Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3408 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 02:07

Интернет-конференция: Бейбіт Қойшыбаев (жалғасы)

31-нші мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Біздің конференцияның қонағы   «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаев  «Абай.кз» ақпараттық порталының оқырмандары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап беруін аяқтады. Қонағымыз бір сөзінде: «Алаш ардақтыларының  бүгінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі олардың ел мүддесін көздеген жанкешті еңбектерінде,  олардың мұраларын оқып үйрене білу керек», - дейді.

«Абай-ақпарат»

 

- Шығыс Түркістан және ондағы Қазақтардың тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық көтерілісі туралы айтып берсеңіз?

Жастүрік

- Құрметті Жастүрік, Шығыс Түркістандағы қазақтар өз атамекенінде өмір сүріп жатқанмен, өз ұлттық бітімін қытай ұлт саясаты ауқымында сақтауы керек... Түбі тарихи отанына - тәуелсіз қазақ еліне оралмай болмайды-ау. Былтырғы ұйғыр көтерілісі жаппай қытайландыру белең алған өлкеде қазіргі таңда азаттыққа, тәуелсіздікке жету жолы өте ауыр екенін көрсетті.

- Мәселе Нұрланда емес, жазушылардың басын біріктірмей, саяси күшке айналдырмай ұстап отыру үшін ол сияқты адам билікке керек.

- Меніңше, билікке - жазушылардың шығармашылық әлеуетін күшейту арқылы ел бірлігін арттыруға, тәуелсіздік тұғырын нығайта түсуге қызмет ететін  ұйымы болғаны тиімді.

31-нші мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Біздің конференцияның қонағы   «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаев  «Абай.кз» ақпараттық порталының оқырмандары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап беруін аяқтады. Қонағымыз бір сөзінде: «Алаш ардақтыларының  бүгінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі олардың ел мүддесін көздеген жанкешті еңбектерінде,  олардың мұраларын оқып үйрене білу керек», - дейді.

«Абай-ақпарат»

 

- Шығыс Түркістан және ондағы Қазақтардың тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық көтерілісі туралы айтып берсеңіз?

Жастүрік

- Құрметті Жастүрік, Шығыс Түркістандағы қазақтар өз атамекенінде өмір сүріп жатқанмен, өз ұлттық бітімін қытай ұлт саясаты ауқымында сақтауы керек... Түбі тарихи отанына - тәуелсіз қазақ еліне оралмай болмайды-ау. Былтырғы ұйғыр көтерілісі жаппай қытайландыру белең алған өлкеде қазіргі таңда азаттыққа, тәуелсіздікке жету жолы өте ауыр екенін көрсетті.

- Мәселе Нұрланда емес, жазушылардың басын біріктірмей, саяси күшке айналдырмай ұстап отыру үшін ол сияқты адам билікке керек.

- Меніңше, билікке - жазушылардың шығармашылық әлеуетін күшейту арқылы ел бірлігін арттыруға, тәуелсіздік тұғырын нығайта түсуге қызмет ететін  ұйымы болғаны тиімді.

- Алаш идеясының қайта өмірге келуі мүмкін бе? Оның маңызы деп білесіз, Қазақ зиялыларымен интеллегенттерінің басын қосатын қандай идея болуы мүмкін.

- Қазақ азаматтарының басын қосатын ұлттық идея - қазақтың қазіргі заман талабына толығымен жауап бере алатын  тәуелсіз ұлттық мемлекетін құру.

- Қарапайым халықтың ауылдағы жағдайы қалай жақсаруы мүмкін? Жер байлығын Қазақстан өзі игеріп халық игілігін көруі мүмкін бе?

- Қарапайым халықтың ауылдағы жағдайын жақсарту үшін ауыл экономикасын түрлендіру, тыныс-тіршілігін мазмұнды ету, ауылға қала мәдениетін апару мәселелерін кешенді түрде ойластырып, қаржыландыруды және оны игеруді мемлекет тікелей басқару керек.

- Қазіргі кезде бізге инвесторлар не үшін қажет? Шеттен инвестиция тарту ол жемқорлықтың көзі емес пе? Сіз тарихты жақсы білесіз, қазан төңкерісінен кейін Кеңес үкіметі инвестициясыз-ақ экономиканы, индустрияны көтерді емес пе.

- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тізгін ұстағандар осылай пайымдауы керек еді...

- Ассалаусағалайкум!

Осы ашаршылық қырғыны мен саяси қуғын сүргін қазақ баласы жаралғаннан бергі әрқандай соғыспен ашаршылықта да бұндай құрбандық бермеген екен тарихта. Ал осы нәубетті шынайы еске алу мен өз мәнінде тану кеш қолға алынды. Бұның себебі неде деп ойлайсыз? Мұны саясиландырмау керек дейді кейбіреу бірақ бұл қып-қызыл Қазаққа қаратқан қитұрқы саясаттың ісі болмады ма? Бұл қалайда қазақ даласындағы ұлы тарихты ұрпаққа сабақ етіп жеткізумен орысшыл орыс тілді қазақтарымызбен орысқа "махаббатытымен" бүйрегі артық бұрылатындарғада бұлтарғысыз сабақ боларма еді?

Енді бірі аштықпен қуғын сүргіннің шын астарын көпке жеткізетін көлемді еңбек күні бүгінге дейін жоқ-ау деймін, ол қашан болады? Бір емес екі басылымнан Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерелеген Хрошовтың Сталинге ашаршылық жайлап жатқаны жайында айтқанда , ол қазақтарды (бірде ол сарыларға деп келген) осы керек немесе осылай құрту керек мағнасында сөз айтқан екен. (Бұл біраз жыл бұрын көрген толық есте қалмапты) бұл рас па? Рас болс,а қолдан әдей жасалған зобалаң екені айқындалады ғой бұған не айтасыз?

Бұл нәубетке «Сталин зобалаңы» деп европада өткен жылы келіп бағасын беріп кетті. Біз де тиянақты бағаны бере алдық па? Миллиондаған құрбандарға Алматыда ескеркіш енді орнатпақпыз, бізде кей тарихи ұлттық мәселені өз деңгейінде айта алмауға саяси себеп пе, жоқ санадағы қалыптасқан отарлық саясаттың кесіріме бұған не айтасыз?

Сізше Алаш ардақтылары бүгінгі ұрпаққа не өнеге қалдырды, олардың қандай алға басарлық еңбектері болды деп ойлайсыз?

- Тәуелсіздік таңы атысымен сол кезгі парламент арнайы комиссия құрып, комиссия 1931-33 жылдарғы ашаршылықты көшпенді халыққа қарсы жасалған геноцид деп бағалады. Бірақ ол баға Жоғарғы Кеңес тарапынан мақұлданған жоқ. Дегенмен 31 мамыр - ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп белгіленді. Бірақ сол дата 1997 жылы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген дейін бір-де-бір рет ресми аталмады. Қарағайлы баққа ескерткіш орнатамыз деп тас қойдық. Ол әлі орнаған жоқ.  Бар себеп - билік тұтқаларындағы шенеуніктердің ресми Мәскеу мен арамыздағы орыстар не деп қалады деп жалтақтауларында, құлдық, бодандық санадан арылмағандығымызда  жатқан еді.  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ашаршылық нәубеті жалпы ауызға алынады, бірақ, іс жүзінде репрессиялар жайындағы естеліктер тасасында қала береді. Сол себепті, ашаршылық душар еткен ұлттық апатқа жете мән беріп, жазықсыз құрбандарды еске алу үшін, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы былтыр 31 мамыр қарсаңындағы жұмада арнайы жиындар өткізу, діни орындарда уағыздар айту, дұға оқу дәстүрге айналса деген ұсыныс көтерген-ді. Ұсыныс қолдау тауып келеді. Қасіретті тарихпен тәрбиелеу - ел бірлігін арттырудың тиімді жолы. Босап қалған қазақ даласына топырлатып әкелінген жұрт қазақтың қайғылы тарихын білген жоқ, өзге ұлт шашырандыларына соны білгізу жөн.  «Әділет» ашаршылықтың аяқталғанына 75 жыл толуына орайластырып, 2008 жылы республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. 2009 жылы «Тоталитарлық тарихтан - демократиялық болашаққа», 2010 жылы «Сталинизм: репрессияланған Қазақстан» тақырыптарымен өткен  республикалық, халықаралық конференцияларымызда да осы мәселе қарастырылды.  Конференциялардың материалдары жинақ болып шығарылды. Тек, осы мәселеге БАҚ-тың назар аудармайтынын қынжыла айтуға тура келеді. Алайда Мұстафа айтқан «большевиктердің аштық саясатын», сталиншілдікті әшкерелей беру - парыз...

Алаш ардақтыларының  бүгінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі олардың ел мүддесін көздеген жанкешті еңбектерінде,  олардың мұраларын оқып үйрене білу керек...

- Қайырлы күн, Беке! Соңғы кездері БАҚ-та, қоғамдық-саяси әңгімелерде, көпшілік арасында жазушылар одағы туралы әңгіме толастайтын түрі жоқ. Сұрайын дегенім жалпы Одақта не болып жатыр? Не болады? Болып жатқан процестерге көңіліңіз тола ма? ХХІ ғасырдағы ақын-жазушыларды және олардың басын бір жерге ұйыстыратын ұйымның болашағын қалай елестетесіз?

Сары-Арқалық жас ақын Бүркіт

- Құрметті Сары-Арқалық жас ақын Бүркіт! Одақтың болашағы өздеріңіздей жастардың қолында болуға керек, сол үшін мәселеге бейтарап қарамай, ақылмен, біліктілікпен күресе білуге тиіссіздер.

Бүгінгі билікте жүрген азаматтардың азаматтығына, иманыдылығы мен кісілігіне, елге қызмет етуіне көңіліңіз тола ма? Өтірік мақтаудан гөрі шындықты айтушы жоғарыға да, елге де адал деп айтсақ болар еді, бізде бұл үрдіс қалай?

- Қоғамда білікті, азаматтығы жоғары ұлтжанды елге қызмет ететін адал азаматтар молынан табылар деп ойлаймын. Сондай азаматтар билікте көбірек болса, елміздің болашағы жарқын болар еді. Бұған не айтасыз?

- Бүгінгі билікте де,  қоғамда да білікті, елге адал қызмет ететін азаматтар молынан табылады деген  ойға қосыламын, сондай қызметкерлер көбейген сайын еліміздің болашағы жарқын бола түсері хақ.

- Ассалаумағалейкум! Абылай ханға көзқарасыңыз қалай? Ұлы ханды алдыңғы жылдары төменшіктетіп жазуға барыңызды салғаныңыз жаға ұстатты. Әлде бұл жоғары жақтың тапсырмасы емес пе? Бір бала

 

- Құрметті Бір бала, мәселені бір жақты түсінген екенсіз. Тарих Абылай ханмен шектелмейді, қазақ тарихына әділ көзқарас қалыптастыру керек деген ойды ұқпағаныңыз өкінішті. Жәнібек, Керей есімді қос сұлтанның басшылығымен Қазақ мемлекеттілігінің іргесі қаланғанына биыл - 555 жыл. Аз жылда керегесін кеңейтіп, Ертістен Еділге дейінгі кең даланы алып жатқан елеулі мемлекетке айналған Қазақ Ордасын «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» байланыс құралдары жоқ заманда тиімді, ұтымды жолмен нығайту, қорғанысын күшейту, басқаруды оңтайландыру жолдары ойластырылды. Сөйтіп, ұлан-ғайыр кеңістікті алып жатқан көшпенділер мемлекетінде жедел билік жүргізуді қамтамасыз ету мақсатымен, жалпықазақ ханы Тәукенің  кезінде, үш өлкені  басқаратын үш хан сайлау тәртібі енгізілді. Сол реформаға сәйкес 1710 жылы Кіші жүз ханы болып сайланған, сонымен бірге 1719 жылдан 1748 жылға дейін қазақтың аға ханы - ұлы хан болған Әбілқайырдың туғанына биыл - 330 жыл. Тарихта батырлығымен, мәмілегерлігімен айрықша із қалдырған, 1771-1781 жылдары Орта жүз ханы әрі қазақтың аға ханы - ұлы хан болған Абылайдың туғанына - 300 жыл. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы бірлесіп жүргізген Отан соғысына 1726 жылғы Ордабасы құрылтайы шешуші дем берді, оған биыл - 285 жыл.  Биыл, сондай-ақ, құқтары шектеулі болғанына қарамастан, қазақ тыныс-тіршілігін  өркениетке лайықтап дамыту жолында үлкен істер тындырған, Ресей патшалығы ішіндегі тұңғыш та соңғы  қазақ автономиясы болған Бөкей ордасының құрылғанына - 210 жыл. Сонымен бірге, Ішкі Орданың соңғы билеушісі, прогресшіл реформатор Жәңгір ханның туғанына - 210 жыл...

- Ауғанстан бізге доқ көрсетіп жатыр. Ескерту жасады. Сіз Америкаға болысасыз ба, Ауғанстанға ма? ҚР НАТО-ға мүше. Ұйымның айтқаны заң. Қыр десе қырамыз. Беті аулақ! Бірақ өз бауырластарымыздың бізге деген ашу-ызасы ертең үлкен дауға айналып кетеді деп ойламайсыз ба? Не істеу керек? Мүмкін ұйым мүшелігінен шығу керек пе? Бұл ұйымның бізге, қазақ ұлтына, қазақ руханиятына берері бар ма? Сәкен.

- Құрметті Сәкен, қаупіңізге қосыламын, мұндай істе біздің лауазымды азаматтарымыз жеті рет өлшеп, бір кесуі жөн болмағын естен шығармағаны абзал...

Соңы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290