Сенбі, 23 Қараша 2024
3559 0 пікір 26 Тамыз, 2019 сағат 10:47

Трамп: G7 жетекшілерінің кейбірі Ресейдің саммитке қатысуын қаламайды

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің жеті державасы жетекшілерінің "Үлкен жетілік" саммитіне Ресейді шақыруға қатысты ұстанымы әртүрлі екенін растады. Саммит келесі жылы Нью-Йорк қаласында өтеді.

"Кейбіреуі менімен келіседі, қалғандары қарсы шықты", - деді Трамп. Ол Францияның Биарриц қаласында өткен "Үлкен жетілік" саммитіндегі келіссөздер туралы пікірін журналистермен бөлісті. Трамп саммитке Ресейді шақыру - "пайдалы" қадам деп біледі. Бұған дейін ол болашақта бұл форумға Ресей президенті Владимир Путинді шақыруы мүмкін екенін мәлімдеген.

Трамптың айтуынша, Францияда өткен саммитте Ресейге қатысты ешқандай шешім қабылданбаған. "Біз бұл мәселені дауысқа салмадық", - деді ол.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің клубқа қайта оралуының кілті "Украинада" екенін мәлімдеген. Германия да Ресейдің бұл форумға қатысуына қарсы шыққан, өйткені Украинаның шығысында соғыс аяқталған жоқ, ал Қырым аннексияланған күйі қалды. Канада мен Ұлыбритания өкілдері осы мазмұндас пікір айтқан. Италия мен Жапония жетекшілері бұл мәселеге қатысты ұстанымдарын жарияламады.

Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония жетекшілерінің екі күндік кездесуі сенбіде басталды. Саммитте Иран төңірегіндегі жағдай да талқыланды. "Жетілік" елдері Иранның ядролық бағдарламасына жол жоқ екендігі туралы ұстанымын Тегеранға жеткізуді Франция президенті Макронға тапсырды. Жексенбі күні кешке Иран СІМ басшысы Джавад Зариф күтпеген жерден Биарриц қаласына ұшып шыққан. Reuters агенттігі Трамптан бұның себебін сұраған, бірақ ол журналист сауалына жауап беруден бас тартқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340