Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3681 0 пікір 30 Маусым, 2011 сағат 05:10

Бекболат Тілеухан, депутат. Орал орыстың қаласы ма?

Депутат Бекболат Тілеухан ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке жолдаған депутаттық сауалы.

«Туризм - ел имдижіне әсері ерекше сала. Сол төңіректе берілетін ақпараттың да ел жөнінде пікір түюіне ықпалы айырықша. Сондықтан осы бағыттағы ақпараттарға ерекше назар аудару - мемлекет қауіпсіздігіне  қатысты шара дер едім.

Айтқалы отырғаным Қазақстандағы екі үлкен авиакомпанияның бірі  Скат  авиакомпаниясының бортындағы  «Let's go» орысшасы  «Поехали» (5 номер 2011жыл.) журналының ішіндегі ақпарат. Авторы Артем Русакович дейтін адамның жазған мақаласы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұстанымына қайшы, ұлтараздықты қоздыруға бағытталған дүние. Терреториялық претензия, мемлекеттік тілдің дамуына наразылығы бар мақала.  Ондағы «В общем специально учить казахски язык для визита в Казахстан нет необходимости» дегенін не деп түсінуге болады?!  Кім Бангладешке бару үшін сол елдің  тілін үйреніпті? Жапонияға турист болып  бару үшін жапон тілін кім үйренеді?  Сонда автор не дегісі келген? Бұның ар жағында қазақ тілінің дамуына деген наразылық айқын көрініп тұр.

Автор мақаланың соңына таман  бірнеше қалаларға тоқталып туристік сипаттама бере келе,  Орал қаласына келгенде  «Уральск - русский город, волею судеб оказавшися в Казахстане. История Уральска тесно связана с Россией, а с Казахстаном почти ни как» дейді. Бұл не деген сөз? Орал дейтін сөздің түп-төркіні түркінің сөзі.  Орал Байғонысұлы,  сіздің есіміңіз де Орал емес пе?! Орал деген сөздің мғынасы қазақша «қайт» орысша «вернуться», «кері қайт, еліңе орал»  дегенді білдіреді. Славян тілінде мұндай сөз түбірімен жоқ. Мұрныңыздың астында тұрған Төле би жатқан Ташкеннен, Әйтеке би жатқан Тамды мен Нұратадан, Әсет жатқан Аяққамыр Тарбағатайдан айрылып қалған қазаққа, орыстан жер тартып алатындай  күшті қазақ байғұсқа кім беріпті?!. Күні кеше ғана қазаққа астана болған Орынбордан айырылып отырғанымызда, күй атасы Құрманғазы жатқан Астрахан өңірінен айырылып жатқанымызда, «Еділдің бойы ен тоғай ел қондырсам деп едім» дейтін  Махамбет айтпақшы, я болмаса

«Еділдің бойын ен жайлап,

Шалғынына бие біз байлап,

Орындықтай қара сабадан боз бала мен

күліп-ойнап қымыз ішер күн қайда?» деп кезінде Доспамбеттер  жырлаған  Еділдің бойы бүгінде бөтен елдің терреториясында қалып жатқанда, үлкен Орал сияқты қаланы орыстан тартып алатындай құдірет қазаққа қашан бітпті. Бұнымен не дегісі келген автор?!

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!  Қазір қазақ ұлтының намысына тиетін, ұлтараздықты қоздыратын мақалалар, әртүрлі шабуылдардың сериясы басталып кеткенге ұқсайды. Мынау соның бір жалғасы іспетті. Бұған тез арада тоқтау салу үшін, Үкімет тарапынан арнайы жиналыстар, дөңгелек үстелдер, я болмаса басқада бір нақты шаралар қажет деп білеміз».

Депутаттың сауалын ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295