Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2300 0 пікір 9 Сәуір, 2011 сағат 10:46

Жанаргүл Мұқатай. «КЭМОНТТЫҢ» ТЫНЫСЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Бұл кәсіпорынның жұмысшылары өздерінің осында еңбек етіп жатқандарын мақтан етеді. Ертемен тұрып, Ертістің сол жағалауында орналасқан жұмыс орындарына қарай асыққан олардың әрқайсысы үшін осы бір шағын зауыт - өздерінің екінші үйлеріндей болып кеткен.

Жыл өткен сайын жаңғырып, өркендеген ел экономикасының көш басында тұрған шығысқазақстандық кәсіпорындардың бірі - «КЭМОНТ»АҚ бүгінде өндірісті өлкеміздегі ең табысты өнеркәсіп орны атанып отыр.

Бүкіләлемдік қаржы дағдарысы шиеле-ніскен тұс 2009 жылы зауыт өнімдерінің баға-сын амалсыздан төмендетуімізге тура келді. Сол арқылы сұраныстың деңгейін түсірмей, өндіріс көлемін сақтап қалдық. Кәсіпорын біраз шығын шексе де, өнімдердің көптеп сатылуы есебінен айналым қорын арттыруға күш салдық. Барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, жұмысшылардың қысқаруына да жол берген жоқпыз, - дейді зауыттың өткені мен бүгіні, болашағы жайында «КЭМОНТ» АҚ директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Поль Николаев.

Биыл «КЭМОНТ» АҚ өткен жылғыдай 9 миллиард теңгеге жуық электр жабдықтары өнімін өндіріп, сатуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде жарты жылға жететіндей тапсырыс көлемімен алдын ала қамтылған. Өн-дірісте Siemens, Alstom, ABB, Shnieder Elektrik сияқты әлемдік жетекші компаниялардың технологияларын пайдаланып келе жатқан зауыт өнімдерін өз еліміздегі кәсіпорындармен қатар Ресей, Моңғолия елдеріндегі өнеркәсіп орындары да тұтынып келеді. Ресейде зауыттың өнімдерін саудалайтын арнайы сауда орталығы да бар.

- Елбасы өнімдерді сатып алуда қазақстандық құрамға көңіл бөліп, өзіміздің отандық өнімдерімізді тұтыну қажеттігі міндетін алға қойып келеді. Біз өндіріске пайдаланатын электротехникалық мыс сияқты Қазақстанда жоқ екі-үш шикізатты Оңтүстік Корея, Финляндия елдерінен, қалған материалдарды өзі-мізден аламыз. Алайда еліміздегі жаңа жобаларды жүзеге асырып, өндірісін қайта жаңалап жатқан ЖЭО, СЭС, тағы да басқа ірі өндіріс нысандары электр энергиясы құрал-жабдықта-рын көбінесе ресейлік кәсіпорындардан сатып алуда. Олардың жобалау құжаттарында өзге елдерде шығарылатын электр жабдықтары көрсетілуде. Нарық өз билігін жүргізеді десек те, мұндай немкетті әрекет пен көз-қарас, әрине, бізге оңай тиіп отырған жоқ. Мемлекеттің де қаржысы шетке кетіп жатыр. Болашақта осы проблема сала министрлігі, Үкімет тарапынан шешімін тауып, бізге қолдау көрсетіліп жатса, өндіріс көлемі бүгінгіден де артып, қазіргі қарқынымыздан жаңылмас едік, - деп алдағы уақытта кәсіпорындағы алты өндіріс цехы шетелдік заманауи құрал-жабдықтармен одан әрі жаңаланып, қайта жаңғыртылатынын айтады зауыт директоры Николай Беляев, - жаңа өнім түрлерін енгізу туралы жоба, жоспарлар да бар.

Бүгінгі таңда «КЭМОНТ» АҚ-да 600-ге тарта адам еңбек етіп жатыр. Облыс бойынша орта еңбекақы мөлшері 80 мың теңге көлемінде болса, бұл кәсіпорында одан әлдеқайда көп, 135 мың теңге. Кәсіпорында жұмысшылардың дем алып, табысты еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Зауыттың Бұқтырма жағалауында орналасқан өз демалыс базасы бар.

Тасы өрге домалап тұрған кәсіпорынның өзгелерден тағы бір ерекшелігі - мұнда жас мамандарды дайындауға үлкен көңіл бөлініп, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін арттыруға жағдай туғызылып келе жатқандығы. Әр жыл сайын бірнеше ондаған жасты өндірістік тәжірибеден өткізіп, еңбекақыларын төлеп отыр. Мамандығын, кәсібін жете меңгерген студенттер осында қалып, өздерінің еңбек жолдарын бастауда. 1949 жылы негізі қаланып, 2004 жылы «КЭМОНТ» АҚ болып қайта құрылған зауыт тәуелсіздік таңымен бірге түлеп, ертеңге нық басып барады.

«Дидар» гаезті №34, 29-наурыз, 2011 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618