Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Тағзым 61818 9 пікір 7 Наурыз, 2019 сағат 11:10

"Әйел деген әдемі ғой, әдемі, Әдемілік бізге көптік етпейді"...

Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана мен әйел затының алдындағы қарызымыз өтелмес. Ана – жанымыздың бір бөлшегі іспетті. Әйел – сырласымыз. Қиналғанда, қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана, аяулы жар түседі. Анадан туған ақындар ең асыл сөздерді анаға һәм аруға арнаған! "Ақынның сөзі – халықтың сөзі".

8 наурыз мерекесінде ғазиз анаға арналған өлең шумақтарын оқи отырайық. 8 наурыз мейрамы құтты болсын, арулар!

Abai.kz ақпараттық порталы

Ақын жары Лашынмен

 

Мұқағали Мақатаев

Әйелдер-ай!

Әйелдер-ай!

Қандайсың?!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың,

Біреу сүйіп тұрса - дағы бармайсың.

Әйелдер - ай!

Әйәйлар - ай, қандайсың?!

Әйелдер - ай!

Әйәйлар - ай, қулар - ай,

Жанарлардың жауын алып тұрғаны - ай!

Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,

Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай.

Әйелдер - ай!

Әйәйлар - ай, қулар - ай!

... Әйелдерді еркектерден көп дейді.

Ойбай,

Ойбай!..

Бола берсін көп, мейлі!

Әйел деген әдемі ғой, әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді...

Ақын жары Күлтаймен

 

Тұманбай Молдағалиев

Әйелдердің күні дейді бұл күнді,

Бақтар жайнап, сайратады бұлбұлды.

Еркек түгел еркелерге берем деп,

Қолдарына ұстап апты бір гүлді.

 

Осынау күн – беделі бір өскен күн,

Жұрттың бәрін мен өзіме дос көрдім.

Қай қияға жұмсаса да баратын,

Әйелдерге антын бұзбас әскермін.

 

Ұмытылмай сонау жастық кездегі

Айтылады махаббаттың сөздері.

Гүлді ерекше ұнатады әйелдер,

Гүлдерге ұқсап тұрғаннан соң өздері.

 

Көктем алды Алатаудың өңірін,

Таңмен бірге әнге басты Бек інім.

Бір шоқ гүлді мен де келем көтеріп,

Күлтайымның алайын деп көңілін.

Ақын әйелі Бақытжамалмен

 

Жүрсін ЕРМАН 

Қай жерде, мейлі, қай елде,

Әлемнің мәні - әйелде.

Мықтымын десең ойыңды,

Әйелге барып дәлелде.

 

Әйелсіз айтпан әнді мен,

Әйелмен дәмді әңгімем.

Сүйкімді болсаң шынымен,

Әйелің сүйсін алдымен.

 

Әйелге мәлім көп сырың,

Сүрінсең - әйел деп сүрін.

Халыққа сыйлы болмайсың,

Әйелге болсаң жексұрын.

 

Әйелсіз қонды бақ қашан,

Әйел деп түстік отқа сан.

Әлемнің тілін таппайсың,

Әйелдің тілін таппасаң!

 

Ананың сорып емшегін,

Басылған талай келсегің.

Бәдік боп өмір кешесің,

Бермесе әйел женьшенін.

 

Болмасын әйел назалы,

Болмасын әйел жазалы.

Кеудесін қаққан талайдың,

Әйелден болған ажалы!

 

Әйелден ыстық от бар ма?

Әйел деп түстік көкпарға.

Қарғағың келсе біреуді,

Әйелің өлсін деп қарға.

 

Әйелмен құның өлшенер,

Құдайдан кейін сол - шебер.

Бақытты сен де болмайсың,

Әйелің сорлы болса егер.

 

Сырыңды соған ашасың,

Шөліңді содан басасың.

Адамның күні - Әйелмен,

Әйелдер мәңгі жасасын!

 

Ақын әйелі Шәки-Банумен

 

Маралтай Райымбекұлы

 Қызылды көрсе,

тамағы кенет бүлкілдеп,

Қияда қыран қанатын

қомдап сілкінбек.

Жүректе тербеп сезімнің

Нәзік тамырын,

Бұралып басып қызғалдақ

Ару үлпілдеп,

Барады, әне! Көшеде өлең теріп мен

Көз ала алмай келемін әсем көріктен.

Алға озып кеткен уақытым

Сынды бұрылып,

Қиылып сен де қарадың,

Қарғам неліктен?

Аққудың ерке елесі болып

Ай қабақ,

Барасың қайда еркімді менің

Байлап ап?

Лүпілдеп мендей тұр ма екен

Әлде жүрегің,

Арман-ау, шіркін,

Көрсемші бір сәт аймалап.

 

Іліп-ақ түсер лашыны едім

Тау-құздың,

Назарды қалай назыңа,

Қалқам-ау, ауғыздың?

Тілімде еріп барады жалғыз

Балдай сөз:

- Мерекеңізбен!!!

(Сегізі ертең наурыздың!)

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053