Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4161 3 пікір 10 Мамыр, 2011 сағат 06:44

Жәди Шәкенұлы. Қара қытайдың қатері күшті болғанмен қауқары аз

Бұл күнде қытайдың қауіп-қатері жайында жиі айтыла бастады. «Сақтансаң сақтаймын» деп Алла Тағала ескеретеді дегендей, алып аждаһаның аранынан абай болуды ұрпақтарға ескертуіміз әрине, сақтықтың қамы. Дегенмен де, кейде осы аждаһа шынымен де қатерлі ме деген ой тағы мазалайды.

Бұл күнде қытайдың қауіп-қатері жайында жиі айтыла бастады. «Сақтансаң сақтаймын» деп Алла Тағала ескеретеді дегендей, алып аждаһаның аранынан абай болуды ұрпақтарға ескертуіміз әрине, сақтықтың қамы. Дегенмен де, кейде осы аждаһа шынымен де қатерлі ме деген ой тағы мазалайды.

Қытайдың әлем елдерін соғыспен жаулауы тым сирек. Немесе жоқтың қасы. Әйтсе де мысық табандап жылжу - «жолбарыстың табанын төсеп, арыстанның айбатын көрсету» олардың ежелгі әдеті. Қытай елі өздерін «5 мың жылдық мәдениет тарихы бар елміз» деп қарайды. Өз басым олардың 5 мың жылдық мәдениет тарихы­ның көлеңкесінде көргенім жоқ. Бірақ, 5 мың жылдық қулық-сұмдық, айлакерлік (терең философиялық) тарихы бар екеніне көз жұмып қарауға болмайды. Адамның писхологиялық көңіл күйін келбетінен ғана емес, сөз сөйлем, жүріс-тұрысынан бағып, сынауды «ата кәсіп» еткен бұл халық басқалардың тамырын дәп басып, қарсыласының ақыл-ойын, жан дүниесін жаулауды басты назарда ұстанады. Мейлі досына, мейлі жауына қарата «ақылын тапса алынбайтын қамал болмайды» деп қарайды.
1992 жылы Қытайда «Қазақстанның жалпы жағдайы» деген кесек том жарық көрді. Онда қазақ даласын жіліктеп, «қай жерде қандай тастың түйірі бар, қандай шөп өседі?» дегендей ине-жібімізге дейін көрсетілген. Сөйтіп бір кесек майлы ет - қазақ даласы олардың көз құртын қоздырды. Ең өкініштісі, қазақ жерінің біраз бөлігі күні бүгінге дейін ежелгі қытай жері ретінде олардың оқулығынан орын алып келеді.
Ендігі жерде қытай тарапы жалғыз Қазақстан ғана емес, Кеңес Одағының шекпенінен шыққан ұсақ елдерді «ес жиғызбай жаулауға» кірісті. Мұны олар манағы айтқан писхологиялық, философиялық тұрғыдан - биліктің тізгінін ұстау­шы­ларды ақыл-айламен қолға қондырудан бастады. Ко­му­низимнің қазаны тас-талқан болғанда жан-жағына жалтақтап отырған жетім баланың күйіндегі нарықтық тоқырау біздің әлсіз тұсымыз еді. Осылайша олар ақыл мен ақшаны кілт етіп, әуелі базарға, онан соң мұнайға, онан соң өндіріске, онан соң қызымызға ... дегендей ауыз салды. «Ақша» атты ала қағаз құдіретін көрсетті. Қара нардай қазақ азаматтарының талайы олардың ұртында сағызша шайналды. «Сендер қытайды жамандайсыңдар, олар сендер айтқаннан әлде қайда жақсы, ақылды, мүләйім екен ғой!» дегендерін ет құлағыммен естідім.
Бүгіндері біз «қытай - ұлы ел», «қытай - алып аждаһа», «қытай - теңдессіз дамуға қол жеткізіп дүниенің алдыңғы қатарына жетті», «қытай - әлемді жаулап келе жатыр» деп жар салған сайын олар қуанады. Талайдың түбіне жеткен лақса құрлық өздері отарламақшы болған елдерге осындай айбардың, сестің, өзін зорайтып көрсетудің қажеттілігін ежелден біледі. Өз сөздерімен айтқанда «қағаз жолбарыстың» рөлін ойнау оларға түк емес. Ендеше маңындағы көршілерінің басынан көрінетін мұндай қорқыныш пен үрей оларға «тегін жарнама». Өздерінің ақыл-ой, айла-шарғымен жаулауының бір тәсілін осылай іске асыруға іштей аса құндылы.
Олай болса «сонда қытай қауқарсыз, қатерсіз ел болғаны ма?» деген сауал туады.
Қазақта «өзіңе өзің сақ бол, көршіңді ұры деме», «ақырып келген арыстаннан үндемей қабатын ит қатерлі» деген сөздер бар. Бұлар сақтықты да, қатерді де, татулықты да аңғартады.
Ең әуелі қытай ұлты өте қорқақ халық. Бағзы Түкілерден оңбай таяқ жеген арғы тарихына бармай-ақ, өзіміз көзбен көрген, ет құлақпен естіген өткен ғасырдың хикаясына аз үңілейік. Мен ежелгі түркінің көне жұрты, қазақтың қара шаңырағының бірі - алтын Алтай қойнауында туып өстім. Аңызы ақиқатқа, ақиқаты аңызға айналған киелі өлкенің тасын шертіп қалсаңыз, сыңғыр қағып сөйлей жөнеледі. Ата-бабасынан қалған осы ежелгі мекенінің көкжалына айналған, әйгілі Оспан батыр бұл далаға басып кірген қытай армияын қынадай қырды. Сол тұста Шынжаңға кірген гоминдаңшыл қытайлардың жалпы әскер саны 80 мыңның айналасында болса Оспан баһадүр соның жарымына жуығын (ең кемінде 30 мыңын) жер жастандырды.
Оспанның өзін көрмедік, аңызына сусындап өсіп, оның сарбаздарының аузына тамсана қараушы едік.
- Оларда жанды адам, әскери сынақтан, қатаң жаттығудан өткен кәдімгі қытай сарбазы. Сіздер оларды қойша қырасыздар. Ал олардың оғы сіздерге дарымай ма? - деп сұраймын ғой. Алтын шалдарым арқасын тауға тірегендей зорая шалқайып, кеңк-кеңк күледі:
- Олар қорқақ. Өзгенің жеріне басып кірген айыбы тағы бар. Сосын жеке басын қатты қорғаштайды. Айналамдағылар қырылса қырылсын өзім аман қалайын дегендей, басын тастың далдасына тығып алып, мылтықты келсе-келмес ата береді. Ал бізде оқ аз. Ысырап еткіміз келмей санап атамыз.
Даланың төл тумалары - аңыздың ақырғы кейіпкерлері осылай дейді.
Өз басым ес біле, әкеме мінгесіп, дүкеннен алатын керек-жарақ үшін қытай қыстақтарына атпен кіретін едік. Бізді көргенде көшеде бірде бір қытай баласы қалмайтын. «Бандит қазақтар келе жатыр» деп үйлеріне тығылып, есік-терезесінен сығалап тұрушы еді.
1978 жылы қытай аласапыран күйге түсті. «Кеңес Одағы шабуылдап, Шынжаңды бөліп алады екен» деген күбір-сыбыр тарады. Мұны әшкере айтудан, халықты үркітуден қорыққан олар «жер сілкінеді» деген жалған ақпарат таратты. Жаман сөз жерде жата ма. Алтайдағы қытайлардың шамасы жеткені ішкі өлкелерге қашты. Өздері кете алмағандары бала-шаға, туыс-туғанын аттандырды. Әкем өгізге арба жегіп, қашып бара жатқан қытай таныстарынан үйдің ағаш жиһаздарын әкелді.
2009 жылы Үрімжідегі «5-шілде оқиғасының» үстінен түстік. Көп өтпей Алтайға - Қанас көліне бардық. Қара құрттай қаптап жүретін қытайлардың аяғы сап тиылған. Қанас бойы иен деп айтуға боларлықтай. «Қытайлар ұйғыр көтерілісінен кейін ақырындап кетіп жатыр» - деп күбірлейді жердің негізгі иелері мұртынан күліп.
Осылайша өздерін отаншыл санайтын қытай ұлтының Шынжаң жеріне махаббатының жоқтығын, бастарына қатер төнгенде жерді қорғау ойына да кірмей, жанын алып қашатын қорқақтығын көзімізбен көріп өстік.
Бір жолы әкемнің басына құран оқуға бара жатып, бір қытай таксистен: «мына даланың кез-келген жеріне өлік жерлеп, тау бөктерін зираттыққа айналдырыпсыңдар, бұл жерде әкелеріңнің басы жоқ еді ғой» деп әзіл-шыны аралас сұрадым. Шындыққа, жүйелі сөзге жығылғыш қытай ғұламаларының тағлыматын қабылдаған қу болса керек, күле изектеп: «Рас, рас. Бұл жер біздікі емес» деді. Сосын тағы оңай берілгеніне опынғандай: «бірақ сіздерден бұрын моңғолдардікі болған жоқ па» дегенді қосты. Демек біздің ескі шежіреміздің бәрін біледі. Мүбада басына күн туа қалса, осылардың елін бастап қаша жөнелетініне шүба жоқ.
Бүгінгі қытай қоғамындағы тағы бір әлсіздік - рухани кедейлік, ұлттық идеологияның әлсіреуі. Қытай қанша мықтымын дегенмен діни тірегінен, тәңірлік сенімінен, көш басы көсемдерінің идеясынан айрылу үрдісін бастан кешіруде. Оған бір бала - безбүйрек болып өскен жастарының мейірімсіздігін қосыңыз. Бұлар қытай болашағына үлкен қатер.
Және бірі - құдды кеңестік кезеңдегідей комунизм елесі оларды өтірік сандардың үстінен алтыннан сарай салғызып, шірік бәйтеректік күйге тап қылып отыр. Күндердің күнінде жан санағы, өндіріс, тұтыну сынды мәселелер шиленісе келе тоқырауға ұшырауы, құлап қалуы әбден мүмкін.
Бүгінгі жапониядағыдай қытайға табиғат тосын мінез танытаны болса Чаңжияң аталатын аса үлкен дариясы ауыздыққа көнбей талай елді мекендер мен өндіріс ошақтарын жермен жексен етеді.
Міне, осындай ішкі себептер олардың алып аждаһа емес, қатер қай жағымнан келеді деп қорқып отырған көп балалы отбасыдай әлсіз тұстарының көп екенін көрсетіп береді.
Бүгіндері Шынжаң құрамындағы ежелгі мекеніміз - Іле, Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға-Боғда өңірі дерлік қытайлардың билігінде қалды. Оны тәңірім қайтарып бермесе, түркінің ұрпағынан, қазақтың ұлдарынан әзірше жоқшы боларлық оғлан туған жоқ. Туғанды қойып көлеңкемізден қорқатын, үрейленгіш болып бара жатырмыз. Егер біз қытайлардың өз істегенін өзіне істеп территория тұтастығымызды қайта қозғайтын болсақ, отарлаушы елдің әлсіз ұрпағы болған әлгі таксистің замандастары да бізден тіпті де қорқады. Онсызда орыс пен қытайдың ата-бабасы түркі дегенде түсінен шошып оянып, бізден келетін қатерді өсиеттеп кеткен. Олардың көкейінен үрейдің елесі, біздің жүрегімізден үміттің шоғы әлі өшіп болған жоқ. Ер түріктің ұрпағы өзгеге тиспейді. Өз жеріне сұғынып кіргенді оңдырмайды. Атадан қалған ауызша шежіренің алтын арқауы бізге осыны ұқтырған.
Қытай бізге қатерлі емес, Түрік Қағанатының түтінін қайта түтетіп, басымыз бірігетін болса, біз оларға қатер төндіруіміз мүмкін. Қазірше өзгеге тиіспейік, өзімізге тиіскізбейік. Ойда орыс, қырда қытай, ортасында ормандай түркі аман болсын!

«Абай-ақпарат»

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408