Жұма, 22 Қараша 2024
Мәйекті 7025 0 пікір 30 Желтоқсан, 2014 сағат 11:35

Тұрсын ЖҰРТБАЙ. МИСТЕРИЯ

http://abai.kz/post/view?id=2505 

http://abai.kz/post/view?id=2489

http://abai.kz/post/view?id=2464     

http://abai.kz/post/view?id=2450

http://abai.kz/post/view?id=2410 

http://abai.kz/post/view?id=2392

http://abai.kz/post/view?id=2365

http://abai.kz/post/view?id=2341

http://abai.kz/post/view?id=2328

http://abai.kz/post/view?id=2298 

http://abai.kz/post/view?id=2264

http://abai.kz/post/view?id=2251

http://abai.kz/post/view?id=2238 

Бұл сілтемелер арқылы жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Америка күнделіктері» атты жолжазба кітабының бастапқы бөлімдерін тауып, оқи аласыздар. Абай.kz порталы бұл мәйекті туындыны алдағы уақытта да жариялап, оқырмандар назарына ұсына беретін болады.

 

14.01.2014.

(Күнделікке қосымша)

Сонымен, Вашингтонды көрген соң, сол көргенімді көз алдыма елестете отырып, «33»-ке жол ашатын құпия ілімді іздеуді жалғастырамын. Ол үшін тағы да Дэн Браунға жүгінемін. Капитолияның іргетасы және бұрыштарын бекітетін тұғыртасы (краеугольный камень) қатаң түрде масондық ырым мен ныспыға негізделе қаланған. «Ерікті тас қалаушылар», яғни, масондық құрылымның Америкадағы жүйесін құрған Джордж Вашингтон, Бенджамин Франклин, бас сәулетші Пьер Ланфан астананы  барынша масондық символдармен көмкерген, сәулет пен сурет өнеріндегі барлық ныспылар бұрынғыдан бетер астарланып, құпияландыра түскен. Аса құпия ілімнің шешімін сол ныспыларға жасырыпты. Капитолияның күмбезі 9 миллион фунт тартады. 1793 жылы 18 қыркүйек күні күндізгі сағат он екі жарым мен бір жарымның арасында тұғыртас қойылған. Неге? Аспандағы әбжыланның (Дракон) басы Бикешке (Дева) түйіскен шақ.

«Масондар – құпия ұйым емес, керісінше құпиясы көп ұйым» – «Масоны – не тайные общество, а общество с тайнами».

Жұлдыз әлемі мен адам тағдыры өзара байланысты.

Капитолия – Ақ үй – Дж.Вашингтонның ұстыны үш бұрыш және аспан денелерінің орналасауына тікелей байланысты. Масондар – Жасағанға немесе  ғаламның ұлы Жаратушысына ғана масондар сенеді. Сондықтан да: «Масонства – эта система моральных норм, скрытая в символах и завуалированная аллегориями» (Сонда) .

Масон мүшелері міндетті түрде балдақ тағады. Балдақтың (перстень) бетіне екібасты самұрық пен 33 деген цифр жазылады.

Ең салтанатты әрі қорқынышты нәрсе – Мистерия. Ал қолын көкке шошайып тұру – масондық мистерияға шақыру белгісі болып табылады.

Түсініктен тыс құбылысты түйсіну – үрей тудырады. Бас бармақта – венец, сұқ саусақта – жұлдыз таңбаланып, жоғары қарай шошайып тұрса  – аса бұлқынысты әрекетке шақырғаны. Қалған үш саусақ жұмылып тұруы керек.  Таңдаулылар ғана білетін мистерияға құрметті шақыру шарасы – осы қос бармақ болып табылады.

Мұны жазып отырғаным, сексенінші жылдары кеңес одағында Балтық жағалауы елінде бармағы мен сұқ саусағын аспанға қаратып шошайтып тұрған қос білектің мүсіні болатын. Роденнің де осындай екі мүсінінің түпнұсқасын Филадельфиядағы мұражайынан осы жолы көрдім. Сонда бұл масондардың жалпылама ғазауатқа шақырған ныспысы екенін кеңес одағының қырағы идеологиясы білмеді ме?

Әлде масондық бес жұлдызды гербіне бейнелеген,  өзі де масонды, бірақ қызыл идеяға құрылған мемлекетке бұл ныспы да қасиетті  көрінді ме екен?

Бес жұлдыз демекші, миладиден бұрынғы бесінші-алтыншы ғасырдың мұразаты болып табылатын осы бес жұлдыздың Берелдегі алтын адамның қорғанынан табылғаны таң қалдырады.

Сонда, көне түркілер де масондармен байланысты болғаны ма? Егер бес жұлдыздың  аспан жұлдызымен байланысты екенін ескерсек, түпкі ныспысын да түсінуге болады. Ал масондық жұлдыз ныспысының мағынасында түсінсек, онда ойлануға тура келеді.

Біздің философиялық тас – деп жүргеніміз – мәңгілік өлмейтін ғұмыр беретін құдірет. Демек, Вашингтон – Капитолидің іргетасын осындай ныспымен қоюы – Америка мәңгілік ел болсын – деген жора ғой. Дұрыс тілек.

Мәңгілік оттың белгісі – төрт бұрышқа жарығын түсіріп тұрған  4 бұрышты жұлдыз. Бізде – бесбұрыш.

Апафеоз – адамның құдайға айналу процесі. Ақ үйдің күмбезінің тура ортасында 40 метр тереңдікте шырақ жағатын ошақ бар. Джордж Вашингтонның құдайлануы процесі туралы сурет «Апафоеоз Вашингтона» деп аталады. Оны Италия суретшісі  Константино Бруми  тура жаңағы  ошақтың  төбесіндегі қабырғаға 1805 жылы салған. Вашингтонды 13 хор қызы – Дева – қоршап тұр. Онда Американың ұлы жаңалықтары: Морзенің телеграф жүйесі, бу двигателі, егін, шөп оратын шалғы машинасының ныспылары салынған. Бұлар Американың ғылыми қуатын мойындатқан ұлы жаңалықтар. Капитолияның күмбезі – алты бұрышты негіз еткен.

Екі басты самұрық – масондардың ең басты символы. Американың да ең басты гербінің бедері.

Масондардың балдағына «33» саны жазылады. 13 цифры масондар үшін қасиетті. 13 баспалдақ. 13 ғимарат, он үш жебе, пирамиданың он үш баспалдағы, қалқандағы он үш жолақ сызық пен он  үш әріптен тұратын сөз, он үшінші бөлме.

Бізде 13 – мүшел.

«Посети угробу земли и, направив свой путь, ты найдешь тайный камень».

Бұл – пирамиданы меңзетеді. Ал ол пирамидада барлық құпия ғылым мен білім құпия белгілермен бедерленген.

Дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана – Конгресс кітапханасы. Оны көру әркімге арман. Сыртын көруін көрдім-ау, ал іші ше? 2001 жылы байланыс орнатудың реті түсіп еді. 2 қызметкері бізге келген. Тіпті хат та алғамын. Бірақ байланыс үзілді. Бәрі де ағылшын тілін білмегендіктен...

(Жалғасы бар...)

Абай.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297