Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Анық 5911 21 пікір 15 Шілде, 2019 сағат 17:17

Қасым-Жомарт Тоқаев: Шетелдіктерге жер сатылмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіне жерді пайдалану бойынша мониторинг жүргізуді тапсырды, деп жазады "Tengrinews.kz". 

"Ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу кезінде 16,5 миллион гектар жердің игерілмегені анықтады. Бұл мәселенің бір бөлігі ғана. Үкіметке барлық ауылшаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрлауды тапсырамын.

Жер - өндірістің басты факторы. Осы мәселеде тиімділік көрмей ауыл дамыта алмаймыз. Біз бұл күрделі жұмыс екенін түсінеміз, мұнда ауыл шаруашылығы министрлігі мен цифрлық даму министрлігінің үйлесімді өзара іс-қимылы қажет.

Бұл жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау маңызды. Яғни, келесі жылдың соңына дейін тиісті жағдайға келтірілсін. Барлығын цифрлау. Кім жұмыс істесе жер соның иелігінде болуы керек, - деді Президент.

Сонымен қатар, Президент Жер кодексіне өзгерістер енгізілу мәселесі мен 2021 жылға дейін жарияланған мораторийіге қатысты қоғамдық пікірдің ескерілетінін де айтты.

"Бұл жұмысты соңына дейін жеткізу керек. Жер кодексі нормаларының мораторийі 2021-де аяқталуына байланысты біз осы мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдауға тиіспіз. Парламент депутаттары, жұртшылық бұл мәселе бойынша пікір білдіреді деп үміттенемін. Шетелдіктерге келетін болсақ, жер оларға сатылмайды. Бұл жерде толық айқындық болуы керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969