Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Михал Билек кімдерге сенім артады?

Енді жаңа бапкер жайлы бір ауыз сөз.
Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Футболшы кезінде Чехословакия және Чехия құрамаларының жартылай қорғаушысы болған. Жаттықтырушы қызметін чехиялық «Теплице» клубында бастады. Сонымен қатар, «Картахинес» (Коста-Рика), «Хмел», «Виктория Плзень», «Спарта Прага», «Высочина» (барлығы - Чехия), «Ружомберок» («Словакия»), «Динамо Тбилиси» (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырды. Соңғы жұмыс орны - чехиялық «Фастав Злин» командасы.
Михал Билектің жаттықтырушылар штабына енгендер: көмекшілері - словакиялық Михал Хипп және Талғат Байсуфинов, қақпашылардың жаттықтырушысы - Николай Родионов.
Жаңа бапкерді наурыз айында үлкен сынақ күтіп тұр. 21 наурызда 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі басталады. Біздің құраманың алғашқы қарсыластары Шотландия және Ресей футболшылары. Ал оған дейін Молдова құрамасымен жолдастық матч өткіземіз. Бұл ойын ертең, 21 ақпан Астана уақыты сағат 19:00-ге жоспарланған. Кездесу Түркияның Анталия қаласында өтеді.
Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан құрамасы жайлы алда тарқатып жазармыз. Оған дейін құраманың су жаңа бапкері Михал Билек Молдоваға қарсы ойынға шақырған футболшылардың тізімімен танысайық.
Байқап отырғандарыңыздай, бұл тізімде еліміздегі екі мықты команданың бірі - "Қайраттың" бірде-бір ойыншысы жоқ. Қаржыны қала әкімдігінен емес, өз демеушілерінен алатын алматылық ұжым әркез осындай өзгеше әрекеттерімен көзге түсіп отырады. FIFA күнтізбесінде белгіленбеген бұндай жолдастық кездесулерге ойыншыларын жібермей қою оларға таңсық емес. Осыдан бұрын, 2016 жылы 7 маусым күні Қытай құрамасымен өткен жолдастық матчқа да ойыншыларын жібермген. Айтпақшы, мезгілсіз ұйымдастырылған сол кездесуде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы ұлан Қонысбаев ауыр жарақат алған еді.
Қуаныш Қаппас
Abai.kz