Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4045 0 пікір 2 Тамыз, 2011 сағат 08:34

Ғаділше ӨТЕБӘЛІ. Исатай батырдың зираты қайда?

Ішкі Ордадағы көтерілістің тарихын алғашқы зерттеушілер (А.Рязанов, М.Вят­кин, А.Шахматов) осы шайқас тура­лы жазғанмен (Ақбұлақ қырғыны), қаза болған сарбаздардың, соның ішінде Исатайдың қай жерге жерленгені тура­лы ешқандай хабар бермейді.

Исатайтануда қазақ тіліндегі ал­ғаш­қы дерек ғалым Халел Досмұха­мед­ұлының естеліктері деуге болады. Ол көлемі шағын бір-екі мақаласында («Қа­зақ батырлары: Исатай, Махамбет», «Тай­манұлы Исатайдың қозға­лы­сы ту­ра­сында қысқаша мағлұмат») үш рет қай­талап жазып кетіпті: «Иса­тайдың сү­йегі Темір уезіндегі Қиыл деген өзеннің бойында «Шолақ­мол­да» деген молада». Мақалада екіұш­ты, құр әшейін сөз жоқ. Яғни, ғалым­ның жазғаны - өзі анық білетін, шын­дыққа келетін мәселе.

Исатайдың соңғы шайқасы туралы негізгі құжат полковник Геккенің «Рапорт полковника Гекке Оренбургскому военному губернатору о сражении с пов­станцами при реке Акбулак и гибели Исатая Тайманова» (13.07.1838) деген есебі. Онда Гекке Орынбордағы ұлыққа соғыстың мән-жайын қысқа­ша анық жеткізіпті. Яғни, ол Ешкі­қыр­ған­нан түн­­делетіп 60 шақы­рым­дай жү­ріп, Ақ­бұлақтың бұлақ-бас­тауына жетіп құ­ла­ға­нын, 12 шілде күні таңертең со­ғыс­тың осы жерде басталғанын тәп­тіш­тей жа­зыпты. «...Отряд перешёл р. Акбулак, пошёл на противников, ко­торые на­чали медленно отступать...» - дейді ол.

Ішкі Ордадағы көтерілістің тарихын алғашқы зерттеушілер (А.Рязанов, М.Вят­кин, А.Шахматов) осы шайқас тура­лы жазғанмен (Ақбұлақ қырғыны), қаза болған сарбаздардың, соның ішінде Исатайдың қай жерге жерленгені тура­лы ешқандай хабар бермейді.

Исатайтануда қазақ тіліндегі ал­ғаш­қы дерек ғалым Халел Досмұха­мед­ұлының естеліктері деуге болады. Ол көлемі шағын бір-екі мақаласында («Қа­зақ батырлары: Исатай, Махамбет», «Тай­манұлы Исатайдың қозға­лы­сы ту­ра­сында қысқаша мағлұмат») үш рет қай­талап жазып кетіпті: «Иса­тайдың сү­йегі Темір уезіндегі Қиыл деген өзеннің бойында «Шолақ­мол­да» деген молада». Мақалада екіұш­ты, құр әшейін сөз жоқ. Яғни, ғалым­ның жазғаны - өзі анық білетін, шын­дыққа келетін мәселе.

Исатайдың соңғы шайқасы туралы негізгі құжат полковник Геккенің «Рапорт полковника Гекке Оренбургскому военному губернатору о сражении с пов­станцами при реке Акбулак и гибели Исатая Тайманова» (13.07.1838) деген есебі. Онда Гекке Орынбордағы ұлыққа соғыстың мән-жайын қысқа­ша анық жеткізіпті. Яғни, ол Ешкі­қыр­ған­нан түн­­делетіп 60 шақы­рым­дай жү­ріп, Ақ­бұлақтың бұлақ-бас­тауына жетіп құ­ла­ға­нын, 12 шілде күні таңертең со­ғыс­тың осы жерде басталғанын тәп­тіш­тей жа­зыпты. «...Отряд перешёл р. Акбулак, пошёл на противников, ко­торые на­чали медленно отступать...» - дейді ол.

Соңына түскен Айшуақов тобын байқап, исатайлықтар оларға қарсы шабуыл салғанда жасырынған казак-орыс әскерінің қоршауында қалады. Жанталаста шегінген сарбаздарын қор­­ғаштап, соңғы шепте атысып келе жатқан Исатайды сұлтан Айшуақов­тың өзі хорунжий Петровқа «мынау Таймановтың өзі» деп көрсетіп, оқ­қа байлап кететінін ойлағанда бұл жер әрі кеткенде, өзен арнасынан 10-15 шақырымдай деп шамалауға бола­ды. Әдейі тапсырыс алған қуғыншы­лар қатарында он алты казак-орыс, үш қа­зақ (Көпен Субулин, Сәтібай Игітов, Жапар Елекбай) бар көрінеді. Астын­дағы аты жараланған Исатайды найзалап аттан құлатқан үшеу жара­лы ба­тыр­ға тиісе алмай, кезекті мыл­ты­ғы бар казак-орысқа берген көрі­не­ді. Қа­лай болғанда да, жендеттер Иса­тайды Ақбұлақтан көп ұзатпай мерт қылған. Батырдың өлімі туралы сол алғашқы құжатта: «За упорное сопротивление казаки его изрубили (яғни, бүкіл денесіне зақым келген). Урядник Бога­тырев собственною его же саблею разрубил ему голову, а один из казаков окончил его страдания выстрелом из ружья в грудь» - дейді.

Н.Шаяхметов 1968 жылдан бастап Исатайдың зиратын іздеуді бастаған екен. Белгілі антрополог үшін қазба жұмыс­тары нәтижесіз бо­лыпты. - Яғни, «осы Иса­тай­дың зира­ты» деп келген жерлер­ден Исатайдың сү­йегі табыл­мапты. (Жанболат Аупбаев, «Антрополог», «Лениншіл жас», 1980 ж. 20 қаңтар).

Енді «Шейітсай» әңгімесі қайдан, қашан шықты? «Қазақ әде­бие­тін­де» (1962 ж. 14 желтоқсан) Хаттар Дүй­сенәлиевтің «Исатайдың мо­ла­сы та­былды» деген мақаласы шық­қан бола­тын. Онда Ақтөбе облысы, Қобда ауда­н­ы, Қиыл өзені бойындағы (Қиыл сов­хозы) Шейітсайда Исатай батыр­дың денесі көмілген жер та­был­ды. Жергілікті бір ақсақал (оған 7-8 жа­сында ауылы­ның бір қариясы ай­тып­ты) аудан журналистеріне Иса­тай­дың моласын көрсе­тіп­ті деп жазыл­ған осы мақалаға орай (18 қараша 1963 ж.) жауап қатқан Қажым аға Жұ­малиев: «Ма­териал асығыстау жазыл­ған... Ав­тор­дың келтіріп отырған деректері тарихи шындықтан алшақ жа­тыр» деген болатын. Сонымен қатар, академик жазу­шы Исатайдың зира­тын іздес­тірудің бағыт-бағдарын да айтып өте­ді: «Исатай Ақбұлақ өзені­нің Қиылға қараған бетінде Ақ­бұ­лақ­тан 15 ша­қы­рым жерде өледі,» - депті ол. Бұл ал­ғашқы құжаттағы: көтеріліс­ші­лерді Ақ­бұлақтан 15 верст шама­сын­дағы жерге дейін қуып, шашырат­тық деген сөзден алшақ кетпей тұр. Бірақ исатайтануда Халел Досмұха­мед­ұлы көр­сет­кен Шо­лақ­молдаға да, күні кешегі өткен Қажым Жұма­лиев­тың «Ақбұ­лақ­тың Қиыл бетіне қарай 15 шақырымы» да ескерусіз қалып, неге екені белгісіз, бүгін «Шейітсай» алға шығып отыр.

«Жас Алаш» газеті өткен жылдың 18 қарашасын «Исатайдың соңғы шай­қасы немесе Қиыл қырғыны» деген ма­териал­ды көп назарына ұсынды. Онда Шейітсай - тәуелсіздік күресінің құр­баны Исатайдың қаны төгілген жер (өл­ген жері) әрі Исатайдың соңғы шай­қасы болған жер деп көрсетілген. Биыл­ғы жылдың алғашқы нөмірінде «Ана тілі» газеті де Исатай батыр туралы кө­лемді мақала жа­рия­лаған екен. Мұнда да мақала автор­лары «Шейітсай» әңгі­ме­сін жалғасты­рып, осын­да «Иса­тай­дың зираты табы­лып», қор­шау көте­ріл­генін жазады.

Сонымен, Бөкей ордасындағы ха­лық көтерілісінің көсемі Исатай батыр Тай­манұлының зираты қайда? Батыр­дың сүйегін Ақбұлақ-Шолақмолда ма­ңы­нан іздестіру мүмкіншілігі қандай? Исатай-Махамбет рухын асқақтатып, қала төрінде зәулім ескерткіш бой­лат­қан атыраулықтар, Исатай батырдың ұрпақтары не айтады?

Елуінші жылдары Атырау облысы, Қызылқоға ауданының тұрғыны, Иса­тай­дың немере ағасы Жабал Бегәліұлы ұрпағы Нәжімеден Исатайдың мола­сын іздестірген көрінеді. Оған батыр баба моласының Қиыл-Ақбұлақ ара­лы­ғында, Шолақмолда-Үйтас деген жер­де деген хабар Қазақ ССР Ғылым ака­демиясынан келген. Бұл дәйек­те­менің түсініксіздеу тұсы - іздеуші Нә­жімеден Жабал ұрпағы республи­ка­лық мұрағат мекемесіне, болмаса Ор­талық комитет­тің тиісті бөліміне емес (Нә­жі­меден - аудандық партия ко­ми­­тетінің қызмет­кері болатын) - Қазақ ССР Ғы­лым ака­демиясына сілтеме жа­сай­ды. Бүгінде сол Нәжімеден-Парух ұр­пақ­та­рында 50-ші жылдардағы Исатай­дың зира­ты­ның орны көрсетілген құ­жаттар бар ма? Соны кім біледі? Ал осы мәліметті «Исатай-Махамбет» зерт­теу еңбегінде келтірген жазушы Әнес Сарай өзі соңғы шай­қасты Ақбұлақ қырғыны деп ата­ғанмен, «көтерілісшілер сол Ше­йіт­сайға жерленген» деген пікірді алға тартады: «Сонда ортақ зират бар. Иса­тай­дың зи­раты бөлек болған» - дегендей ой ай­та­ды. Яғни, сол 1962 жыл­ғы мақа­ладағы «Шейітсай» әңгімесін қайта­лайды. Бұл 1997 жылы шыққан еңбек.

Сонымен барымен базар деп, осы Шейітсайды «малданып» жүре беруге де бо­лар еді. Бірақ, өйтіп батыр аруағы ал­дын­да күнәпар болуға болмайды. Тағы бір газет «батырдың бас сүйе­гін­сіз денесін тауып, Н.Шаяхметов зерттеуге алып кетіпті» деп жазыпты. Бұл да бос сөз сияқ­ты. Неге десеңіз, бас сүйегі болмаса оның кімдікі екенін ажырату да мүмкін емес қой. Алайда, Н.Шаяхметовтің Шейітсайда жүргіз­ген қазба жұмыстары 40 жыл­дан кейін аңыз-әңгімеге айналып, ан­трополог­тың өзі таппаған «мүрделер та­былып», сол жерге ескерткіш-құлпы­тас ор­нады. Алайда, сол уақытта (1991 ж.) қыруар жұ­мыс атқарғандарға алдын ала (қор­шау, ескерткіш, той, баяндамалар) сол жылдары антропологтың өзімен де, оны­­мен бірге қазба жұмыстарының ба­сы-қасында бол­ған ақтөбелік ғалым-та­рих­шы­лармен де хабарласуға болатын еді ғой...

Өзімізге белгілі, биыл Исатайдың 220 жылдығы. Олай болса, оған да­йын­дықты батырдың топырағы тор­қа­лан­ған жерді іздестіруден бастау қа­жет. Исатай батыр­дың бас сүйегін ешкім ешқайда алып кеткен жоқ. Аруақ­ты батырдың мүрдесі сол 12 шілде күні, қарулас серіктері қаша соғы­сып жүріп, қай төбеде топырақпен бетін жапса, әлі тап сол орнында. Интернет картада (Google Earth) Жарсай мен Ақбұлақ ауылдары­ның арасы 36 км, ал Шолақ­мол­даның шамасы Ақбұлақтың бастау бұла­ғынан 14 км жерде тұр. Жарсайлық Жал­ғас­бай Өтепұлының айтуынша, бұл қо­рымға келіп-кетушілер бар көрінеді. Ақ­төбеде өткен жылы «Исатай қоры» құры­лыпты. Іске сәт! 172 жыл өтсе де зираты табылмай келе жатқан Исатайдың рухын тірілтетін уақыт келгендей.

Ғаділше ӨТЕБӘЛІ.

Батыс Қазақстан облысы.

Суретті салған М.Қалимов.

http://www.egemen.kz/309825.html

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349