Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2284 0 пікір 13 Шілде, 2011 сағат 00:55

Нұрияш Әбдіреймова.. Облыс әкімі халықтан неге қорқады?

20 маусым күні Маңғыстау ауданының әкімі Қармыс Бохановпен жергілікті халық әлеуметтік жағдайларының төмендігін, күнен-күнге азық-түліктің, ең қажетті тауарлардың қымбаттап жатқандығын, ереуілдеп жатқан мұнайшылардың талаптарының орындалуын, ауылдағы цемент зауытын қытайлар алып, жұмысқа жергілікті халықты емес, заңсыз келген қытайлықтарды алып жатқанын, жергілікті тұрғындардан тек қана жас қыздарды аламыз деп басынғандықтарын айтып кездескен. 22 күні іс-сапармен келетін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездестіруін сұраған, ол облыс әкімінің халықпен кездесе алмайтынын айтқан.

Халық облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бізбен кездеседі деген үмітпен әкімшілік алдына 22 маусым күні жиналған еді, ол Шетпе поселкісінде салынған аурухана мен балабақшаны салтанатты түрде ашып 4 минут сөз сөйлеп, сосын артқы есіктен шығып халықпен кездеспей кетті.  Бұл нені? Халықты менсінбеу ме, әлде қорыққаны ма?

Есесіне жұртшылық жиналып тұрған жерге бір автобус арнайы жасақ сарбаздарын әкеліп, стребитель ұшағын халықтың үстіне 200 метрге дейін жақындатып ұшырды. Соғыс басталып кетті ме деп үйдегі қарттар қорқып, бесіктегі бала шошыған, ұшақтың гүрілінен үйлердің сылағы құлап түскен. Осылайша билік ашынып отырған Маңғыстаудың халқын  онан сайын ашындырып отыр. Бұл қылықтарын теледидарда Асқар Қонысбаев деген «ойын, жаттығу» деп түсіндірді. Сонда халықпен осылайша ойын ойнағаны ма? Осыдан кейін Қырымбек Көшербаев қалай облыс әкімі болады? Ол орынын босатуы керек.

Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе поселкісінде «Каспий» цемент зауытының құрылысы жүріп жатыр. Оны қытайлық «Sinoma Cpi» құрылыс компаниясы шамамен үш ай бұрын бастап, ылғи қытайларды әкеліп жұмыс істеткен. Қытайлардың өктемсіп кеткеніне ашуланған халық маусымның ортасынан бастап толқуда болып, оны полиция күшпен басып отырды. Ақыры шілденің басында халықтың талабы бойынша көші-қон полициясы қытай компаниясына тексеру жүргізген. Тексеру барысында жұмысшылардың көпшілігі қонақтық визамен келген және визаларының уақыты өтіп кеткені анықталған. Олардың алды елдеріне қайтарыла бастады, бірақ орнына басқа қытайлықтар келмесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Қытайлар облысқа жасырын жолмен келіп жатыр, кейбір дерек көздеріне қарағанда, олар жабық автокөлікпен «жүк» болып келетін көрінеді. Осының барлығын неге құзырлы орындар тексермейді, бұл бізге мүлдем түсініксіз. Әйтеуір халық көтерілген соң қимылдаған түр көрсетіп жатыр.

P.S.

Осыдан 1 ай бұрын Жаңаөзен қаласына бару үшін сумка көтерген екі қытай такси жалдайды. Жолда көлікті қайта-қайта тоқтатып, сумкаларын алып шығып күбірлесіп-күбірлесіп қайта отырады. Жүргізуші байқап қараса екеуі жол бойына уыстап кене шашады екен. Жүргізуші бұл туралы органдарға хабарлаған, оларды полиция алып кетті деген хабар болды, арты не болды белгісіз. Өмір бойы түйелі мекенде тұрып жатқан халық кенеден ауру жұғады дегенді білмеуші еді. Соңғы кезде әр аймақта кене шаққаннан болып жұқпалы ауру тарй бастауының кілтипаны қытайлар емес пе деген ой келеді. Әйтеуір Маңғыстау киелі де қасиетті мекен болғандықтан бір Алланың өзі жар болған шығар, ауру шықпады, халық соған да  шүкіршілік айтып отыр.

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524