Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2723 0 пікір 16 Маусым, 2009 сағат 06:23

Жанар НҰРҒАЛИ. Күн неге құбылады?

Ауа райы да күніне қырық құбылатын болды. Таңертең жадырап тұрған күн ілезде бұлттанып жаңбырын төге салуы мүмкін.

Бүгін-ақ сұп-суық жел есіп, ертесі күн қызып, жер бетін 39-40 градус қайнаған ыстыққа орай салады. Әсіресе, соңғы жылдардағы күн райының құбылуы адамдарды таңқалдырып отыр. Кешегі өткен мамыр айы тіпті айран асыр етті. Әлем ғалымдары бас шайқап мұның себебін ғаламдық жылыну салдарынан іздеді. БҰҰ жанындағы Әлемдік метеорология ұйымының мәлімдеуінше, мамыр айы ауа - райының тым құбылмалылық танытқан айы боп, рекорд жасалды. Бір қызығы мұндай өзгерістер алдағы айларда да орын алуы мүмкін.

Кешегі өткен мамыр айында биыл жаз келмейтіндей көрініп еді. Енді міне, маусым басталғалы бері республика аймақтарында ауа температурасы 30-40 градусқа бір-ақ жетіп артылды. Әлемдік метеорология мамандарының мәлімдеуінше, жалпы мұндай ыстық бұдан бұрын 1998, 2001 және 2002-ші жылдары болған. Ал, көп жасаған қарттарды сөйлетсеңіз, бұрын-соңды күннің бұлай құбылмағанын айтып, жағаларын ұстайды.

Ғаламдық жылыну

Ауа райы да күніне қырық құбылатын болды. Таңертең жадырап тұрған күн ілезде бұлттанып жаңбырын төге салуы мүмкін.

Бүгін-ақ сұп-суық жел есіп, ертесі күн қызып, жер бетін 39-40 градус қайнаған ыстыққа орай салады. Әсіресе, соңғы жылдардағы күн райының құбылуы адамдарды таңқалдырып отыр. Кешегі өткен мамыр айы тіпті айран асыр етті. Әлем ғалымдары бас шайқап мұның себебін ғаламдық жылыну салдарынан іздеді. БҰҰ жанындағы Әлемдік метеорология ұйымының мәлімдеуінше, мамыр айы ауа - райының тым құбылмалылық танытқан айы боп, рекорд жасалды. Бір қызығы мұндай өзгерістер алдағы айларда да орын алуы мүмкін.

Кешегі өткен мамыр айында биыл жаз келмейтіндей көрініп еді. Енді міне, маусым басталғалы бері республика аймақтарында ауа температурасы 30-40 градусқа бір-ақ жетіп артылды. Әлемдік метеорология мамандарының мәлімдеуінше, жалпы мұндай ыстық бұдан бұрын 1998, 2001 және 2002-ші жылдары болған. Ал, көп жасаған қарттарды сөйлетсеңіз, бұрын-соңды күннің бұлай құбылмағанын айтып, жағаларын ұстайды.

Ғаламдық жылыну

Күн неге құбылады? Себебі көп-ақ. Ғалымдардың пікірінше, ауа райының бұлайша өзгеруі климаттағы қалыпты құбылыстарға байланысты болып отырған көрінеді. Яки, олардың  тілімен айтсақ, бұл - ғаламдық жылыну.  БҰҰ-ның бастамасымен осыған байланысты 1997 жылы Киото хаттамасына қол қойылды. Ондағы тұжырым - өнеркәсіптерден бөлінетін улы газдар ғаламдық жылынуға жол ашты. Бұған бірнеше елдер де қол қойған. Бүгінде біздің еліміз де бұдан тысқары қалып отырған жоқ. Жақында қоршаған ортаны қорғау және ғаламдық жылыну мәселелері аясында ел басшысы Киото механизмі шеңберінде болашақ өзара тиімді ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлейтін жұмыс тобын құруды ұсынды.

Сонымен, ғылыми дәлелдемелерге жүгінсек, Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуі ғаламдық жылынудың индикаторы болып отыр. Соңғы он жылдықта ауа-райы тым жиі өзгерген. Айталық, Бразилияның елді мекендерін су алып кетті. Үндістанда, Бенгалияда, Бангладеште «Айла» тропикалық циклоны тұрды. Гондураста жер сілкініп, цунами жұрттың зәресін алды. Бельгияда, Австрияда және Германияның солтүстігінде құмды дауыл көз аштырмады. Орталық Ресейдің кей аймақтарын құйын соқты. Былтыр 2008 жылы Американың Вирджиния штаты торнадоның құрбаны болды. Құйын ғимараттарды қиратып, көшедегі ауыр жүк машиналарын төңкеріп тастаған. Алапат құйын электр желілерін үзген.

Күні кеше Қытайда сұрапыл дауылдың кесірінен елуден астам адам қаза болды. Қытайдың орталық аудандарында толассыз жауған жаңбыр селге ұласып, мыңға жуық ғимаратты қиратып, тып-типыл етті. Бұршақ араласқан нөсер жаңбыр миллиондаған гектар егіс алқабын жойды. Мұны не деуге болады? Бәлкім, бұл табиғат - ананың SOS дабылы шығар?!

 

«Қоқыс  дағдарысы»

Жер бетінде температураның өзгеруі шамамен XVII ғасырда байқалып, соңғы 100 жылда тым жиілеп кеткен. Ауа-райын зерттеуші ғалымдардың көбі климаттың жиі өзгеруіне атмосферада парникті газ концентраттарының артуын себеп санайды. Сондай-ақ, электростанциялар мен қоғамдық көліктердің көбеюі мен зауыттар түтіні де себепкер дейді олар.

Жалпы ауаның ластануына кез келген адам өз үлесін қосып келеді десек өтірік емес. Мысалы,  Google.com сайтынан екі сауалға жауап алудың өзінен ауаға жеткілікті мөлшерде көміркышқыл газы бөлінеді екен. Демек, адам баласы түйінін шешуге тиіс тағы бір мәселе - қалдықтарды тиімді пайдалану. ХХ ғасырға дейінгі кезеңде тек органикалық қалдықтар ғана болған. loopy.by сайтының мәлімдеуінше, бүгінде жер бетін мекендеген адам баласының өзі жылына 2,1 трлн тоннға жуық қалдық «өндіреді». Оның 40 пайызы бөтелке, пакет, қорап, қалта сияқты тұрмыстық қалдықтардан тұрады.

«Қоқыс дағдарысына» бізден өзге елдерде аса мән беріліп отыр. Атап айтсақ, Италияның Неапол қаласы тұрғындарының бұл мәселені шешумен айналысқанына қазірдің өзінде 15 жылдай уақыт болған. Тіпті, қоқыспен күреспегені үшін Италия үкіметі отставкаға кеткен. Соған қарағанда алдағы уақытта «қоқыс дағдарысы» әлем елдері бойынша саяси дағдарысқа әкеп соғуы ықтимал. Зерттеуші мамандар дамыған алпауыт елдердің бірі Қытай да алдағы жылдар еншісінде қоқыстан көз аша алмауы мүмкін деседі.

Қазақстан да соңғы екі-үш жылдан бері қоқыс қалдықтарын тиімді пайдалану мәселесіне мойын бұрғанымен аймақтарда бұл мәселе шешіміне жете қойған жоқ.

Алып мұздар қозғалды

Ауа температурасының тым артып-төмендеуі, ғасыр бойғы сірескен мұздардың ери бастауы - ғаламдық жылынудың симптомдары деседі.  Зерттеушілердің болжамынша, алып мұздардың еруі келер ғасыр еншісіне тиесілі болатын. Бірақ мұздар келер уақытты күтпей, қазірдің өзінде-ақ су болып еріп кетудің алдында тұр. Атнарктидада осы жылдың көктемінде мұзды көпір жарылды. Солтүстік полюсте мұздардың еріп кетуінен жаңа аралдар пайда болды. Ғалымдардың есебінше, Арктикадағы мұз осы ғасырдың орта шенінде түгелдей еріп бітеді. Салдарынан әлемнің көптеген қалаларын су басады. Лондон,  Нью-Йорк, Токио, Амстердам, Шанхай мен Бомбей қалаларын су жұтуы мүмкін.

Топан су қаптай ма?

Діндарлар ауа - райының жиі құбылуын ақырзаманның жақындап қалғанымен байланыстырады.  Былтырғы жылы Арктикалық кеңес мынадай мәлімдеме жасаған: «Арктика мұзына қадалған әрбір бұрғы мен қазылған ұңғы ғаламдық жылымықты жақындата түседі. Қазір мұнда әлем бойынша мұнайдың оннан бірі өндірілуде, егер алдағы уақытта оннан үш бөлігі өндірілетін жағдайға жеткен кезде ғаламдық орташа температура 3 градусқа көтеріледі. Одан кейін мұхиттар мен теңіздердің деңгейі күрт көтеріліп, Арктика ери бастайды...». Демек, арғы жағы айтпай-ақ түсінікті. Жер бетін топан су қаптайды деген сөз. Ислам дінін ұстанушылардың айтуынша, топан су - ақырзаманның, ақырет күнінің тақағанын білдіреді. Ол кезең - ақ пен қараның, жақсы мен жаманның таразыға салынатын уақыты. Топан су, жел, дауыл, өрт сынды сұрапыл дүлей алдымен діннен безген, құдайын ұмытқан елдерді шарпиды дейді. Әйтсе де, адам баласында бір үміт бар...

Сонымен, ғаламдық жылынуды туғызған себеп-салдарлар жетерлік.  Ал, бұған таяу жылдарда нүкте қойыла ма? Әлде ғалам тұтастай жылынып, тіпті, күйіп, жоғалып кетер ме екен? Бір жолы бар деседі... Үміт қой. «Үмітсіз - шайтан» деген.

Ғаламдық жылынуды дағдарыс тоқтатады

Иа, ғаламдық жылынуды әлемдік қаржы дағдарысы тоқтататын көрінеді. Сенімсіз бе? Себебі, дағдарыс үнемге жол ашады. Үнем адамның тұтынушылық мүмкіндігін шектейді. Ендеше, қазіргі дағдарыс - ғаламдық жылыну деген бәледен құтылу жолы болмақ. Бұған батыстағылар «жасыл экономика» деп те айдар тақты.  Көмір, мұнай, газ қат елдерде бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Мысалы, Швеция 2020жылдан бастап органикалық отын көздерінен бас тартуды жоспарлаған. Ал, бізде құдайға шүкір әзірге газ де, мұнай да баршылық...

Ауа-райының жиі құбылуы адамдар денсаулығы мен өміріне кері әсер етіп жатыр. Су тасқындары мен дауылдар мыңдаған адамдардың өмірін қиды. Кері әсердің шығынына кетіп жатқан қаражат та ересен.

Әлемдік Метеорология ұйымы халықты қауіпті апаттардан және қолайсыз ауа райларынан сақтандыру үшін жыл сайын зерттеулер жүргізеді. Зерттеулер бұдан әрі де жалғаса бермек. Мейлі, ғалымдар не десе о десін, бірақ бір тықыр таялып келеді... Әйтсе де, жаманға емес, жақсыға сеніңіз.

 

 

Ақтөбе қаласы. «Керек.info» газеті, №23, 11 маусым, 2009 жыл.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583