Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3069 0 пікір 3 Тамыз, 2011 сағат 06:46

Жорж С.Клейсон. Байлық кілті (жалғасы)

БІРІНШІ  ДАУА

Әмиян толтыруды баста

Арқат екінші қатардағы тұнжыраған кісіге қарап:

- Айтшы,қайырымды дос, сенің кәсібің не?- деді.

- Мен жазғышпын. Сазпарақтарға жазба түсірумен шұғылданам.

- Мен де дәл сол кәсіппен алғашқы бақырды тапқан едім.Демек, сенде де игілікке дәл солай жету мүмкіндігі бар.

Енді ол әріректе отырған қызыл шырайлы кісіге қарай сөйледі:

- Сен айтшы, қалай нан тауып жүрсің?

- Мен қасапшымын,- деді ол.- Шаруалардан ешкі сатып алып, соямын да сатамын, ал терісін етікшілерге сауда қыламын.

- Егер сенің жұмысың тұрақты болып, ақша таба білсең, жетістікке мен секілді жетесің.

Осылайша Арқат жиналғандардан олардың кәсіптерін біліп шықты. Сұрақтамалап болғасын, ол былай деді:

- Көрдіңдер ғой, шәкірттер, ақша табатындай мамандық та, кәсіп те жетеді.Қаржы табудың әрбір тәсілі - еңбеккердің өз әмиянына бұрып алатындай алтын жылға. Әрқайсыңның әмияның арқылы ақша ағыны жүреді. Оның тасқынды болу-болмауы өздеріңе байланысты.Келісесіңдер ғой бұған?

Бәрі де бастарын изеді.

- Бірақ та, әрқайсың байлыққа ұмтылсаң, онда өздерің бастаған сол байлық көзінен бастаған мақұл емес пе?

Олар тағы да бас изесті.

БІРІНШІ  ДАУА

Әмиян толтыруды баста

Арқат екінші қатардағы тұнжыраған кісіге қарап:

- Айтшы,қайырымды дос, сенің кәсібің не?- деді.

- Мен жазғышпын. Сазпарақтарға жазба түсірумен шұғылданам.

- Мен де дәл сол кәсіппен алғашқы бақырды тапқан едім.Демек, сенде де игілікке дәл солай жету мүмкіндігі бар.

Енді ол әріректе отырған қызыл шырайлы кісіге қарай сөйледі:

- Сен айтшы, қалай нан тауып жүрсің?

- Мен қасапшымын,- деді ол.- Шаруалардан ешкі сатып алып, соямын да сатамын, ал терісін етікшілерге сауда қыламын.

- Егер сенің жұмысың тұрақты болып, ақша таба білсең, жетістікке мен секілді жетесің.

Осылайша Арқат жиналғандардан олардың кәсіптерін біліп шықты. Сұрақтамалап болғасын, ол былай деді:

- Көрдіңдер ғой, шәкірттер, ақша табатындай мамандық та, кәсіп те жетеді.Қаржы табудың әрбір тәсілі - еңбеккердің өз әмиянына бұрып алатындай алтын жылға. Әрқайсыңның әмияның арқылы ақша ағыны жүреді. Оның тасқынды болу-болмауы өздеріңе байланысты.Келісесіңдер ғой бұған?

Бәрі де бастарын изеді.

- Бірақ та, әрқайсың байлыққа ұмтылсаң, онда өздерің бастаған сол байлық көзінен бастаған мақұл емес пе?

Олар тағы да бас изесті.

Енді Арқат, өзін жұмыртқа сатушы ретінде таныстырған ұялшақтау кісіге назар аударды:

- Егер де себетке ертеңгісін он жұмыртқа салып, кешісін тоғызын ғана алып отырсаң, не болар еді?

- Уақыт өте келе жұмыртқа сыймай кетер еді.

- Неге?

- Өйткені, күн сайын мен алғаннан гөрі салған жұмыртқа бір санға артық қой.

Арқат жиналғандарға күлімсірей қарады:

- Қане, кімнің әмияны бос?

Отырғандар бір біріне мазасыздана қарады да ду күлді, бәрі де әмияндарын алып, оның бос екенін бұлғай көрсетті.

- Жарайды, - сөзін жалғады Арқат. - Ал енді сендерге мен бос әмиянды емдейтін нәрсе туралы айтып берейін. Жұмыртқа сатушыға айтқанымды ауытқымай істеңдер.  Әмиянға түсетін әрбір он теңгенің өз қажеттеріңе тоғызын ғана жұмсаңдар. Әмиян барған сайын қампия түседі де, оның толыққаны жаныңды жадыратады. Мұны істеу жай ғана нәрсе деп ойлайсыңдар ма? Ақиқат әуелден-ақ қарапайым.Мен сендерге қалай байығанымды айтуға уәде еттім. Сеніңдер, менің баюға кірісуім де, дәл осылай басталды. Мен де қабысқан әмиянды ұстаған сайын оны қарғап-сілеп жүрдім.Өйткені, онда менің қажетімді өтейтін ештеңе болмайтын еді. Бірақ жұмсалуға тиіс он ақшаның орнына тоғызын ғана шығындағанымда, ол байғұс қампия бастады. Сендердің әмияндарың да соны бастан өткізеді әлі!

Ал енді мен себебі өзіме де беймәлім бір нәрсені баяндайын. Тапқан қаржының оннан тоғызын ғана қажетіме жұмсай бастағанымда, соның өзі де жеткілікті болып шықты.Мен одан бұрынғыдан бетер кедейлене қоймадым. Оның үстіне, маған ақша бұрынғыдан гөрі тезірек келетін болды. Шамасы, кім де кім табысын қорып, оны рәсуә етпесе, Жаратқанның өзіне мәлім заңы бойынша, оған игілік те оңай келсе керек. Демек, кімнің әмияны қаңырап тұрса, оған алтын жоламайды.

Сендерге бәрінен бұрын не керек? Күнделікті қажетке асыл тастар ма, әлде жылтыраған сылдырмақтар ма, болмаса жұтынған әдемі киім-кешек пен жеңсік ас па? Оның бәрі де өткінші, келесі күні оның болғанын ұмытып-ақ кетесіңдер.Әлде сендерге нағыз құнды нәрсе қажет пе: алтын, жер, мал, сауда, табысты салым? Өз әмияндарыңнан шығаратын ақша сендерге алғашқы топтағы нәрсені әкеледі.Ал, әмиянда қалатын теңгелер сендерге екінші топтағыны бұйыртады.

Менің өзім үшін ашқан, қабысқан әмиянға арналған бірінші дауа - осы, шәкірттерім. Әмиянға түскен әрбір он теңгеден мен тек қана тоғызын ғана шығындаймын. Енді мұны өзара талдап көріңдер. Егер мұның басқаша екенін дәлелдегендерің болса, оны маған ертеңгі отырыста айтарсыңдар.

 

 

ЕКІНШІ  ДАУА

Шығынды қадағала

- Кейбіреулерің маған мынадай сауал қойдыңдар: «Табыстың оннан бір бөлігін қалай сақтауға болады, егер де тапқан табыстың өзі де солайымен тірлікке жетпесе?» - деп бастады екінші күні Арқат өз сөзін.- Кеше кімнің әмияны бос болып еді?

- Бәріміздің де,- шу етті шәкірттер.

- Сендер әртүрлі табыс табасыңдар ғой. Біреуі көп, енді бірі аз дегендей. Біреулерің көпбалалы, енді біріңде жанұя үлкен.Соған қарамастан, бәріңде де әмиян  бірдей босаған. Енді мен сендерге қарапайым емес ақиқатты ашайын. Ол мынау: сендердің бәрің айтатын «күнделікті қажеттілік» табыстарың өскен сайын артып отырады, егер оған өздерің қарсы тұра алмасаңдар.

Күнделікті қажеттілік пен өздеріңнің нәпсілік құмарларыңды шатастырмаңдар.  Әрқайсыңда тапқан табысқа сәйкес қажеттіліктен гөрі құмарларың басым.Сондықтан да жиналған ақша әлгі қаптаған құмарды қандыруға шығындалып жатады.Соған қарамастан, қанағаттандырылмаған құмардың шегі  бәрібір де болмайды.

Шамасына қарамастан адамның бәрінде де құмар көп болады. Мен шылқыған бай болсам да, ойлағанымның бәріне қолым жетеді деп ойлайсыңдар ма? Тіпті де, олай емес. Оның бәріне қол жеткізуге уақытым да жоқ. Күшім де жетпейді. Жүретін жолым да шектеулі. Жегім келген астың бәрін де жей алмаймын. Жаным құмар өмір ләззәтының бәрімен бірдей рахаттанып үлгере алмаймын.

Мынаны ескеріңдер: шаруаның қопсытқан алқабында, тамырына жеткілікті жерде қаптайтын арамшөп секілді, адамның ниетінде де арамшөп қаптайды, егер оның бәрін қанағаттандыруға мүмкіндік табылып жатса. Адамның айналасы қаптаған құмарлық, бірақ оның аз ғана бөлігіне қанағаттануға тура келеді.

Өздеріңнің өмірлеріңе қажетті әдетке бас қатырыңдар. Адам үшін шығынның басты бөлігін солар құрайды. Оларды салауатты түрде қысқартуға да, тыюға да болады. Сондықтан да өздерің ақша жұмсайтын нәрсенің тізімін алдын ала жасағандарың мақұл. Олардың ішіндегі ең қажеттісін ғана іріктеп, оған табыстың оннан тоғызын ғана жұмсау керек. Қалғанын сызып тастап, оларды орындалмайтын тілектерге жатқызып, оған өкінбеген абзал.

Содан соң барлық қажетті шығынды ойластырыңдар.Әмиянды толтыруға тиіс оннан бір бөлік табысқа қол тигізбеңдер. Ол сендердің орындалуға тиісті ең басты тілектерің болсын.Ал шығын кестесі әмиян қампайтуға қажетті ең бірінші көмекші болуы керек.

Осы кезде алтынмен әдіптелген қызыл шапанды шәкірт орнына тұрып, былай деді:

- Мен ерікті адамын. Меніңше, өмірдің бар рахатын тұшынған дұрыс. Сондықтан да, маған нені шығындап, нені тұтынуды нұсқайтын есеп-қисаптың құлы болғым келмейді.Ол жағдай менің өмірімді жадыратпайды әрі өзімді жүк артылған есекке айналдырады.

- Ендеше, ол шығындардың бәрін кім айқындайды, шырағым-ау?- сұрады Арқат.

- Өзім,- деді шәкірт.

- Егер жүк артылған есек қанарға салынған нәрселерді талғайтын болса, оның ішіне ап-ауыр асыл тастар мен кілемді, алтын құймасын салар ма еді? Жоқ. Ол өзіне жем-шөп пен шөлден өтуге қажетті су толы мес артқан болар еді ғой.

Шығын кестесі әмияныңды толтыруға көмекші ғана. Ол саған барлық қажетті нәрсе мен атқарылуы мүмкін басқа да тілекті орындайды ғой. Оның жәрдемімен сен өзіңе нағыз керек нәрсені кездейсоқ құмардан ажырата аласың. Ол түнектегі сәуле секілді, қаржының текке жұмсалу жолына жарық түсіреді де, пайдасыз шығынды доғартады.

Сонымен, қабысқан әмиянға қажетті екінші дауа мынау: табыстың оннан бір бөлігі шығындалмайтындай, қаржыңды күнделікті қажетке де, сайрандауға да және негізгі құмарды қандыруға да жететіндей жұмса.

ҮШІНШІ  ДАУА

Жинақ ақшаңды көбеюге итермеле

- Әмияның тола бастады. Ондағы табыстың оннан бір бөлігін қалдыруға өзіңді көндірдің.Жинақты қору үшін өз шығындарыңды қадағалай бастадыңдар.Енді ақшаларыңды сендерге жұмыс істететін әрі көбейтетіндей сайман керек.Әмиянда жатқан алтын сендердің жандарыңды жадыратып, көңіл тоғайтқанымен, ешбір табыс әкелмейді. Жиналған қаржы - бар болғаны алғашқы қадам ғана.Жинақ табыс әкеле бастағанда ғана есіктен байлық сығалайды.- деп бастады Арқат үшінші күні, шәкірттері алдындағы дәрісін,- Алтынды яғни жинақ қаржыны қалай жұмыс істеткен жөн? Менің алғашқы ақша салымым сәтсіз болып, мен бәрінен жұрдай болдым. Бұның жайын кейінірек айтармын.

Менің алғашқы пайдалы ақша салымым қалқан жасаушы Аққар шеберге қарыздай қосқан қаржым болды.Ол жыл сайын теңіздің арғы бетінен өз кәсібіне жарату үшін көп мөлшерде қола сатып алатын. Ол үшін, саудаға салатын өзінде қаржы болмағандықтан, ол жинағы бар адамдардан қарызға ақша алатын.Ол сенімді жан еді. Алған қарызын қалқандарын сатып біткесін, мұқият түрде үстеме қосып қайтаратын.

Мен ылғи да одан берген ақшаны еселеп қайтарып отырдым.Осылайша менің жинағым молайып қойған жоқ, оның өзі де мол пайда келтіре бастады. Қаржының бұлайша әмиянымды қампайта қайтып жатқаны мені рахатқа бөледі.

Менің сендерге айтарым, шәкірттерім, адамның байлығы - оның әмиянындағы ақша емес. Ол - адамның өзіне қамтамасыз етіп алған тұрақты табыс, әмиянға ылғи да селдей құйылып, оны қампайта түсетін байлық тасқыны. Бұл - әр адамның арманы. Әрқайсысың тіпті, жұмыссыз отырғанда да, саяхатта жүргенде де, әлгі тасқын тоқтамайтындай іске ұмтылу керек.

Мен орасан жетістікке жеттім. Оның молдығы сондай, мені жұрт асқан бай кісі дейді.Менің Аққармен жасаған мәмілем, пайдалы салымның алғашқы байқауы болды.Мен білігім мен тәжірибемді сіңіре отырып, өз салымымды кеңейте түстім. Менің әмияныма басында байлық тасқыны бірнеше бұлақтан, кейінірек көптеген көзден ағылды.

Көрдіңдер ме? Мен өзімнің шағын ғана табысымнан, әрқайсысы маған еселеп байлық таситын алтын құлдар әскерін жасақтауды қолға алдым. Олар да, олардың ұрпақтары да, ұрпақтарының ұрпақтары да менің байлығымды ұлғайғанша тыным таппады.

Алтынды жұмсай білсең, тез арада байлыққа айналады.Мынаған қараңдар: пұл молайтушыға тұңғышы туған шаруа он күміс ақша беріп, ұлы жиырмаға толғанша сақталуына онымен шарттасты делік.Оған молайтушы келісіп, әрбір төрт жыл сайын берілген соманың ширегіндей бөлікке молаюына екі жақ та мәмілелесті.Бұл соманың барлығы шаруаның ұлына тиесілі болғандықтан, ол өсім соманың өзін де салымға қосуды ұсынды.

Ұлы жиырмаға толғанда, шаруа молайтушыға келіп, тапсырған күмісінің жайын сұрады.Молайтушы оған алғашқы он күмістің мәміле негізінде ылғи да өсіп отырып, отыз жарымға жеткенін хабарлады.

Шаруа бұған қуана қайран қалды, және де ұлына бұл соманың әлі де қажеті болмағандықтан, жиналған күмісті молайтушыға одан әрі қалдырды.

Шаруаның ұлы елуге толғанда, оның әкесі одүниелік болған еді, молайтушы шартқа сәйкес оған жүз алпыс жеті күміс сома төледі.

Осылайша, салым сома елу жылда он жеті есеге дерлік өсті.

Қабысқан әмиянға арналған үшінші дауа, міне осы: әрбір теңгені өрістегі қаптаған малдай, өзіндейлерді өндіретіндей етіп, әмиянға байлық ағынын бағыттайтындай жұмысқа салыңдар.

 


аударған – Серік Әбдірешұлы

Жалғасы бар..

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354