Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5240 10 пікір 5 Маусым, 2019 сағат 11:08

"Әлеуметтік желідегілер диван батырлар" деген стереотиптерден кетуіміз керек

"Саясатқа араласпа", "сен соншалықты кімсің", "өз жөніңді біл", "әлеуметтік желідегілер диван батырлар" деген стереотиптерден кетуіміз керек. Мұны бізге билік пен биліктің сойылын соққан блогерлер, осы жүйенің жалғасқанын қалайтын азаматтар тықпалап келеді. Барлық өркениетті елдерде азаматтар саяси белсенді, әлеуметтік желіде де өз ойларын еркін білдіреді. Егер АҚШ пен Батыс елдерінде басқаша болса мойындар едім ол жақта азаматтар пассивті, саясатқа мүлдем араласпайды, әлеуметтік желіде саясат туралы жазбайды, тек еңбек етеді деп. Бірақ, ол өтірік! Өркениетті елдерде xалық жұмысын да істейді, саясатта да белсенді. Тіпті АҚШ президентіне дейін әлеуметтік желіде қалай жұмыс істейтінін әлем жұртшылығы көріп отыр. Трамп сайлауға түскенде дәл осы СММ-ге көп ақша құю арқылы жеңіске жетті. Кешегі сайлауда Украина президенті Володимир Зеленський де осы әлеуметтік желіге көп қаражат бөлген.

Бізде өз ойыңды еркін білдірер әлеуметтік желіден өзге платформа да жоқ. Не саяси партия, не Парламент, не үкіметте бәсеке, өзгеше ой айту деген жоққа тән. Кешегі 5 жылда бір келетін кандидаттар арасындағы дебатты көрдіңіздер. Президенттікке кандидаттардың сөз сөйлеуіне 90 секундтан берген биліктің сөз бостандығына, креативті ойлар мен сындарға деген көзқарасын осыдан-ақ түсіне беруге болады. Қазіргі авторитарлы жүйеге қоғамның тым-тырыс жүре бергені жақсы. "Хабар" мен "Егеменге" сенген xалқы болса білгенін істейтін ескі жүйенің жалғаса бергенін қалайды.

Қазақстан xалқы саясатқа белсенді араласу арқылы ғана бұл жүйенің бей-берекет бассыздығын тоқтата алады. Әуелі экономика деп 30 жылда келген жеріміз осы. Ендігі кезек саяси реформада. Біздің билік ашық бәсекеге шығудан қорқады. Ешқашан, ешкіммен бәсекеге түспесе де жабық есіктің арғы жағында отырып алып өзін ақылды санайтын элитамыз бар. Бұл сеңді бұзу үшін Қазақстан xалқының саяси белсенділігі, азаматтық қоғам құруға деген ұмтылысы қажет. Сондықтан саясатта белсенді болыңыздар! XXI ғасырдың жаңа мүмкіндіктерін барынша қолданыңыздар!

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566