Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4036 0 пікір 9 Тамыз, 2011 сағат 06:03

Жорж С.Клейсон. Байлық кілті (жалғасы)

СӘТТІЛІК  ПІРІ  ІСТІҢ АДАМЫН  ЖАҒАЛАЙДЫ

Байлықтың бес заңы

-  Егер алдарыңнан алтын толы қап пен даналық жазылған сазбітік٭ шықса, қайсысын таңдар едіңдер?

Аспа шамның сәулесіне құлпыра түскен тыңдаушылардың жүзінен барынша ықылас сезіледі.

-  Алтынды,әрине, алтынды таңдар едік,- жиырма жеті адамның даусы жамырай шықты.

Қарт Қалабаб түсінген кейіппен күлімсіреді. Ежелгі Бабылда алтын мен байлық сөздері өзара мәндес еді.

- Қане, мені тыңдаңыздар,- деді ол.- Түн ортасында қасқырдың ұлығанын естігендерің бар ма? Олар аш болғасын ұлиды. Оларға қорек беріңдерші, одан әрі не істер екен.Ертеңгі күнді ойламастан бір бірімен не алысады, не жата қалып ұйықтайды.

Адам баласы да сол секілді. Оларға алтынды болмаса қалауына орай, білімді беріңіздер - не істер екен? Білімнен теріс айналып, алтынға жармасады. Келесі күні ұлып шыға келеді, өйткені, алтыннан ештеңе қалмайды ғой. Алтын болса, ол кім де кім оның заңын біледі,соған ғана жағады.

Қалабаб түнгі салқыннан қорғанып, желбегейіне қымтана түсті.

СӘТТІЛІК  ПІРІ  ІСТІҢ АДАМЫН  ЖАҒАЛАЙДЫ

Байлықтың бес заңы

-  Егер алдарыңнан алтын толы қап пен даналық жазылған сазбітік٭ шықса, қайсысын таңдар едіңдер?

Аспа шамның сәулесіне құлпыра түскен тыңдаушылардың жүзінен барынша ықылас сезіледі.

-  Алтынды,әрине, алтынды таңдар едік,- жиырма жеті адамның даусы жамырай шықты.

Қарт Қалабаб түсінген кейіппен күлімсіреді. Ежелгі Бабылда алтын мен байлық сөздері өзара мәндес еді.

- Қане, мені тыңдаңыздар,- деді ол.- Түн ортасында қасқырдың ұлығанын естігендерің бар ма? Олар аш болғасын ұлиды. Оларға қорек беріңдерші, одан әрі не істер екен.Ертеңгі күнді ойламастан бір бірімен не алысады, не жата қалып ұйықтайды.

Адам баласы да сол секілді. Оларға алтынды болмаса қалауына орай, білімді беріңіздер - не істер екен? Білімнен теріс айналып, алтынға жармасады. Келесі күні ұлып шыға келеді, өйткені, алтыннан ештеңе қалмайды ғой. Алтын болса, ол кім де кім оның заңын біледі,соған ғана жағады.

Қалабаб түнгі салқыннан қорғанып, желбегейіне қымтана түсті.

- Сендер маған ұзақ жолда сенімді серіктерім болдыңдар, түйелеріме жақсы қарадыңдар, ыстық құмды кешіп, қиналыс білдірмедіңдер, тонағысы келген қарақшылармен де батыл шайқастыңдар,енді мен соның өтеуіне сендерге бүгін алтынның бес заңы туралы хикая айтып берейін.Ондай әңгімені бұрынды-соңды естіген емессіңдер.

Қалт жібермей тыңдаңдар, айтқанымды ұқсаңдар, онда келешекте сендер мол алтынға жолығасыңдар.

Ол үнсіз қалды. Қаракөк аспанды жұлдыздар жайлаған. Жиналғандардың артын ала найзаға мықтап керілген шатырлардың қарасы көрінеді.Шатырлар артында мұқият текшеленіп таңылған терілер дөңкиіп жатыр.Одан әрі құмға шөккен түйелер анда-санда пысқырынып қойып, тоқтаусыз күйіс қайыруда.

- Бізге талай хикаяны айтып бердің, Қалабаб,- деді керуен жетекші.- Ертеңгі күні сендегі қызметіміз біткенде, жол көрсетердей сенің даналығың бізге зор пайдасын тигізеді.

- Бұған дейін сендерге шалғай да бейтаныс елдерде бастан кешкенімді айтып келдім, енді бұл жолы Арқат байдың ілімін жеткізбекпін.

- Ол туралы көп естігенбіз,- деді керуен жетекші,- Ол Бабылдағы өмір сүрген байлардың ішіндегі ең айтулысы болыпты.

- Иә, ол байлардың байы болатын, өйткені, сол ғана алтынның жолын жақсы білетін.Бүгін түнде оның ұлы Номасар бұдан бірнеше жыл бұрын Ниневияда маған айтқан даналығын айтып берем.

 

 

٭ Сазбітік - кірпішке ойылып, күйдірілген жазба.

Ол кезде мен бала едім. Қожайын екеуміз сол күнгі кеште Номасар сарайында ұзақ болдық. Мен қожайынға буылған керемет кілемдерді Номасар өзіне қажеттісін таңдағанша, тасумен болдым.Ол саудаға разы болып, бұрын-соңды мен ішіп көрмеген жұпар иісті, асқазанды қыздыратын сирек шарап ішуге шақырды.

Сол жолы ол бізге өз әкесі, данышпан Арқаттың ілімдерін осылайша сендерге айтқанымдай әңгімелеген болатын.

Бабылда өздерің білесіңдер, байдың ұлдары әкеден қалатын мұраны күтіп, ата-аналарымен бірге тұра беретін дәстүр бар.Арқат болса, бұл дәстүрді бұзған адам еді. Сондықтан да басқа жерде тұрып, ақыл тоқтатқан Номасарды шабарман жіберіп, өзіне шақыртыпты:

- Ұлым, сен менің мұрама ие бол. Бірақ әуелі сен оны ақылмен жұмсай алатыныңды көрсет.Сондықтан сені жер-жаһанды кезуге жіберемін де, өзіңе алтын таба алатыныңды әрі адамдар арасында сыйлы болу қабылетіңді шыңдайсың.

Оның бәрін бастау үшін, мен саған өзімнің жас кезімдегі іске кіріскенде болмаған екі нәрсені беремін.

Біріншіден, бір қап алтын берем.Егер сен ақылмен оны жұмсай алсаң,ол саған болашақта баюыңа қажет негіз болмақ.

Екіншіден, алтынның бес заңы ойылған сазбітіктер берем. Егер де оны қолдана алсаң, олар саған білім мен сенім береді.

Бүгіннен бастап, он жылдан кейін маған келіп, есеп бересің. Лайық болсаң, мен сені бар байлығыма мұрагер етемін. Басқа жағдайда барымды абыздарға өткізуге өсиет етіп, одүниелік болғанымда олардан рухыма дұға оқуды өтініш етем.

Сөйтіп, Номасар өмірдің жолын игеруге бір қап алтын мен жібек жамылғыға оралған сазбітіктерді, құлдары мен жылқыларын алып аттанып кетті.

Он жыл өткен соң Номасар келіскендей үйіне оралды. Әкесі оның құрметіне барлық достары мен туыстарының басын қосып үлкен той жасады.Той біткенде, әкесі мен шешесі үлкен бөлменің бір басына қойылған таққа бергісіз орынтаққа жайғасты да, Номасар әкесіне берген уәде бойынша, есеп беруге кірісті.

Кеш болған кез. Бөлмеге майлы шамның түтіні жайылған. Ақ шапанды құлдар пальманың ұзын жапырағын бір қалыпты желпуде.Барлық жағдай маңызды шараға лайықталыпты.Номасардың әйелі мен екі кішкентай ұлы, достары мен туыстары оның артына кілем үстіне жайғасып, есепті мұқият тыңдауға көшкен.

- Әке,- деп құрметпен бастады сөзін Номасар.- Мен сенің даналығыңа бас иемін.Он жыл бұрын мен кәмелет жастың табалдырығында тұрғанымда,сен мені өзіңнің байлығыңа мөлиген мұсалдат етпей, тұрғыластырым ішінде лайықты азамат болып шығуым үшін дүниені аралауға жібердің. Арқама алтынды аямай артып, білімді қоса арқалаттың. Бірақ берген алтыныңды мен лайық жұмсай алмадым.Ол менің тәжірибесіз қолымнан ұстап алған балалардан қашқан  жабайы қоян секілді ғайып болды.

Әкесі түсіністікпен күлімсіреді:

- Айта бер, ұлым. Сенің бастан кешкенің маған барынша нақты деректерімен маңызды.

- Мен болашағы мол Ниневия қаласына барып, сонда тұрақтауды шешкен едім. Мен сонда баратын керуенге ілестім де, жол бойы жаңа достар таптым.Олардың арасында астарына желмен жарысқан сәйгүлік мінген екі кісі болды.

Сапар барысында олар маған аттары бәйгіде  алдына жан салмаған, аса жүйрік жылқысы бар Ниневияда бір бай кісі тұратынын жеткізді.Атбегі өзінің аттарын бәйгіде озатын жылқының жоқтығына сенімді еді. Сондықтан ол атжарыста Бабылдың бір де бір атын алдына шығармайтынына сеніп,  болжам ойынға қанша ақша салса да даяр болатын.Алайда менің бір досым әлгінің аты өзінің сәйгүліктеріне қарағанда ақсақ есек екенін айтып, бәйгіде өз аттарының алдына жан салмайтынын жеткізді.

Ол маған достық құрметіне өз аттарын жақтап, ойынпұл салуымды өтінді. Бұл ұсыныс менің  бойымды мықтап биледі.Бірақ біздің аттарымыз озбады да, мен біраз ақшамнан айырылдым.

Әкесі мәз бола күлді.

- Кейінірек білдім, басымнан өткен жайт қитұрқы істің салдары екен. Әлгі маған дос болғандар керуенмен бірге ілесіп, мен секілді ашықауыздарды аңдитын болып шықты.Ал, Ниневиядағы атбегі де әлгілермен ауыз жаласқан адам екен, ойынпұлды қылдай бөлісіп алыпты.Осыдай салқынқанды алаяқтық маған алғашқы ащы сабағын осылай берді.Көп ұзамай, мен тағы бір өзек өртер жайтты бастан кештім. Керуенде мен достасқан тағы бір жігіт болған.Ол да мен секілді бір бай баласы екен, Ниневияға өмірлік орын тебуге шығыпты.Сапар кезінде ол маған Ниневияда бір саудагердің қайтқанын, оның дүкенін тауарымен қоса түкке тұрғысыз ақыға сатып алуға болатынын айтқан.Ол екеуміз бұл істе серіктес болатынымызға уағдаластық, бірақ ол Бабылға барып алтынын алып қайтуы керек болды.Сондықтан ол дүкенді мендегі бар ақшаға ала тұруды ұсынды.

Бірақ ол Бабылға сапарын кейінге қалдыра берді, оның үстіне сауда ісінде білетіні аз болып шықты, қолда барын оңды-солды жұмсай береді екен.Ақырында мен одан бас тартым, бірақ ол кезде шаруам кері кеткен еді.Дүкенде жарамсыз тауар қалды да, сату мүмкін болмады, ал жаңасын алуға менде алтын түгесілді. Әйтеуір, әупіріммен израилдік бір кісіге дүкенді өте арзан бағаға сатып кеттім.

Басыма ауыр күндер туды.Жұмыс іздегенмен, ештеңе таппадым, өйткені қолымнан ештеңе келмейтін.Аттарымды саттым.Құлды да саттым.Тамақ пен түнек орынға басы артық киімдерімді өткіздім, бірақ күн артынан күн өтсе де, сәтсіздіктен құтыла қоймадым.

Сол ауыр күндерде, әке, сенің маған сенетінің есіме түсті.Сен мені сапарға аттандырғанда,азамат болуымды қаладың ғой, мен соны атқаруым керек болды.

Анасы болса, бетін орамалмен көлегейлеп кемсеңдеді.

-  Сол кезде маған берген алтын заңы жазулы сазпарақтар есіме түсті.Оқып шықтым да, әуел баста білімді қолға алғанымда алтыннан ажырамайтынымды ұқтым. Мен заңның бәрін әрпіне дейін жаттап алдым да, егер де мені сәттілік пірі қолдай қалса, ісімді бала тәжірибесіздікке емес, қарт даналыққа басқартам деп шештім.

Енді осында жиналғандарға мен әкемнің сазпарағында жазылған оның маған он жыл бұрын берген даналығын оқып шығайын. Ол мынау еді.

 

БАЙЛЫҚТЫҢ   БЕС  ЗАҢЫ

 

1. Табысының кемінде оннан бір бөлігін өзі мен жанұясының болашағына жинайтын адамның қолына ғана байлық қонады және көбейеді.

2. Өзіне табысты іс тапқан адамның ақшасы ғана тұрақты да қалқысыз жұмыс істеп, өрістегі малдай молаяды.

3. Білікті адамдардың кеңесіне құлақ асып, ақылмен іске жаратқан адамның байлығы еселенеді.

4. Өзіне бейтаныс іске салған адамның ақшасы қолдан сусыйды.

5. Қолдан келмейтін іске ұрынған болмаса алаяқтар мен қулардың қармағына түскен немесе тәжірибесіздігі мен қиялилығы кесірінен тез баюға ұмтылған адам байлығының берекесі қашады.

 

Маған жазып берген әкемнің байлыққа арналған бес заңы осы болатын.Мен бұның құны алтыннан да қымбат екеніне көз жеткіздім, оны келесі хикаяларымда баяндайын.

Ол тағы да әкесіне қарады:

-  Мен саған өзімнің тәжірибесіздігімнен ұрынған шарасыздығым мен уайымым жөнінде  айттым. Бірақ кез келген жаманат тізбегінің соңы болады екен. Менің қайғым қала дуалын тұрғызып жатқан құлдарға қараушы қызметін тапқанымда сейіле бастады.

Жинақтың бірінші заңына сүйеніп, табысынан түскен бақырларды алғашқы күміс ақша тапқанша жинай бердім, жинай бердім. Бірақ жинағым өте баяу жүрді, өйткені, табысымның көбі күнделікті тірліктен ауыспады.Соған қарамастан, талмай ақша жинай бердім, өйткені, әке, он жыл бұрын сен берген алтынды қайтаруды қатаң түрде мақсат еттім. Құлдардың қожайынымен достасып үлгергем, ол бір күні маған: «Сен тығылықты түрде ақша жинап жүрсің. Сенде алтын бар ма?» - деді.

«Иә, - дедім,- маған бір кезде әкем берген алтынды жойып алдым, соны қайтару үшін көп жинауым керек».

«Мына ықыласың мақтауға тұрарлық. Ал, сен қолда бар алтынның саған жұмыс істейтінін және оның үстеме пайда әкелетінін білуші ме едің?»

«Өкінішке орай, менің ауызым күйген тәжірибе бар, соның кесірінен әкем берген алтыннан айырылдым.Енді тағы сондайға ұшыраудан қорқам».

«Маған сенсең, мен саған қандай жолмен ақшаны пайдалы салым етуді үйретем,- деді ол - Бір жыл ішінде қаланың дуалы біту керек.Патшаның жауларынан қорғану үшін оған бірнеше қола қақпа орнатылмақ.Ниневияны шарласаң да, қақпа жасайтын темір таба алмайсың. Ал, патша оны тапсыруды ойластырмапты.Менде жоспар бар: бірнеше адам үлестерімізді қосып, алысқа мыс пен қорғасын құймаларын әкелуге керуен жөнелтеміз.Патша қақпа жасауды тапсырғанда, біз әлгі құймаларды сатып,пайдаға кенелеміз. Тіпті, патша бізден алмаған күннің өзінде келген тауар өз құнын жоймайды, одан бәрібір жақсы пайда табамыз.»

Бұл ұсыныстан мен дана адамдар кеңесі бойынша жинақты салу жазылған үшінші заңының орындалуын аңғардым.Қателеспеппін. Біздің ортақ ісіміз жемісті болды, нәтижесінде менің шағын жинағым айтарлықтай өсіп шықты.

Сосын сол адамдармен келесі іске қатыстым. Олар алтынның қадырын жақсы білетін және пайда табудың қыр-сырын меңгерген жандар еді.Олар ақша салудан бұрын кез келген жоспарды жан-жақты талдайтын.Олар негізгі жинақтарын тәуекелге салмайтын әрі пайдасыз мәмілеге аяқ басқан емес. Әлгі атжарыс ойыны болмаса түсімсіз дүкен сатып алу сықылды менің тәжірибесіздігімнен барған істерге, ешқашан бастарын сұқпастан, осал жерін олар бірден аңғаратын.

Соларға байланысу арқылы мен алтынды пайдалы кәсіпке салуды меңгердім. Жылдар өткен сайын менің байлығым еселене түсті. Мен жоғалтқанымды қайтарып қана қоймадым, одан да бетер көп табысқа жеттім.

Түрлі сәтсіздіктер мен сынақтарға ұрынсам да, жетістікке жетсем де, ешуақта байлықтың бес заңына күдігім болған емес.Кім де кім бұл бес заңды білмесе,алтын оған сирек ұшырасып, тез арада ғайып болады. Бұл заңдарға сүйенген адамнан байлық қашпайды, ол еңбекқор құл секілді иеленушіге қызмет етуден танбайды.

Номасар үнсіз қалды да, кең бөлменің алыс жағында тұрған құлына бет бұрды. Ол бөлмеге үш үлкен былғары қапшықты кіргізді.Оның біреуін Номасар әкесіне ұсынды.

- Сен маған он жыл бұрын бір қап алтын берген едің.Ол Бабылдық алтын болатын. Мен дәл сол мөлшердегі ниневиялық алтынды қайтарамын.Оның әділ қайтарым екенімен бәріңіз де келісетін боларсыздар.Сонымен бірге маған даналық жазылған сазпарақтар бергенсің. Оның орнына мен екі қапшық алтын беремін.- Осы сөздерін айтып, ол құлдың қолынан екі қапшықты алып, әкесінің алдына апарып өз қолымен қойды.- Бұныммен, әке, сенің даналығыңды алтыннан да ардақтайтынымды көрсеткім келді.Бірақ алтынмен даналықты өлшеуге бола ма? Ақылсыз алтынның қолда тұрақтауы мүмкін емес. Алайда, адам әуелі даналыққа бет бұрса, оны алтын айналып өтпейтінін мына үш қап көрсетіп тұр ғой.Әке, мен бүгін алдыңда осылай тұрғаныма қуаныштымын, және де айтарым, сенің даналығың арқасында мен бай-қуатты әрі құрметті кісі болдым.

Әкесі Номасардың басын елжірей сипады.

-  Сен сабақты жақсы игеріпсің.Енді мен өз байлығымды сеніп қалдыратын сендей ұлым болғанына бақыттымын.

Қалабаб әңгімесін тәмәмдады да, тыңдармандарды жағалай шолып өтті.

-  Номасардың бұл тарихы сендерге нені білдірді?- деп сұрады ол.- Әкесіне болмаса қайын атасына осылайша өз әрекеттерің мен табыстарың жайлы есеп беретінің бар ма, араларыңда? Егер де келіп, қарттарға: «Мен біршама жерді аралап саяхат жасадым, біраз нәрсені үйрендім.Көп жұмыс істедім, көп табыс таптым,бірақ менің алтыным аз. Оның бір бөлігін ақымақтықпен шығындадым, ал қалған бөлігін ақылсыз әрекетпен жоғалттым.» десеңдер, олар не ойлар еді?

Біреуде көп алтын болып, келесі біреуінде ештеңе боламаса, оны тағдырдың тәлкегі санамай-ақ қойыңдар.Байлыққа ие болғандар - байлықтың бес заңын біліп, соны ұстанғандар.

Бұл заңдарды мен жастайымнан меңгергендіктен,оларды ылғи да бұзбай келгендіктен - байыдым.Мендегі байлық сыйқырдың күшінен жиналған жоқ.

Жылдам келген байлық, дәл солай жылдам кетеді.Егер де байлық білім мен тыңғылықты еңбектің арқасында келсе,онда ол иесіне бақыт сыйлап, ұзақ уақытқа сіңеді.Ақылды адам үшін байлық жинау қиын емес.Ол міндетті ұзақ жылдар бойы ұстану - күрделірек.Бірақ та, байлықтың бес заңын  ұстану кез келген адамды несібеге кенелтеді.

Бұл бес заңның әрқайсысы терең мәнге толы,оны ұғынбасаңдар, хикаяны айтып бітіргенше, мен тағы да қайталаймын. Мен оларды жас кезімнен жатқа білемін, әрі оларды талай істе тексергенім бар.

 

Жалғасы бар...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5488