Жұма, 22 Қараша 2024
Зерттеу 9682 11 пікір 29 Тамыз, 2019 сағат 12:41

Қытай Қазақстанға 1,5 млрд доллар инвестиция салды

Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты өзара қарым – қатынас жоспарлы түрде дамуда-өзара сауда көлемі 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 31%-ға артып, 6,8 млрд. АҚШ долларына жетті. Қытайдың жыл сайынғы инвестициялық ағындары орта есеппен 22%-ға ұлғаюда. Серіктестік қатынастарды нығайтуға «Белдеу және жол» бастамасы ықпал етеді, ол Қазақстанға Еуропамен тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу көрсетіп отырғандай, экспорт көлемі 10%-ға ұлғайған кезде ЖІӨ-нің өзгеруі 12%-ды құрайды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың қаңтарында орнатылды. Қазақстан үшін екі жақты өзара қарым-қатынастарды дамыту сыртқы саяси халықаралық қызметтің маңызды бөлігі болып табылады, әсіресе әлемдік экономиканың жаһандануы кезеңінде.

Алғашқы шарттық-құқықтық базаның бірі – 1993 жылы қабылданған Достық өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен декларация Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бастама болды. Одан кейінгі жылдары мемлекет басшылары бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізді, олардың арасында шекара учаскелерін анықтау, ядролық қару-жарақты қолданбау, елдердің ішкі істеріне араласпау, су ресурстарын сақтау және т. б. бойынша уағдаластықтар бар.

Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынастың негізгі сәті 1999 жылы XXI ғасырдағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы Бірлескен декларацияны қабылдау болды. Қол жеткізілген келісім экономикалық өзара қарым-қатынасты жеделдетуге жаңа серпін берді. Бүгінгі таңда Қытай Қазақстанның Ресейден кейінгі ірі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Мәселен, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 6,8 млрд. АҚШ долларын құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артты. Айналым құрылымында қазақстандық өнімнің экспорты басым – 4 млрд. АҚШ доллар.

Ұлттық экономиканың өсуі тауар айналымы, импорт және экспорт көлемімен тығыз байланысты. Мәселен, экспорт 10%-ға ұлғайған кезде ЖІӨ өсімі шамамен 12%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш Қытайдың Қазақстан экономикасы үшін жоғары маңыздылығын түсіндіреді.

Нарықтың тез өзгеріп келе жатқан конъюнктурасы, халықаралық сауда-экономикалық қақтығыстар, әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында Қазақстан мен Қытай арасындағы интеграциялық процестер ұлттық экономиканың дамуына сыртқы тәуекелдердің әсерін төмендету үшін ерекше мән береді. Екі елдің өзара қарым-қатынасының басты бастамаларының бірі 2013 жылғы 7 қыркүйекте алғаш рет ұсынылған «Белдеу және жол» бағдарламасы болып табылады. Бұл бастама Жібек жолы бойындағы сауда және көлік байланыстарын нығайтуға ғана емес, сондай-ақ өңірлік деңгейде де, жаһандық деңгейде де бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал етуге қабілетті.

Дүниежүзілік сауда ұйымының деректері бойынша, 2013 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасына қатысушы елдермен тауар айналымы 5 трлн АҚШ долларынан асты, ал аталған елдерге Қытайдың шетелдік инвестицияларының ағыны (ШИА) шамамен 70 млрд АҚШ долларын құрады.

2015 жылдан бастап Үлкен еуразиялық серіктестікті қалыптастыру аясында Еуразиялық экономикалық одақ пен «Белдеу және жол» тұжырымдамасын үйлестіру жұмыстары басталды. 2019 жылы мамырда ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қытайдың ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2018 жылы 126,3 млрд АҚШ долларын құрады (2017 жылы — 102,7 млрд. АҚШ долл.).

Қытайдың Қазақстанға инвестициялық ағындары 2015 жылдан бастап оң динамиканы көрсетеді – орташа жылдық өсім 22%-ды құрайды. Бұл ретте ең үлкен көлем 2018 жылы-1,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 37,6%-ға және 2015 жылға қарағанда 78,6%-ға көп. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдан жалпы инвестиция ағыны 362 млн. АҚШ долларын құрады.

2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан резиденттерінің Қытай инвесторлары алдындағы міндеттемелері 15,3 млрд. АҚШ далларына жетті. Қазақстан міндеттемелерінің жалпы құрылымында (220,3 млрд. АҚШ долл.) Қытай үлесі 6,9%-ды құрады. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең үлкен көлем көлік және қоймалау (5 млрд. АҚШ долл.) салаларында шоғырланған, тау-кен өндірісі (2,6 млрд. АҚШ долл.), өңдеу өнеркәсібі (2,1 млрд. АҚШ долл.), құрылыс (2 млрд. АҚШ).

Міндеттемелердің негізгі көлемі 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 9,1 млрд. АҚШ долларын құраған тікелей инвестициялардың есебінен қалыптасты. Қаржыландырудың басқа нысандары (кредиттеу, лизинг, жобалық, аралас салымдар және т. б.) 6,2 млрд. АҚШ долларына жетті, ал портфельдік инвестициялар – тек 464,8 мың АҚШ долл. құрады.

Портфельдік инвестициялар ұлттық экономика үшін жоғары пайданы білдіреді, себебі инвесторларға кәсіпорынның қызметін бақылау немесе оны иелену құқығын бермей ақша қаражатын тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қаржыландырудың осы нысаны жоғары өтімділікке ие, әртараптандыру қағидаттарына жауап береді және инвестициялау мерзімдерін дербес реттеуге мүмкіндік береді. Дегенмен де, Қазақстанда олардың танымалдылығы төмен. Бұл құнды қағаздарға инвестициялау, халықаралық эмитенттерді тарту және халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялау мүмкіндігімен толыққанды қор нарығын дамыту 2018 жылдың 5 шілдесінде Astana International Exchange (AIX) «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құрудан басталды. Қытай қор биржасын құру идеясын қолдаушылардың бірі болды, Шанхай қор биржасы мен Жібек Жолы Қоры AІХ акционерлері атанды.

Қытай экономикасына салынған отандық инвестициялық ағындар 2018 жылы 41,8 млн. АҚШ долл. құрады, бұл 2017 жылға қарағанда (38,6 млн. АҚШ) 8,2%-ға көп. Қытай Қазақстанның тікелей инвестицияларының жалпы ағыны бойынша Үздік-10 елдің қатарына кіреді – инвестиция үлесі 3,2%-ды құрады.

2019 жылғы шілденің соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда 2,5 мың Қытай кәсіпорны тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 1,1 мың кәсіпорын. Сондай-ақ ел аумағында 3 Қытай Банкі жұмыс істейді: Altyn Bank, Bank of China Kazakhstan және ICBC (Қытайдың сауда-өнеркәсіптік банкі). Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша банктердің активтері 886,2 млрд теңгеге немесе банк секторының жалпы көлемінің 3,5%-на жетті.

Қазақстанда жалпы сомасы 27,4 млрд. АҚШ долларын құрайтын 55 қазақстан-қытай жобасы жүзеге асырылуда. 2015-2018 жылдар аралығында 10 кәсіпорын іске қосылды.

Ең маңызды жобалар:

  • «DanAke» ЖШС цемент өндірісі, China Gezhouba Cement Co. Ltd. 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Инвестициялар 178 млн. АҚШ долларын құрады, 226 жұмыс орны ашылды;
  • «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және JAC Motors, CMC стратегиялық әріптесімен бірлесіп Ірі торапты құрастыру (CKD/SKD) және ұсақ торапты құрастыру (CKD) әдісімен JAC маркалы жеңіл автомобильдер шығару. Кезең-кезеңмен іске қосылды: 2015 жылы I кезең, 2017 жылы II кезең. Инвестициялар 22 млн. АҚШ долларын құрады, 350 жұмыс орны ашылды.
  • «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА аумағындағы құрғақ порт, «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС, Lianyungang Port Holding Group Co. Ltd., COSCO Shipping Lines Co. Ltd. Инвестициялар 76 млн. АҚШ долларын құрады.

Іске асыру кезеңінде 13 жоба бар, 2019 жылы жалпы сомасы 350 млн. АҚШ долларын құрайтын 3 жобаны іске қосу күтілуде.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290