Жексенбі, 24 Қараша 2024
2551 0 пікір 4 Маусым, 2019 сағат 10:22

Еспаеваның Президенттікке үміткер болуы – елдегі гендерлік саясаттың жемісі

Елімізде алдағы 9-маусым күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясына ресми тіркелген үміткерлер қазір сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал, биылғы сайлаудың бір ерекшелігі жеті кандидаттың ішінде алғаш рет әйел адам президенттікке үміткер болып ұсынылды.

Ол – саяси додаға “Ақ жол” партиясының атынан түсіп отырған – Дания Мәдиқызы Еспаева.

Сәуір айының соңында “Ақ жол” партиясының 300 ге жуық делегаттары қатысқан партия сьезі өтті. Онда 6 үміткер бақ сынасқан. Ал, делегат өкілдері сол алтауға дауыс беру арқылы Дания Мәдиқызының кандидатурасын қолдаған. Партия сьезінен соң, Дания ханым орталық сайлау комиссиясының талаптарынан өтіп, ресми түрде тіркелді. Осылайша, егемендік алған уақыттан бергі сайлау дейтін саяси додада алғаш рет әйел үміткер бақ сынайды.

Бұл туралы Еуропарламент өкілдері қазақстандық әйел кандидатқа қатысты пікір білдірді. Мәселен, Еуроодақ либералдар мен демократтар альянсының мүшесі И.Григуленің айтуынша, “Ақ жол” партиясының сьезінен соң, Еуропарламент депутаттары Еспаеваның кандидатурасына үлкен қызығушылық танытқан. Сондай-ақ, олар  Дания ханымның бұл саяси қадамы арқылы Қазақстанның миллиондаған әйелдеріне жол ашылып, ел тарихының жаңа кезеңі басталды деп бағалайды.Сондай-ақ, Григуле: “Құпия дауыс беру мен дебаттан кейінгі жеңісіңіз – еуропалық дәстүрдің сіздің елдегі саяси тәжірибеге енуіне үлкен ықпал еттіңіз” деген ойын айтқан.

Айта кетейік, Дания ханым сияқты әйел адамдардың мемлекет басқаруға деген талпынысы Қазақстанды айтпағанда, Орталық азия мемлекеттерінде сирек кездеседі. Ал, әлемдік масштабта қалыпты құбылыс саналатын бұл қадам - еліміздегі гендерлік саясаттың оң нәтиже бергеніне нақты мысал бола алады.

Ал, еспаева секілді саяси додада жүрген нәзік жандылардың әрекетін қоғам қалай қабылдайды дегенге келсек. Еліміз әйелдер құқығын қорғау жөнінен әлемнің дамыған 30 еліне кіреді. Мәселен, бүгінде қазақстан әскерінде мыңға жуық әйел офицер бар. Ал, еліміздегі әйелдердің үштен бірі әртүрлі кәсіпорын тізгінін ұстап отыр. Ал, Қазақстан халқының 52 % нәзік жандылар құрайды. Сонымен қатар Қазақстанның негізгі заң шығарушы орындарында отырған депутаттардың 30 проценті әйелдер.

Ал, 10 процент әйелдер жергілікті басқару органдарының тізгінін ұстаған. Кейбір дерекетерге сәйкес, елімізде 300 ден астам әйел аудан, ауыл әкімдерінің қызметін атқарып отыр. Ал, бүгінде мектеп мұғалімдерінің 80-90 пайызы әйел адамдар екенін де ескеруге тиіспіз.

Сонымен, Еспаева ханымның сайлауалды бағдарламасына көз жүгіртсек. Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады. Бірінші – тұрақты дамудың негізі – бәсекелестік пен жаппай кәсіпкерлік. Екінші бағдарлама – Ұлттық Тәуелсіздік.Үшінші – жемқорлықпен күресу және де-офшоризация. Сондай-ақ, Еспаева ханым өзінің сайлауалды бағдарламасында “әлеуметтік әділдік, нарықтық экономика, демократия ғана лайықты өмірдің кепілі болады” дейді. Еспаева ханымның бұл сөздері - еліміздегі қанша әйелдердің қоғамдағы белсенділігі артуына себеп болды.

Демек, алдағы уақытта да қоғамның әр саласында әйел адамдардың рольі арта бермек. Бұл әлемдің тәжірибе. Демократияны негізі ұстаным еткен еуропалық дәстүрдің жарқын көрінісі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566