Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2723 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 07:02

Меруерт Құсайынова. Жердi жалға алғаны – басыңа әлек салғаны

Ауылшаруашылық министрлiгiндегi дөкейдiң бiрi, аграрлық ведомоство басшысының орынбасары Сақташ Қасеновтiң аузымен айтылған жердi шетелдiктерге игерту мәселесi қазақ жеріне төніп келе жатқан қауіптің басы. Ауылшаруашылық өнiмдерiн өсiру, дамыту мақсатында орыс, беларусь деп таңдамай, шетелдiктерге жалға берудi жөн санайтын орынбасар сейсенбi күнi мәсiмовше көсiлдi. Бiр кездерi Мәсiмов инвестиция тартуда қытай, орыс деп таңдамауды айтқан-ды. Немкеттiлiгiмiз ғой, "солай дедi" деп шулап-шулап, тынышталдық. "Неге олай дедi? Астарында не бар?" деп қазбалағанымызда, мұнайымыз әлдекiмдердiң аранына қазiргiдей құйылмас едi. Сол жағдайдың көлеңкесi бүгiн Сақташпен көлбеңдеп тұрған жоқ па? Бұл бәтшағардың сондағы сүйенгенi - "азық түлiк қауiпсiздiгiн сақтау үшiн керек" екен. Оу, азық түлiк қауiпсiздiгiн қытайсыз да сақтап келдiк қой! Егер аграрлық салаға жеткiлiктi қаржы берiп, ауылдағы ағайындарға тiршiлiгiңдi iсте, қытайға соя керек, өзiң өсiр де сат десiншi. Жерден, диқаншылықтан безген қазақ, ұйғыр, орыс, немiсте... жоқ, елiмiздiң халқын да, сұранған көршiлердi де қарық қылды. Жердi жатқа жалға беру- қазақстандықтарды кемсiту, қорлау. Миллиондаған тонна астықты далада қалдырып, диқандарға қолұшын созбаған үкiметтегiлер нелiктен қытайды жарылқағысы келдi екен? Олардың берген қарызының батпан жүгi ме, әлде үйiп-төккен уәделерiнiң тәттiлiгi ме?

Ауылшаруашылық министрлiгiндегi дөкейдiң бiрi, аграрлық ведомоство басшысының орынбасары Сақташ Қасеновтiң аузымен айтылған жердi шетелдiктерге игерту мәселесi қазақ жеріне төніп келе жатқан қауіптің басы. Ауылшаруашылық өнiмдерiн өсiру, дамыту мақсатында орыс, беларусь деп таңдамай, шетелдiктерге жалға берудi жөн санайтын орынбасар сейсенбi күнi мәсiмовше көсiлдi. Бiр кездерi Мәсiмов инвестиция тартуда қытай, орыс деп таңдамауды айтқан-ды. Немкеттiлiгiмiз ғой, "солай дедi" деп шулап-шулап, тынышталдық. "Неге олай дедi? Астарында не бар?" деп қазбалағанымызда, мұнайымыз әлдекiмдердiң аранына қазiргiдей құйылмас едi. Сол жағдайдың көлеңкесi бүгiн Сақташпен көлбеңдеп тұрған жоқ па? Бұл бәтшағардың сондағы сүйенгенi - "азық түлiк қауiпсiздiгiн сақтау үшiн керек" екен. Оу, азық түлiк қауiпсiздiгiн қытайсыз да сақтап келдiк қой! Егер аграрлық салаға жеткiлiктi қаржы берiп, ауылдағы ағайындарға тiршiлiгiңдi iсте, қытайға соя керек, өзiң өсiр де сат десiншi. Жерден, диқаншылықтан безген қазақ, ұйғыр, орыс, немiсте... жоқ, елiмiздiң халқын да, сұранған көршiлердi де қарық қылды. Жердi жатқа жалға беру- қазақстандықтарды кемсiту, қорлау. Миллиондаған тонна астықты далада қалдырып, диқандарға қолұшын созбаған үкiметтегiлер нелiктен қытайды жарылқағысы келдi екен? Олардың берген қарызының батпан жүгi ме, әлде үйiп-төккен уәделерiнiң тәттiлiгi ме? Бәлкiм, шенеунiктердiң қалталарына сүңгiген юаньнiң буы болар?

Бiр қарағанда, Сақташтың сөзi де аса мән беруге келмейтiндей көрiнедi. Жай ғана орынбасардың сөздерi, өзiнше жөн санаған пiкiр ғана сияқты. Айтты, қойды деп, жылы жауып, ұмыта салсақ та болады. Әйткенмен, осындай "салмақсыз" көрiнетiн сөздердiң соңы тақырға отырғызбай ма? Жерiмiзге көкөнiс егiп, халықты жарылқаса, әрине қуанамыз. Бiрақ орыс пен беларусьтiң бiздiң жердi жыртып, егiн салатыны санаға сыймайтын жағдай. Өңдегiш болса, орыстың өз жерi де жеткiлiктi. Онсыз да басқа мемлекеттегi орыстарын жинай алмай, Путин қаншама бағдарлама түзiп, жарияға жар салып жатыр. Азаматын шаруа етiп Қазақстанға жiбермесi айдан анық. Беларуське қатысты да осыны айтуға болады. Жылдан-жылға саны азайып бара жатқан халқына алаңдап, дабыл қаққан беларусьтер қазақтың жерiне жөңкiмейдi. Олай болса, Сақташ неге сандырақтады деп сұрауыңыз әбден мүмкiн. Мiне, ендi оның әр сөзiн "жiлiктесек" болады.

Орыс, беларусьтiң қазақ жерiне келмесiн бiлсе де, сөзiне мәйек еткен орынбасардың әңгiме ауаны тым алыста. Кез келген шаруаға есiк ашық дей отырып, қытайларды кiргiзу көзделген. Өйткенi соңғы кезде жұрт iшiнде қытай қаптады деген сөз жиi айтылып, дүрлiгiс өршiп барады. Жақында "Семейдiң Үржар ауданында қытайлар қаптап жүр, жер игерiп, соя өсiруге кiрiсiп кетiптi. Бұл аз десеңiз, сол жердiң тұрғындары қысық көздерге жалданып, кетпенiн шауып жүр!" деген хабар тарады. Ел арасын дүрлiктiрген осы ақпараттың соңы жақсы болмасын билiктегiлер бек түсiндi. Сондықтан да санаға қытай ұғымын сыналай енгiзу үшiн жер жыртушылардың қатарына орыс, беларусьтi "араластырып" қойды. Жоғары жақтан "келедi" дегендi естiген халық бiртiндеп кiрiп жатқан қытайларға аса мән бермейдi. Өйткенi тек қытай ғана емес, тiптi орыстар да келуi мүмкiн деп түйедi, соңын бағады. Алайда мұның соңы болмайды, бiр қытай мыңға айналып, қазақ жұтылады. Мiне, ауылшаруашылығын дамытудың ақыры осылай болады. Кеше Үржар жақта, бүгiн оңтүстiкте, ертең барлық аймақта қытайлардың өрiп жүргенiне куә боламыз, етiмiз "өледi". Кейiнiрек қысық көздiң құлына айналғанымызды     бiр-ақ бiлемiз.

Осыған дейiн қытай экспансиясына байланысты түрлi жорамал жасалып, сарапқа салынды. Жете мән бермедiк, елең етiп, ес жимадық. Салыстырсаңыз, содан берi елiмiзге оқта-текте бiртiндеп кiрген қытайлар бүгiнде қазақпен құдаласып үлгердi.

Қытайдың сауда, құрылыс, өндiрiске жалданып келiп, қазiр банк пен фирмалардың тұтқасын ұстауы - экспансия емей немене? Шаруа кейпiндегi он қытай күнi ертең-ақ сол аймақтың май шелпегiне ауыз салады. Iрi мекемеге немесе кәсiпорынға серiктес болып, кейiн қазақты ығыстырады. Әр аймаққа осылай кiрген "шаруасымақтар" мақсатына да жетедi. Мұндай "бейбiт жаулаудың" қауiптiлiгi сол - қашан құрбан болғаныңды байқамайсың. Үкiмет тағына шегеленген Мәсiмов қытайдың қалауымен ғана қимылдайды. Оны осылай мызғымас еткен - қытайдың жымысқы саясаты. Сондықтан мәсiмовтей қытайшылдар қарамағындағыларды "сақташша" сөйлетедi. Халық көтерiлiп кетпеуi үшiн, әр тұстан там-тұмдап осылай құлақтандырып, жұртты дайындап, мысықтабандап әрекет етедi.

Қазаққа жан-жақтан қауiп төнiп тұр, бұл - астарсыз ақиқат. Әр қауiп - ұлттығымыздың тамырын қиятын, елдiгiмiздi жерлейтiн үлкен қатер. Қазiрдiң өзiнде миллиардтаған сыртқы қарызымыз, қытай экспансиясы және жерiмiзге АЭС салу мен ядролық отын қалдықтарын көму мәселесi уақыт күттiрмей, сұрау салатын проблемалар. Бұл жағдайға Мәсiмов үкiметiнiң тұсында жеттiк. Сақташтардың арқасында жұтылып кетпеу үшiн, бүгiн қимылдамасақ, ертең кеш болады. Мақалада айтылған жайтты ұғу үшiн ғалым, оқымысты болудың қажетi жоқ. Қазақ шыңыраудың алдында тұр, шындық осы. Ал шындыққа тiк қарамасақ - келешекке қиянат жасағанымыз.

Жердi жалға бергенiң - желкеге мiнгiзгенiң. Бұған көзi ашық халық, өзiн де, ұрпағын да ойлайтын халық көнбейдi. Президент пен оның айналасындағылар осыны ұғар ма екен? Халықтың мұндай әрекетке тағы да, екiншi рет тойтарыс беретiнi анық. Әрбiр отаншыл азамат бұл iстен шет қалмаса керек.

Оның алғашқы қадамы ретiнде Алматыда, алдағы сенбi күнi өтетiн, рұқсат етiлген митингiге қатысыңыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340