Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3584 0 пікір 18 Мамыр, 2011 сағат 06:29

Құрылтай мәселе шешпейді, бірақ керек!

Осымен төртінші рет өткелі жатқан Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында бір топ азамат «Abai.kz» ақпараттық порталының редакциясында  бас қосып, алқа қотан жиын өткізіп, пікір алмасты. Пікір алмасу барысында қазақ көшіне байланысты  Құрылтайдың нақты қандай мәселелерді талқылау қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды. Іркіліп қалған көші-қон ісіне қатысты сыни пікірлер де алқа қотан отырысқа келген мырзалардың тарапынан айтылмай қалмады. «Құрылтай мәселе шепейді, бірақ керек»  деген байламмен тарқаған басқосудағы әңгіме төмендегідей өрбіді. Отырысты «Abai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат жүргізді. Дөңгелек үстел басындағы шағын жиынға ақын Алмасбек  Ахметбекұлы, жазушы Жәди Шәкен, кәсіпкер  Рахым Айыпұлы, ақын Ауыт Мұхитбекұлы, саясаттанушы Айдос Сарым, халықаралық «Түркістан» апталығының бөлім редакторы, журналист  Есенгүл Кәпқызы қатысты.

Дәурен Қуат: Мамыр айының 25-27 аралығында Дүниежүзі қазақтарының төртінші  құрылтайы өтейін деп жатыр. Құрылтайға ресми органдар, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы дайындық үстінде болар.

Осымен төртінші рет өткелі жатқан Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында бір топ азамат «Abai.kz» ақпараттық порталының редакциясында  бас қосып, алқа қотан жиын өткізіп, пікір алмасты. Пікір алмасу барысында қазақ көшіне байланысты  Құрылтайдың нақты қандай мәселелерді талқылау қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды. Іркіліп қалған көші-қон ісіне қатысты сыни пікірлер де алқа қотан отырысқа келген мырзалардың тарапынан айтылмай қалмады. «Құрылтай мәселе шепейді, бірақ керек»  деген байламмен тарқаған басқосудағы әңгіме төмендегідей өрбіді. Отырысты «Abai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат жүргізді. Дөңгелек үстел басындағы шағын жиынға ақын Алмасбек  Ахметбекұлы, жазушы Жәди Шәкен, кәсіпкер  Рахым Айыпұлы, ақын Ауыт Мұхитбекұлы, саясаттанушы Айдос Сарым, халықаралық «Түркістан» апталығының бөлім редакторы, журналист  Есенгүл Кәпқызы қатысты.

Дәурен Қуат: Мамыр айының 25-27 аралығында Дүниежүзі қазақтарының төртінші  құрылтайы өтейін деп жатыр. Құрылтайға ресми органдар, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы дайындық үстінде болар.

Біз бұл отырысқа көші-қон полициясынан да адам шақырғанбыз, «бастығымыздан рұқсат алайық» дегенді сылтау етіп көші-қон полициясынан өкіл келмей қалды. Қауымдастықтан адамдар шақырғанбыз, олар да «Құрылтайға деген дайындығымыз қауырт, мұрнымызға су жетпей жатыр» деп келе алмады. Бірақ, Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев мырза  осы жерде болатын әңгімеге соңара қатысам, қосымша пікірлерімді білдірем депті , енді оны көре жатармыз.

Көріп, біліп жүрсіздер, құрылтайдың қарсаңында көші-қон мәселесі аса шиеленісіп кетті. Әсіресе мына қытай жақтағы, өзбек бетіндегі, Түркіменстандағы болып жатқан оқиғалардан толық хабардар шығарсыздар. Уақыт тауып жиынға келіп отырған Әлеке, Жәке, Әуке, қай қайсыңыз болсаңыз да көші-қон мәселесін сырттан бақылап қана қоймай оның қиыншылығымен бетпе-бет келіп, мақалалар жазып, жанұшырып жүрген жансыздар. Сондықтан ойларымызды ірікпей ашық айталық, барымызды ортаға салып байқалық.   Әлеке, сіз осының алдындағы үшінші құрылтайға қатыстыңыз-ау деймін. Жалпы осы құрылтай қазақ көшіне қатысты қандай да бір жайттардың шешім табуына ықпал етіп келе ме? Құрылтай қандай қаулы қаралар қабылдап жатыр? Әлде бұл шапан киіп, жарыса мадақ айтып тарқайтын жиынға айналып бара ма?

Алмасбек Ахметбекұлы: Мен екінші құрылтайға қатыстым.

Бірінші құрылтай ашылған кезде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Ол енді тәуелсіздіктің алғашқы жылы еді. Бұны бірінші құрылтайдың нәтижесі деген жөн. Айтары жоқ, жалпы бірінші ұлттық қазақ құрылтайынан кейін үлкен ұлттық рухани серпіліс болды.Шетелдегі қазақ  пен  атажұрттағы қазақтың қатынасы күшейді.  Елді жақындату мәселесі жөнінде бірінші құрылтайдың  маңызы зор  болды. Сонан кейін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Содан екінші құрылтай Түркістанда өтті, 2002 жылы. Онда да үлкен басқосу болды. Түркістан  көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған.

Жалпы құрылтай деген нәрсе керек. Одан кейін 2005 жылы өткен құрылтайға мен қатыса алған жоқпын. Онда да үлкен үгіт насихаттық шаралар болды, шетелдегі қазақтар мен  біздің атажұрттағы қазақтар арасындағы қарым қатынасты нығайту туралы ұрандар болды, үлкен әңгімелер болды. Жалпы құрылтай керек және мынау Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы да керекті құрылым; шетелдегі қазақтар мен атажұрттағы қазақтар арасындағы қарым қатынасты сақтауға, жандандыруға, мүмкіндігінше оны бір ғылыми жүйелеп, жолға қоюға әрекет ететін ұйым болып саналады.

Дәурен Қуат: Алғашқы құрылтайда құрылтайды  бес жыл сайын өткізіп тұрамыз деген қаулы қабылданған болатын.  Бірақ сол белгіленген мерзім екінші құрылтайға келгенде бұзылды. Себебі неде деп ойлайсыздар? Рас,  кіші құрылтайлар өтті. Түркияда, т.б. елдерде. Алайда ол құрылтайларда айтылған сөз бен алынған шарадан қазақ қоғамы толық құлағдар болды дей алмаймыз.

Алмасбек  Ахметбекұлы: Рас,  бірінші құрылтай мен екінші құрылтайдың арасында он жыл өтіп кетті. Бұл кезде көші қон мәселесі далада қалып қойған жоқ, көші қон агенттігі құрылды, 1997  жылы көші-қон заңы қабылданды. Шетелдегі қазақтардың отанға оралу мәселесі ол онжылдықта құрылтайсыз да қарқын алды.  Оның үстіне бұл он жыл Қазақстанға экономикалық тұрғыдан оңай тимеген жылдар еді. Құрылтайдың араға едәуір уақыт салып барып өтуіне қиын жылдардың салқыны тимей қалмады.

Айдос Сарым: Осы жерде мен бір сұрақ қоя кетейін. Негізі менің ойымша,  Қазақстан Республикасы деген  ұғым бар және қазақ ұлты деген ұғым бар.  Бүгінгі күні құрылтай болсын, қауымдастық болсын, осы екі ұғымды табыстырып, ортақ ақпараттық кеңістікті, мәдени кеңістікті қалыптастырып жүр ме? Өз функциясын орындап жүр ме?

Рахым Айыпұлы:  Оны орындап жүр дегенге ауыз бармайды. Жалпы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізу идеясы  Елбасының Түркияға сапары кезінде көтеріліп, содан іске аса бастады ғой.

Тәуелсіздігімізді ала салысымен 1991жылы  31 желтоқсанда Елбасы шетелдегі қазақтарға арнап радиодан сөз сөйледі. Сол сөзінде Қазақстан Республикасына Қазақстаннан шет тұратын қазақтардың келуіне мүмкіндігі бар екендігін баса айтты. Атажұрттан жырақ тұратын біздер Президентіміздің әлгі сөзін естіп қатты тебірендік. Жүрегіміз жарылардай қуандық . Елбасымыз сол кезде «Осы сіздер үшін елге оралатын күн туа ма, жоқ па деген сұрақ мені қатты  толғандырып келді, енді міне, есік ашық сіздерге. Біз көші-қон мәселесінде халықаралық адам құқығын негізге аламыз» деп еді.

Жаңағы бір мәселеге баса назар аударғаным жөн шығар, халықаралық адам құқығы жалпыға ортақ, демек, қазіргі Қытай қазақтарына керекті мәселе.

Жоғарыда бірінші Құрылтайдан соң Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды деп жатырмыз. Қауымдастық құрылғанда  Елбасы  аталған қоғамдық ұйымға қатысты: «Қауымдастық әлемдегі қазақтардың өміріндегі әлеуметтік, экономикалық, рухани, мәдени мәселелерді жан-жақты терең зерттеп, ресми атқарушы биліктің алдына  кезең кезеңмен қойып отыру керек, бұл ұлттың ұйытқысы болу керек» деді. Көрдіңіз бе, ол кісі қауымдастыққа  қандай міндеттерді жүктеп отыр.

2002 жылы елдің еңсесі көтеріліп, экономикасы қалпына келе бастағанда Түркістанда Елбасымыз: «Мен армандайтынмын,  біз қашан экономикамыз түзеліп, шетелдегі бауырларымызды соншалық кең көлемде елге көшіріп әкелуге мүмкіндік алады екенбіз деп. Біз міне, бүгін соған жеттік, экономика көтерілді, енді біз квотаны көбейтеміз» деді. Көбейтті. Ол кезде көшіп келетіндерге берілетін квота бес жүз еді, одан кейін бес мыңға, одан кейін он мыңға, он бес мыңға , бүгін жиырма мыңға өсіп отыр. Ендігі әңгіме Дүниежүзі қауымдастығы осындай ұлы көшке мұрындық етіп отыр ма, жоқ па, өз функциясын қаншалықты деңгейде атқарып отыр дегенге саяды. Марқұм Қалекеңнен кейін, Қалдарбек Найманбаевтан кейін, қауымдастықтың жұмысы тоқырады. Шетелдегі қазақтармен рухани байланыс деген Еуропадағы аз қазақтың ортасына барып сайран салып, демалып қайту емес қой.   Париждегі жиырма қазақпен анда санда бір қатынас жасап қою деген қазақ диаспорасының бүгінгі тұрмысынан толық мағлұмат бермейді.   Қауымдастық жырақтағы қазақ пен атажұрттағы қазақ арасын жалғайтын алтын көпір бола алмай отыр. Қауымдастықтағылар көбінесе бюджеттің ақшасын шашу, Еуропаға барып саяхаттау, кіші құрылтай өткізу деген сылтаумен жүр. Алты қазақ тұратын Норвегияда кіші құрылтай өткізудің қандай қажеттілігін көріп тұрсыз?

Дәурен Қуат: Қазір өзі қазақ көшіне қатысты, қазақ бірлігіне қатысты  қандай да бір қарсылық бар сияқты. Ресми адамдардың өзі оралман бауырларымызды сортқа бөліп сөйлейтінді шығарды. Бұған не айтасыздар?

Жәди Шәкен: Рас, оралмандарды сортқа бөлу бар.  Қауымдастық төрағасының орынбасары Мамашев мырза бір сұхбатында айтады: «Қытайда оқыған қазақтың  бәрі келіп болды. Қалғандарының жағдайы ауыр. Мұнда келгенімен жан баға алмайды» деп. Оның ойынша, елге тек оқығандарды әкелу керек екен.  Қытайдағы қазақтың көбісі сауатсыз екен. Оларды  әкелуге болмайды екен. Бізге осындай  алалаудың не қажеті бар? Бізге қазақ керек ғой. Ол өзі оқымаса, ертең баласы оқиды. Бізге адам керек, қазақ керек. Мемлекет құраушы ұлт керек. Сондықтан, қалайда бұрынғы көші қонды жолға қойып, қалпына келтіру керек. Көші-қон жұмысымен тұрақты шұғылданатын агенттік пе, комитет пе қайтадан құрылуы тиіс.

Алмасбек Ахметбекұлы: Оқымаған оралман шаруға ұқыпты болады. Жерді игереді, мал өсіреді. Талдықорған қаласының қасында Қарабұлақ деген үлкен ауыл бар. Алдыңғы жылы сол ауылдың жайлауына барып қайттым. Сонда бір оралман жігіт: «Бұл жайлауға алты жылдан бері адам шықпаған екен» деді. «Міне, біз алты жылда алты кезеңге өттік» деді. «Мына жайлауды игеріп жатқан түгел оралмандар» деді. Шаруақор, малсақ оралманға ақша беріп алқаудан бұрын жер беріп, жағдай тудырса болды, қалғанын ол өзі шешеді.

Өткенде «Тарбағатай қоры» деген жиналысқа қатыстым. Сонда, ауылдан келген азамат ауыл жағдайы туралы мәлімдеме жасады. «Кейінгі кезде оралмандар келіп, суатты игеріп, егін салып жатыр. Қазір, ол жер жандана бастады» деді әлгі жігіт. Бұл, шетелден келген қазақ өзінің топырағында өсіп, өнуге дайын деген сөз. Сондықтан, біз Тарбағатайда, Қарабұлақта, Қапалда, тағы басқа жерлерде мал өсіріп, жер игеріп жатқан қандастарымыз турал көбірек айтуымыз керек.  Сыңаржақ пікірлерге солай қарсы тұруымыз керек.

Дәурен Қуат: Осы Атажұртына оралған ағайынның жан саны қаншаға жеткені туралы да ақпарлар ала-құла. Мысалға, бұрынғы көші-қон комитетінің төрағасы  Қабылсаят Әбішев  бізге берген сұхбатында  «бір миллионға жуық оралман  көшіп келді, қоныстанды деген сөз - жалған сөз. Олардың жалпы  саны 200-300 мыңнан аспайды. Ал, былай өз бетінше келгендер 300-400 мың. Олар  азаматтық алған жоқ, санақта да жоқ, санатта да жоқ»  деген дерек айтып еді. Көші-қонның толастап қалғанын бүгін көзімізбен көріп жүрміз. Ендігі әңгмені осы бағытта өрбітсек деймін.

Есенгүл Кәпқызы: Үшінші құрылтайдағы әңгімеден кейін, жалпы көш тоқтай бастады. 2005 жылдан бері бұрынғы қарқынды көштің дүбірі естілмейді. Үшінші Құрылтайда қазақ диаспорасы өмір сүріп жатқан елдерде қала берсін, ел мен елдің арасында дәнекер болып тұра берсін деген сөз айтылып қалды.

Дәурен Қуат: Егер мен жаңылыспасам, сол сөзді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы айтты.

Есенгүл Кәпқызы: Иә, содан кейінгі заңдар, содан кейінгі қабылданған қаулылар қазақ көшіне қырын келіп, әсіресе, қытайдағы қазақтарды елге әкелу, шақырту жұмысы қиындап кетті.  Қытайдағы ағайын сияқты   Монғолиядағы қазақтар да елге жете аламай отыр. 2008-жылы Моңғолияға барған сапарымызда біраз қазақ ауылдарын араладық. Сол ауылдарда көшіп келгісі келетін, бірақ келе алмай отырған қазақтар өте көп. Келуге жағдайы жоқ. Сіздер білесіздер, көшіп келу үшін Ресей шекарасын басып өту керек. Ортада Ресей тұр. Ресейде  түске дейін екі машинаны қабылдап, түстен кейін ұйықтап жататынын Мамашев өз сұхбатында айтқан. Ал, біздің адамдар  Ташанты

шекарасында айлап, жылдап қонып жатқаны. Онда мен өзім де болдым. Ол жерде адам тұратындай жағдай мүлдем жоқ. Өйткені, ол бір ауыл. Қосағаштағы қазақтардың бір ауылы. Сосын ол жерде не ары не бері өтіп кете алмайсың.   Сондықтан, ілгерідегідей Монғолияға арнайы ұшақтарды, көліктерді жіберіп көштің бетін қайтадан түзеу керек.. Қазір, сол мәселе қайта көтеріліп жатыр. Осы мәселені заңға енгізсек дегенді қайта қайта айтып жатырмыз. Қытайға арнайы ұшақ жіберіп, ондағы елді  көшіру мүмкін емес болып отыр. Өзбекстаннан да мүмкін емес. Ал, енді Монғолия мен Қазақстан арасында арнайы көші қон шарты бар. Сол шарт бойынша, оны ары қарай жүзеге асыра берсек, халықты сол жерден түп қопара көшіріп әкелсек қазақтың саны еселеп артар еді.

Жәди  Шәкен: 2010-жылғы квота 20 мың отбасыға тиесілі болса, оның он  мыңы ғана орындалыпты. Сонда, квотаның 50 пайызы ғана игеріліп, 50 пайызы тиісті адамдарға берілмей қалған. Содан кейін ғой, оралмандар санының әртүрлі болып жүргені. Осы арада мен көші-қонға байланысты бір ұсыныс айта кетейін. Ол ұсынысым - бейімдеу орталықтары туралы. Бейімделу орталығының жұмысы өте жоғары деңгейде болуы керек. Мысалы, немістер шетелден кім келе жатыр? Қайда келе жатыр? Нендей мамандықпен келе жатыр? Әр күні біліп отырады екен. Қазір өзі интернет жалпыласқан заман емес пе, жаңғы сұрақтардың жауабын табу аса қиын болмаса керек. Келгеннен кейін, оның барып қоныстана жері дайын тұрады екен. Ал, бізде айналдырған аз қазақтың санына жету мүмкін болмай тұр. Қызық,  300-400 мың адам ағылып жүреді екен. Оны ешкім көрмейді екен. Көшеде қалың полиция. Олардың бәрі құжат тексереді. Оралмандар мыңдап, миллиондап кіріп жатады. Ақшаны тонап алып кетіп жатады, содан қашып жатады екен. Оны ешкім сезбейді екен. Көші-қон мәселесі ендігі бір жүйесін табатын уақыт болды емес пе, қашанғы ырың-жырыңмен жүре бермекпіз?

Дәурен Қуат: Енді Кеден мәдениетін салыстырып көрейікші. Арғы жақ қалай, бергі жақ қалай?

Ауыт Мұхибекұлы: Бұл да бір өз алдына жеке әңгіме қылатын тақырып.  Турасына келсек,  қай қай жақтың кедені де оңып тұрған жоқ. Мысалы, Қорғаста шетелдік қазақтарға деген көзқарас пәлендей жақсы емес.

Қытайдан бері қарай өтетін адамның  тракторы жаңа, киімі бүтін болса, біздің кеден бас салады екен де, жаңағы бейшараны тонайды екен. Мысалы, Үшаралдың, Қарабұлақ деген ауылына көшіп келген, Мұхаммед деген адамның өз аузынан естідім. Тракторымен, ана мұнысымен бес мың доллардай ақша алыпты одан кеденшілер. Қазіргі кеденде көп былықтың беті ашылып жатыр ғой. Көші-қонмен өтетіндерді тонау соның бір парасы болса керек.  Тегінде, көші-қон бойынша бір жүкті немесе бір техниканы алып өтуіне әркімнің мүмкіндігі бар. Ол мүмкіндік болған, бірнеше жлдың алдында. Қазір, тұрақты виза жоқ.

Айдос Сарым: Осы соңғы кездері орыстар «Русская карта» дегенді жиі көтеріп жүр. Бізде  «Қазақ картасы» деген  мәселе бар ма?

Есенгүл Кәпқызы: «Қазақ картасы» деген мәселе  1992-жылы Терещенконың үкіметі кезінде 791-і қаулыда болған. Онда  сізге «қазақ»  деген куәлік береді де, ҚР азаматымен бірдей деңгейде жеңілдіктерге ие боласыз. Ол 2000-жылдары күшін жойды да, қазір оралман куәлігі деген куәлік бар. Үкіметтегілер сол куәлікті сол қаулымен теңестірдік деп айтты. 2008-жылы, 524-і қаулы қабылданды ғой. Сол бойынша сіз РНН, СИК рәсімдей аласыз. Демек, жұмысқа тұра аласыз. Бірақ, сізді бәрібір мемлекеттік қызметке алмайды.

Айдос Сарым: Осы алқа-қотан отырысымыздың бір әңгімесе ретінде айтып өтейін. Бүгінгі күні жақсы болсын, жаман болсын бір миллион адам көшіп келді деп отырмыз. Ол қалың қол. Былайша айтқанда, саяси күш. Бірақ, мысалы үшін бірде - бір партияның тізімінде, депутаттыққа ұсынылған,  немесе атқарушы билікте қызмет етіп жатқан оралман қандасымыз жоқ екен. Ал, бізге дәл осындай тұлғалар керек. Біз сонда атажұртына оралған қандастарымыз туралы: «Міне, біздің бауырымыз пәленбай жылдан бері депутат болып келеді, мынандай мәселелер көтерді, мына бауырымыз министрдің орынбасары» деп мақтана айтар едік.  Ел іші де  сосын оралмандарды мойындап, «Апырай осыдан он  жыл бұрын көшіп келген  жігіт мінекей депутат болыпты. Әкім бопты, орынбасар болыпты» деп. Бұл қазақтың беделі үшін керек сөз.

Дәурен Қуат: Саясатта, билікте болмағанымен ғылымда, әдебиетте, ақпарат саласында, мәдениетте мақатан тұтатын бауырларымыздың аты шығып жатыр ғой. Ірі компаниялар да да өз білігімен танылып, басшылық қызметке өскен азаматтардың барын естиміз.   Бірақ, бұл жерде  Айдос атажұртқа келген ағайынның елге барынша сіңісіп кетуі турасында мәселе қозғап отыр ғой деймін.

Айдос Сарым: Қазіргі күні  ұйымдардың, қозғалыстардың бәрінде  имиджді жақсарту деген бағдарламалар қабылданды. Ол үшін мемлекет қаражат салады. Менің ойымша, елге келген ағайынды жерсіндіру мәселесі тек ғана, үй беру , мал беру, ақша беру деген сияқты шаралармен шеілмейді.  Шын мәнінде, көші-қон жайы ақпараттық та, мәдени тұрғыдан да барынша қолдау табуы керек. Яғни, Қазақстанның көшін дұрыс насихаттау, дұрыс жеткізе білу керек.  Тағы бір мәселе  - орыс тілді  баспасөзде оралмандар мынанша ақшаны алып кетіпті деген мақалалар жиі кездеседі. Шын мәнінде оларда қазақтарға жан ашу деген атымен жоқ, көші-қон мәселесін тіпті түсінгілері де келмейді.  Бұны да күн тәртібіне қоюымыз керек.

Есенгүл Кәпқызы: Баспасөз дегеннен шығады. Баспасөздегі тағы бір тенденцияны айтқым келеді. Ол  мына тарихты білмей сөйлеуден болып тұрған тенденция. Көбінде өзіміздің ақсақалдарымыз, жазушылармыз, зиялыларымыз оралмандар жайында «бұлар кезінде  малды айдап қашып кетіп, қайтып келгендер, оларға жәрдемақы берудің қажеті жоқ» деп жатады. Оралмандардың бәрі қашып кеткендер емес,  шекараның ар жағында, орыс пен қытай жер бөліскенде немесе Совет одағы ешкіммен келіспей, тарихи жайттарды ескермей, белден басып шекараны бөле салғанда сыртта қалып  қалып қойған қазақтар.

Дәурен Қуат: Ал енді нақты ұсыныстарға келейік. Әлеке, өзіңіз бастап сөйлеп едіңіз өзіңіз түйіндеңіз.

Алмасбек Ахметбекұлы: Осыдан онбір он екі жыл бұрын  Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым қатынасты жасау үшін қарпайым он қадам деген бағдарлама қабылданған еді. Сол бағдарлама көптеген мәселерді шешуге мұрындық болды. Бізде бүгінгі отырысымызда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына сын айта бергенше, төмендегідей ұсыныстарымызбен олардың бір жағына шығысайық, Құрылтайда осы ұсыныстарымызды жалпының талқысына салып көрейік. Ол үшін:

Бірінші, көші-қон мәселесіндегі барлық тетіктер заңмен айқындалып, ол үкіметтің қаулысымен, барлық әкімшілік жүйеге, атқарушы жүйеге міндеттелуі керек.

Екінші, 1998-жылдары  құрылған заң агенттігі секілді ресми орган құрылып, көші- қонмен мемлекеттік, министрлік деңгейіндегі агенттік айналысуы керек.

Үшінші, қытайдағы немесе өзге де шетелдегі қазақ диаспорасының Қазақстанға оралу мәселесі кедергісіз шешілуі керек. Бұл мәселенің шешімі шақырту ісіне барынша терең мән беру қажеттігінен келіп шығады. керек. Мәселен, дипломатиялық заңның Қазақстандағы 19-бабында Қазақстанның жергілікті дипломатиялық органдары шетелде қазақ диаспорасына қызмет етуге міндеттелген. Бұл міндетті  біздің Сыртқы істер министрлігі атқармай отыр. Осыны Сыртқы министрлігі қадағалау керек. Үкімет оны талап етуі керек. Шетелдегі қазақтың Қазақстанға оралуына орай виза бермеу деген бұл - кешегі Голощекин заманында, одан арғы заманда қазіргі қазақ территориясының сыртында қалып қойған қазақтардың тарихи отанына оралуына кедергі жасау -  немесе Голощекиннің қанды езгісіне мұрагерлік ету деген сөз. Виза бермеудің сипаты осылай айқындалуы керек.

Төртінші, виза беру мәселесі шетелдегі қазақтардың кедергісіз оралуына жол ашуы керек. 2003-жылы Қасымжомарт Тоқаев мырза Сыртқы Істер министрі болып тұрған кезде консулдық алымдардан босатып, барлық қазақтарға жылдық немесе екі жылдық визаға дейін беру мәселесін шешіп тастаған болатын. Осы мәселе қайта орнына келуі керек.

Бесінші, шетелдегілер Қазақстанға келгенде, оның статусы қазақ болып айқындалуы керек. Ілгеріде мынандай бір қаулы болған. Ол қаулы бойынша, қандастарымыз Қазақстанда емделуге, еңбек етуге, тұруға азаматтық мәселе талап етілмей тұрып тұрмыстық мәселелерінің  шешімін табуын талап етуге қақылы болған. Осы қаулы қалпына келсе, жетеді. Бұл шаруа тұрақты тіркеу деген куәлікпен шешіледі.

Алтыншы, Көші-қон мәселесі шешілмеген жағдайда, оған баламалы жолдар ашылуы керек. Бейімдеу орталықтарының мәселесі шетелдерде жолға қойылып жатыр екен. Бізде де жолға қоюды агенттік қолға алған. Бірақ, бұл дұрыс шешімін тапқан жоқ..

Жетінші, жұмыстандыру, оралмандарды жұмыспен қамтамасыз ету. Бұл былай:  Ешкімді Үкімет жұмыстандыра алмайды. Қазақ өзін өзі жұмыстандырады. Мәселен, келгендерге тұрақты жер бөлу, өмір сүруге лайықты мүмкіндіктер ашу. Шетелден келген қазақтардың ешқайсысы Үкіметтен жұмыс алған жоқ, керісінше  мал өсіріп, үлкен кәсіпорындар ашып жатыр. Үкімет тек оралмандарға да ел қатарлы жеке кәсіппен шұғылдануға мүмкіндік тудырса болып тұр. Қайталап айтамыз, қалған істің тігісін ағайын өзі-ақ жатқыза біледі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525