Мұхтар Шерім.Гитлерді қуалап жүріп, ұстап алдық...
Мен соғысты көрдім... Телебезерден... Сұм соғысты келер ұрпақ мен сияқты телебезерден көре берсінші... "Ұлы отан соғысы "деуге келмейтін (Ресей біздің отанымыз болған емес!) екінші дүние жүзілік соғыс туралы ресейліктер қырғын көркем фильмдер түсіріп жатады. Бірақ арасында қазақ, қырғыз өзбектің бір солдатын көрмейміз...
Мен де "Гитлерді қуалап жүріп, ұстап алдық!" атты көркем фильм түсіріп біттім. Бірақ бірде бір орыс солдаты көрінбейді... Сонымен... 1944 жыл, наурыздың 22 жұлдызы. Бас қолбасшы мені өзіне шақыртып алды. Жетіп барсам, Сталин жолдас наурыз көже ішіп отыр екен. " Аға лейтенант Жалаңтөс Қасбатыров! Наурыз мерекеңіз құтты болсын! Мына орыстар соғыса алмайды екен. Қашан көрсең, самогон ішіп, тұтқынға түсіп қала береді. Саған тапсырма бар!" -деді насыбай атып жатып.
- Иосиф Виссарионович, қашаннан бері насыбай ататын болғансыз?-деп сұрадым мен.
- Шымкенттің бір қазағы әкеліп беріп еді. "Кәйіп боласыз.." деп. Орыстың Матросовы алғаш рет кеудесімен жау дзотын жауып, асқан ерлікпен қайтыс болғанын білетін шығарсыз?
- Білем. Бірақ, ол алғашқы емес. Алғашқы болып, қазақ Шұрық Тесікбаев осы ерлікті бастаған болатын.
- Қой-ей?

Мен есік алдында тұрған досымды Сталиннің кабинетіне алып кірдім. Досым "Сталин үшін шұрық тесік болдым!" - деп шинелін, гимнастеркасын шешіп, жалаңаш кеудесін көрсетті. Құдайым-ау, оның денесі шұрық тесік еді, арғы жағынан күн сәулесі көрініп тұрды.
- Өлә-ә,- деді Сталин таңданып,- қалай өлмегенсіз?
- Өлейін десем, ауылда қалған апам ұрсады...- деді досым жымиып, - кешіріңіз, шымкентшелеп "өлә-ә" дейсіз?
- Мектепте оқып жүргенімізде, Шымкент аймағындағы Мақтаарал ауданына мақта теруге барғанбыз, - Содан қалған әдет...- деген Сталин кенет сұсты бола қалды,- қазақтар, сендерге маңызды тапсырма бар! Гитлерді ұстап әкеліңдер! Тірідей!
- Құп болады, жолдас Сталин!- дедік біз қолымызды шекемізге апарып. Содан не керек, алты қазақ, бір қырғыз екі өзбек болып, "Ту-154" ұшағына отырдық. Илюминатордан төменге қарап келемін, майдан даласында соғысып жатқан тек қазақтар. Орыстар окоптарында карта ойнап, арақ ішіп отыр. Берлинге жақындағанда, парашютпен секірдік. Өзбек солдаты парашютпен секіріп келе жатып, Берлиндегі досына соткамен хабарласып үлгерді, "Қалай, Берлинде қауын- қарбыз сатуға бола ма?"- деп қояды. Біз де қарап қалған жоқпыз. Ұялы телефондарымызбен тиісті адамдарымызға: "Берлинде ұлы жүздің, кіші жүздің, орта жүздің адамдары бар ма? ", деген сұрау жібердік. Бізді құртатын осы жүзге бөліну ғой. Екінші дүние жүзілік соғыстың себепкері,1941 жылы Россияға соғыс ашқан жалмауыз Гитлер көшенің бір бұрышында айран ішіп тұр екен. Қуалап жүріп, тірідей ұстап алдық. Гимлер деген біреуі ұстатпай кетті. Содан Гитлерді "Беларусь" тракторының телешкасына отырғызып алып, Мәскеуге, Сталинге келе жатқанбыз. Бір кезде Гитлер: "Мен ұлы жүзбін"- деп қалды. Ой атаңа нәлет десе, әдейі, қазақтарды шағыстыру үшін айтып отыр. «Ой, сені кіші жүз деп еді ғой?»- деп қасымдағы Мылтықбай оның жағасынан ала түсті. "Кешіріңіздер, кіші жүз екенмін ғой..." деп сасқалақтады Гитлер. "Өй, ол неге кіші жүз? Ол орта жүзден!"- деген Гранатбек айқай салды,- біле білсеңдер, әйгілі Шыңғысханның өзі орта жүздің баласы!"
Осылай қырық бір пышақ, сексен сегіз шанышқы болып жатқанымызда, Гитлер телешкіден секіре түсіп, қаша жөнеліпті. Біз оны байқамаппыз да... Сталиннен ұят болды... Жаман ұят болды.. Әлі ұялып жүрміз...
«Абай-ақпарат»