Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2243 0 пікір 7 Маусым, 2019 сағат 11:37

Биыл Қарағанды облысында 560 көпбалалы отбасы баспаналы болмақ

Елімізде көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін мемлекет тарапынан бірнеше нақты қадамдар жасалып жатыр. Мәселен, Қарағанды облысында көпбалалы аналарды баспанамен қамту жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп келеді.

Осыған сәйкес, Қарағанды облысы, Шет ауданының Ақадыр ауылында 11 жанұя тұрғын үймен қамтылып, баспаналы болды. Бұл - ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына арғана “Бес әлеуметтік бастамасы” негізінде іске асып отыр. Ол бастамаға сәйкес, “Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктерін”  қарастыру, сол арқылы халықтың баспанаға мұқтаждығын шешу қарастырылған болатын. Осы бастаманың негізінде Ақадыр кентінің көпбалалы бірнеше отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Көпбалалы отбасыларға берілген жер үйлердің әрбірінің аумағы 100 шаршы метрден асады. Сонымен қатар, әрбір баспананың іші толық жиһазбен қамтамасыз етілген. Ал, аталған үйлерді көпбалалы жанұяларға “Асана Моторс” компаниясы сыйға тартқан.

Ақадырлық ағайынға тұрғын үй кілттерін өңір басшысы Ерлан Қошанов пен “Астана Моторс” компаниясының Президенті Нұрлан Смағұлов тапсырды.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл Қарағанды облысында пәтер кезегінде тұрған тұрғындардан 700 отбасы баспана кілтін алады. Тұрғын үймен қамтылғандардың үштен бірі жеке кәсіпкерлердің көмегімен үй алған. Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес өңірдегі көпбалалы отбасыларға айрықша кһңіл бөлініп отырған көрінеді. Алайда, олар үшін ең маңызды мәселе – тұрғын үй мәселесі екенін ескерсек, бұл мәселенің оң шешім табуына жергілікті кәсіпкерлердің көмегі орасан зор.

Жалпы, еліміз егемендік алған жылдардан бері мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау мақсатында іргелі жұмыстар атқарылды. Бүгінде кәсібі өрге домалап, аятарынан тұрған сол азаматтар енді мемлекетке көмектесетін уақыт келді.

-Біздің ұрпағымыз осындай әр ісі елге үлгі болар азаматтарды көріп өсуі керек. Бұл тұрғыда Елбасымыздың “Туған жер” бағдарламасы көпке үлгі болады. Ондағы әр адамның өз жеріне, еліне көмек көрсету қажеттігі нақты мысал ретінде келтірілген,- деді өңір басшысы Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, тұрғын үйлердің аумағы баспанаға қоныстанған тұрғындардың шарушалықыпен айналысуы үшін ыңғайлы. Яғни, әрбір жеке жер телімі бар қоныстанушы бау-бақша егіп, бағбандықпен айналыса алады.

Аталған баспаналардың біріне ие болған Айзада Рыспаеваның айтуынша, тұрғын үйлердің өзімен қатар ауласы да кең. Және, балалардың ойнауына ыңғайлы етіп жасалған. Ал, үйдің сыртында бау-бақшаға арналған жер бар. Онда көкөніс егіп, бағбандық жұмыстарды атқаруға болады.

-Біз баспана кезегінде 8 жылдай тұрдық. Қазір жасым 32 де. 4 балам бар. Қасиетті Рамазан айында зәулім сарайдай баспананың иесі атандық. Әрине қуаныштымыз,. Әсіресе, балапандарым риза. Өйткені үйіміз балалардың мектебіне жақын, орталықта орналасқан. Біз сияқты көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп отырған мемлекетке, “Астана Моторс” компаниясының басшыларына көп рахмет айтамын, - дейді төрт баланың анасы Айзада Рыспаева.

Бүгінде елімізге кеңінен танымал “Астана Моторс” компаниясы тек көпбалалы отбасыларға ғана қолдау көрсетіп қоймай, жергілікті мектептің бітіруші талантты түлектеріне қолдау көрсетіп отыр. Енді Қарағндылық жас түлектер еліміздің үздік жоғары оқу орындарын тегін оқитын болады.

Аталған компанияның директоры Нұрлан Смағұловтың айтуынша, “Астана Моторс” компаниясы қайырымдылық шараларымен үнемі айналысып келеді. Адамдарға көмектесу бұл компания өкілдерінің өмір салты.

-Ақадырда менің әкем балалық шағын өткізген. Бұл жер – менің ата-бабамның кіндік қаны тамған жер. Демек, менің де кіші Отаным. Меніңше, табысқа жеткен кез-келген азамат туған жерінің алдындағы перзенттік парызын өтеуі тиіс. Ал, бүгін мен өзімнің туыстарыма өол ұшын созып жатқаныма қуаныштымын,-деді компания басшысы.

Бұл компания 2011 жылы Ақадыр тұрғындары үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебін салған. Онда балалардың жүзу, күреспен айналысуға арналған зал бар. Сондай-ақ, аталған нысанда қазақша күрес, самбо, футбол чемпионаттары мен дзюдо жарыстары өтеді.

Ал, Қарағанды облыстық әкімдігінің ақпаратына сәйкес, биыл Ақадыр ауылында 70 пәтерлі баспана қалпына келтіріліп, пайдалануға берілген болатын. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар да қамтылған. Бүгінде олардың барлығы баспана кезегінде тұр.

Сонымен қатар, биыл Ақадыр кентінде тағы 32 пәтерлі тұрғын үй салынады. Ал, келер жылы қосымша екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берлмек.

Осыған дейін, аталған аймақта 27 отбасы қоныс тойын тойлаған. Олардың ішінде Балқаш, Абай, Саран сынды қалалармен қатар, Қарқаралы, Нұра тағы басқа аудан тұрғындарының көпбалалы отбасыларына пәтер кілттері тапсырылған.

Ал, маусым айының басына қарай Қарағандылық 86 көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілген. Облыстық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, биыл өңірде 560 көпбалалы отбасы тұрғын үйдің иесі атанбақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3510