Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2009 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 18:17

Серік ҚАРАБАС. ТАТЬЯНАНЫҢ ТАҒЫ БІР «СЮРПРИЗІ»

Өткен аптаның жұмасында ҰҚК мен Бас прокуратура сияқты құзырлы орындарға жөн сілтеп, ақыл айтып отыратын Татьяна Квятковская ханым мен оның қасына ерген бірқатар тұлғалар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Басты тақырып - «Қазатомпромның» бүгінгі жағдайы мен болашағы деп белгіленген-ді.

Бірден айта кетейік, баспасөз мәслихатын өткізуші белсенді топтың қатарында «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының вице-президенті Сергей Яшин, Ядролық физика институтының директоры Әділ Төлеуішов, ғалым Алмас Төлебаев пен «Зияткерлік меншік бюросының» вице-президенті Нина Савицкая болды. Қысқасы, атом саласын жаңғақша шағатын кәнігі мамандар. Алдымен осы аталғандардың уәжіне тоқталып көрелік.

Журналистердің алдына қос білегін сыбанып салып келген Квятковская Мұхтар Жәкішевті жазғырудан артық мандытып ештеңе айта алмады. Баяғы «Уран кен орындарын заңсыз сатып жіберді» деген құр айыптау бұл жолы да тілге тиек болды. Экс-депутаттың пікірінше, туындаған барлық қиындықтарға қамаудағы ұлттық компанияның экс-басшысы кінәлі екен. Мемлекет меншігіндегі кен орындарын саудалау арқылы ол ұлтымыздың, еліміздің қауіпсіздігіне үлкен зардап шектіріпті-міс.

Күйеуіне «қара күйені» бірінші болып жаққан адаммен бетпе-бет жүздесіп, көкейде жүрген біраз түйткілге жауап алғысы келген болуы керек, баспасөз мәслихатына Мұхтар Жәкішевтің жұбайы Жәмила ханым да келіпті. Келгенін қайтейік, алды-артына дес бермей жалғыз өзі есе сөйлеген Квятковская жібі түзу жауап бергеннің орнына, басына ауртпашылық түскен әйелді табалаған кейіпте: «Менің Сізге соншалық жаным ашып тұрған жоқ» деп салды. Бұл жауап Жәмиланы ғана емес, сол жердегі бәрімізді де біртүрлі ыңғайсыздау күйде қалдырды. Дегенмен, қайсар әйел алған бетінен қайтпай, өзін мазалап жүрген сауалдарды бірінен кейін бірін жолдады.

Жәкішеваның: «Сіз «Қазатомпром» жөніндегі құжаттармен 2007 жылғы тексеру кезінде таныстым деп отырсыз. Қазіргі күні оған (құжаттарға - ред.) тек арнайы рұқсатпен ғана жібереді, алайда дәл бүгін қорғаушылар да, қоғамдық қорғаушылар да сол рұқсатқа қол жеткізе алмай отыр. Айтыңызшы, Сіздің ол құжаттарға рұқсатыңыз бар ма?» - деген сауалына Квятковская: «Қазір маған ешқандай рұқсат берілген жоқ. 2007 жылы прокуратурада ол құжаттар құпия саналмаған», - деп жауап қатты. Экс-депутаттың сөзіне сенер болсақ, «құпия» құжаттармен бейресми түрде танысуға оған достары көмсектесіпті. Былайша айтқанда, Квятковская ханымның достары мемлекеттік құпияны жария етіп жіберген (бүгінгі жағдай аясынан қарасақ). Алайда, бұл заңсыздықтары үшін оларды жазалап жатқан құзырлы орындарды байқамадық.

«Шешінген судан тайынбас» демекші, қолға шоқпар алып ұрысқа түскеннен кейін аяғына дейін баруды мақсат еткен Жәмила Жәкішева, ойламаған жерден және бір сауалды ортаға сырғытты. Оның білуінше, 2007 жылғы тексеру нәтижесі бойынша Кәрім Мәсімов тиісті құжаттарға қол қойған, ол құжатта премьер-министрдің «Қазатомпром» ұлттық компаниясына ешқандай талабы жоқ екендігі көрсетілген. Осыған байланысты Жәмила ханым: «Сіз бұл іске Мәсімовтің қатысы болуы мүмкін деп есептейсіз бе?» - деп сұрады. Бұған Квятковская: «Мәсімов не, күнәдан пәк Аллаһ дейсіз бе? Ол да адам, оны алдап кетті», - деп жалтара жауап беріп құтылды.

Алғыстың орнына, абақтыға жабылды

Басқа спикерлерге қарағанда түрменің дәм-тұзы «бұйырмаған» екі вице-президенттің бірі Сергей Яшиннің бұрынғы басшысына деген көзқарасы түзу көрінді.

«Мен өзім Мұхтар Жәкішевпен бес жыл бойы бірге қызмет істедім. Ол талантты маман, әрі шебер ұйымдастырушы. «Қазатомпромның» қазіргі жағдайға жетуіне Жәкішевтің сіңірген еңбегі зор. Бұл үшін біз оған тек алғыс айтуымыз керек», - деп тосыннан түрен салған ол, мемлекет қарамағындағы кен орындарды сату туралы келтірген Квятковскаяның деректерімен келіспейтіндігін алға тартты.

«Ондай деректер менде жоқ. Ол кездері мемлекетте мұндай келісімерді жасаудың белгілі бір ережелері болатын. Тек сол орындалды», - дейді вице-президент. Сонымен бірге Яшин мырза, мемлекеттік «құпия» деректерді жатқа білетін Квятковскаяның: «Мұхтар Жәкішевтің заңсыз әрекетінен кейін Қазақстан қазіргі кезде республикадағы барлық уран кен орындарының 23 пайызын ғана иеленіп отыр» деген мәлімдемесін теріске шығарып, аталған көрсеткіш 23 емес, 42 пайыз екендігін ескертті. Және уран қорларын бөлу тек мемлекеттің құзырындағы іс деп нақтылады.

Татьяна Квятковскаяны жалпақ жұрт 1995 жылы сотқа арыз жазып, Парламенттің таратылуына бір кісідей үлес қосқан «тұлға» ретінде жақсы таниды. Жоғарғы жақтың қас-қабағына қарай іс-қимыл жасап, жүктелген тапсырманы тыңғылықты орындайтын ол, үстіміздегі жылдың 1-ші сәуірінде қанына сіңген қашанғы әдетінше «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті қаралайтын «сенсациялық» мәлімдеме таратқан. Содан кейін-ақ, арнаулы қызметтің адамдары бәзбіреулердің білдірген емеурінін түсінді ме қайдам, Жәкішев пен оның орынбасарларын тұтқынға алып, жедел тергеу амалдарын жүргізіп бастады. Мұндай сорақылықты Абай атам кезінде: «Қазақтың қайсысының бар санасы? Қылт етерде дап-дайын бір жаласы. Пысықтың белгісі - арыз беру, Жоқ тұрса да бес бересі, алты аласы...» деп екі-ақ ауыз сөзбен айтып жеткізген.

Бұл ретте әрине, Квятковскаяның жеке басының Жәкішевте алты аласы, бес бересі болмағанымен, «сцераийде» бекітілген рөлді «ойнауға» міндетті. Сонымен біз міне, Татьянаның тағы бір «сюрпризіне» бас шайқап отырмыз

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №23 (263), 18-маусым, 2009 ж.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572