Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4248 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 08:13

Жансұлу Әбдібекқызы. «Жерұйық» - көрерменге жол тартты!

Соңғы кездері «Қазақфильм» киностудиясының бірқатар өнімдері көрерменге жол тартса, кезегін күтіп тұрғандары да аз емес екен. Прокатқа жіберілмекші жаңа картина - «Жерұйық» көркем фильмінің тұсаукесер көрсетілімінен әдемі әсер алып шыққан тілшілер қауымы кино саласының қарқын ала бастағанына тағы да көз жеткізгендей болды. Шындығы да сол, осыдан екі-үш жыл бұрын қызметке келгенде мәлімдеп, «Қазақфильм» басшылығы алға қойған нақты мақсат - әрқилы көрермен аудиториясының сұранысын өтеуге негізделген тың ізденістер нәтижесінде өмірге келіп жатқан жаңа фильмдердің идеялық, жанрлық сан алуандылығы байқалуда. Бұл - тек «фестивальдық кино түсіру дәуірінің» артта қалғанының белгісі. Сан жоқ жерде сапа болмайды десек, ең бастысы - түсіріліп жатқан фильмдердің саны артуы. Үміт күттіретін жас режиссерлерге кең жол ашылған. Кино мамандарының бәрі дерлік түсіру топтарына тартылған. Актерлер де жұмыссыз қалып жатқан жоқ. Сүйінішті жәйт, әрине.

Ал, тікелей тақырыбымызға оралсақ, «Жерұйық» көркем фильмінің көтерер жүгі ауыр секілді көрінді. Біріншіден, бұл тарихи фильм ретінде еліміздің өткен бір зобалаңды кезеңіне үңілдіріп, сол заманалар шындығын көркем тәсілдер арқылы ашуымен құнды. Екіншіден, онда жер аударылып келген халықтар тағдыры, қазақ халқының қонақжай, сонымен бірге намысын бермейтін мәрт мінезі ширығысты драмалық оқиғалар үдесінде көрініс табады...

Қазіргі жас ұрпақ оқулықтан білсе, біледі, әйтпесе біздегі «халықтар достығы» ұғымының неден шыққанын, тонның ішкі бауындай араласып, күнде қатар жүрген корей, шешен, неміс  достарының қазақ топырағына әу баста қалай келгенін ойлап, әрідегіні қазбалап жатпайды да. Осы тұрғыда, «Жерұйық» жас көрерменге ой салады. Сталиндік жеке басқа табыну дәуірінің құрбандары - туған жерлерінен күштеп жер аударылған ұлттардың ауыр тағдыры ертегі-аңыздан емес, өмір шындығынан алынғандығы әр көрерменнің жүрегін селт еткізбей қалмасы анық.

«Жерұйық» көркем фильмінің режиссері Сламбек Тәуекелдің айтуынша, бас кейіпкер Орынбай - өмірде болған адамның прототипі. Ел басқарып, береке-бірліктің ұйытқысы болған нар тұлғалы азамат бейнесін кинода сомдауға ниеттенген режиссер кинодраматург Лаврентий Сонға қолқа салып, олар бірлесе отырып сценарийді жазып шыққан. «Кейін фильм өндіріске жіберілер сәтте Орынбай ролін орындауға дарынды актер Болат Әбділмановты қолай көрдім. Бұрын да бірге жұмыс істеп, сыралғы болған актердің осынау күрделі образды толық ашуға мүмкіндігі мол екеніне шүбәм болған жоқ. Сол сенімім ақталды, -  дейді Сламбек Тәуекел. - Адамдардың қилы тағдыры арқылы тарихи кезең шындығын мейлінше тереңдей ашуға тырыстық. Белгілеген үдеден табылдық па, жоқ па, оған - жалпы көрермен қауым, кинотанушылар төреші».

«Жерұйық» фильмінің қоюшы режиссері С.Тәуекелдің осы сөзінен кейін көрермен ретінде өзіме-өзім қайталай сауал тастап көріп едім, кино түсіру тобы ең алдымен кінәмшіл көркемдік талғамға жауап бере алды деген тұжырымға тоқталдым. Жоғарыда айтып өткенімдей, тарихымыздан сызып тастай алмайтын маңызды тақырыпқа түрен салынды, «өнімді жеміс» жиналды. Биылғы жылғы  жақсы фильмнің бірі осы болса керек. Алған әсеріміз күшті. Жерұйықтай қазақ даласында тозаққа тең қоғам орнатқан отаршыл саясаттың сұрқиялылығын тағы сезініп, түршігіп, тәуелсіздікпен келген азат ой, арманшыл тірлігімізге тәубе дедік.

«Жерұйық» енді қалың көрерменге жол тартты, сәт сапар!

Тағы бір ой келді: әдетте бұқаралық өнердің көңілашар сипатына, тұрпайы мәдениетіне бүйрек бұрып тұратын киногерлер алдағы уақытта да ұлттық, мемлекеттік идеяны шетке ысырып тастамай, бірінші кезекке қойса,  әрдайым өнердің эстетикалық, танымдық, тәрбиелік-тағлымдық мәнін ескерсе құба-құп болар еді-ау!

Аталмыш фильмнің тұсаукесері 30 мамыр күні Астанада (ОКЗ-да сағат 16.00-де), 1 маусым күні Алматы қаласында ("Арман"кинотеатрында сағат 19.00-де) өтеді  Сол 1 маусымнан бастап Қазақстан кинотеатрларында экранға шығады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290