Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2429 0 пікір 12 Маусым, 2011 сағат 10:07

Маңғыстау облыстық ІІД «Динамо» спорт кешені қайырымдылық шарасын өткізді

АСТАНА. 11    маусым. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің «Динамо» спорт кешені «Динамо балаларға және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл » атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ училищесінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Сан түрлі спорт ойындарынан жарыс түрінде ұйымдастырылған шараға 12 жастан 15 жасқа дейінгі Маңғыстау облыстық жанұялық үлгідегі балалар ауылының, Маңғыстау облыстық арнайы мектеп интернатының, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу, оңалту орталығының, Кекушинкай каратэ федерациясының, «Оқушы» орталығының «Жас қыран» аула клубы мен ҚР ІІМ училищесінің (Ақтау қаласы) жанынан құрылған «Ұлан» аула клубының тәрбиеленушілері қатысты.

Екі  күнге созылған мерекелік шараның алғашқы күні арқан тарту, 8 келілік кір тасын көтеру, турникте тартылу және мини-футбол ойындарынан тұрса, келесі күні «Көңілді старт» эстафеталық ойындарына ұласты. Ал жарыстың үшінші күні жеңімпаздарды марапаттаудан басталып,  «Ұлан» аула клубының дайындаған мерекелік концертіне және «Жас қыран» аула клубы мен Кекушинкай каратэ федерациясының тәрбиеленушілерінің өнерлерін тамашалауға ұласты.

Жарысқа қатысқан балалардың еш бірі де жүлдесіз қалған жоқ. Бірі арқан тартудан күштілік танытса, екінішісі кір тасын көтеруден басым түсіп, бірі футболды жақсы ойнайтын болып шықты. Балалардың барлығына дерлік спорт киімдері, кимоно, футбол, волейбол доптары сияқты бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ал жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды «Жас қыран» оқу орталығы, екінші орынды ҚР ІІМ училищесінің (Ақтау қаласы) жанынан құрылған «Ұлан» аула клубының командасы иемденді. Ал жүлделі үшінші орынды Маңғыстау облыстық жанұялық үлгідегі балалар ауылының командасы місе тұтты. Сонымен қатар мерекелік шараны ұйымдастыруға атсалысқан азаматтар ІІД бастығының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Бұл игілікті шараны ұйымдастырудағы басты міндет - балаларды спортқа қызықтырып, дені сау, тәні шымыр салауатты ұрпақ қалыптастыруға  аз да болса үлес қосу.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502