Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4712 0 пікір 2 Тамыз, 2011 сағат 09:10

Жорж С.Клейсон. Байлық кілті (жалғасы)

БАЙЛЫҚ  КІЛТІ

ҚАБЫСҚАН  ӘМИЯНДЫ ҚАМПАЙТУ ЖОЛЫ

немесе

ЕЖЕЛГІ  БАБЫЛДАҒЫ  ЕҢ  БАЙ АДАМ

Аңыз-шыны аралас

БҰЛ  КІТАПТЫ  ӘРБІР  МИЛЛИОНЕР  ОҚЫП  ШЫҚҚАН

 

СЕН ТАПҚАН ҚАРЖЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ ҒАНА ӨЗІҢЕ ТИЕСІЛІ

Қабысқан әмиянның жеті дауасы

Бабылдың даңқы мәңгі өшпес. Талай ғасырды аралап, бізге қаптаған ежелгі қалалардың ішінен оның өлшеусіз қазынасы туралы дерек жетіп отыр.

Бірақ ылғи да бұлай бола бермеген. Бабылдың байлығы оның тұрғындарының қаржылық сауатының нәтижесі еді.Оларға әуелі байлыққа жету жолын меңгеру керектігі алдарында тұрды.

Бабылдың ұлы патшасы Сарғон Эламмен арадағы соғыстан қайтқанда, ол ауыр жағдайға душар болды.Бас уәзір оған мынаны баяндады:

БАЙЛЫҚ  КІЛТІ

ҚАБЫСҚАН  ӘМИЯНДЫ ҚАМПАЙТУ ЖОЛЫ

немесе

ЕЖЕЛГІ  БАБЫЛДАҒЫ  ЕҢ  БАЙ АДАМ

Аңыз-шыны аралас

БҰЛ  КІТАПТЫ  ӘРБІР  МИЛЛИОНЕР  ОҚЫП  ШЫҚҚАН

 

СЕН ТАПҚАН ҚАРЖЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ ҒАНА ӨЗІҢЕ ТИЕСІЛІ

Қабысқан әмиянның жеті дауасы

Бабылдың даңқы мәңгі өшпес. Талай ғасырды аралап, бізге қаптаған ежелгі қалалардың ішінен оның өлшеусіз қазынасы туралы дерек жетіп отыр.

Бірақ ылғи да бұлай бола бермеген. Бабылдың байлығы оның тұрғындарының қаржылық сауатының нәтижесі еді.Оларға әуелі байлыққа жету жолын меңгеру керектігі алдарында тұрды.

Бабылдың ұлы патшасы Сарғон Эламмен арадағы соғыстан қайтқанда, ол ауыр жағдайға душар болды.Бас уәзір оған мынаны баяндады:

- Ұлы патша, көп жыл бойы су арналары мен зәулім тәуханалар(храм) тұрғызған кезде ел гүлдене дамыды.Енді бұл құрылыстардың бәрі біткенде, халық сол ауқатынан ажырап қалды.Жұмыссыздар көбейді. Саудагер үшін сатықшы сиреді.Дихандар болса, астығын сата алмай әуре.Тұрғындарда өздеріне керек азықты сатып алатын алтын жоқ.

- Ау, құрылысқа жұмсаған ағыл-тегіл алтын қайда кетті? - мазасыздана сұрады патша.

- Алтын өз жолын тауып сонымен ағып кетті, - деді уәзір.- Алтын қоры сүзгіден өткен ешкі сүтіндей, халықтың қолынан сусып, ат төбеліндей топтың әмиянына көшті.Одан әрі алтынның ағысы іркілді.

Патша ойланып алды да,былай деді:

- Неге аз ғана топтың қолына алтынның бәрі шоғырланды?

-  Өйткені, ол топ солай істеуді білгендерден құралған.- деп жауап берді уәзір.- Оларды табысқа жету ілімін игергендері үшін жауаптай алмаймыз. Сондай-ақ, олардың байлығын қабылетсіздер мен қаржылық сауаты төмен адамдарға бөліп беру де әділетсіз болар еді.

- Неге олай дейсің,- деді патша,- неге жұрттың бәрі сол сауатты меңгеріп, байи алмайды?

- Ол әбден мүмкін, ұлы мәртебелі. Бірақ кім оларды оқытып шығарады? Абыздар ма? Олар қаржы ісін білмейді ғой!

- Баю жолын қаламызда ең жақсы білетін кім бар? - сұрады патша.

- Бұған жауап өзінен өзі туындайды, ұлы мәртебелі.Бабыл қазынасының ең мол қорын иеленген кім?

- Оның дұрыс. Ол - Арқат қой. Бабылдағы шылқыған бай - сол.Оны ертең менің алдыма келтіргін.

Ертеңіне патша бұйырғандай, Арқат бай патша алдында тұрды. Оның бойы тіп-тік, жетпіс жасына қарамастан,рухы асқақ еді.

-  Арқат,- деді оған патша,- сенің Бабылдағы ең ірі бай екенің рас па?

-  Солай дейді ғой жұрттың бәрі, ұлы мәртебелі.

-  Ендеше,сен қалай соншалықты байыдың?

-  Мен даңқты қаламыздың кез келген тұрғыны қол жеткізе алатын мүмкіндіктерді ғана пайдаландым.

-  Сонда сен, қолыңда ештеңе болмай тұрып бастадың ба?

-  Баюға деген үлкен ынта болса - болғаны. Басқа ештеңе де керек емес.

-  Арқат,- сөзін жалғады патша,- қаламыз ауыр халды бастан кешуде, өйткені, баю жолын аз ғана топтың білгені болмаса, көпшілік қаржы қорландыруды білмей, мұсалдат күйін кешуде. Мен Бабылдың әлемдегі ең бай қалаға айналуын қалаймын. Ол үшін бізде жұрт ауқатты болу керек екен. Демек, тұрғындарға баю жолын үйрету керек. Айтшы, Арқат, осы байлыққа жетудің қандай құпиясы бар? Оны білудің жолдары бар ма?

-  Оны білу әбден мүмкін, ұлы патша. Ол ілімді игерген адам басқаларға да үйрете алады.

Патшаның жанары қуаныштан жарқ етті.

-  Арқат, сен менің естігім келген сөзді айттың. Осы ұлы істі қолға алсаң қайтеді? Сен бұқараны оқытатын топқа өз білігіңді бересің бе?

Арқат иілді де былай деді:

-  Сізге қызмет етуге әзірмін. Өз білігімді отандастарыммен бөлісіп, даңқыңыздың артуына үлес қосамын.Сіздің кеңесшіңіз жүз адам сыярлық маған орынжай әзірлесін. Мен әлгі топқа өз әмиянымды толтыруға септік еткен жеті сабағымды берейін де, Бабылдағы әмиян біткеннің толуына үлес қосамын.

Бір апта өткесін, патшаның жарлығымен іріктелген жүз адам барын киіп, Білім сарайының үлкен бөлмесіне алқа қотан отырды. Арқат бөлмеге жұпар иіс тарататын тұтатқыштың жанына жайғасыпты.

-  Қарай гөр, мына Бабылдың басты шонжарына,- деп қасындағысының бүйірін түртіп жатыр жиналғандардың бірі,- Бізден айырмасы жоқ қой.

-  Мен сіздердің алдарыңызда біздің ұлы патшамыздың жарлығы бойынша тұрмын, - деп бастады Арқат,- Бір кезде мен де мол байлықты аңсаған кедей жігіт едім, сол арманға қол жеткізген ілімді тауып, дегеніме жеттім.

Өз өмірімді жоқшылықпен бастадым, сендерден де, Бабылдың басқа кез келген тұрғындарынан да айырмам болған емес.

Менің алғашқы байлығымның қоймасы жұлым-жұлымы шыққан әмияным еді. Оның қабысқан түріне қарап жыным келетін.Мен оны толтыру жөнінде шешім қабылдап, ішінде алтын теңгелердің сылдыры болуын қаладым.Сол себепті, ол үшін барлық сайманды іздеп бақтым. Ақыры оның бір емес жетеуін таптым.

Сендерге мен бүгін бос әмиянға арналған жеті дауаның сыйқырын ашып, оны алтынмен апталғысы келетіндерге ұсынамын. Бір апта бойы күн сайын сендерді осы дауалардың біреуімен таныстырамын.

Менің айтқандарымды қалт жібермей тыңдаңдар.Айтылғандардың бәрін де бірге талдаймыз.Оны өзара талқылаңдар. Қысқасы, әмияндарыңа байлық тұқымын себетін бұл сабақтарды жақсылап игеріңдер.Сендер ең әуелі игілікті жеке бастарыңа жасауларың керек, содан кейін, өздерің игеріп болған соң ғана бұл ілімге өзгелерді сендіріп, оларға сіңіре аласыңдар.

Мен сендерге әмиянды толтырудың қарапайым тәсілдерін үйретемін.Бұл алғашқы саты болмақ. Байлық шыңының бастапқы сатысын баспай тұрып, оның құзар басына бір де бір адам шыға алмайды.

Ал енді алғашқы дауа туралы сөйлесейік.

 

аударған – Серік Әбдірешұлы

Жалғасы бар..

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2055