Есеп Түгелов. Екі туып екі алған «Вечерний Алматы»
Күні кеше ғана Алматы қаласының әкімі «Вечерний Алматы» газетінің 75-жылдық мерейтойына қатысып, әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, сөз сөйледі. Әкімнен кейін қаланың ығайы мен сығайы кезекке тұрып, үнге - үн, сыйға - сый қосты. Қуанарлық жағдай, әрине. Әкімнің жүрекжарды сөздеріне Алматы тұрғындары ретінде біздер де бірауыздан қосыламыз. Алайда...
Газет ұжымының сөзіне сенер болсақ, бүгінгі «Вечерний Алматы» басылымы өзінің тарихын 1936 жылдың 28 сәуірінде алғаш жарық көрген «Социалистическая Алма-Ата» газетінің шығу күнінен бастайды-мыс. Артынан не болғанын кім білсін, әйтеуір, «Казправданың» алматылық «қарындасы» 1968 жылдың 2-ші қаңтарынан бастап «Вечерняя Алма-Ата» деп шығады. Бұл күнді газет ұжымы өзінің веб-сайтында «екінші туған күніміз» деп атап жүр.
Кемеліне жеткен кездерінде аптасына алты рет 200-мыңдық таралыммен шыққан газетке тағар мініміз жоқ. 1968 жылдан бері басылымның 12200 нөмірі 300 миллионнан астам данамен тараған көрінеді. Газет қала өз оқырмандарын қала өмірінде болып жатқан барлық жағдайлармен таныстырып, өз қызметін адал атқарып келеді. Оған тағар мініміз жоқ.

Мәселе, дәл осы газеттің туған күніне қатысты болып отыр. Есімізде болса, осыдан бірер жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 2008 жылдың көктемінде аталмыш газеттің 40 жылдық тойы дүркіреп өткен болатын. Сол кезде де Алматы қаласының әкімшілігі мен мәслихаты арнайы қаулыларын қабылдап, мерейтойды өткізуге бюджеттен біраз қаражат қарастырған еді. Сол кездегі қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов жиынға қатысып, дәл бүгінгідей жалынды сөздердін айтып, дәл бүгінгі цифрларды дәлел ретінде келтірген болатын.
Енді, міне, араға үш жыл салып басылым 35 жылға «көнеріп» шыға келді! Қызық! Еліміздің бас мегаполисінің тарихшылар мен археологтар ізденген сайын, тарихи қатпарларын қазған сайын «көнере» түсетін әдеті бар еді. Орыстар қаланың тарихы тек Верный бекінісін салудан басталады деп шектеген сайын тарихшылар мен шенеуніктер тереңге бойлай береді, тереңдей береді. Бүгінгі күні Алматының тарихы кем дегенде бір мың жылдың көлемінде. Тағы ізденсек Бабылдың «құрдасы» қылуға да толық мүмкіндігіміз бар секілді. Ышқынсақ, Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұртқа емес, Көктебе қонғанын «дәлелдеуге» де болар...
Осындай санқұмарлық пен тойқұмарлықты қашан қоямыз? Әрбір әкім келген сайын қаланы «көнерте» берсе, оның газетінің жасын «ұлғайтса» қайда барамыз? Жәй ғана «көнертіп», «ұлғайта» бергені ештеңе емес, оған мемлекеттің, салық төлеушілердің қаражатын миллиондап төге береді! Судың да сұрауы бар емес пе? Қала қазынасы су ма, әлде? Әкімдер ауысар, келер-кетер, ал қала тұрғындарының көзі мен құлағы болып жатқан Алматы қалалық мәслихат депутаттары ай қарап отыр ма? Олар неге «Азаматтар! Кеше ғана осыншама миллион ақша жұмсап тойлаған едік. Жұрттан ұят емес пе?» демейді? Алматының экономикалық, әлеуметтік мәселелері жетіп жатыр. Сол қаражатты нақты шаруаға жұмсасақ нетті?
Ертең газетке басқа бас редактор, қалаға жаңа әкім келеді. Олар да қарап отырмас. Сонда не істейміз? «Газет генерал-губернатордың газетінің ізін жалғастырушы, атам замандағы бәленшеке хан-сұлтанның сөзін жеткізуші» деп жүрсе ше? Тағы да шашыламыз ба? Той-той деп атойлап жүрген шенеуніктерге қарап қалың бұқара не деп ойлауы тиіс? Ашынғаннан басқа амалы бар ма?
«Абай-ақпарат»