Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2701 0 пікір 8 Тамыз, 2011 сағат 20:49

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ. ЖАЙБАСАР МЫЛЖЫҢБАЕВИЧ ЖӘНЕ БІЗ (сықақ әңгіме)

Жасы  қырықтың бел ортасынан асса да біздің Жайбасар Мылжыңбаевич  баяғы сол қалпы. Өтірік айтуды, екі жүзділікті, алдап соғып шаң қаптыруды, жоғарыға жағымпазданып, төмендегілерге қоқилануды көбейтпесе, азайтқан жоқ. «Қарын алға кеткенде, дарынға орын қалмайды» деп бір ақын айтса, айтқандай. Ол жағы енді баршылық. Бірақ, соңғы кезде оның өтірігі өрге баспай жүр.

Оның өзінің маған мемлекеттік тілде айтып, мұң шағуына қарағанда, жалпы бұрыннан жолы ауыр бейбақ көрінеді. Солай болса болар-ау! Ол бір ғана кандидаттық диссертациясының өзін бақандай бес рет жазып жүріп, өлдім-талдым дегенде әрең ғылымға тырнағын іліктірген көрінеді. Оның өзі бір телегей теңіз тарих.

Аспирантура бітірген жас Жайбасар диссертациясын жазып бітіріп, енді қорғайын дей бергенде, күтпеген жерден қайта құру басталып кетіп, онысы іске алғысыз болып қалады. Кеңес одағының жаңа бас хатшысының сөздерінен сілтеме жасап, диссертациясын жамап-жасқап ғылыми кеңеске бара жатқанда «халық жаулары» түгелдей ақталып кетеді де, тағы да жол ортадан қайтады. Амалсыздан үшінші рет қайта жазуға тура келеді.

«Жазған құлда жазық жоқ» - дегендей ғылыми кеңестің есігін енді аша бергенде, жетпіс жылдан астам мызғымай тұрған кеңес одағы жалп ете түседі де, үстемдік құрған компартия тарап кетеді.

Үйіне келіп, қызыл билетті сандықтың түбіне сүңгітіп жібереді де, қайтадан жазуға кіріседі. Бұл жолы онша қиналмайды. Бұрын мақтағандарын даттап, тамсанғандарын боқтап, басын аяғына, аяғын басына шығарып алып барады. Енді мінберге шығып сөз ала бергенде  еліміз ғасырлар бойы күткен тәуелсіздігін жариялап кеп жібереді. Мінберден түсе тұруға тура келеді де, Жайбасар салы суға кетіп, тағы да кері қайтады.

Сонымен жұлма-жұлма диссертациясын бесінші рет қайтадан қойыртпақтап, кейбір сөз таппаған жерлерін «егіле күткен егемендігіміз жасасын!», «тәй-тәй басқан тәуелсіздігіміз тіфә-тіфә!», «А, Құдай, Алаш, Алаш!», «өлгеніміз тірілді, тәуба, тәуба!» деген киелі сөздермен көмкеріп алып барады. Тәуелсіздіктің буына мас болған, жүректері жарыла қуанып отырған ғылыми кеңестегі патриот шалдар бұл жолы оған ғылым кандидаты атағын қинамай-ақ, көрімдік етіп ұсына салады.

Осы атақтың буымен Жайбасар Мылжыңбаевич  бес-алты жыл «бура болып»  белді де белгілі университетте ойқастады. Өзі қатарлас жігіттердің доктор болып жатқанын көрген соң оған да ес кірді. Салып ұрып ғылыми жетекшісі Ақкөңіл Шешеновқа барып еді, ол да құптай жөнелді.

Ақ қағазды даярлап, қара қаламды сиялап енді істі бастамақ болып жүргенде, тосыннан күтпеген оқиға болды. Бір күні Жайбасар Мылжыңбаевич  орталық саябақта баяу ғана шаңдатып келе жатады. Сол сәтте қарсы  алдынан итін жетектеп Жәкең ұшыраса қалады. Ол әлгі біздің биік мәртебелі әрі қаһарлы үлкен бастығымыз ғой. (Отставкадан сақтасын) Жайбасар Мылжыңбаевичтің  жаны қалмай жылпылдап сәлем береді. Онда тұрған түк те жоқ. Оны көргенде бәріміз де естен танып, жорғалап кете жаздаймыз. Ал, оның артық кеткен бір жері бар. Ол бейшара Жәкеңнің халын сұрап қана жөніне кетпеген ғой. Гәп осында!  Жайбасар Мылжыңбаевич  итке де сәлем берген. Үйренген қу болса керек, алдыңғы аяғын ұсынып, сәлемін адамша алған. Сонымен-ақ, кете беретін адам ғой.

Бірақ, ол Жәкеңнің өзіне жағымпазданғаны аз болғандай, тайыншадай төбеттің де көңілін ауламақ болған. Итті сылап-сипайды, тамсанып тұрып мақтайды. Онымен қоймай азу тісіне дейін сүйсініп, сипап көрмекке әрекеттенгенде әлгі мақұлық Жайбасар Мылжыңбаевичтің  оң қолының басбармағын шайнап тұрып жұлып алған. Жарамсақтықты сезіну, оны бағалай білу тек адамға ғана тән болса керек. Ал, итте ондай сезімнің жоқ екендігін  осыдан-ақ  көруге болады.

Басбармақ кетті, «бастан құлақ садаға!». Бізге де аса ауыр бола қойған жоқ. Бұрын бөлімді оң қолмен басқарса енді билік сол қолға көшті. Бәрінен де оның «докторскийіне» обал болды. Солақай жазылған дүниеде қандай мән болсын. Көшіргеннің өзін айнадан оқымаса, жай қарап түсіну қиын ғой. Оның сыртында ғылыми кеңестегі шалдар да бір кездегідей емес, ыстық-суықтары басылған. Қайсы бірі академияның тарағанына ренжулі. Шашын ағартпай-ақ доктор болатындарға қандары қарайып кеткен бе, кім білсін? Әйтеуір, біздің Жайбасар Мылжыңбаевичтің  диссертациясын қызыл пышақпен тілгілеп-тілгілеп, кері қарай лақтыра салыпты.

Біз де бастығымызды құтқару үшін «бригадалық» тәсілге көштік. Жайбасар Мылжыңбаевичтің  диссертациясын оншақты адам бірігіп, бет-бетімен бөліп алып, жазуға қызу кірісіп кеттік. Негізінен жазу да  емес-ау, басу.  Әрқайсымыз басқанымызды алып келеміз де хатшы Светаға өткіземіз. Ол бәрінің басын қосып «монтаждайды» да папкіге салады. Ал, оны қарауға Мылжыңбаевичтің  мұршасы да жоқ. Байғұс мұрнына су жетпей қайта қорғауға әзірленіп, жылу жинап жүр. Алла бұйырытса,  диссертациялық кеңестердің жабылғанына да қарамастан осы жылдың аяғына қарай Жәкеңді қорғатып қалармыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480