Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2861 0 пікір 6 Шілде, 2011 сағат 19:23

Еркебұлан Әлімханұлы. АҚШ және Барак Обама

Биылғы елеулі тарихи оқиғалардың арасында АҚШ-тың жауы, әлемдегі №1 террорист деп қабылданған Усама Бен Ладеннің өлтірілуі, алдағы айлардан бастап АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылатындығы болды. Кеңес әскері Ауғанстанға кіргеннен кейін сонау 80-шы жылдары пайда болған Бен Ладен есімі, 2001 жылғы 11-қыркүйек терактісінен кейін күллі әлем таныды. Тіпті жаһандағы ең танымал тұлғалардың арасынан ойып тұрып орын алды. Осы терактіден кейін Бен Ладеннің қыр соңына түскен АҚШ, Ауғанстан мен Иракқа басып кіргеннен кейін арада тура он жыл өткенде ғана террористің көзін жоя алды. Он жыл бойы таптырмаған Бен Ладеннің ізі Пәкістаннан шықты.

АҚШ үкіметіне қырын сарапшылардың көпшілігі Бен Ладенді кезінде Ауғанстанға кірген КСРО-ға қарсы қолданған АҚШ-тың жансызы деп қабылдады және оның Орталық Барлау Басқармасына жұмыс жасағанын айтады. Олар, АҚШ Ауғанстан мен Иракқа басып кіру үшін Бен Ладен деген жау ойлап тапқанын жазады (кейбірі бұл адамның әлдеқашан көз жұмғанына сенеді). Сондықтан бұл сарапшылар Бен Ладеннің көзін жою операциясы АҚШ-тың кезекті ойыны деп біледі. Олай болса қуыршақ Бен Ладеннің көзін құрту неге қазір керек болды?

Биылғы елеулі тарихи оқиғалардың арасында АҚШ-тың жауы, әлемдегі №1 террорист деп қабылданған Усама Бен Ладеннің өлтірілуі, алдағы айлардан бастап АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылатындығы болды. Кеңес әскері Ауғанстанға кіргеннен кейін сонау 80-шы жылдары пайда болған Бен Ладен есімі, 2001 жылғы 11-қыркүйек терактісінен кейін күллі әлем таныды. Тіпті жаһандағы ең танымал тұлғалардың арасынан ойып тұрып орын алды. Осы терактіден кейін Бен Ладеннің қыр соңына түскен АҚШ, Ауғанстан мен Иракқа басып кіргеннен кейін арада тура он жыл өткенде ғана террористің көзін жоя алды. Он жыл бойы таптырмаған Бен Ладеннің ізі Пәкістаннан шықты.

АҚШ үкіметіне қырын сарапшылардың көпшілігі Бен Ладенді кезінде Ауғанстанға кірген КСРО-ға қарсы қолданған АҚШ-тың жансызы деп қабылдады және оның Орталық Барлау Басқармасына жұмыс жасағанын айтады. Олар, АҚШ Ауғанстан мен Иракқа басып кіру үшін Бен Ладен деген жау ойлап тапқанын жазады (кейбірі бұл адамның әлдеқашан көз жұмғанына сенеді). Сондықтан бұл сарапшылар Бен Ладеннің көзін жою операциясы АҚШ-тың кезекті ойыны деп біледі. Олай болса қуыршақ Бен Ладеннің көзін құрту неге қазір керек болды?

2001 жылға терактіден кейін Ауғанстан мен Иракқа басып кіру АҚШ-тың имиджине үлкен нұқсан келтірді. Осыған дейін демократия мен адам құқықтарының ошағы деп саналып келген ел ендігі жерде агрессор, импереалист деген атқа ие болды. Мұндай атақтан құтылып қайтадан демократия орталығына айналу үшін АҚШ-қа тарихта болмаған үлкен бір өзгеріс қажет еді. Алып елдің саяси сарапшылары мен жасырын элитасы тың өзгеріс енгізуге бел шеше кірісті. Өзіне жүктелген функцияны «абыроймен» атқарып шыққан Кіші Буштың президенттік мерзімі бітуге таяған болатын. Ендеше жағымсыз Буштың орнына АҚШ-тың жаңа президенті гуманист, әрі демократияшыл болуы тиіс деп шешті. Егер ол қоғамдағы азшылықтар топтардан шыққан болса тіптен жақсы. Осылайша таңдау Барак Обама мен Хиллари Клинтонға түсті. Қай-қайсысы президент болса да ел тарихына жаңа леп әкеледі, әлемге өздерінде нәсілшілдік, гендерлік саясат тб проблемалардың жоқ екенін көрсетеді. Алайда бұл екеуінің арасынан Обаманың кандидатурасы тиімдірек болатын. Өйткені Клинтон ханым президент болып сайланғанмен, ол ешқашан «Темір леди» Маргарэт Тэтчердің атағынан асып түсе алмайды, олай болса АҚШ-тікі тек қана қайталау ғана болады да, әлемдегі имиджіне оң әсері азырақ болады. Демек Барак Обаманы президент етіп сайлау керек, осылайша әлемге өздерінде нәсілшілдік, азшылықты алалау, қандай да бір ұлттық, діни тб ерекшеліктерге байланысты бөлудің жоқ екенін көрсетеді, әрі басқа елдерден де осындай алалауларға жол бермеуді талап ете алады, әлемдегі интеллигенттердің алдында да беделі өседі.

Алайда саяси элитаның бұл шешіміне АҚШ қоғамы дайын болмай шықты. Сондықтан Клинтон мен Обама екеуін Демократиялық партияның атынан сайлауға түсіріп, Республикалық партияның атынан Вьетнам соғысының ардагері деп Джон Маккейнді шығарды. Осы арқылы халықтың жасы ұлғайған Маккейнді емес Обаманы сайлауына жол ашуды көздеді. Бірақ кәрілігіне қарамастан нәсілшіл халықтың Маккейнді таңдап кетуі мүмкін екенін ескеріп, вице президенттікке саясаткерге қарағанда модельдік бейнесі басым, қоғамда көптеген әжуаларға негіз болған Сара Пэйлинді ұсынды. Оның үстіне көптеген ұйымдар арқылы Обаманы насихаттау кең жүргізілді, оны дағдарысқа ұрынған АҚШ экономикасын құтқарушы ретінде сипаттады. Осылайша Обаманы президент етіп «сайлатқан» саяси элита АҚШ тарихында елеулі өзгеріс жасады.

Үгіт-насихат барысында Обама Ирак пен Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын, АҚШ-тың бұл елдерден әскерін алып кететінін айтқан болатын. Сайлауда жеңгеннен кейін әскерді шығару мәселесі күн тәртібінен кейін шегеріле берді, экономикада аяққа тұрып кете салмады, оған Ливиядағы соғыс келіп қосылды. Нәтижесінде Обаманың халық арасындағы беделі де төмендей берді. Конгресс депутаттарының бір бөлігінің (негізінен Республикашылдар) Обамадан Ливиядағы операцияны тоқтатуды талап етуі де оның беделіне нұқсан келтірді. 2012 жылғы сайлау да таяп қалды, егер маңызды шараларды қолға алмаса Обаманың кезекті мерзімге сайлана алмайтынын ұққан сарапшылар АҚШ халқы көптен күткен жағымды жаңалықты, яғни Ауғанстаннан әскер шығаруды бастауды жөн көрді, ал сайлау алды бағдарламасында ол әскер шығаруды Ирактан бастайтынын айтқан болатын (Барак Обаманың сайлау алды бағдарламасы мен жүргізіп отырған саясаты арасында қайшылықтар бар[1]). Бірақ әскер шығару үшін жеңіске жеткендерін, өз миссияларының аяқталғанын көрсету керек. Ал Ауғанстанда миссия аяқталды деп айтатын болса жиі жарылып отырған терактілерге қарап ешкім нанбайды, ендеше қуыршақ Усама Бен Ладеннің көзін жойып жауымызды өлтірдік миссиямыз аяқталды деп шығып кеткен жөн. Оның үстіне «Бен Ладен ойыны» тым ұзаққа созылып кетті, оның тек видеодан көрініп басқа жерден ізі шықпағанына қарап, мұндай адамның жоқ екеніне халықтың көпшілігі де илана бастаған болатын.

Шындығында АҚШ-ты Ауғанстаннан шығуға тек қана 2012 жылғы сайлау ғана итермелеп отырған жоқ. Ел экономикасы дағдарысты еңсере алмай отыр. Ал Ауғанстанда әскер ұстау көп шығын талап етуде, АҚШ болса қорғанысқа бөлінетін қаржыны алдағы жылдары біртіндеп 400 милиард долларға қысқартуды жоспарлап отыр[2]. АҚШ-тың Ауғанстандағы жалпы әскер саны 98 000, оның 10 000 биыл, алдағы жылы қыркүйекке дейін жалпы 33 000 әскер шығарылуы тиіс. Бұл келер жылы бюджетті 17 милиард долларға үнемдеуге мүмкіндік береді.[3] Ал бюджет тапшылығы рекордтық көрсеткіш 1,5 триллион долларға[4] жеткен ел үшін бұл үлкен үнем. Ауғанстанда әскер ұстауға 2010 жылы 100 милиард доллар шығын кеткен, оған Ирак үшін кетіп отырған 62 милиардты қосыңыз.[5] Ливидағы әуе соққыларына алғашқы айда 750 миллион долларға тағы шығындалды, сөйтіп оның шығыны да алғаш жобаланған сомадан асып түсті.[6] АҚШ халықаралық аренада өзін держава ретінде көрсете бастаған 1898 жылғы Куба соғысынан бастап санағанда 25 интервенция жасапты.[7] Бірақ соңғы үш соғыс АҚШ бюджетіне ауыр соққы болып тиді, өйткені дағдарыстағы экономиканың соғыс шығындарын көтерерлік халі жоқ. Экономика рецессияға ұрынбасы үшін амалсыз бюджет қаржысын үнемдеуге тура келеді. Әрине үнемге ең көп қаржы бөлінетін қорғаныс саласы бірінші ұшырайды. Обама әкімшілігінің 2023 жылға дейін бюджет қаржысын 400 милиардқа қысқарту жоспары да амалсыз жасалып отырған қадам. Әрине бұл жоспарды қорғаныс өндірісінің олигархтары мен агрессор реалистер деп аталатын сарапшылар жылы қарсы алған жоқ. Қорғаныс министрі Роберт Гейтс болса бұл саясатқа наразылық ретінде отставкаға кетуде.

АҚШ-тың мұндай халін көрген экономика сарапшылары Қытайдың күткен уақыттан әлдеқайда ертерек бірінші экономикаға айналуға мүмкіндігі бар екенін айтуда. Беделі зор ұйымға жататын, әлем елдерінің экономикасын талдап саралап отыратын, осылайша болашаққа гипотезалар жасайтын Халықаралық Валюта Қоры болса 2016 жылы Қытайдың АҚШ-ты басып озуы мүмкін екенін алға тартады.[8]

Роберт Гейтстің және АҚШ-тың қорғаныс бюджетін қысқартуға наразы сарапшылардың күйінетіндей жөні де бар. Өкшелеп келе жатқан Қытай әскери салада АҚШ-тан әлдеқайда артта қалғанын, сондықтан бұл саланың бюджетін ұлғайтуды жалғастыратынын айтып отыр. 2011 жылы 5-маусымда Сингапурде өткен конференцияда Қытай қорғанс министрі Лиаң Гуаңли «АҚШ-тан әскери салада 20 жылға артта қалып келе жатқандықтарын, өздерінің әлі көбіне 2 -кезең қаруларын қолданып жүргендерін, ал басқа елдердің әлдеқашан 3-қаруларға өткенін, бұл олқылықтың орнын толтыруға тырысатындықтарын»[9] айтып өтті.

Мұндай көрсеткіштер мен болжамдардың барлығы Обаманың беделіне соққы болып тиюде. Обама әкімшілігінің шығындарды қысқартып бюджет тапшылығын азайтуға тырысқан саясаты да көп сынға ұшырауда. Президенттің қалталы Америкалықтарға салықты көбейтіп, бюджет шығындарын азайтуды ұсынған жобасына әзірге Конгрессте басымдыққа ие Республикалықтар оң қабақ танытпауда. Егер шығандар азаймайтын болса АҚШ қарыздарын қайтара алмауына байланысты дефолт жариялауы да мүмкін.

АҚШ-тың қорғаныс бюджетін қысқартуы әлемдік аренадан шегінісінің басталғанын білдіреді. Бір супердержаваның әлсіреп, оның орнын басар екінші бір супер держава табылмай тұрған уақыт «белгісіздік кезең» деген атауға ие болған. Тарихқа жүгінсек мұндай белгісіздік кезең ХХ ғ. алғашқы жартысында орын алған екен. Ол кезде Ұлыбританияның әлемдік аренадан шегінуіне байланысты оның орнын басуға ұмтылған державалар арасында соғыс шығып әлем екі бірдей дүниежүзілік соғыс және басқа да көптеген соғыстар орын алған ең бір тынышсыз уақыт еді. Тек КСРО мен АҚШ әлемге үстемдік құрғанша бұл белгісіздік кезеңі жалғасты, КСРО ыдырағаннан кейін АҚШ-тың шамасы әлемді уысында ұстауға жетіп отырды. Бірақ арада жиырма жыл өткен соң ол күш таусылуғы айналғандай. Ендеше әлем тағы бір белгісіздік кезеңіне кіріп отыр. Бұл белгісіздік кезеңде дүниежүзілік соғыстар орын ала қоймас (онда адамзаттың соңы да келеді), бірақ аймақтық тынышсыздықтардың шығу ықтималы үлкен.

Ендеше бізге де етек-жеңді қымқырып, бір шоқып екі қарайтын кез келгендей. Өйткені біздің тәуелсіздігіміз әлемдік саясаттағы өте сәтті кезеңге дөп келді, АҚШ алыста еді, Ресей өз ішкі мәселесімен бас ауыртып жатқан болатын, Қытай әлі ірі держава ретінде саналмайтын.

 



[1] http://www.chaskor.ru/article/obeshchanie_pobedy_5978

[2] http://www.washingtontimes.com/news/2011/jun/26/gates-leaves-legacy-of-major-achievements-contradi/

[3] http://defensenews.com/story.php?i=6893124&c=AME&s=TOP

[4] http://infox.ru/business/finances/2011/04/12/Dyeficit_byudzhyeta_.phtml

[5] http://defensenews.com/story.php?i=6893124&c=AME&s=TOP

[6] http://www.defensenews.com/story.php?i=6488239&c=AIR&s=MID

[7] http://www.foreignpolicyi.org/content/cutting-defense-would-place-us-greater-peril-debt-crisis

[8] http://www.dailymail.co.uk/news/article-1380486/The-Age-America-ends-2016-IMF-predicts-year-Chinas-economy-surpass-US.html

[9] http://defensenews.com/story.php?i=6736116&c=ASI&s=LAN

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415