Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4562 10 пікір 17 Қазан, 2019 сағат 12:49

Солтүстік облыстар сіздерді күтіп отыр

Солтүстік өңірлердегі орыс халқының тарихи отаны Ресейге үдере көшуі әсерінен тұрғындар саны кеміп, жұмыс күшінің жетіспеушілігі үлкен проблемаға айналып отыр.
Есесіне Түркістан облысында артық еңбек күші жетерлік..

Егер сіздің баспанаңыз жоқ болса, жұмысыңыз жоқ болса баспаналы болуға, жұмыс табуға толық мүмкіндігіңіз бар..

Ол үшін жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталығына хабарлассаңыз болғаны..
ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай облыстары сіздерді күтіп отыр.
Жер өңдеймін, мал асыраймын немесе өзге кәсіп ашам деген азаматтарға барлық мүмкіндік бар...
1. Бәсекелес аз..
2. Мемлекеттің қамқорлығы үлкен..
3. Мұғалім болсаңыз "Дипломмен ауылға" бағдарламасы б ойынша мемлекеттен көмек аласыз.
Баспана жетерлік.
Қаласаңыз көпқабатты үйден пәтер ала аласыз.
Қаласаңыз, ауданы кемі 90 шаршы метрлік жер үй, қаласаңыз, бұрынғы совхоздардан қалған кірпіш коттедж ала аласыз.
"Бұрын бар, бұрын барсаң орын бар"...
Ертерек қимылдау керек..

Солтүстік Қазақстан облысында ғана Оңтүстіктен қоныс аударушыларға арнап 428 үй салынып жатыр.

Тек Шал ақын ауданында (СҚО) ғана оңтүстіктен қоныс аударатындар үшін биыл 26 үй беріледі.
Үйлер 4 типтік жоба бойынша салынып жатыр. Ең шағын үйдің өзі 90 шаршы метр..

Павлодар облысына "Нұрлы көш" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы үшін келесі жылға 8 млрд теңге бөлінген.
Кәсіпкерлікпен айналысам десеңіз, өндірген тауарыңызға тұтынушы дайын. Аталған облыстармен шекаралас Ресейдің 4 облысында ғана 18 млн халық тұрады.

Мемлекеттік қызметке бейімі бар азаматтарды жергілікті тұрғындар өздері-ақ көтеретінін көзіміз көрді.
2017 жылы СҚО, М.Жұмабаев ауданына мұғалім болып барған Нұржамал Тәмбетова қазір аудан әкімінің бас кеңесшісі.

Төреарықтық (Арыс) Берік Қалмұратов Ордабасы ауданы әкімдігіндегі жұмысын тастап, биыл ақпан айында Қостанай облысы Сарыкөл ауданына қоныс аударған. Келе сала мемлекеттің көмегімен үй алып, үй маңындағы жер теліміне қияр, картоп егіп тастапты. Одан өзге 50 сотық жылыжайға тағы біраз көкөніс отырғызыпты. Үйінің жанындағы көлге үйрек-қаз асырапты..
Беріктің іскерлігін байқаған ауыл тұрғындары жақында ауылдық округтің әкімі етіп сайлапты..
Айта берсе мұндай фактілер өте көп..

Ал аталған облыстардың табиғатының сұлулығын суреттеу үшін ақын болу керек..

Осы орайда Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Әділхан Асауовтың аудан тұрғындарымен кездесуде айтқан әңгімесі еске түcіп отыр.

Менің әкемнің туған жері Қазығұрт баурайындағы Бейнеткеш ауылы.
Соғыстан кейін әкем Ташкентке оқуға түсіпті.
1947 жылдар шамасында болса керек, жазғы демалысқа келсе ауыл жоқ. Жұртта қалған ақсақ итті жетелеп, көрші ауылға барады. Сол жерде өз ауылын тайлы-таяғына дейін өкімет Мырзашөлге канал қазуға айдап әкеткенін естиді.
Сонымен соңында ақсақ ит, Келес өзенін жағалап, одан Сырды бойлап Мырзашөлге 8 күн дегенде жетеді..
Жан-жақтан жиналған қарақұрым адам атақты "Киров" каналын кетпен-күрекпен қазып жатыр.

Сұрастырып жүріп өз туыстарын табады. Канал қазушы жұмыскерлердің барлығы жеркепе қазып алған. Кейбір жеркепе қазған кезде, көрші кепеге өтіп кетіп, екі отбасының арасында қабырға болмай қалған жағдайлар жетерлік екен.
Таңертең үлкен қазанға су құйып қайната бастайды. Су қайнаған кезде оған кірпішешен, тасбақа, жылан дейсіз бе, ұстағандарын сала береді. Жұмыскерлер ғана емес, бала-шаға, қатын-қалаш бәріне түскі ас әлгі сорпа..
Келген жағына қашқандарды НКВД соттайды...
Міне, қазір үй салмақ түгілі бұзау арқандайтын бос жер қалмаған Мырзашөлді қазақ осылай гүлдендірген...

Солтүстікті де қазаққа толтырамыз.
Аяққа оралғандарды аттап өтіп...

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5632