Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5342 0 пікір 21 Желтоқсан, 2010 сағат 08:23

Интернет-конференция: Әміржан Қосанов

- Біріншіден, осындай конфренция ұйымдасттырғандарыңа рахмет.
Менің Әбекеңе мынандай сауалдарым бар. Артық болса кеш
ірім сұраймын.
Неге сіз ылғи біреудің көлеңкесінде ж
үресіз. Бой бар, ой бар, талант бар дегендей...

Бойым бар, 187 сантиметр. Қазақты оятсам деген тағы да бір ойым бар... Ешкімнің көлеңкесіенде жүргім келмейді.

Жалпы мен бақытты адаммын. Өйткені кезінде мықты азаматтармен жұмыстас болдым. Мәселен, әртүрлі жылдары мына кісілердің орынбасары болыппын. КазГУ журфагының атақты 5-жатақханасы студенттік кеңесінің төрағасы Ермұрат Бапи, Қазақстан Республикасы Жастара істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағасы Иманағали Тасмағамбетов, РНПК басшысы Әкежан Қажыгелдин, РНПК атқару комитетінің төрағасы Ғазиз Алдамжаров, ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай мен қазіргі ЖСДП «АЗАТ» тең төрағасы Болат Әбілев. Әрқайсысы жеке бір кітапқа лайықты азамат. Әрқайсысынан бір нәрсе болса да үйренуге тырыстым.

Сосын адамдар да екі түрлі болады ғой. Бірі көлеңкесін түсіреді, ал бірі сәулесін шашады.

- Біріншіден, осындай конфренция ұйымдасттырғандарыңа рахмет.
Менің Әбекеңе мынандай сауалдарым бар. Артық болса кеш
ірім сұраймын.
Неге сіз ылғи біреудің көлеңкесінде ж
үресіз. Бой бар, ой бар, талант бар дегендей...

Бойым бар, 187 сантиметр. Қазақты оятсам деген тағы да бір ойым бар... Ешкімнің көлеңкесіенде жүргім келмейді.

Жалпы мен бақытты адаммын. Өйткені кезінде мықты азаматтармен жұмыстас болдым. Мәселен, әртүрлі жылдары мына кісілердің орынбасары болыппын. КазГУ журфагының атақты 5-жатақханасы студенттік кеңесінің төрағасы Ермұрат Бапи, Қазақстан Республикасы Жастара істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағасы Иманағали Тасмағамбетов, РНПК басшысы Әкежан Қажыгелдин, РНПК атқару комитетінің төрағасы Ғазиз Алдамжаров, ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай мен қазіргі ЖСДП «АЗАТ» тең төрағасы Болат Әбілев. Әрқайсысы жеке бір кітапқа лайықты азамат. Әрқайсысынан бір нәрсе болса да үйренуге тырыстым.

Сосын адамдар да екі түрлі болады ғой. Бірі көлеңкесін түсіреді, ал бірі сәулесін шашады.

- Жармаханды қайтесіз, ол исписанный вариант. Ал Бутя тек Жандосовты ойлайды, яғни КазКом деген сөз. Сіз соларды қайтесіз?

Жәкеңді «исписанный» деп санамаймын, ол менің «испытанный» әріптесім. Әбілев пен Жандосовпен де бірге талай сыннан бірге өттік. Казком деген естуімше жақсы банк, бірақ онда менің шотым жоқ.

 

- Президенттік сайлауға өзіңіз түсе аласыз ба, әлде ақша жетпей ме?

Президенттік сайлауға кез келген қазақ түсе алады.

Алайда, меніңше, келесі президенттік сайлаудың болу-болмауының өзі неғайбыл. «Елбасы» деген мәртебе ресми түрде бекітілді. Нұрекең сол «должносты» игеріп, сол беймаза сайлауды уақытша доғара салатын сияқты. Неғылады басқа біреумен айтысып, таласып. Оның үстіне маңайындағы жағымпаздары да «дұрыстап» ақыл-кеңес беретін шығар.

Шынымды айтсам, көп ақшам жоқ. Бір әйел мен үш баламды асырауға жетеді. Сайлауға жетпейтін шығар. Бірақ соңғы кезде біз сияқты партияға көмектесіп жүрген қалталы азаматтар бар. Қоғамдық жұмысқа сол қаржы жарар...

- Ән салып, өлең айтады дейді Сізді. Айтып жүрсіз бе?

Шығарып жүрмін, айтып та жүрмін. 20 шақты әнім бар, Достарым біледі. Бір топтамамды әзірлеп қойдым. Алайда кейбір өлеңдерім ащылау. Баспаларға ұсынып көрермін.

Әндерімді де дискіге жазбақ ойым бар. Бірақ оның да тағдыры қиындау болар. «Хабардың» бір басшысы, кезінде студенттік жатақханада бір бөлмеде бес жыл бірге тұрған Серік Аббасов досымның сол шаруа қолынан келмей қойды әйтеуір. Жақында қайтыс болған Досымов Табылдың кебін киіп қалмайын деп оған бүгін тағы да звондап қойдым. Бірақ баяғы Аббасов - сол Аббасов...

Мына бір өлеңді қабыл алыңыз:

 

Болғайсың, балам

немесе ұлға өсиет

Шарласаң шақырымды,

Қысамын тақымымды.

Өзіңе балам бүгін

Айтамын ақылымды.

 

Атадан бата алмаған

Тексізді кім қолдаған?

Құдайға құл бол, балам,

Ұлтыңа ұл бол, балам!

 

Білімнің ашқаны - бақ,

Тарихтың дастаны ұзақ.

Оятар ой-қиялды

Кітапты жастанып жат.

 

Жалғызға - мың бол, балам,

Жауапқа- тың бол, балам.

Жалғанға - шын бол, балам,

Үлкенге - жым бол, балам.

 

Кірпішін қашап Елдің,

Ерлігін жасап Ердің,

Ұлыңнан кейін қалып

Әкеден аса бергін.

 

Жеткізер биіктерге

Тұғырың - Тұран-Далаң.

Отаның - дұғаң, балам,

Кітабың - «Құран», балам!

 

Мінезді жөндеп көргін,

Керексе тентек болғын.

Ұйқыға көп берілмей,

Күн-түні сергек болғын.

 

Бабалар елді қорғап

Сан мың қол жасақтаған.

Ұраның - "Қазақ", балам,

Болғайсың азат, балам!

 

Жаманмен ұрыспағын,

Болмасқа - тырыспағын.

Тектілік - ырыс-бағың,

Бойыңды тік ұстағын.

 

Сенбе сен ешқашанда

Сөздерге былшылдаған.

Жасыңнан қылшылдаған

Болғайсың шыншыл, балам!

 

Қазақта - күш бір тума,

Ие бол түс-сыртыңа.

Шүбәлі ермей сөзге,

Бірдей бол үш жұртыңа.

 

Жығатын тек жалғызды

Сенбе тек күшке, балам.

Тұзаққа түспе, балам,

Арақты ішпе, балам.

 

Қазақтың болды ма екен

Кездері қорланбаған?

Болғайсың Тарлан, балам,

Еліңе - қорған, балам!

 

Қайтейін көз бергесін,

Тұрпатың өзгермесін

Өзіңе сөз ерсе де,

Әкеңе сөз келмесін.

 

Анадай шартарап бар,

Ол барда шалқалап қал.

Шешеңді Мекке жаққа

Жеті рет арқалап бар!

 

Ініге иінағаш бол,

Ағаға - адалбақан,

Өзіңе - қатал,балам

Сөзіңе - адал,балам

 

Бірегей ойың болса,

Қарама жайтқа, балам.

Айтқаннан қайтпа, балам,

Өтірік айтпа, балам.

 

Адасып жүрсең егер

Салады жөнге бабаң.

Жамандық көрме, балам

Оза бер төрге, балам

 

Арманды көксеп кел де,

Жете бер көп шептерге.

Өзіңе айтқан сөзді

Жеткізші шөпшектерге.

- Соңғы оқыған кітабыңыз қандай? Тек «Абай жолын» оқып едім деп айтпаңызшы!

«Абай жолын» айттыңыз. Осыдан біраз уақыт бұрын каталажкада Төлен Тоқтасынов, Асылбек Қожахметов үшеуіміз бір камерада жатқанбыз. 10 күн. Заманбек пен Алтынбекті еске алу рәсімін ұйымдастырғанымыз үшін. Сонда Асекең сұрады: «Қазақ тілін үйренейін. Неден бастайын?», - деп. Менің айтқаным бар емес пе «Абай жолынан баста!», - деп. Қайдан білейін Асекеңнің тастай екенін! Ертеңіне көмекшісі алып келді сол кітапты! Асекең дауыстап оқи бастады! Әрбір «қиын» (өзі үшін, әрине!) сөздің аудармасы мен мағынасын камерада бірге жатқан Төлен екеумізден сұрай бастағаны! Онсыз да быт-шыт боп жатқан біздің мазамызды алып болды! Оның үстіне семейлік Төлен мен аралдық Әміржан кейбір сөздің этимологиясы жөнінде айтысып қалатынын қайтерсіз! Диалект деген бар емес пе!

Сондықтан «Абай жолын» сол күндері тағы да Асекеңмен бірге оқуға тура келді. Айтпақшы, Абайдың да каталажкада жатқан жері бар ғой сол кітапта. Мен ашып қалсам, сол жердің тұсына түсіппін. Кешіріңіз. өзімді сол сәтте Абаймен бірдей сезіндім!

Менің отбасылық дәстүрім бар. Бір-екі аптада  бала-шағамды кітап дүкеніне апарамын. «Фантастика мен детективтен басқаның бәрін алыңдар!», - деймін.

Жас келді ме, білмеймін, соңғы кезде әдеби классикаға қайта оралып жүрмін. Гетенің «Фаустын» әдемі ғып шығарыпты, соны алдым, ертерек оқығанбыз. Бұл жолы басқаша әсер алдым. Әсіресе, сол кітаптағы Мефистофель біздің Қазақстанда жүр ме қазір деп ойлап қалдым. Соның азғырғанына көнген қаншама фауст жүр арамызда!

Мұқтар Мағауиннің таңдамалысы, қазақтың көзі тірі ұлы ақыны Есенғали Раушановтың «Құстар біздің досымыз» деген  кітабы, Әбіш Кекілбаев «Үркер» - соңғы оқығаным осы.

- Оппозицияда біраз жүрсіңіз. Сондағы адамдар туралы ойыңыз.

Оппозицияда жүру оңай емес. Сондықтан қоғамда болып жатқан оқиғалар туралы өз пікірін ашық айтып жүрген әрбір адамға құрметпен қараймын. Ол үшін, ең кемінде, жүрек керек!

Алайда, уақыт өткен сайын оппозиция да өзгерді. Идеялық оппозициядан басқа, кландық, топтық «оппозицияның» элементтері пайда болды. Яғни, қалыптасқан саяси жүйені емес, белгілі бір адамның не топтың сойылын соғып, ұпай жинағысы келетіндер. Бірақ олар да жалпы процесс үшін оң қызмет жасап жатыр. Бір-бірінің кемшілігін айту арқылы қоғамды тазартып жатыр!

- Билікке қарсы оппозиция тек қазіргі биліктің бәріне мәлім осал тұстарын кінәлай бермей, оған салиқалы қарсы тұратындай, елді соңынан ерте алатын, айланы да, амалды да мол білетін күш болу керек деп ойлаймын. Сонымен қоса оппозиция дегендердің мақсаттары бір, яғни ел тұрмысын жақсарту. Бірақ әрқайсысы Абайша айтқанда "бас басына би". Олардың басын біріктірудің жолы қандай деп ойлайсыз?

Оппозиция бір нәрсені ұғынса ғана жеңіске жетеді: яғни менің «проводник» боп істеп жүрген Асқар деген кластасым не ойлайды, не үшін дауыс береді, нені қадірлейді, не үшін көшеге шыға алады, соны тап баса алуымыз керек. Міне, саяси квинтэссенция қайда!

Бас бірігу туралы былай: әркім өзінше болып, мен қазақтың басшысы боламын, президент боламын деп мәлімдеме жасау үшін басқалармен ақылдасу керек!

-  Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге шақырса не айтар едіңіз?

- Біріншіден, ол кісі мен сияқты саяси оппонентін өзіне шақырып, «Әміржан, бауырым, қалайсың? Ел деп еңіреп жүрген азаматсың ғой, Қазақстанды жақсарту туралы күнде жазасың. Сол туралы ақылдасайықшы», - деп, айтатынына сенбеймін. Өйткені, ол кісінің қазіргі көзқарасы мүлдем басқаша. Орысша айтсақ, «он давно звезду поймал!». Оның үсітне маңайындағы жағымпаздар тиісті пікірді қалыптастырып қойды ғой  баяғыдан.

Ал әгәрікәм сондай кездесу боп қалса, мен Нұрекеңді ұлттық диалогқа, яғни мәмілеге шақырар едім. Алыста, жақында жүрген абзал азаматттардың басын қосып, ел ішінде боп жатқан жағдайларға әділ көзбен қарап, баға беруге шақырар едім. Өзін тіпті, масқара етіп біткен бірқалталық Парламентті таратып, барша саяси күштерді біріктіре алатын жаңаша Парламент құрайық деп айтар едім. Бірақ ондай ашық пікірлі, Әміржанмен кездесетін бүгінгі Нұрекең бар ма...

- Почему не поддержали Козлова, кандидата президенты?

- Я поддерживаю стремления и действия отдельно взятого Владимира Козлова и возглавляемой им партии «Алга». Мы прошли вместе через тернии политического оппонирования режиму.

Но, я считаю, что в нынешних условиях от демократической оппозиции на предстоящих президентских выборах должен быть единый кандидат, как в 2005 году, когда все мы поддержали Жармахана Туякбая. Иначе мы просто проиграем! В этом плане мой друг Володя поступил не слишком политически правильно. Не надо, может быть, советоваться со мной лично, но получить поддержку у коллег по демократическому движению надо было бы.

- Сіз комсомолдан өстіңіз. Жас кезіңізден бастап саясаттың дәмін таттыңыз. Бүгінгі қазақ жастарына көңіліңіз тола ма? Қандай лидерлердің атын атар едіңіз? Жанболат Мамай тәрізді жастарға көзқарасыңыз қалай?

- Бүгінгі қазақ жастары мықты! Ризамын! 46-дағы менің ең басты оппозициялық партияның бас хатшысының орнына ертең бір жас келсе   мен тек қуанамын!

Жалпы оппозицияда жүрген біз де мықтап ойлануымыз керек. 20 жыл бойына тағынан тапжылмай отырған Назарбаевқа ұқсап, өз орнымыздан кетпей, жабысып қалсақ не болады?

Жас болса да, биліктің алдауына мас болмай, керісінше, еркін ойлы қазақ жастарына бас боп жүрген Жанболатты мен сыйлаймын әрі қолдаймын.

- Болат Әбілов туралы қоғамда әртүрлі пікір бар, « жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Ол кісінің қателігі жөнінде және игі істері турасында не айтасыз?

-  Көзге түсіп жүрген кез келген азамат өтіп бара жатса, шөптің басы қимылдайды. Болат та солай. Қателігін білмедім, кезінде «Отанның» депутаты болды демесеңіз. Мен де кезінде Нұрекеңдік билікте болғанмын, енді не дейсіз? Болат та қазақстандық билікті танудың өзіндік жолынан өтті. Қазір «Азат» ЖСДП-ның құрылтайшыларының бірі. Мықты көмек жасап жатыр.

- Әміржан аға Сіз Қазақстанның өз салт-дәстүріне орай жапондар сияқты дамығанын қалайсыз ба, жоқ әлде ұлтсыз, тексіз, тек қана алтын іздеп, баюды ғана көдейтін АҚШ-қа ұқсап тәрбиесіз әлем-жәлем дамығанын қалайсыз ба? Және Мұхтар Шахановтың билікке қойып жүрген талаптары қаншалықты орынды?
- Жапонның сушиі мен кимоносы бар. Харакириі тағы бар. Қазақтың одан несі кем?

Осыдан біраз жыл бұрын Алматыға бір танысым келген. АҚШ Конгрессінің мүшесі. Үйімде қымыз бен шұбат ішті, қазы-қарта, жал-жая жеді. Барды да талай жыл бала таба алмай жүрген американдық жеңгемізге ұл тапқызды! Қазақтың «сушиі мен сорпасына» бұдан артық қандай насихат керек (мен әзірше тек қазақтың дастарқанын айтып тұрмын).

Мұқаң менің досым, сыйлаймын. Бірге ұлттық мәселелерді көтеріп келеміз.

Бір толықтыруым бар - мәселенің бәрі тек тіл арқылы шешілмейді! Қазақша сөйлейтін әкім қазақша сөйлейтін адамнан пара ала берсе не өзгереді елде?

Соны ойлауымыз керек!

Жалпы мен айтар едім - болашақ ұлтық идеяда! Гете мен Гейнені, Мережковский мен Бердяевті, Мағжан мен Ахметті оқыңыз! «Мен - қазақпын!» деп айтатын жалғыз Жұбан мен Сафуан емес. Қорықпайық, біреудің намысына тиіп кетеді деп. Қазақтың намысы 1986 жылғы Желтоқсанда тапталып қалған. Оның көтерген ешкім жоқ әлі!

- Сіз талайдан бері Жармахан Тұяқбаевпен бірге жүрсіз. Жариялы телефон тыңдауларыболды ғой, ол Ақордадан ақша алды деген. Неге ол кісі кетпейді оппозициядан? Неге сіз оны қолдай бересіз?

- Жахаң туралы жоғарыда айттым. Өзінің жылы орнын өз еркімен тастап, ең жоғарғы билікке сынын айтатын адам болса, қазір соның әріптесі болуға дайынмын! Ал «прослушкалар» дейсіз бе... Мен білетін Жахаңның ел алдында ары таза.

Біз де биліктегі азаматтармен араласамыз. Асқа, тойға барамыз, кездесеміз, пікір алысамыз. Ол қылмыс па?

- Әміржан мырза, орыс тілді қазақ өзінің Отанын, халқын сүйе ала ма? Оның патриоттық сезімі ашылуы мүмкін бе?

- Баяғыда Лениннің жұбайы Надежда Крупская айтыпты, «нағыз интеллигент ең кемінде үш тіл білу керек» деп. Нағыз қазақ ана тілін, орыс тілін, ағылшын және қытай тілін білу керек!

Қазақ тілін білуде «интерес» болу керек. 11 жасар қызым 159-гимназияда оқиды. Қазақша. Соны машинамен  апарып, алып келгенде орыстарды көремін, балаларын сонда оқытады. Міне, қазақ тілінің болашағы қайда жатыр!

Үш балам қазақша оқып жүр,  принципті түрде шетелге жіберген жоқпын! Өз тілдік ортасында өссін деп. Қазақ тілінің болашағын ойлаған соң.

- Кейінгі кездері "Азат" ЖСДП-ның ұлттық мүдделерге араласпауы байқалады. Оған дәлел бір орталыққа бірігіп жұмыс жүргізіп отырған қоғамдық ұйымдардың қатарында (Ақордалықтар)кешіріңіз "Азаттықтар" жоқ. Осы туралы не айтасыз.
Сіздерді кім қаржыландырады? Айлық алмай жұмыс істеу мүмкін емес қой мына заманда. Әл
де жинап қойған ақшаларыңыз бар ма еді?

- Ұлттық проблеманы көтермеген партия осыдан бес жыл бұрын «Қазақ ұлтын жаңғырту» туралы тұжырымдама қабылдай ма? «Нұротанда» сондай құжат бар ма?

Биліктің маңайына біз бейшара болып бармаймыз, барсақ тең терезелі әріптес боп, Сіз айтып жатқан «бір орталыққа бірігіп жүрген» ұйымдардың қызметіне араласамыз. Өйткені, «Нұротанды» сынаймыз деп біз ОТАНДЫ сынамаймыз!

Ақша туралы жоғарыда айттым. Ақшаға тәуелді болған демократ демократ емес!

Әміржан мырза, ассалаумағалейкум! Сіздер биліктің «кормушкасынан» жем жеп отырып өздеріңізді "оппозициямыз" деуге ұялмайсыздар ма?
Сіздер сөзбен ғана қазақ ұлтына қамқоршы болып көрініп, ал іс жүзінде басқаша әрекеттеріңіз арқылы тексіз, ашкөз биліктің істеп отырған түкке тұрғысыз тіршіліктерін айна қатесіз қайталап отырсыздар, неге олай?

- Мен елімнің алдында арым таза қазақпын. Қайдан ақша келіп жатқанын үйдегі жеңгеңіз (бәлкім, келініңіз болар) жақсы біледі. Осы күнге дейін биліктегі біреудің алдына барып, «берші» деп айтқан жоқпын. Сүйіп қосылған жалғыз әйелім «беріш» болған соң солай болды ма, білмеймін.

Егер де Сіз бізді биліктің тірлігін айна-қатесіз қайталап жатыр деп ойласаңыз, ертең біздің кеңсеге келіңіз, не телефон соғыңыз. Бетпе-бет сөйлесейік, пікір алмасайық.

Алматы қаласы, Қажымұқан көшесі, 70, 2965222 немесе менің жеке телефоным  77017442574

Сізді билікпен ауыз жаласып жүр дегенді көп естиміз, рас па сол?

- «Жаласуға» лайықты ауыз болса, не тәйірі. Қазіргі біреудің бір жерін жалап жүріп, күнін көріп жүрген биліктің бүгінгі өкілдерімен менің ауыз жаласуым қиын болар. Бірақ, жоғарыда айтқандай кездесіп тұрамыз, оларды да «Өзгеріңдер, мәңгілік осылай жүре бермейсіңдер!» деп үгіттейміз кейде.
- «Министр бол», деп шақырса барасыз ба? Неге бармайсыз? Қашанғы осылай жүре бересіздер?

- Шынымды айтсам, мемлекеттік қызметті сағынам. Сол кездегі тірлігімді жақсылықпен еске алам. Алайда, «бір адамның құлы бол» деген принциппен бастық болғым келмейді! Елге, Алашқа құл әрі ұл болғым келеді!

- Ортақ кандидат кім болады? Өзіңіз болмайсыз ба? Ертісбаевтың өзі сізді мойындап еді ғой, кандидат бола алады деп. Әлде онымен де жақсысыз ба? Жалпы оппозиция билікпен қалай болу керек?

- Ортақ кандидат болады, саспаңыз! Мен Жармахан мен Болатпен ақылдасам. Басқа да жігіттер бар. Олармен де ақылдасам. Ертісбаевтың мен туралы пікірін білемін. Ол ақылды жігіт, бірақ бір кемшілігі - режимнің стандартынан шыға алмайды. Қайтсін...-

Біздің Шығыста сіздің Махат деген бір курстасыңыз туралы бір әңгіме бар. Сіздің ініңізді Қазақстан каналынан жұмыстан сол шығарып жіберіпті дейді. Ол рас па?

- Махат Садықовты сыйлаймын. Курстаспыз. Дос болғанбыз. Қазір доспын деп айта алмаймын, өйткені менің біраз курстасым, «Хабардағы» Аббасов сияқты, қазір билікке бір табан жақын. Оларды сынамаймын. Әркім өз қалауынша күнін көріп жатыр. Менің қазаққа айтар ұраным «Күн көрмейік, күн жасайық!».

- Рас болса да, мойындайтын адамды көріп пе едің бұл жалғанда? (Жоғарыдағы сауалға айтылған пікір. Редакция)

- Жаратқанды мойындаймын. Әкеме және шешеме ризамын. Басқасына тек сыйластық арқылы қараймын!

- Сайттың бастығы Айдос екенін білеміз. Ол Алтынбектің ағайыны. Сіздің Алтынбекке көзқарасыңыз?

- Айдос Сарымовты қазақтың бір мықты интеллектуалы деп білемін. Мына сайтқа қандай қатысы барын өзі білер.

Алтынбек болса, менің замандасым. Билікте болды, саясаттың биігіне шықты, Ақордаға карсы шықты. Оппозицияда бірге болдық.

2004 жылы «Ақжол» саяси оппозицияға ашық шықты. Мен сонда бардым жігіттерге, өз аяғыммен бардым, қолдадым. Сонда Алтынбекке бір сөз айтқанмын: «2004 жылға дейін не болды, оны Құдайдың өзі білер, енді болашақ, Қазақстан не болады, соны айтайық» деп. Солай келе жатырмын...

- Қазақ тілін білмей елдің париоты болу қаншалықты мүмкін? Ұлтының салт-дәстүрін менсінбейтін адамдарды елжанды деп айтуға болама? Балаларын орыс тілінде оқытып, орысша тәрбиелеп жатқан биліктегілер Қазақ тілін төрге шығаратынына сенесіз бе?

- Сенбеймін. Анда-санда елді дүрліктіріп тұратын Статистика агенттігінен сұрайықшы: «қай бастықтың баласы қай тілде оқып жатыр?», - деп.-

- Сіз Елбасы болсаңыз қазақ тілін аударма тіл ретінде пайдалануға тыйым салуға ерік-жігеріңіз жете ме? Жалпы Мемлекеттік тілді неше күнде толық күшіне міндіруге болады?

-  Бірнеше күнде.

- Бүгінгі оппозиция басшыларын жұртшылық біле бермейді. Облыс орталығындағы жолдастары, туған аудан-ауылдары ғана біледі. Елді жиі аралап жүретіндер осылай дейді. Жаны бар сөз. Ал Ғалымжанды шеттетіп тындыңыздар, не үшін? ЖСДП, басқа ат құрып қалғандай, баяғы "Азаттың" атын алды, сонда бұрынғы азаттықтардай не бітірдіңіздер? Тұяқбай бір сөзінде «Назарбаевтан ешбір артықшылығым жоқ» деген еді, енді «желтоқсандықтарды Ұлы Отан соғысына қатысқандарға теңестіру керек» деді, ол қай «жаңалығы»? Соғыста қаза тапқандардың аруағынан аттау, тірілерді кемсіту емес пе? Қалай дәлелдесе де, ол соғысты Желтоқсан көтерілісі деңгейіне түсіру - ойсыздық!

- Қазақстан демократиясы тарихында Ғалымжанның өз орны бар. Түрмеде отырып, амнистия сұрамай, мінез танытқаны бар. Ондай қасиет кез келген адамның қолынан келе бермейді! ДВК-ны құрды, режиммен күресті.

Жармахан ағам туралы айтатынымды жоғарыда жеткіздім.

- Әміржан, оппозицияға қалай өттің, не себеп болды. Екінші, осы оппозицияда Маржан Аспандиярова деген әйелден басқа бетке ұстар нәзік жан жоқ па өзі?! Бутя да, сенде сол әйелді дедектетіп, жандарыңнан тастамайсыңдар, қайда барсаңдар да алып жүресіңдер. Оның ұлты татар, бұрынғы күйеуі орыс Юрий Мороз деген орыс, одан екі ұлы бар деп естідік. сол әйелдің қазаққа жаны ашиды дегенге ешкім де сене қоймайды, өйткені кәпірге тұрмысқа шығып, кәпірден ұрпақ көрген, әрі ұлты да басқа жанның қара қазаққа жаны ашуы екіталай емес пе.

- 1997 жылы 22 жыл бойына бір мекемеде орынбасар болған әкем қайтыс боларының алдында «жекешіл емес, мемлекетшіл бол!», - деп өсиет айтып еді. Сол өсиетті арқалап өтемін. Балама да соны айтып келемін.

Өмір бойы оппозиционер боламын деп ойлаған жоқпын. 1997 жылға дейін билікте болдым. Ел үшін тірлік жасауға тырыстым. Сондай биікте жүріп, не бір сырахана не пәтер жекешелендірмеппін. Мемлекеттік бюджет алдында арым таза деп тағы айтайын. Сол кезде билікте әділетсіздік принциптері орын ала бастады. Соларға қарсылығымды білдірдім. Білдіріп келемін. Аман болсам, билік өзгермесе, сол пікірімді білдіре берем!

Маржан - қазақтың абыройлы қызы.

- Ассалаумағалейкум Әміржан мырза. Сізді көптен бері білеміз. Оппозициядағы ең ескі оппозиционерсіз. Сіздер 2004 жылы ғана күшті болдыңыздар. Артынан бір-біріңмен қырқысып кеттіңіздер. Бәріне Бәйменовті кіналайсыздар, «сатылып кетті» деп. Одан кейінде «ЖСДП» мен «Нағыз Ақжол» біресе бірігіп, біресе ажырасып, елдің басын қатырды. Сіздер оппозицияда тек билікке келу үшін жүрген сияқтысыздар. 2004 жылы мен студентпін, Сол кезде біз студенттер Ақжолды қолдадық. Ар жағын өзіңіз білесіз не болғанын. Неге сіздер бәріңіз бірігіп ел қамы, ұлт қамы үшін жұмыс жасамайсыздар. Сіздерді тек сайлау алдында ғана көреміз. Осыған жауап берсеңіз.

- Біз осы жылдары, Сіз айтқандай, қырқысқан жоқпыз. Оппозицияда не бар қырқысып, таласатындай? Әлихан келсін біздің қасымызға! Соңғы жылдары шын мәнінде партиялық тірлік жасап жатқан кім өзі? Біздің «Азат» ЖСДП, 1 миллион қол жинады, қаншама шара өткізді.

Бір адамға бағынышты болған жүйені өзгертейік деген ұранмен бірігейік. Бәрін шақырамын!

- Демагог Жанболат Мамайга көзқарасыңызға карап шамаларыныз бен ой- өрісіңізді біліп қалдық.

- Мамай - маладес! Жас болса да бас болып жүрген азамат! Ол туралы пікірім мықты. Осыдан 25 жыл бұрынғы Әміржан Қосановқа ұқсайды!

- Әбеке, нешедесіз? Шаш неге ағарды сонша?
Өкінбейсіз бе оппозицияға кеткеніңізге? Тым жақсы әкім не министр болатын жігітсіз ғой. Біздің Қызылордаға болсаңыз орыс тілін қайдан үйрендіңіз? Әйеліңіз орыс деген сөз рас па?
Ермұрат Бапи сізді неге сонша жек көреді? Көре алмай ма, оның антикішіжүздік мақалаларын қалай қарайсыз? Сіз де найманшыл боп кеткеніңіз бе?

- Әкем 59 жасында өмірден өтті. Қартайғанша шашы қап-қара болатын. Барлық «проблема» нағашыларымда. Шешеме айтқанмын, «сенің інілеріңнің кесірі, 20-дан кейін шашы ағарған», - деп (қалжың ғой).

Шешем ақынның апасы, соның бір сөзі. «Бұрын сен шенеунік боп жүргенде елге барсам төрге шығаратын. Бірақ сені қорқып шағаратын, қазір де шығарады төрге, бірақ қорықпай, сыйлап шығарады төрге».

Халықтың санасы һәм сыйластығының төрінде отырғым келеді.

Әйеліме осыдан 21 жыл бұрын қосылғанмын. Менің білуімше, қазақ. Кіші жүз, руы беріш. Атырау облысы, Индер ауданы, Кулагиннен.

Ермұрат Бапи мені жек көру үшін ойлану керек! Өйткені мені «Әбез» деп сыйлайтын екі қазақ бар. Бірі - Ерекең, екіншісі - қазір Астанада бір үлкен бастық.

«Пройти огонь, воду и медные трубы» деген сөз бар. Біз Ерекеңмен отқа да күйгенбіз, суға да түскенбіз, тек ана «медные трубы» қалды...

Найманды, қазақ халқының бір бөлігі ретінде, жақсы көремін!

- Қайда оқыдыңыз?

Кластас достарыңыз бар ма?

Кеден одағы түбімізге жетпей ме, Әбеке?

- Қызылорда облысы Арал ауданын Сапақ бекетінде туғанмын. Сонда оқуды бастадым. Сосын әкем қызмет барысымен Жаңақазалы стансасына көшкен. Сондағы қазақ орта мектебін бітірдім. Киров (қазір - Әл-Фараби) атындағы Казақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің қазақ бөлімін тәмамдадым. Біраз кластастарым бар. Бірнешеуі елде. Ауыл жаққа барған сайын кездесеміз. Қазіргі формадағы Кедендік Одақ Қазақстанның түпкі мүддесіне сәйкес келеді деп ойламаймын.

- Алаңға шыға алмайтын оппозициядан қазақ не күтеді деп ойлайсыз? Тіпті үндеріңізде шықпай бара жатқаны қалай? Тарап кету ойларыңызда жоқ па? Әрекетсіз оппозицияның керегі билікке ғана деп ойламайсыз ба? Сіздің билікте де жұмыс істей алатыныңызға сенемін.

- Ертең маған хабарласыңыз да, Сіз бен мен алаңға шығайық. Қасыңызға кем дегенде 1000 адам ертіп келіңіз.  Неге біз тарауымыз керек?

- Қосанов қазаққа жақ деп ойлаймын. Басқасын білмеймін. Сосын... Әміржанды Ермұрат жек көреді дегенді бірінші рет естуім.

- Мен азат ойлы қазаққа жақпын. Бейшара, күнін көргеніне риза боп жүрген құлдық психологиядағы қазақтың нағыз дұшпанымын!

Ерекең туралы сұраққа жауап бердім. Бүгін үйіне барып, «сен екеуміз туралы сауалдар көбейіп кетті» деп, Қарлығаш жеңгемнің шайын ішіп қайтамын».

- Сізді оппозициядан президенттіке лайықты жалғыз үміткер деп айтады, бірақ сіз ешқашан өзіңіздің сайлауға түсетініңзді я растамадыңыз, я жоққа да шығармадыңыз. Егер де қажет болса, қолдаушыларыңыз талап етсе, дайынсыз ба?

- Жалпы президент боламын деген ой әрбір қазақта болу керек! Ол шалқайып қалатын қызмет емес! Бірақ ол қызметке барар алдында демократиялық күштер қатарындағы азаматтармен ақылдасам. Шынымды айтсам, 150 адамнан тұратын Парламенттің қатардағы мүшесі болғым келеді.

- Кешегі қарапайым халыққа түк қажеті жоқ саммит кезінде Астанада не Алматыда ең болмаса бір топ адамның қолдарына бір шүберек ұстап, «Біз саммитке қарсымыз, бізде демократияя жоқ!», деп көшеге шықпауын немен түсіндіресіз. Жалпы біздің оппозицияның нақты ой-жоспарлары, атқармақ іс-әрекеттері қандай, біз білмейміз.Үйде тығылып отырып оппозиционер болу әркімнің қолынан келеді. Бірақ ондай «оппозиционер» халықтың сеніміне ие бола алмайды. Менің бір қу досым айтады, біздің оппозиционерлердің бар үміті - «күн көсемнің» жасында деп. Сіз қалай ойлайсыз?

- Сол досыңызды кеңсеме шақыруға бола ма? Сөйлесейік. Қайда жұмыс істейді? Ертең сағат 10-да біздің кеңсеге келсін. Екееуміз, қол ұстасып, Алматыдағы Республика алаңына шығайық. Мен өз басым дайынмын!

- Өте жақсы сұрақтар қойылған екен. Осы сұрақтарға ашық жауап бересіз бе, Әміржан мырза?

- Ашық жауап беруге тырысып жатырмын. Білмеймін, қаншалықты ашық екенін. Өз сөзіме жауап беремін.

- Түрмеде уақыт өткізу үшін ермек болған қайран «Абай жолы» десейші!!!! менің бір білгенім, қазіргі оппозиция серкелері де, қазіргі билікте жүрген текелер сияқты ұлттық құндылықтарға онша мән бермейтін сияқты. Яғни басыңдағы «шапканы» «кепкамен» айырбастағаннан не пайда? Сайлауға барлық қазақ түсе алады дейсіз? онда неге Козлов деген орысты шығарып отырсыңдар қалың қазақ? ұяттарың қайда? Намыстарың қайда? Сендерде жетісіп тұрған жоқсыңдар-ау соған қарағанда?!

- Козловты біз өз ортамыздан бірегей кандидат етіп шығарған жоқпыз. Менің ұғынуымша, егер де президент сайлауы жарияланса, оған барлық демократиялық күштер қолдайтын бір кандидат болады!

«Абай жолы» - түрмедегі ермек емес, өмірдегі бас кітап!

- Бұл жауаптардан кейін, «Қазақстанда Оппозиция бар» деген сөзге сену мүлде мүмкін емес сияқты. Ал өлеңіңізге келсек бұдан былайғы уақыттарыңызда, жазбай-ақ, қойғаныңыз жақсы болар еді. Қазір қазақ сөзін түсінетін жастар көбейіп келеді. Олар Абайды толық түсінеді. Сіздің өлең шала қазақтарға ғана арналғанға ұқсайды.

- Мен өзім тек қана са            ясат емес, поэзияда да монополия болуына қарсы адаммын.  Менің өлеңім ұнамаса, оқымай-ақ қойыңыз. Маған да мықты деп жүрген кейбір ақынның өлеңдері ұнамайды...

- Өлеңіңіз ұнады, балама басып шығарып берем.  Бір  ғана тілек, кіші жүзді қолдашы айналйын, сен соңғы кезде сол жағын ұмытып бара жатқан сияқтысың.

- Өлеңіме деген ниетіңізге рахмет. Балаңызға менен сәлем айтарсыз!

Мен - Қазақпын! Руға бөліну, яғни трайбализм тек қолынан іс келмейтін жігіттердің жөні деп ойлаймын.

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273