адамдарды қабылдауды Гамлет жеке кеңесшісі (личный советник) Манарбек Ағайдаровтың айтқанымен жасайды. Яғни, облыстық спортың тағдыры  Гамлеттің   емес,   Манарбектің қолында.    Осыдан кейін  Гамлет Төреханұлының жайы   көпке белгілі болған шығар деп ойлаймыз. Ендігі сұрақ: Бақтиярды басынып жүрген кім? Басындырып жүрген кім?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576