Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ел іші... 7903 9 пікір 6 Маусым, 2019 сағат 12:26

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына "Құрметті сенатор" атағын беру - тарихи шешім!

Қазақстан Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" куәлігі мен төсбелгісін тапсырды.

"Бүгін Сенат тарихындағы тағы бір ерекше күн. Сенаттың өткен отырысында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына "Құрметті сенатор" атағын беру туралы тарихи шешімді бірауыздан қабылдады. 

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге "Құрметті сенатор" атағын беру туралы шешім - бұл сөзсіз мемлекеттігіміздің негізін қалаудағы, әлем мойындаған стратегиялық даму бағытын айқындаудағы сіздің сіңірген еңбегіңіздің бағалануы. Сіздің қос палаталы парламент құрудағы жасампаздығыңыз бен кәсібилігіңіз үшін сенаторлардың осы бір ықыласын қабыл алыңыз" деді Дариға Назарбаев.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев сенаторларға алғысын айтып, пікір білдірді.

"Мен өз мандатымды тапсырып, қызметімді тоқтату туралы шешімге келгенімде барлық шетелдік мемлекет басшылары маған хабарласып, хат жолдады. Дәл осыншалық реакция болғанына мен өзім де таң қалдым.

Біз барлығыына билік транзиті мәселесін қалай шешу керектігінің үлгісін кезекті рет көрсеттік. Олар дәл осыған  реакция көрсетті. Яғни, халық даналығы әрқашан орындалады. 

Мен сіздерге алғыс айтамын. Сенатқа келіп, ой-пікірімді айтып тұрамын. Керек болса, бірге ақылдасатын боламыз", деді Нұрсұлтан  Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" лауазымын беру туралы бастаманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурыздағы инаугурация кезінде ұсынған болатын.

"Құрметті сенатор" лауазымы палата отырыстарына қатысуға, қандай да бір шешімдерді шығаруға араласуға, пікір қосуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, "Құрметті сенатор" атағы Қазақстан тарихында тұңғыш рет беріліп отыр. Сонымен, бұл лауазым иесіне қандай құқықтар беріледі?

"Құрметті сенатор" лауазымының иегері:

-Сенаттың барлық отырыстарына қатысады,

-Комитеттердің отырыстарына қатысады (соның ішінде ашық отырыстарға да қатысып, өзінің ой-пікірін білдіре алады),

-"Құрметті сенатор" жалақы алмайды,

-Дауыс беру процессіне қатыспайды,

-Жаңа мәртебе сенат төрағасының үстінен қарап, біреудің атынан шешім қабылдауға құқық бермейді.

Түйін. "Құрметті сенатор" атағы бұл  - қоғамдық лауазым. Бұл лауазым иесі қоғамдық жұмыстарға, заң шығарушы жұмыстарға атсалысып, пікір-ұсыныстар айтуға құқылы. Екіншіден, бұл - Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш президентіне деген ел-халықтың ықыласы һәм құрметі! Қазірге уақта, бізді қойып, бүкіл әлем жұртшылығы Елбасының саяси шешімдері мен тәжірбиелерін мойындады. Халықаралық ұйымдар, соның ішінде ЕАЭО мен Түркі кеңесі мемлекеттерінің басшылары да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының елеулі еңбегін ескергендіктен - "Құрметті төраға" етіп сайлады.

Елбасының өмірлік тәжірибесін сол ұйымның жұмысында пайдалану керек дегенді Александр Лукашенко мен Владимир Путин бастап айтты. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына "Құрметті сенатор" атағын беру - тарихи шешім екені даусыз...

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572