Гүлнұр ДОСБОЛ. ҚАЗАҚ БОЛҒАНЫМЫЗ ҮШІН АРЛАНЫП ЖҮРМЕЙІК…АРАЛАС НЕКЕ – АЗ ХАЛЫҚТЫ ЖҰТУДЫҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ
Бала кезімде ауылдағы ақсақалдардан «қазақтың жақсысы орыстың жаманын алады» деген сөзді естіп таң қалушы едім, түсінбеген соң аса көңіл аудармайтынмын да. Есейе келе, сөздің байыбына барып, неге бұлай дейтіндерін ұқтым. Себебі сол кезеннің өзін де біздің аталарымыз өзге ұлттың қыздарымен бас қосып жүрген екен. Ол заманды түсінуге де болар, өзге ұлттың қызымен амалсыздан бас қосқандары да қаншама? Сонау қуғын-сүргін заманда Мұхтар Әуезовтың аман қалуын талай адам оның орыс қызына үйленуімен байланыстырды.
Деректерге сенсек, 1940 жылы Кеңес Одағы өзінің құрамында өмір сүріп жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүргізіпті. «Орыстармен үйленген басқа ұлт өкілдері қанша екен?» деп, санап кеп жібергенде, бірінші орынға Латвия секіріп шыққан да, екінші орында - Қазақстан. Ел басқарған азаматтардың қуаныштан бөркі қазандай болып, бірер жылда Латвияны басып озуға ұмтылыс жасағаны жасырын емес.
Бала кезімде ауылдағы ақсақалдардан «қазақтың жақсысы орыстың жаманын алады» деген сөзді естіп таң қалушы едім, түсінбеген соң аса көңіл аудармайтынмын да. Есейе келе, сөздің байыбына барып, неге бұлай дейтіндерін ұқтым. Себебі сол кезеннің өзін де біздің аталарымыз өзге ұлттың қыздарымен бас қосып жүрген екен. Ол заманды түсінуге де болар, өзге ұлттың қызымен амалсыздан бас қосқандары да қаншама? Сонау қуғын-сүргін заманда Мұхтар Әуезовтың аман қалуын талай адам оның орыс қызына үйленуімен байланыстырды.
Деректерге сенсек, 1940 жылы Кеңес Одағы өзінің құрамында өмір сүріп жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүргізіпті. «Орыстармен үйленген басқа ұлт өкілдері қанша екен?» деп, санап кеп жібергенде, бірінші орынға Латвия секіріп шыққан да, екінші орында - Қазақстан. Ел басқарған азаматтардың қуаныштан бөркі қазандай болып, бірер жылда Латвияны басып озуға ұмтылыс жасағаны жасырын емес.
Кейін 1950 жылдары тың игеру кезінде елімізде аралас неке күрт өскен. 1940 жылдары 15 пайыздың шамасында болса, 1950-ші жылдардың соңында 23 пайызға жеткен. 1979 жылы дегенде әрбір бесінші неке - аралас неке болыпты. Біртаңданарлықжағдай, 1980 жылдардың аяғында аралас неке күрт төмендеген. Тіпті 9,7 пайызға дейін құлдырап кеткен. Бұлай болуына әсер еткен дүние - елдегі демократиялық өрлеу және ұлттық сананың оянуы сияқты. Оның сыртында орыстан қатын алған қазаққа көрсетілетін жеңілдіктер (пәтерлі болу, қызметін өсіру) келмеске кетіп бара жатқанын аңғарғандықтан болар біздің алақұйрық азаматтардың басын тарта қойған сыңайлы.
Ал қазіргі уақытта аралас неке үлкен проблемаға айналды. Мәселен, КСРО заманда Қазақстанда әрбір 7-ші неке аралас жағдайда болыпты. Тәуелсіздік алған уақыттан бері, айталық: 2010 жылы 90873 жас шаңырақ көтерсе, оның 18477 аралас неке яғни 20 пайыз. 2011 жыл басталғалы отбасын құрған қазақтар 52636 болса, аралас некеге тұрғандары 3927.
Сэм Харисон деген білгіш: «Әрине, адамның кімге үйленуі - әркімнің өз еркіндегі шаруа. Алайда, аралас неке - аз халықты жұтудың жақсы жолы» депті. Шынында да бұл сөздің жаны бар. Он милионға жуық қазағы бар Қазақстандықтар осылай өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ көтере берер болса, жұтылып, не орыс, не қытай болуы ғажап емес. Дәл қазіргі таңда көршілес Ресейдің өзі бұл мәселені көтеріп дабыл қағуда. Себебі, Ресейде таза орыс халқының саны азайып барады. Ол елдің әрбір төртінші сылқымы жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай кавказдық жігіттерге тұрмысқа шығуға құмар көрінеді. Енді бір 150 жылдан соң таза орыс қандылар тек деревняларда ғана қалады. Ұлттың генафоны қатты өзгеріске ұшырайды деп шырылдауда.
Біздің де жағдайымыз мәз болып тұрғаны шамалы. Қазақтың қаракөз бойжеткендері өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып, қазақылықтан ауылы алыс ұрпақ әкелуде өмірге. Аралас некені қалайтын арулар көбіне-көп шетелде шалқыптасып өмір сүруді көздейді.
Ресейлік "НТВ" телеарнасының беткеұстар журналистерінің бірі чешен қызы Асет Вацуева болды. Ол жүргізетін "Страна и мир", "Сегодня" сынды бағдарламалардың рейтингі шарықтап, чешен қызы тележұлдызға айналды.Сол Асеттің бір сұхбатында:
"Махаббат деген таңғажайып сезімді бастан өткергім келеді. Бірақ басқа ұлттың өкілін сүю арқылы өзін туған халқынан, ұлтынан, отбасынан, дәстүрінен ажыратқан адамның алды - түнек. Ол қараңғылыққа батады. Шынымды айтсам, мен мұндай некелерді құптамаймын да, мойындамаймын да", дегені бар.
Сол Асет Вацуева кейіннен бір-ақ күнде тележүргізуші мамандығын тәрк етіп, себеп-салдарын ешкімге түсіндіріп жатпастан Чешенстанға кетіп қалды. Әйгілі тележүргізушінің қызметтен кету себебін сан-саққа жүгіртіп баққандар көп болған. Соңғы деректерге сүйенсек, ол сөзінде тұрып, тау халқының ұланымен шаңырақ көтерген көрінеді.
Чешен қызының батылдығы, халқына деген сүйіспеншілігі қазақ қыздарының бойына, санасына сіңсе игі. Аруларымыздың ақ бозат мінген ханзадасын өзге ұлттан іздеуі жанға батарлық жәйт. Олар діні, тілі, салт-дәстүрі бөлек ағылшын, орыс, түрік, қытайға шығып, керемет өмір кешемін деп ойлайды. Өмірін ертегідегідей елестетеді. Алайда олар, «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген аталы сөзді ұмытқандай. Сонымен қатар өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қыздарымыздың балалары қазақ болмасы анық. Олар қазақы дәстүрді бойына жинап, тарих пен мәдениетімізді білмей өседі. Білмеген балада кінә жоқ, кінә өзге ұлтты серік еткен анада.
Бекболат Тілеухан бір сұхбатында: «Жиен дейтіннен қайыр жоқ. Мысалы, Троицкіде туған орыстың атақты Федор Никифорович Плевако дейтін адвокаты болды. Шешесі - қазақ. Сол Плевако қазақты қояндай қырып, даласын қан сасытып жатқан кезде біреуге бірауыз қарсы сөз айта алмады. Қазақтың мүддесін жақтап, сол Плеваконың сөйлеген жерін көрген адам жоқ. Аралас некенің көбеюі салдарынан ұлт және ұлттық мемлекет жойылып кетуі мүмкін. Тарихта бұл сөзге дәлелді мысалдар көп. Талай ұлттардың аралас некеден туған балалары өзара қақтығыс кезінде ұлтын сатып кетіп жатқанын тарихтан да, күнделікті өмірден де көріп жүрміз. Орыстілді қазақтардың орыстар жағына шығып кететіні сияқты. 70 жылдардан бастап Қытайда бала шектеу бағдарламасы жүрді. Қытай отбасына бір бала, қытай емеске екі бала деген саясат енді. Қытайлар және ол бір баланың ер бала болғанын қалады. Оларда осылайша ер балалар саны көбейді. Енді оларға қыздарды қайдан табады? Әрине, Қазақстан дейтін ел бар. Қазақстанда қыз көп. Ағылшын киносындағы Борат дейтін кейіпкерді көріңіз, онда да қазақ қызын жәукемдеуден оңай ештеңе жоқ боп көрінеді. Мына «Ирония любви» деген кино арқылы қазақ қызы өзінің жігітін тастап, басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шығуға дайын тұрады. Ана «Қыз қылығы мен былығы» сияқты бағдарламалар арқылы, «Қараой», «Ирония любви» сияқты кинолар арқылы қазақ санасына теріс саясатты сіңіріп жатыр. Олардың ұстанымында: «Қазақтың қызында намыс жоқ». Халықтар достығы дейді де, кинода қазақ қызы орыстың жігітіне немесе басқа ұлттың адамына ғашық болады, тұрмысқа шығады. «Нереальная любовь» дейтін де кино бар, онда да осындай құбылыс. Бұл біздің ғана емес, әлемдік саясаттың жемісі. Бұндай мәселелермен енді мемлекет те күресе алмайды. Мұнымен әрбір қазақ өзі күресуі керек», - деген екен.
Ұлт жанашырының шырылдауы тегін емес. Өзге ұлттан қазақ шығуы қиын. Елі үшін жаны ашып, жүрегі ауыраған бала, ертен Отанына опасыз, ұлтын сатар азамат болары анық. Ғабит Мүсірепов айтады, қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Онысы - жаны мен жаны үндес, ой-арманы үйлес, егіз адамбыз дегені. Ал өзге ұлттың адамы, қазақ қызына жаны үндес, егіз адам болып жүр ме екен? Жауабы табылмас сұрақ.
Сонымен қатар аралас некенің шамадан тыс көбейіп кетуі жеке ұлт немесе ұлттық мемлекеттің жойылуына әкеліп соқтырады. Тарихта ондай оқиғалар жетерлік. Мысалы: өткен ғасырдың басында Испан отарынан азат болған Перу елінде әртүрлі этникалық-әлеуметтік топтар пайда болды. Біріншісі - Перудің титулды халқы - кечуалар. Бұлар барлық халықтың көп пайызын құрады. Екіншісі - отарлаушы испандық креолдар. Барлық билік осыларда болды. Үшіншісі - перулік пен испандық аралас некеден туған - метистер..
Тәуелсіздік алған соң Перудің байырғы халқы дәстүрлі Инк мемлекеті - Тауантинсуйді қайта қалпына келтіріп, Инк империясын жаңғырту идеясын ұсынды. Қысқасы биліктегі креолдар мен халықтың денін құрайтын кечуаларар асында тартыс пайда болды. Осы тартыста аралас некеден туғандар (бізшежиендер) отарлаушы креолдардың жағына шығып кетті (біздегі орыстілді қазақтың орыстаржағына шығып кеткені сияқты).
Метистер испантілі диалектісі мен сөйледі. Олардың тек тұрмысында, киімінде, жүріс-тұрысында ғана аздаған байырғы сипаттар болды. Ақыры бұл метистер бәрін ығыстырып билікті қолына алды. Бұлардың ықпалыныңкүшейгені соншалық Қытай мен Үндіелінен, көршіЛатынАмерикасымемлекеттеріненкеліпқоныстанғанқауымметистердіңжағынашығыпкетті. Оларметистіңтіліндесөйледі, солардың мәдениетін қабылдады.Шетелдік алпауыттар араласнекеден туғантасжүрекметистерді Перу халқыныңболашағы, ұлттыңрухыдепкөтермеледі. Айналасыжүзжылғажетпейбайырғыхалықперуандар (кечуалар) құрыпкетті. Құрымауға бет алғандарыалыс-шалғай тау-тас, орман-тоғайғабарыптығылды. Қалалықжердегілерөздерінкечуалықтармыз деп айтуға арланды.
Міне, Перудің тағдыры осындай, қазақтың басына түспесіне кім кепіл. Мына жағымызда аждақадай қытай, мына жағымызда алпауыт орыс. Біреуі баяу саясатымен жауласа, біреуі жалған достығымен жаулауда. Хакім Абай «Қазақтың досы да, жау да қазақ» деген. Сондықтан орысқа сеніп, «қазақ болғанымыз» үшін арланып жүрмейік.
ДІН НЕ ДЕЙДІ
Ислам - Жаратушы Аллаһ Тағаладан барша адамзатқа жіберілген хақ дін. Ол адам баласына келгеннен кейін, ондағы кез келген үкім оның игілігі үшін беріледі, әрі оның табиғаты ескерілусіз қалмайды. Сол үкімдердің бірі - неке. Алайда ислам да қыз бала мен ер баланың некелесуңнде айырмашылық бар. Шариғатта мәлім болғанындай, мұсылман әйелдің, мұсылман емес еркекпен үйленуі егер діні, наным-сенімі қандай болса да, кітап иелері, яғни, еврей немесе христиан болса да мүлде мүмкін емес. Егер осындай болып қалған жағдайда, бұндай неке бос, бекер болып табылады. Бұндай некеге ешқандай үкімдер жүрмейді. Бұл еркектен туылған бала, оның тегіне жатпайды. Сондай-ақ олар қайтыс болса, бір-бірінен мирас алмайды. Аллаһ тағала айтқан: «Ей, момындар! Сендерге момын әйелдер қоныс аударып келсе, оларды сынаңдар. Олардың имандарын Аллаһ жақсы біледі. Сонда егер оларды момын әйел екендігін білсеңдер, онда оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Бұл әйелдер оларға халал емес, олар да бұларға халал емес...». (Мумтахана, 10).
Бұл орында мұсылман қыздардың ата-аналарына, әсіресе қыздардың өздеріне күйеу таңдауда аса ақылды болу керектігін ескертіп қоюмыз аса маңызды. Өйткені, қыздың өзіне күйеу тапқандығы маңызды емес. Нанымы, пікірі, сұрастырылмаған, момын ба, кәпір ме, мұсылман ба, христиан ба, еврей ме, мүсінге сиынушы, не буддист екендігін білмей тұрып табылған күйеу - қандай күйеу?!
Мәлім болғанындай, негізінде мұсылман еркектің мұсылман емес әйелге үйленуі мүмкін емес. Бірақ егер кітап иелерінен, яғни еврей немесе христиан дінінде болса, үйленуге болады. Бұл туралы кеңінен тарқатып айтатын боламыз. Осы, кітап иелерінен басқа әйелдерге үйлену харам. Сондықтан дінсіз, буддист, индус, бұтпарас, отпарас және исламнан қайтқан әйелге үйленуге болмайды. Аллаһ тағаланы, елшісін, дінін, үкімдерін жақсы көрмеген әйел, мұсылман отбасында дүниеге келген болса да, ешқашан мұсылман болып есептелмейді. Негізінде шариғат мұсылман емес әйелдерге үйленуге бұйырмайды. Керісінше, қандай болғанда да, мұсылман әйелдерге үйленуге бұйырады. Өйткені, мұсылман әйел күйеуіне опалы, балаларына жан күйдіруші болып келеді. Аллаһ тағала айтқан: «Иман келтіргенше мүшрік әйелдерге үйленбеңдер! Шындығында азат мүшрік әйелден, тіпті ол саған ұнаса да, иманды күң әйел жақсырақ...».(Бақара, 221)
Қорыта келгенде мұндай неке, жақсылыққа алып бармайды. Тіптен дінде де қарсылықтар кездеседі. Айта кетерлік тағы бір мәселе, екі ұлттан дүниеге келген баланың кім боларын ойланған да жөн. Бұл дегеніміз бір адамның бойында екі елдің мәдениеті, дәстүрі мен тәрбиесі болады деген сөз. Яғни бала өзінің кім екенін білмей дал болады деген сөз. Қоғамдық орындарда оларға деген көз қараста өзгеше болмақ. «Тең теңімен, тезек қабымен» деген, әр ұлттың өз дәстүрін бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелегеніне не жетсін.
Гүлнұр ДОСБОЛ
http://www.qazaquni.kz/8126.html