Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2441 0 пікір 23 Мамыр, 2011 сағат 05:25

Серік Әбдірешұлы. Алаштың Смағұлы қалай жерленді?

Мәскеуден 77 жыл өткен соң Тәуелсіз Қазақстанның Елордасына әкелінген Алаш рухты мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының мүрде күлі мұсылман рәсіміне орай 20 мамыр, жұма күні жерленді. Алайда, ұлт құндылығынан ажырағысыз азамат тағдырына алаңдаған жұртшылық аталған рәсімнің елеусіз ғана өткеніне налып, наз айтқасын, осы жайтқа тікелей қатысы бар, азаматтық ұстаныммен араласқан астаналық зиялы қауымның жаңа толқынын құраушылардың бірі - ғалым Дихан Қамзабекұлына жолығып, аз-кем сұрақтарға жауап алдық.

- Диха, Смағұл атамыздың жерлену рәсімі немқұрайлы өтті деген әңгіме өрбуде. Рәсім шынында да елеусіз өте салған сияқты ғой. Неге?

- Смағұл сүйегінің мүрде күлін мұсылман жоралғысына сай жерлеу рәсімін  парламент депутаттары мәселе етіп  көтерген соң оған Мемлекеттік хатшы, Мәдениет министрі мен Астана әкімі қатысқан. Әуелгі жерлеу күні 18 мамыр болған екен, жұмаға тоқталыпты. Жерлеу рәсімінің шығыны мен ұйымдастыру жұмысы қала әкімдігіне тапсырылған. Ал, жұрт көзінен таса болды дегенге келсек, үш жүздей БАҚ-қа хабар айтылыпты, ақпарды жеткізу енді солардың еншісінде.

- Жерлеу мәселесі мен орны тек қана солай ақылдасып шешілген бе? Астаналық  элита араласпады ма?

- Жерлеу орны жайында біз қаланың «Жастық» аталатын маңындағы Кенесары сарбаздары жатқан қорымды ұсынғанбыз. Ол қабылданбады, себебі, қорым 1968 жылы жабылған әрі қаланың қақ ортасында дегендей. Ал, Қабанбай батыр жерленген маңайдан әлі ресми қабірстан болуға орын бөлінбеген, шешім қабылданбаған. Оған қойсақ, айдалаға апарып тастағандай боламыз және заңсыз болмақ. Оның үстіне діни қызметкерлер қорымды  қоғамдық жік бойынша бөлуге қарсы, о дүниелік жандардың бәрі тең деген пікірде. Ал, болашақта астаналық пантеон бола ма, жоқ па, жоғары жақ шешетін болар...

Сөйтіп, Бөгенбай батыр даңғылының бойындағы мұсылман қорымы таңдалған. Бізге айтылған уәж бойынша, ол маңда Азамат соғысына қатысқан қазақтар жерленген дейді, бірақ жергілікті азаматтар ондай қорымның болмағандығын айтады. Смағұл атамыздың орнына таяу жерде сол Азамат соғысына қатысқандарға арналған монументальдық ескерткіш тұр, ол бұрын президенттің ескі резиденциясының жанында болған екен, осында әкелініпті.

Смағұл атамыз Сәкен Жүнісов ағамыз жерленген орынға таяу түсті. Ашық алаңқай. Қорымның да күтімі мен жол жағы жоқ екен, Имекең 19 мамыр күні тасжолдан әлгі орынға дейін асфальт төсетіпті. Ал, енді бұл қорым да биыл жабылып жатыр. Жалпы, 20-сы күні бір топ астаналық белгілі азаматтар әкімдікке Еркеғали Рахмадиев бастап барып, өз пікірімізді айтқымыз келген, бірақ бәрі шешіліп, кесіліп-пішіліп қойылыпты...

- Басын қарайту мәселесі қалай шешілмек?

- Әкімнің айтуына қарағанда, арнайы конкурспен ескерткіш жасалмақ.Туыстары да соны қолдап отыр. Шығынның бәрі қала бюджетінде қарастырылған көрінеді.

Сұхбаттасқан Серік Әбдірешұлы

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440