Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 5145 30 пікір 5 Шілде, 2019 сағат 13:36

Ресей патриархының желбегейіндегі дұға

Сонау жылдары есімі әйгілі саясаткер, Ресей үкіметінің басшысы Евгений Примаков бір күні Ресейдің ең жоғарғы дінбасы патриарх Алексеиймен душарласып қалыпты. Ұлты еврей Е.Примаковтың негізгі мамандығы шығыстанушы әрі араб тілін жетік меңгерген өте мәдениетті де сыпайы адам-тұғын. Үкімет адамымен кездесуге патриарх Алексий де ең басты діни киімін киіп келіпті. Киімнің сыртынан мойнынан төмен қарай жалпақ қос асырма таспа  асулы тұрады. Патриархтың мойнындағы асырмада жазылған жазуды көрген Примаков жәй ғана жымиып бұл матаны шіркеу қайдан алатынын сұрайды. Алексий бұл өте қасиетті асырма, бұны тек ең жоғары деңгейлі рәсімдер кезінде мойнымызға асып аламыз. Бұл жүздеген жылдардан бері келе жатқан салтымыз дейді. Сонда Е.Примаков жымиып: «Бұл қасиетті асырмада не жазылғанын оқу ешқайсыңыздың есіңізге келмеді ме» деп сұрайды.  Ал патриарх бұл асырмада ешқандай да жазу жоқ дегендей қылады. Примаковтың жымиып тұрып айтып бергенін естіген Алексий патриархтың көзі шарасынан шыға жаздапты. Сөйтсе, Сириядан сатып алынған парча-таспада әдемі өрнектеп тұрып «Лә иллаһа иллалаһу уа Мұхаммад-расулуллаһ» деп жазылған екен. Примаков патриархпен жылышырайлы қоштасып шығып баратып та жымиып күліп бара жатыпты, ал патриарх Алексий кездесуден осы күнгі сәнді сөзбен айтқанда «шок алып қайтыпты» дейді екен сол кездесуде болғандар.

Осындайда ойға түседі-ау: Ресейді Ресей қылған 1-Петрдің ұлты кім екені туралы пікірталас көп, әйтеуір таза орыс емесі анық. Оның С.Петербургтегі ескерткішінің авторы Фальконе деген француз. Екатерина патшайым – неміс қызы. Атақты қолбасылар Барклай де Толли, Багратиондарды айтпағанда күні кешеге шейінгі әскербасылары, генерал-губернаторлары толған неміс, Пушкиннің тегі – араб, Толстой – неміс, Лермонтов – шотландиялық, Блок – неміс, Есенин – Исен татардың тұқымы т.с.с. Дінбасыларының мойнына асқан асырмасындағы жазу анау. Өздері «Москва», «Кремль» деген сөздердің не мағына беретінін білмейді. Тілінің тең жартысы – тюркизм. Сірә, орекеңдер де біздің қазекең сияқты аңқаулау, ақкөңіл халық па деп қаламын кейде. Олай дейін десем, өздерін «великий русский народ» дейтіні тағы бар. Әйтеуір түсініксіз.

Мырзан Кенжебай

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371