Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2154 0 пікір 8 Тамыз, 2011 сағат 19:41

Нұрсұлу Мырзабекова. ПІКІР: УӘЖ

06.08.11.
Тіл тағы да талқыға түсті

Апта ортасында орыстілді ғаламтор басылымдары қазақ тілінің мәселесін көтерді. Бұған түрткі болған Мәдениет министрлігінің тілге байланысты даярлаған жаңа заң жобасы екен. «2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда іс-қағаздары толық мемлекеттік тілге көшеді.

Шенеуніктердің өзі мемлекеттік тілде «сайрауға» мәжбүр болады екен, орыс тілділер енді қайпек?» деген ыңғайда мәселе көтерілген. Әрине, босағада өгей баланың жағдайын кешіп келген ана тіліміз алдағы уақытта өз тұғырына қонса, иісі қазақ бөрігін аспанға атып, қуанары хақ.
Шындығы сол, 1989 жылы қабылданған тіл заңы бүгінгі күннің талабына сай емес. Содан болар, қарға тамырлы қазақтың көп жерде есесі кетіп жатқаны. Ал жаңа заң қабылдана қалса, сол кемшіліктер қалпына келер ме еді?

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Бұл заң жобасын дайындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Оның құрамында көптеген қоғамдық ұйымдар мүшелері бар. Қазір әңгіме арқауы болып жатқан мәселе бұл жұмыс тобы мүшелерінің жинақталған ұсыныстары. Барлық мемлекеттік органдармен ұсыныстары, ғылыми мекемелердің сараптамасы алынғаннан кейін ғана Заң жобасы дайын болады. Қысқасы әлі заң жобасы дайын емес. Сондықтан әлі жасалып болмаған заң жобасын талқыға салудың, орынсыз дабыл қағудың негізі жоқ. Азаматтардың құқықтарын шектейтін, еліміздің Конституциясына қайшы келетін заң қабылданбауға жол берілмейді. Заңға өзгерістер ономастика мәселелері, көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде сауатты жазу мен мемлекеттік тілді тиісті деңгейде білуге міндетті мамандық, лауазым иелерін анықтауға бағытталған. Мемлекеттік тілге құрметпен қарайтын кез келген азамат оған қарсы болмауы тиіс деп ойлаймыз.

Герольд Бельгер, жазушы:
- Мен қазақ тілінің жанашырымын. Ұлтым өзге болса да, қазақ тілін жек көрмейтін, сол тілде жетік сөйлей алатын, ол тілдің көркемдігін, күш-қуатын бір адамдай білетін жанмын. Әрқашан сол тілдің жағындамын. Тәуелсіздік алғалы бері мемлекетік тіл жөнінде әңгіме көп. Бірақ соның нәтижесі аз ба деп қаламын. Анда-санда тілге байланысты айқай шығады, бірақ ешкім соның түбіне жеткізбейді. Жақсы айтылған әңгіменің арты сиырқұйымшақтанып кете барады. Осы жолы да , яғни бірер жылдың көлемінде тұтастай қазақ тіліне көшеді дегенге сенгім келмейді.
Сондықтан орыс тілділер, өзге ұлт өкілдері күні бұрын туламай-ақ қойсын дер едім. Орыс тілі әлі де барлық жерде қолданылуда, қуаты күшті. Сондықтан оған пәлендей қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен орыс тілділер осы жерде тұрып, ауасын жұтып, суын ішіп жатқан соң, қазақ тілін де білген жөн. Мұның өзі - жергілікті жұртты сыйлауы. Қысқасы, мен қазақ тілінің үстемдік жүргізуіне екі қолымды көтеріп қосылар едім. Бірақ бұл жолы да аяқсыз қалмаса екен...

Нұрсұлу Мырзабекова

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=9298&Itemid=2

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458