Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 6779 26 пікір 21 Мамыр, 2019 сағат 12:22

Ах, Зеленский, Зеленский...

Украина Президентінің инаугурацияда айтқан һәм әлемге лезде тарап кеткен үндеуінен үзінділер:

- Украйналықтар жыламасын, қайғырмасын деп...

- Қымбатты украиндықтар! Мен сайлаудан жеңіске жеткен күні, алты жасар ұлым: - Әке Зеленский - президент, сонда мен де президентпін бе деген сұрақ қойды (ұлының да фамилиясы Зеленский). Сол кезде бұл маған жәй ғана күлкілі боп көрінген еді. Дегенмен, кейінірек әр адам бір отбасының, қоғамның, елдің президенті екенін түсіндім (күліп). - Яғни мен секілді. Егерде әрбір Украиндық өзін президент сезініп, сондай жауапкершілікпен өмір сүрсе, Украина халқы көш соңында қалмасына кәміл сенемін.

- Еуропа. Иә Еуропа, біз соған қарай бет түзеп келеміз. Дегенмен, Еуропа анау шекараның сырты емес (саусағымен басын нұсқап) - Міне мында. Егер арқайсымыз осыны түсініп, соған қарай әрекет етсек, бізде де Еуропадағыдай "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" заман болады. Біз де Еуропа атанамыз!

- Біздің әрқайсымызда бәрімізге ортақ қасіреттер бар. Біз, әрқайсымыз Донбаста жаралы болдық. Құдайдың әр күні сол жерде бір бауырымызды жоғалтамыз. Иә, әр күні... Соғыстың ызғарынан жер аударғандар ағылып жатыр орталыққа. Солардың қасіреті бәрімізде бар.. Және де, үйсіз-күйсіз қалған отандастарымызға есігін айқара ашып, өз төрінен орын берген украин жұртына мен де, сенде яғни, бәріміз қарыздармыз.

- Және де, нан табу, жан бағу үшін шетке кеткендер. Өз елі, өз жерінен несібе таппай басқа елге күн көруге кеткендер және осыны тоқтату үшін барын салып, жанталасып жатқандарды күнде көрем мен. Көрген сайын жүрегім ауырады. Бірақ, уақыты келе біз бәрін жеңеміз. Жеңуіміз керек! Себебі, біз бәріміз Украиндықпыз. Кім болсақ та. Аз болсақ та, көп болсақ та, оң саясат немесе солды ұстанатындар, елдегі немесе шеттегілер де. Ең бастысы, біз бәріміз Украиндықпыз!

- Міне бүгін, дәл қазір мен (саусағымен өзін көрсетіп) президент ретінде әлемдегі әр украиндыққа үндеу жолдаймын. Мейлі олардың көбі Украинамның қасиетті жерінде тумаса да... Бәріне... Қадірлі Украиндықтар, сіздер бізге, дәл қазіргі уақытта ауадай қажетсіздер. Егер еліме қайтып Украинаны мықты ел қылуға ат салысамын десеңіздер.. Келіңіздер.. Әр қайсыңызға азаматтықты қуана қуана берем мен.. Жағдайларыңды жасауға да бар күшімді саламын»
.
«Тек. Қонаққа емес. Үйге қайтам деп келіңіздер. Айтпақшы, елге сувенир, сыйлық әкеліп қажет емес. Одан да өздеріңмен білім мен тәжірибие және мекен еткен елдің тәрбие құндылықтарын ала кеңіздерші. Өтінем. Бұл дүниелер бізге жаңа дәуір, Украинаның жаңа заманын жасап шығуға аса қажет. Біз соны.. Жасаймыз»

«Біздің жол. Біз.. Футбол жағынан Исландықтар, жерін қорғау жағынан Израил, технология жағынан Жапония және бақытты өмір сүру жағынан Швецария және Нидерландыдай болу үшін.. Әлемдегі украиндықтар бізге жол көрсетсін.. Жетектесін»

«Және де. Біздің ең бірінші мақсат.. Донбасстағы соғысты тоқтату (Өте ұзақ қол шапалақтау). Маған: "Сіз соғысты тоқтату үшін қандай құрбандықтарға бара аласыз?" деген сұрақтар жиі қойылады. Қызық сұрақ. Ал сіз жақын адамдарды құтқару үшін қандай жанкешті дүниелер жасай аласыз? Менің жауабым осы.

Негізі. Сіздерге бар сенімділікпен айта алам. Мен біздің батырлардың ел үшін құрбан болмауы үшін бәрін жасаймын. Керек болса президенттіктен бас тартуға дейін барамын.. Тек.. Тек соғысты тоқтатсам болды» (ұзззааақ қол шапалақтау). « Бірақ.. Украина жерінің бір сүйемін де ешкімге бермеймін» (залдағылар тұрып, жаппай қол соғып жатыр).

« Мен көп нәрсе айтуыма болар еді. Бірақ. Мылжың сөзден біздің жұрт шаршаған. Мен де халықтың бірімін. Мен де шаршадым.. Қысқасы. Бізге сөз емес, көз көрер іс керек.»

«Сөз соңында. Құрметті халқым. Мен өмір бойы «украиндықтардың күліп жүруіне, көңілдерін аулауға барымды салдым. Бұл менің жолым еді. Ендігі бес жыл өмірімді украиналықтарды жылатпауға жұмсаймын»

Бурахан Дақанов

Abai.kz

 

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443