Жексенбі, 24 Қараша 2024
6651 0 пікір 28 Ақпан, 2019 сағат 12:49

«Шын жүректен алғыс айтамын» атты өнерлі балалардың мерекелік концерті өтеді

2019 жылғы 1 наурыз күні сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Алғыс айту» күніне орай «Шын жүректен алғыс айтамын» атты өнерлі балалардың мерекелік концерті өтеді.

Қазақ халқы алмағайып заманды басынан көп өткерді. Соған қарамастан Қазақстан шын мәнінде ұлы жұттан басталған зобалаңнан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан-мың ұлысқа ортақ шаңырақ болды. Олар осы жерде өздеріне жайлы орта тапты, жанұялы болды, өсіп-өнді. Қазақ елінде өмір сүріп жатқан кез-келген ұлт қазақты өз бауырындай көреді. Сондықтан, өзге ұлт өкілдерінің дархан көңіл, бауырмашыл қазақ халқына алғыс айтуы қай жағынан алса да, орынды болмақ. «Діні  басқа, тілі басқа, тілегі  бір» бір  шаңырақ  астында жиналған  ұлт  пен ұлыс  өкілдерінің  ынтымағы – ырысы, байлығы берекесі болып,татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны  жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш  ұялатады.

Өзара түсіністік пен мейрімділік, сыйластықтың арқасында бүгінде елімізде 140 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ынтымағы жарасқан көп халықтың бірлігін насихаттап, келер ұрпаққа үлгі, өнеге ету әр азаматқа парыз болмақ.

Аталған шараға қала мектептерінің өнерлі оқушылары мен Астана қаласы Өзге ұлт өкілдері ұлттық мәдени орталықтары қатысады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555