Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3900 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 05:37

Ұлттық идея – тәуелсіздік кепілі

Жұмыр жердегі адамзат тарихын тереңірек ғылымға жүгіне саралайтын болсақ, онда біз осы үдерістің табиғи заңдылыққа сүйене отырып дамитынына шек келтіре алмаймыз.

Жұмыр жердегі адамзат тарихын тереңірек ғылымға жүгіне саралайтын болсақ, онда біз осы үдерістің табиғи заңдылыққа сүйене отырып дамитынына шек келтіре алмаймыз.

Адамзаттың әрбір даму дәуіріндегі қоғамдық формацияны құру, адамдардың физиологиялық  қасиетіне тікелей байланысты бола отырып қоғамдық сананың даму  деңгейіне  тәуелді. Әрбір қоғамдық формациядағы өндіріс күшінің пайда борлып, дамып сапасының өзгеріп отыруы адамдардың табиғи қоғамдық саналарының дамуымен тікелей байланысты. Бастапқыда адамдардың бірігіп әрекет жасауынан басталған қарапайым ара қатынастар келе, келе күрделі қауымдастықтар мен қоғамдық жүйе қалыптастырып, мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Алғашқы қауымдастықтар мен мемлекет қаңқасын құруға мұрындық болған тайпалар мен халықтар болса, қазіргі  кезеңде мемлекеттерді  сол аймақта тұрып жатқан этностар өкілдерін өз маңына біріктіріп тек бір ұлт құрайтыны белгілі. Және де ол адамзат дамуындағы табиғи заңдылық. Оны әлемдегі дамыған мемлекеттер мен дамып келе жатқан мемлекеттердің тәжрибесінен көреміз. Сол себептен, егер біз қазақ елінің дербес, тәуелсіз мемлекет болуына мүдделі болсақ. Онда біз болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің темірқазығы ұлттық идеяны анықтап, заңдастырып бекітуіміз және осы бағыттағы ұстамымыздан ауытқуға жол бермеуіміз қажет. Әлемдегі   мемлекеттердің саяси ұстамының, яғни ұлтық идеяларының өзегі барлық мемлекеттерге тән бір ортақ заңдылыққа  бағынады. Ол заңдылық (ұлттық идея) -  мемлекет өз ұлтының экономикалық, саяси, рухани тәуелсіздігінің, ел мен жер біртұтастығының  мәңгі сақталуына  және  ұлттық байлығы тек халықының игілігіне жұмсалып, жұртының әлеуметтік жағдайының  үнемі жақсарып отыруы мен өз ұлтына тән рухани дамуына арналған бағытты қатаң ұстануы. Осы заңдылық барлық мемлекеттердің даму үрдісінің ұлттық идеясының негізгі өзегі ретінде барлығына ортақ.. Үйткені тек осы құндылықтар ғана әр елде барша халықты ортақ мүдде ретінде топтастыра алады. Сондықтан, қазақ халқы құрып отырған мемлекетінің ұлттық идеясының да темір қазығы  осы құндылық болуы заңдылық.. Біз бұны дамыған ірі мемлекеттер Ұлыбритания, Франция, Қытай, Германия, Ресей, Жапония, Индия, Түркия, Италия т. б.-дың саяси ұстамынан анық көріп отырмыз. Осы заңдылық әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде өте айқын көрінді. Осы бағытта дамуды бекіту,   «жаһандану мен әлемдік демократиялық стандартқа сай боламыз»  деген  ұғыммен  алпауыт елдердің қитұрқы экономикалық экспансиясының ықпалдық  шеңберіне кіріп кетуден сақтайды. Қазіргі біздің биліктің демократиялық ашық қоғам  құрамыз деген желеумен ұлттық идеясы бекімеген, мемлекеттің кімнің мүдесін, қандай құндылықты қорғап отырғанын және осы қоғамды кім үшін құрып отырғанын айқындай алмай жатып,тәй - тәй басып келе жатқан елімізді  алпауыт елдердің мүддесіне қызмет ететін халықаралық ұйымдардың ұстамының құшағына ойсыз, ғылыми негізсіз, «біз дамыған ел боламыз» деп еліктеумен кіргізуге талпынуы  ұлт келешегіне қауіп әкеледі. Тәуелсіз ұлттық мемлекет болғымыз келсе, экономикалық және саяси кіріптарлық шеңберіне түсіп қалмау үшін жаһандануға тән халықаралық  интеграцияға кіру  саясаты өте сақ, өз тәуелсіздігінің келешегіне нұқсан келтірмейтіндей, ұтымдылықпен жүргізілуі тиіс. Осы қатерден аман қалу жолы ең алдымен ұлттық идея негізінде мемлекет құруды жүзеге асыру болады..Ұлттық идея негізінде мемлекет құруға тән заңдылық - оның экономикасының, ішкі және сыртқы саясатының, ғылымының, заң жүйесін құруының, экологиялық қауіпсіздігінің, білім беру жүйесінің, мәдениетінің, ақпарат тарату, ұрпақ тәрбиелеу, қоғамдық сана қалыптастыру мен рухани дамуының идеологиясы мемлекет құрушы халықтың (ұлттың) мүддесін қалтқысыз қорғап, оның ұлтық  ерекшелігін сақтауға арналады. Қандай да мемлекет болмасын, өзінің тәуелсіздігін сақтау үшін, ең бірінші экономикалық тәуелсіздігін қорғайды.Бұл заңдылық..

Экономикасы тәуелсіз ел ғана өзінің саяси тәуелсіздігін қорғай алады.Сондықтан, мемлекет  экономикалық даму жолы мен ел басқару жүйесінің қандай түрін таңдасада оның экономикалық саясатының идеологиясы ұлттық идеяның заңдылығын қатал бағынуы ең басқы шарт болады. Яғни, елдің экономикалық  даму үдерісі мен елді басқару - ұлттық байлықты талан-таражға салмай өз халқының игіліне(әлеуметтік жағдайын жақсартуға) пайдалана отырып ұлттың мүддесін мүлтіксіз қорғауға қатаң бағытталады. Ұлттың негізгі байлығы жер мен жер қойнауының қазынасы мемлекеттің емес, халықтың ортақ  байлығы екенін бекіту  қажет. Яғни, жер - табиғи байлық, оны өндіруге ешқандай капитал мен өндіруші күш пайдаланбағандықтан тауар ретінде оның құнын ғылыми негізде анықтауға болмайды, ол экономика заңына қайшы сондықтан жерді  пайда қуып тауарға жасанды айналдыру рұхсыздандыру саясаты болғандықтан, жер сатуды тоқтату қажет (Қазіргі әлемдегі алпауыттардың пайда табу мен өктемдік жүргізу жолында жердің құнын волютаризмдік жолмен сату алаяқтық және келешекте адамзатты табиғи дамудан айырып, дағдарысқа тірейтін жол).Жер халықтық меншікте болып, мемлекет тек оны пайдалануын  реттеп отыруға ғана құқылы болуы қажет. Жер әр азаматтың минималды өмір сүру қажеттілігін өтеуге арналған(тұрғын үй, қоражай,бақша) заңды түрде бекетілген мөлшерде тегін берілуі керек. Кәсіптік бағытта пайдалануға мемлекет өз азаматтарына жерді жалға беруге құқылы болуға тиіс. Шет ел компаниялары мен азаматтарына жер сату тоқтатылмаса келешекте мемлекеттің тәуелсіздігіне қауіп әкеледі. Жер мен жер байлығы ұлттық мүддені қорғайтын заңмен реттелуі тиіс.

Индустриялық  даму бағыты жер қойнауының байлығы мен табиғи басқа байлықтар ресурсын шикізат күйінде шетке шығаруды неғұрлым тежеп, елімізге жаңа технологияларды әкеліп, сұранысқа сай, сапасы мен дизайны жоғары, халықаралық деңгейдегі өндірістік  өнімдерді шығарып сатуды жолға қою. Осы шығарылатын өндірістік өнімдер ең алдымен ішкі қажеттікті қамтамасыз етуі қажет. Экономика заңдылығы бойынша әр елдегі шығарылатын өнімнің  ішкі қажеттілігін де неғұрлым сұранысы жоғары болса, сонда ғана шет елдерде сұранысқа ие болып, бәсекелестіке төтеп бере алады.Ал экономикалық заңдылықпен санаспай қолдан бәсекелестікке сай тауар өндіруді іске асыру валютаризм, ол тек экономикада туындайтын дағдарыстарды тудыруға ықпал етеді. Жер қойнауынан шығатын шикізат өнімін өңдеу кәсіпорындарынан басқа өндіріс кәсіпорындарын жобалағанда олардың өте ірі болуы олардың жанама шығындарының  көп болуына әкеліп, технологияны тез алмастырып, жаңа өнімдерді игеруді тежеуі өнеркісіп орнының тез, шығынсыз бейімделу  үдерісін әлсіретіп, әлемдік бәсекелестік сайысында ұтылысқа әкеледі және экономикалық дағдарыс кезінде көп зиян шектіреді.Экономикалық тиімді, өнімдерінің өз құнын төмендетіп сапасын көтеретін жаңа технолгияны уақ -уақ  жедел өзгертуге бейімделген  орташа және шағын өнеркәсіп орындары болуға тиіс.

Жеңіл өнеркәсіптің экономикалық тиімділік қасиетін пайдалана отырып және өнімдерінің елдің ішкі қажеттілікте зор сұранысқа ие болатынын ескеріп, осы бағыттағы орта және шағын өнеркәсіпті жаңа жетік технология негізінде бір жерге шоғырландырмай , барлық аймақтарда дамыту  еңбек ресурсын пайдалануға да, өнімнің бағасының тиімді болуына да ықпал етеді.Және де осы кәсіпорындар тауар өнімдерінің ұлттық брендінің пайда  болып қалыптасуына, жергілікті шикізат қорын тиімді пайдалануға да қажет. Сонымен қатар Малайзия, Сингапур  елдерінің тәжрибесінде бар, ұлтық ғылымның, жеке ғалымдардың, өнертапқыштардың жетістіктерін, ұлттық интелектуалды кадрлерді  пайдалана отырып, қалаларда электроника бағытындағы шағын өнеркәсіптердің пайда болуына көңіл аудару ұлттық экономиканың дамуына өте тиімді ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығының дамуын ұлттық менталитетке байланыстыра жургізудің негізі ауылдық жердегі шикізатты қалдықсыз өңдеуді әр аймақтағы елді мекендерде жаңа  өңдеу технлологиясына  негізделген шағын өнеркәсіптерде сапалы, жоғары дизайнды

безендірілген өнім шығаруды іске асырып, ішкі сұранысты қамтамасыз ету елімізді азық-түлік өніміне деген тәуелсіздіктен арылтып қайта көрші елдерге дайын өнімдерді шығаруға жол ашады. Яғни, ұлттық ерекшелігімізге бағытталған экономикамыздың өзіне тән брендтері әлемдік бәсекелестік додасына түсе алады.Осы бағытта дамыған ауыл экономикасы ауыл тұрғындарының әлеуметтік, тұрмыстық даму деңгейін, мәдениетін қалалық өмір деңгейіне жақындатады. Қазір озық техника мен технология пайдалануын қолайлы деген желеумен белең алған ірі латифундистердің   бағыты ұлтық мүдеге қайшы келетінін ескере отырып, келешекте орта және шағын шаруашылықтардың  кооперация одақтарын құрып, ауыл шаруашылығынның өнімінің өндірістен тұтынушыларға дейінгі жолын біріктіретін, тиімділігі жоғары, алыпсатарлықпен өнім құнының жасанды өсуін тежейтін саланың негізін қалауымыз қажет.

Қазіргі экономикалық  даму  кезеңдегі  белең алған жемқорлық  үрдісі  біздің ұлтымызға тән  құбылыс емес. Бұл құбылыстың тамыры капитализмдік бағыттағы шаруашылық  құру  негізіндегі  пайда(прибыль) өндіру теориясының табиғатына тән екенін кезінде К. Маркс көрсеткен. Осы келеңсіз үрдіс бүкіл әлемдегі нарықтық  бағытты ту ғып ұстап, пайда  табудың жолында адами  қасиет құндылықтан  айрылып, рухани азғындық жолына түскен елдердің бәрінде кеңінен жол алған. Қазақ еліне жемқорлық  пен парақорлық отарландыру келгеннен кейін пайда болған. Еліміздегі жемқорлықты тоқтату тек рұхсыздандыруды тежегенде ғана іске асады.

Еліміздің келешекте тәуелсіздігін сақтау үшін тағы бір маңызды ұстам, ол экономиканы көтереміз, әлемдегі ортақ  қаржы нарқындағы интеграцияға енеміз дегенді басшылыққа алып, инвистиция тартудағы жіберіліп отырған қатені түзеу. Әр ұлттық мемлекет өз елінің стратегилық  маңызы бар салалардың үлесін шет елдердің азаматтары мен компаниялар меншігіне сатқанда өздерінің бақылауында акцияның 51 пайыздан кем болмауын қатал сақтайды. Мысалы: АҚШ, Ресей шет ел компаниясына  сатылатын меншіктік үлестің 25 - 30 пайыздан аспауын заңдастырған. Еліміздің келешекегі экономикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін ойласақ  салалар мен кісіпорындарының шет ел компаниясына сатылатын үлес мөлшерінің ең жоғары деңгейі 49 пайыздан аспайтын болып және әрбір  шет елдік компанияның меншігіне 15 пайыздан артық  үлес сатуға шек қою қажат.Бұл жерде нарықтық заңдылық,  демократиялық халық аралық ұстам деген  ұрандарды ұлттық қауіпсіздік мүддесінен жоғары қоюға болмайды. Бұл әлемдегі барлық ұлттық мемлекеттердің берік ұстамы. Осы заңдылық  қазіргі әлемдік экономикадағы дағдарыс кезінде өте айқын көрініп отыр.

Мемлекеттің тәуелсіздігінің мәңгі болуы оның ұтымды, ұлттық мүддені көзінің қарашығындай қорғайтын сыртқы саясатының идеологиясына байланысты. Сыртқы саясат жүргізу дипломатиясы өте қиында, күрделі де екенін және әлемде қалыптасып қалған стеоретиптің ықпалымен санасудың қажеттілігін ұға отырып, ұлттың мүдесін қорғау  үшін тек  дипломатиялық  саланың ой - қырын білумен қатар тазалықты, батылдықты, көрегендікті, өз халқының беделін сақтаудағы беріктік пен адалдыққа мықты болу қажет. Сол себептен де сыртқы саясат идеологиясы ұлттық идея шеңберінен қандай да бір сылтаумен, не болмаса тар шеңберлік саясат жетегіне еріп, мадақ , жасанды  бедел жинау мақсатымен  ауытқу - ұлттың тәуелсіздігіне қауіп төндіреді. Ешқашанда саяси көрегендікті,  қазіргі халықаралық қатынастарда туындап отырған кейбір жағдайға  саяси бейімделумен шатастыруға болмайды. Әлемдегі болып жатқан жағдайлармен санасып, дер кезінде үлкен пайда әкелетін шараларды қолдап әрекет ету - саяси бейімделу. Саяси бейімделу пайда берумен қатар келешекте ұлттық мүддеге үлкен зыян әкелуі де мүмкін.  Саяси көрегендік, тек бүгінгі және жақын арадағы мақсатқа ғана жету емес, ол ұлттың тарихын ескеріп және ертеңгісін ойлап, халқының ар, намысына кір жуытпай, келешгіне нұқсан келтіретін жағдайларды болжай біліп - шешім қабылдау. Сондықтанда ұлттық мемлекеттің қабырғасын қатайтпай жатып, әлемдік алпауыт елдердің экономикалық және саяси экспансияс жүргізудегі өз мүдделерін жүзеге асыруға

бағытталған, бөліп алып билік жүргізу саяси  додасына еніп, әскери одаққа кіруді, шекара ашып кедендік одақ құруды қолдау ұлттық тәуелсіздігіміздің келешегіне үлкен қауіп әкелетінін болжай  алмаумен қатар, ұлттық намысқа да нұқсан келтіретінін ұқпау. Қазіргі ұлттық экономикамыздың тәуелсіздігіне орасан ықпал етіпіп отырған Ресейдің экономикалық экспансиясы кезінде (мысалы басқасын айтпағанда «Лукокойл», «Ростнефть», «Газпром» тіпті Алматы қаласының энерго жүйесі мен азық-түлік саласындағы «Ақсайнан» сияқты компанияның даму үрдісінде өздерінің аржақтағы қожаларының ішкі мақсаттарын жүзеге асыру ықпалынан көптеген қазақ  кәсіпкерлерінің, кәсіпорындарының дағдарысқа ұшырап отырғанын көру қиын емес, Осы компанияның басқару саласында қазақтың мүддесін қоғайтын мамандар мен жұмысшы топтары барма деген сұрақтар туындайды. Сонымен қатар, еліміздегі  көрші ұлы державиялық мемлекетттің ақпарат экспансиясының  қалыптасып отырғанын ұмытпау қажет). Отарлық саясаттың қалдық ықпалынан тазара алмай  отырып, өзінің ұлы державиялық  көз  қарасын  бұрынғы  империялық  саясат жүргізген бағыт  ұстамында ұстап отырған алпауыт елдің ықпалын кіру саясатын,  өз  елінің мәңгі тәуелсіздігін мақсат ететін қазақ халқы ешқашан да ұқпайтынын да, қолдамайтынын да естен шығармау керек.

Ұлттық идея негізінде мемлекет қалыптастыру үшін конституцияға  өзгерту енгізіп,  мемлекеттің атынан «Қазақстан»  сөзін алып тастап «Қазақ Республикасы» деген атау беріп, ал қазіргі конституциядағы  «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы....» деген жалпылыма қазақ халқының тарихы  мен мүддесін мойындамайтын космополиттік ұғымды алып тастап, қазақ халқының осы мемлекетті құрушы ұлт екенін нақтылайтын бабты енгізу қажет. Сонымен қатар ұлттық идея негізінде мемлекет құруды бекітетін баб енгізілсе  ғана қазақ елінің келешегінің тәуелсіздігіне күмәнсіз қарай аламыз.

Қазіргі  зыялылардың да, ұлт келешегін ойлаған барша азаматтардың да, билікте жүрген ұлтжандымыз дейтіндердің де мемлекет тілінің деңгейін көтереміз  деп жасап жүрген істерінің тиімділігі, тек осы қазақ тілінің өмір сүріп дамуына орта  туғызуға байланысты.

Мемлекет құруда тіл мен рухани тәрбие мәселесінң маңызы адамзаттың даму үрдісінде алатын орны ерекше екенін осыдан екі мың бес жүз жылдай бұрын өмір сүрген, әйгілі Дарий патша былай деп айтып кеткен - «Баянды мемлекет болу үшін халықтың бір тілде, бір дінде болуын қамтамасыз ету керек». Осы қағида тарихтағы және казіргі кездегі мықты мемлекеттердің тәжрибесімен өзінің өміршең заңдылық екенін көрсетіп отырғанына ешкім күмән келтіре алмайды. Ол үшін экономиканың, саясаттың, ғылымның, технологияның, білім беру мен рухани тәрбие жүйесінің, ақпарат кеңістігінің  қазақ тілінде сөйлеуін бірінші кезекте іске асыру қажет Біздің азаматтық борышымыз өз ұлтымыздың дамуын ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, табиғи заңдылықтан ауытқымай, волюнтаризмге жол бермей іске асыру.   . Осы орта қалыптастыруға үлкен әсер ететіп, отаршылдық ықпалынан арылтатын ономастика мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек.

 

 

Болат Дүйсембі  - экономист, «Ұлт тағдыры» қозғалысы  Орталық  Басқарма  мүшесі

«Абай-информ»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572