Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Сайлау 63117 13 пікір 30 Сәуір, 2019 сағат 12:48

Ұстаз өзінің өмірлік ісін озат шәкіртіне ғана сеніп тапсырады

Кез келген қоғам көшбасшылар туралы әлдебір сыртқы белгілерге, қалыптасқан қалыпқа салып ойлауға бейіл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты да дайын образдарға сүйеніп, әрі кеткенде — кәсіпқой дипломат ретінде қабылдау басым.

Дегенмен Тоқаев тек аса кәсіпқой дипломаттардың бірі емес. Оның өмірбаянын зерттеп отырып, түрлі мемлекеттік лауазым мен шытырманның тезінен өткенін көріп, оның мемлекеттік басқарудағы тәжірибесі әлдеқайда бай екенін көресіз.

Біріншіден, Тоқаевтың тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қазақ мемлекетшілігінің негізін қалаушысымен бірге болғанын, түрлі саладағы қиын шешімдер қабылдауға қатысқанын көреміз. Тәуелсіздіктің 29 жылы ішінде ол Елбасының тапсырмаларын табысты орындап келді.

Сонымен.

1. Кәсіпқой дипломат

Тоқаев — жоғары білікті дипломат. Біздің білетініміз — оның екі рет ҚР сыртқы істер Министрі болғаны (1994-1999, 2002-2007). Бұл орайдағы білімі де орасан: 1975 жылы ол сол кездегі әлемдік державаның мықты жоғары оқу орны — КСРО СІМ МГИМО-ны қызылмен бітірген.

Сосын еңбек жолын совет дипломатиялық жүйесінде бастады. Ол кезде Советтер Одағының геосаяси қуаттылығын ешкім жоққа шығара қоймас. Ендеше Тоқаевтың кәсіби мектебі де мықты болды деуге болады.

2. Табысты реформалардың куәсі 

Тоқаевтың қызмет еткен уақыты совет-қытай қатынастарының шиеленіске толы уақытымен тұспа-тұс келгеніне назар аударайық. Оның Қытайдағы елшілікте қызмет еткенін еске алсақ, 1960 жылдары күрт нашарлаған совет-қытай қатынастары тек аса білікті дипломаттардың жұмысы екені анық. Ол Қытайда оқу, практикадан өту, дипломатиялық қызмет сияқты түрлі себептермен 1970 жылдардан бастап болды. Ал Қытайдың 1980 жылдары бетбұрыс жасағаны белгілі. Ендеше Тоқаев Қытайдың реформасын ішінен көрген адам. Мұның өте-мөте құнды білім мен білік екені сөзсіз.

3. Әлемдік деңгейдегі саясаткер

XXI ғасырдың басында әлемнің басты ұйымы – БҰҰ-да Азиядан шыққан екі басшы болса, бірі Пан Ги Мун, ал бірі – Тоқаев.

Тоқаев БҰҰ бас хатшысының орынбасарларының бірі ғана емес, сонымен бірге екі жыл — Женевадағы офистің жетекшісі болды. Мұның Нью-Йорктегі штаб-пәтерден кейінгі маңызды мекеме екенін айтқан жөн, ол жерде — 1500-ден астам жоғары білікті халықаралық дипломат жұмыс істейді.

4. Ең табысты премьер-министр

Тоқаевтың қабілеті неге халықаралық жұмыстарға байланысты елестейтіні белгілі. Бірақ оның 1999-2002 жылдар аралығында Қазақстанның төртінші премьер-министрі болғанын естен шығармау керек. Бұл – ауыр реформалар кезеңі. Дегенмен 2001 жылдан бастап, Қазақстанның ЖІӨ көрсеткіші әлем бойынша ең қарқындылардың қатарында болды. Бұл жерде Тоқаевтың қытайлық тәжірибесінің іске асқаны сөзсіз.

5. Байыпты заңгер

Тоқаевтың басшы ретіндегі тәжірибесі дипломатия және премьер-министр болумен шектелген жоқ. Ол 2007-2011, 2013-2019 аралықтарында Парламент Сенатын екі рет басқарды. Сондықтан болар, Тоқаев мемлекетшілдіктің құқықтық механизмдерін әбден меңгерген.

6. Рационал басшы

Тоқаев — рационал саясаткер. Ол Елбасы көтерген бастамалардың бастауында жүріп, арасалмақ сақтау, байыбына бару сияқты — саясаткерге ауадай қажет қасиеттерге қаныққан.

7. Зайырлы саясаткер

Жоғарыда аталған еңбек жолы мен білімі мен білігі Тоқаевты зайырлы саясаткер ретінде қалыптастырғаны анық. Мысалы, оның тамаша лингвист екенінің өзі, аймақтық және жаһандық әріптестермен әңгімені өз деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол білетін орыс, қытай, ағылшын, француз тілдері - бүгінгі күрделі әлемде нағыз керек қасиеттердің бірі.

8. Елбасының озат шәкірті

Тоқаевты Тұңғыш Президент Назарбаевтың озат шәкірті деп айтуға әбден болады. Себебі ол Тәуелсіздіктің бастауындағы эксперименттерден бастап, түбегейлі реформалар кезеңдерінің барлығында ұстазына ассистент болды. Ал ұстаз өзінің өмірлік ісін озат шәкіртіне ғана сеніп тапсыратыны белгілі.

Ерлан Оспан

Abai.kz

 

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053